«Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңт


Запастағы авиациялық персоналды есепке алу мақсатында медициналық куәландыру



бет4/7
Дата28.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#163849
1   2   3   4   5   6   7

2. Запастағы авиациялық персоналды есепке алу мақсатында медициналық куәландыру
167. Авиациялық персоналды, атап айтқанда запастағы ұшқыштар құрамын есепке алу мақсатында медициналық куәландыру бес жылда бір рет әскери жиындарға шақыру алдында немесе денсаулық жағдайында өзгерістер кезінде жүргізіледі. Ұшулар экипаждарының басқа да мүшелеріне әскери жиындарға шақырылған кезде немесе денсаулық жағдайында өзгерістер кезінде ғана жүргізіледі.

168. Медициналық куәландыру нәтижелері запастағы азаматтың медициналық куәландыру картасына жазылады.

169. Авиациялық персонал, атап айтқанда запастағы және азаматтық авиацияда ұшу жұмысындағы ұшқыштар мен штурмандар есепке алу мақсатында медициналық куәландыруға жіберілмейді. Бұл ретте қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) сол мерзімдерде осы адамдарға жұмыс орны бойынша дәрігерлік-ұшқыштар сараптамалық комиссияларынан жеке іске тіркеу үшін оларды медициналық куәландыру нәтижелері туралы анықтамаларды сұратады.

4-тарау. Әскери қызмет (әскери жиындарды), арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеруге (міндеттерді орындауға) байланысты әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің немесе азаматтардың науқастануларының, мертігулерінің, қаза табуының (қайтыс болуының) себепті байланысын айқындау
170. Науқастанулардың, мертігулердің себепті байланысы мыналарда айқындалады:

1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда және құқық қорғау органдарында қызмет өткеретін азаматтарға – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясында (бұдан әрі – ҚР ҚМ ОӘДК-сы), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясында (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ОӘДК-сы), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери-дәрігерлік комиссиясында (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ШҚ ӘДК-сы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясында (бұдан әрі – ҚР ІІМ ОӘДК-сы), ішкі істер департаменттерінің штаттық әскери-дәрігерлік комиссиясында (бұдан әрі – ІІД ӘДК-сы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери-дәрігерлік комиссиясында (бұдан әрі – ҚР ІІМ ІӘ ӘДК-сы), Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың, ұлттық қауіпсіздік органдарының штаттық емес тұрақты әрекет ететін госпитальдық және гарнизондық ӘДК-сында;

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтарға – ҚР ҚМ ОӘДК-сы; ҚР ҰҚК ОӘДК-сы; ҚР ҰҚК ШҚ ӘДК-сы; ҚР ІІМ ОӘДК-сы; ҚР ІІМ ІӘ ӘДК-сы.

171. Науқастану, мертігу туралы жаңадан ашылған жағдайлар және олардың әскери қызмет (міндеттерді орындаумен), арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысы болған кезде науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы қорытынды сырттай (құжаттар бойынша) (бұрын шығарылған қорытындыны жоя отырып) қайта қаралады.

Науқастанулардың, мертігулердің, қаза табудың (қайтыс болудың) себепті байланысы туралы штаттық және штаттық емес ӘДК қорытындылары жарамдылық мерзімін шектеусіз бір рет бір данада беріледі.

172. Әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне немесе азаматтарға мертігудің себепті байланысын белгілеу туралы ӘДК қорытындысы мертігу туралы анықтамаға сәйкес мертігу алудың жағдайлары туралы акті немесе қызметтік тексеру материалдары негізінде шығарылады.

173. Мертігу туралы анықтаманы әскери қызметші, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері немесе азамат әскери қызмет (қызмет) өткерген әскери бөлімнің командирі, бөлімше бастығы береді. Мертігу туралы анықтамада мертігу жағдайлары және әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет міндеттерін орындаумен (өткерумен) байланысы көрсетіледі.

Штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК және штаттық ӘДК мертігудің себепті байланысы туралы ӘДК-ның қорытындысын мертігу туралы анықтаманы және мертігу жағдайларын көрсететін, растайтын құжаттарды қарау негізінде шығарады.

174. Мертігудің, науқастанудың себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысын шығарған кезде мертігу туралы анықтама болмаған кезде мертігу, науқастану себебі мен жағдайлары көрсетілген құжаттар (егер олар мертігу, науқастану сәтінен 3 (үш) күннен кешіктірілмей жасалса): қызметтік және медициналық мінездемелер; амбулаторияда медициналық көмекке алғаш жүгінуі туралы науқастарды есепке алу кітабынан үзінді; әкімшілік немесе қызметтік тексеру, анықтау немесе қылмыстық іс материалдары; аттестациялар; әскери-медициналық мекеменің анықтамасы; науқастану тарихы немесе одан үзінді; науқастануы туралы куәлігі; әскери бөлім немесе әскери-медициналық мекеме дәрігерінің әскери қызметшінің медициналық кітапшасына медициналық көмекке алғаш жүгінуі туралы жазбасы; мұрағаттық мекеменің анықтамасы назарға алынуы мүмкін.

175. Егер азамат Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарда қызмет өткеру кезеңінде мертігуі, науқастануы себебінен емдеуде болса және ӘДК-ға медициналық куәландыруға жіберілмесе, егер жауынгерлік іс-қимылдарға қатысу кезеңінде алынған дене зақымдануларының айқын салдарлары бар болса, сондай-ақ әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда және құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңінде науқастануы салдарынан немесе әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдарда және құқық қорғау органдарында қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл өткенге дейін азаматқа мүгедектік белгіленсе немесе қайтыс болса, мертігудің, науқастанудың себепті байланысын ҚР ҚМ ОӘДК-сы, ҚР ҰҚК ОӘДК-сы, ҚР ІІМ ОӘДК-сы айқындайды.

176. Науқастанулардың, мертігулердің, қаза табудың (қайтыс болудың) себепті байланысын айқындау – азаматтардың, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлімшелерінің, зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, сот пен прокуратураның кадрлар қызметтерінің өтініші негізінде айқындалады.

177. Мертігудің, науқастанудың себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысы ӘДК отырыстарының хаттамалары кітабына, әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің мертігу, науқастану жағдайларын растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып науқастануы туралы куәлігіне немесе анықтамаға, науқастану тарихына, медициналық кітапшаға жазылады.

178. Науқастануы туралы куәлікте, анықтамада немесе басқа да медициналық құжаттарда науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысы болмаған кезде, көрсетілген құжаттарды дұрыс ресімдемеген, азамат қолда бар науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысымен келіспеген кезде, сондай-ақ әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеруді растайтын құжаттарда «науқастануы бойынша» немесе «денсаулық жағдайы бойынша» әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтен босату туралы жазбалар болған кезде құжаттар штаттық ӘДК-ның қарауына жолданады.

179. Құжаттарды қарау нәтижелері және науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы штаттық ӘДК-ның қорытындысы ӘДК отырысының хаттамасымен ресімделеді.

180. Әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтың құжаттарында науқастану диагнозы көрсетілмеген, бірақ медициналық куәландыру сәтінде қолданылған Науқастанулар кестесінің тармағы көрсетілген жағдайда штаттық ӘДК науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы өз қорытындысында Науқастанулар кестесінің көрсетілген тармағында көзделген науқастанулардың атауын көрсетеді.

181. Егер әскери қызметшіде, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінде әртүрлі жағдайларда туындаған (алған) бірнеше науқастанулар, мертігулер немесе олардың салдарлары анықталса, себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысы жеке шығарылады.

182. Егер құжатта себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысы бұрын шығарылған науқастанудың, мертігудің диагнозы нақты көрсетілмесе, штаттық ӘДК оның тұжырымын өзгертпей, алғашқы диагнозды көрсетеді, одан кейін науқастанудың, мертігудің нақтыланған диагнозын көрсетеді және ол бойынша себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысын шығарады.

183. Егер азаматтың медициналық куәландыру нәтижелері туралы құжаттары болмаса немесе оған медициналық куәландыру жүргізілмесе, науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысын шығару үшін негіздеме науқастану тарихындағы, медициналық кітапшадағы, медициналық анықтамадағы, мұрағат анықтамасындағы жазбалар болып табылады.

184. ӘДК-ның мынадай:

1) «Әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) міндеттерін орындау кезінде мертіккен» деген қорытындысы, егер ол әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ радиоактивтік заттардың, иондандырушы сәулелену көздерінің, зымыран отыны компоненттерінің және өзге де жоғары уытты заттардың, электр-магниттік өріс көздерінің және оптикалық кванттық генераторлардың әсер етуі негіз болған зақымданулар нәтижесінде алынса, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;

2) «Әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) міндеттерін орындау кезінде алынған науқастану» деген қорытындысы, егер ол өте қауіпті инфекциялық эпидемиялық ошағында болу уақытында жұқтырылса, ал медициналық персонал санынан куәландырылушыда бұдан басқа туберкулезбен, вирусты гепатитпен және АИТВ-инфекциясымен науқастанғандарға медициналық көмек көрсету бойынша қызметтік міндеттерді орындау кезінде жұқтыру салдары болса шығарылады;

3) «Әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) өткерумен байланысты науқастану» деген қорытындысы, егер олар куәландырылушыда әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде туындаса немесе көрсетілген кезеңде әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке жарамдылық санатын өзгертетін ауырлық дәрежесіне жеткен болса, сондай-ақ әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан қызметтен босатылғаннан кейін бір жыл ішінде диагнозы қойылған созылмалы баяу үдемелі науқастанулар кезінде, егер науқастанудың басталуын әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңіне жатқызса, науқастанудың басталуын көрсетілген кезеңге жатқызуға мүмкіндік беретін медициналық құжаттар болған кезде созылмалы баяу үдемелі науқастанулар кезінде әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне немесе азаматтарға шығарылады.

185. ӘДК-ның «Төтенше экологиялық жағдайлар салдарынан алынған науқастану» деген қорытындысы, егер науқастанулар апат салдарынан туындаған қолайсыз факторлардан пайда болса, әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген және төтенше экологиялық жағдайлардың, соның ішінде 1986-1990 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі - Чернобыль АЭС) авария салдарын жою жөніндегі жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, азаматтарға шығарылады.

186. ӘДК-ның «Иондандырушы сәулелену әсеріне байланысты алынған науқастану» деген қорытындысы әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген және ядролық қару сынағына қатысқан немесе 1949-1991 жылдар кезеңінде радиоактивтік заттармен ластанған аумақта әскери қызмет (әскери жиындар) өткерген әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, азаматтарға шығарылады.

187. Осы Қағиданың 184-186-тармақтарында көрсетілген санаттағы азаматтарға науқастанулардың себепті байланысын анықтау кезінде штаттық ӘДК Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген иондандырушы сәулелену әсеріне байланысты науқастанулардың тізбесін, әскери қызмет (қызмет) өткеру туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс министрліктерінің мұрағаттық деректерін басшылыққа алады.

Егер науқастанудың басталуын әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңіне жатқызуға болса көрсетілген кезеңде немесе олар апат салдарларын жою бойынша жұмыстарды тоқтатқаннан кейін бес жыл ішінде созылмалы баяу үдемелі (жалпы соматикалық) науқастанулар кезінде осы Қағиданың 184-186-тармақтарында көрсетілген ӘДК қорытындылары шығарылады.

188. ӘДК-ның «Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде алынған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу)»; «Әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет міндеттерін орындау кезінде алынған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу)»; «Майданда болумен байланысты науқастану»; «Ауғанстанда немесе жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызмет өткерумен байланысты науқастану» деген қорытындысы «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңымен мәртебесі белгіленген әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, азаматтарға шығарылады.

189. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысумен байланысты науқастанулардың, мертігулердің себепті байланысын белгілеу үшін штаттық ӘДК-ға әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткергені туралы құжаттар, әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде науқастану, мертігу фактісін растайтын мұрағаттық құжаттар және әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтен босатылғаннан кейін ресімделген медициналық құжаттар ұсынылады.

190. ӘДК-ның мынадай:

1) ӘДК-ның «Әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) міндеттерін орындаумен байланысты емес қайғылы оқиға нәтижесінде алынған мертігу» деген қорытындысы, мертігу әскери қызметпен, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет міндеттерін орындаумен байланысты болмаған жағдайларда әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;

2) «Әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) өткерумен байланысты емес науқастану» деген қорытындысы, егер науқастану куәландырылушыда әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке шақырғанға, келісімшарт бойынша әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке түскенге дейін туындаса және келісімшарт бойынша әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде куәландырылушының әскери қызметке, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметке жарамдылық санатын өзгертетін дәрежеге жетпесе, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне шығарылады.

191. ӘДК-ның мынадай:

1) «Әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) міндеттерін орындау нәтижесінде алынған қаза табуына (қайтыс болуға) әкеп соқтырған мертігу» деген қорытындысы, егер әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде мертігу болса, сондай-ақ егер әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет міндеттерін орындау кезінде алынған мертігу салдарынан немесе әскерден босатудан кейін бір жыл ішінде қаза табу (қайтыс болу) болса әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) өткерген әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, азаматтарға;

2) «Әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) міндеттерін орындау нәтижесінде алынған қаза табуына (қайтыс болуға) әкеп соқтырған науқастану» деген қорытындысы, егер өте қауіпті инфекциялық эпидемиялық ошағында болу уақытында жұқтырылса, ал медициналық персонал санынан бұдан басқа қызметтік міндеттерін орындау кезінде туберкулезді және АИТВ-инфекциясын жұқтыру салдары болса (науқастармен тікелей қарым-қатынастары бар адамдар үшін) немесе әскерден босатудан кейін бір жыл ішінде қаза табу (қайтыс болу) болса әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, азаматтарға;

3) «Әскери қызмет (арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет) өткеру кезеңінде алынған қаза табуына (қайтыс болуға) әкеп соқтырған науқастану» деген қорытындысы, егер әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде алынған науқастану салдарынан немесе әскерден босатудан кейін бір жыл ішінде қаза табу (қайтыс болу) болса, әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, азаматтарға шығарылады.

192. «Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты қаза табуына (қайтыс болуға) әкеп соқтырған науқастану, мертігу» деген қорытындысы, егер әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде алынған науқастану, мертігу салдарынан немесе әскерден босатудан кейін бір жыл ішінде қаза табу (қайтыс болу) болса, әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген әскери қызметшілерге, қызметкерлерге, азаматтарға шығарылады.
5-тарау. Арнаулы мемлекеттік органдарда әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізудің ерекшеліктері
193. Арнаулы мемлекеттік органдарда әскери-дәрігерлік сараптаманы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери-дәрігерлік сараптама органдары жүргізеді.

Штаттық емес тұрақты және уақытша әрекет ететін ӘДК-да медициналық куәландыру арнаулы мемлекеттік органның кадр қызметі берген жолдама негізінде жүргізіледі. Жолдамаға арнаулы мемлекеттік орган кадр қызметінің бастығы қол қояды және мөрмен расталады.

194. Жолдамада куәландырылушының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, айы, күні, оның қызметке қатысты мәртебесі; медициналық куәландыруға жіберудің мақсаты; медициналық куәландыру жүргізілетіннің жарамдылығын айқындау үшін қызмет, бөлімше түрі немесе тегі, арнайы (әскери) оқу орнының және факультеттің атауы көрсетілуі тиіс.

Медициналық куәландырылуға берілетін жолдама берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды.

195. Азаматтар осы Қағиданың 37, 66-тармақтарында көрсетілген тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін, оларды арнаулы мемлекеттік органдардың штаттық емес (тұрақты немесе уақытша әрекет ететін) ӘДК-сында медициналық куәландыруға рұқсат беріледі.

Бұл ретте азаматтар тыныштықта және жүктемеден кейін ЭКГ-ны, мерезге серологиялық реакцияны (RW) ұсынады.

40 жастан асқан азаматтарға көздің ішкі қысымын өлшеу, 30 жастан бастап қандағы қантты талдау жүргізіледі.

196. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке, келісімшарт бойынша әскери қызметке және (немесе) арнайы (әскери) оқу орындарында оқуға жарамдылық арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет және әскери қызмет ету үшін денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.

197. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке, келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе арнайы (әскери) оқу орындарына оқуға түсетін кандидаттарды медициналық куәландыруды ұлттық қауіпсіздік органдарының гарнизондық ӘДК дәрігер-мамандары: хирург, терапевт, невропатолог, психиатр, оториноларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, нарколог, стоматолог, әйелдер үшін қосымша – гинеколог жүргізеді.

Арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарына күндізгі оқу нысанына жаңадан қабылданатын кандидаттар алдын ала медициналық куәландыруды тұрғылықты жері бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-сында, түпкілікті медициналық куәландыруды арнаулы мемлекеттік органдардың штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК-сында өтеді.

Түпкілікті медициналық куәландыру кезінде қанды жалпы талдау, зәрді жалпы талдау, қанға микрореакция жүргізіледі. Қажет болған кезде басқа да зерттеу әдістері жүргізіледі.

198. Штаттық емес тұрақты және уақытша әрекет ететін ӘДК қорытындысы, егер бұл қорытындыда өзге айтылмаса, куәландыру сәтінен бастап 1 бір жыл ішінде жарамды.

Куәландырылушыларға биологиялық сұйықтықтарда есірткі заттарының бар болуына экспресс-диагностика жүргізіледі.

Оң нәтиже кезінде психикалық белсенді заттарды пайдалану және масаю жай-күйі фактісін белгілеу үшін зерттеу субъектілері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен медициналық ұйымдарға жіберіледі.

Биологиялық сұйықтықтарда есірткі заттарының бар болуына оң нәтижелер айқындалған кезде псхоактивті затты пайдалану фактісін және масаю жай-күйін белгілеу үшін зерттеу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен медициналық ұйымдарға (наркологиялық ұйымдарға немесе денсаулық сақтау органдарымен айқындалған емдеу-алдын алу ұйымдарына) жіберіледі.

199. Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу аясында психофизиологиялық куәландыру жүргізіледі.

Арнаулы мемлекеттік органдарда психофизиологиялық куәландыруды жүргізу тәртібі мен оны ұйымдастыруды басқа да Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының келісімі бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттік органның бірінші бастығы айқындайды.

200. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарына қызметке кіруге және (немесе) арнайы (әскери) оқу орындарына, соның ішінде шетел мемлекеттеріне оқуға түсетін азаматтар үшін медициналық куәландыру жаңадан қабылданатындар сияқты осы Қағиданың 2-тарауының 3,4-бөлімдеріне сәйкес жүргізіледі.

201. Талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке жарамды азаматтар арнаулы мемлекеттік органдарға келісімшарт бойынша қызметке кіруге және (немесе) әскери (арнайы) оқу орындарына оқуға түсуге жарамды деп танылады.

202. Арнаулы мемлекеттік органдардың бөлімшелер функцияларына, бөлімшелердің қызмет тегі мен түріне; әскери (арнайы) оқу орнына, факультетіне байланысты арнаулы мемлекеттік органдарға келісімшарт бойынша қызметке кіру және (немесе) әскери (арнайы) оқу орындарында оқуға жарамдылық айқындалады.

Бұл жағдайларда арнаулы мемлекеттік органдардың штаттық емес тұрақты және уақытша әрекет ететін ӘДК-сы: «(Бөлімше, қызмет тегі, түрі; көрсетіледі) келісімшарт бойынша қызметке кіруге жарамды»; «Әскери (арнайы) оқу орнына (факультетке) түсуге жарамды» деген қорытынды шығарады.

203. Медициналық куәландыру кезінде штаттық емес тұрақты және уақытша әрекет ететін ӘДК қорытындылары ӘДК отырыстарының хаттамалары кітабында, медициналық куәландыру актісінде, сәйкесінше арнайы (әскери) оқу орындарына оқуға түсушінің картасында, анықтамасында және науқастануы туралы куәлігінде жазылады.



6-тарау. Ішкі істер органдарында, өртке қарсы қызметте,

қаржы полициясында, кеден органдарында, прокуратура органдарында (бұдан әрі – құқық қорғау органдарындағы қызмет) әскери-дәрігерлік сараптама жүргізудің тәртібі және оны ұйымдастыру
1. Құқық қорғау органдарына қызметке және ішкі әскерлерге келісімшарт бойынша әскери қызметке түсетін кандидаттарды медициналық куәландыру
204. Кадр қызметтері құқық қорғау органдарына қызметке және ішкі әскерлерге келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттың жолдамасын (лауазымына және мамандығына сәйкес) ресімдейді. жолдама ӘДК-ға медициналық куәландыруға берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жарамды.

Медициналық куәландыру үшін кандидаттар денсаулық сақтау ұйымдарынан осы Қағиданың 37-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады. Ішкі әскерлерге келісімшарт бойынша әскери қызметке және құқық қорғау органдарына қызметке кіретін азаматтар медициналық куәландыру кезінде әскери билетті немесе әскери қызметке жарамдылығы және әскери қызметке шақырудан шеттету себептері туралы белгісі бар тіркеу куәлігін ұсынады.

205. Медициналық куәландыру аяқталғаннан кейін кандидатқа амбулаторлық науқастың медициналық картасы және медициналық құжаттар (егілу картасы) қайтарылады.

206. Құқық қорғау органдарына қызметке және ішкі әскерлерге келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарды медициналық куәландыруды ішкі істер органдары ӘДК-сының дәрігер-мамандары: хирург, терапевт, невролог, психиатр, оториноларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, стоматолог, әйелдер үшін – гинеколог жүргізеді.

Штаттық ӘДК-да медициналық куәландыру кезінде құқық қорғау органдарына қызметке кіретін кандидаттарға психологиялық тексеру жүргізіледі.

Ішкі әскерлерге келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарға психикалық-физиологиялық зерттеулер көрсеткіштер бойынша жүргізіледі (қару-жарақты және оқ-дәрілерді сақтауға байланысты лауазымдарға әскери қызметке кіретіндерге).

207. Науқастану диагнозын нақтылау үшін кандидат амбулаторлық немесе стационарлық тексеруге медициналық денсаулық сақтау ұйымына жіберіледі.

208. Куәландырылушыны медициналық тексеруді аяқтау бір ай ішінде мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ тағайындалған қосымша медициналық зерттеулер нәтижелері мерзімінде ұсынылмаған жағдайда ӘДК «Қорытынды медициналық куәландыруға келмеуіне (тексерілуінің аяқталмауына) байланысты шығарылмайды» деген қорытынды шығарады.

209. Кандидат тексерілуден бас тартқан кезде ішкі істер органдарының ӘДК-сы: «Құқық қорғау органдарына қызметке жарамсыз», «Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз» деген қорытынды шығарады.

210. Ішкі істер органдарының ӘДК-сы құқық қорғау органдарына қызметке және ішкі әскерлерге келісімшарт бойынша әскери қызметке түсетін кандидаттарды медициналық куәландыру үшін медициналық куәландыру актісін ресімдейді.

211. Кандидаттар ӘДК-да медициналық куәландыру үшін мыналарды ұсынады:

1) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне дейін үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі;

2) мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенограммасы – келісімшарт бойынша әскери қызметке түсетіндер үшін;

3) тыныштықта электрокардиографиялық зерттеу (тыныштықта және жүктемеден кейін – келісімшарт бойынша әскери қызметке түсетіндер үшін);

4) қанды жалпы талдау;

5) мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

6) зәрді жалпы талдау;

7) қырық жастан асқан адамдарға көздің ішкі қысымын өлшеу, қандағы қантты талдау жүргізіледі.

Медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша зерттеулер мен басқа да мамандардың кеңестері тағайындалады.

212. Талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды кандидаттар ішкі әскерлерге келісімшарт бойынша әскери қызметке түсуге жарамды деп танылады.

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және құқық қорғау органдарымен келісу бойынша ішкі істер саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен құқық қорғау органдарында қызмет ету үшін денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша жарамды кандидаттар құқық қорғау органдарына қызметке кіруге жарамды деп танылады.

213. Құқық қорғау органдарына қызметке кіруге жарамды деп танылған кандидаттарға қатысты ішкі істер органдарының ӘДК-сы құқық қорғау органдарында қызмет өткеру үшін, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға, климаттық жағдайлары қолайсыз аумақтарда арнаулы қызмет өткеруге (жолдамаға сәйкес) жарамдылығы туралы ӘДК қорытындысын шығарады.

214. Ішкі әскерлерге келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамды деп танылған кандидаттарға қатысты, медициналық куәландыруға жолдамаға сәйкес ішкі істер органдарының ӘДК-сы ішкі әскерлерде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға, климаттық жағдайлары қолайсыз аумақтарда әскери қызмет өткеруге жарамдылығы туралы қорытындысын шығарады.

215. Медициналық куәландыру кезінде құқық қорғау органдарына қызметке кіруге кедергі келтіретін науқастану немесе жүктілік анықталған кезде одан әрі медициналық куәландыру тоқтатылады және ішкі істер органдарының ӘДК-сы (жолдамаға сәйкес) «Құқық қорғау органдарына қызметке жарамсыз» деген қорытындысын шығарады. Құқық қорғау органдарына қызметке уақытша жарамсыз деп танылған адамдарға қатысты да осындай қорытынды шығарылады.

Медициналық куәландыру кезінде ішкі әскерлерге келісімшарт бойынша әскери қызметке түсуге кедергі келтіретін, емдеу үшін уақытты қажет ететін науқастану немесе жүктілік анықталған кезде одан әрі медициналық куәландыру тоқтатылады және ішкі істер органдарының ӘДК-сы «Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз» деген қорытындысын шығарады, бұл ретте ішкі әскерлерге әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды шығарылмайды.

Ішкі әскерлерге келісімшарт бойынша әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған адамдарға қатысты да осындай қорытынды шығарылады.

216. Ішкі әскерлерге келісімшарт бойынша әскери қызметке және құқық қорғау органдарына қызметке түсетіндер үшін ӘДК қорытындысын іске асыру мерзімі – алты ай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет