«Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңт


Әскери-дәрігерлік сараптама органдарының



бет7/7
Дата28.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#163849
1   2   3   4   5   6   7

2. Әскери-дәрігерлік сараптама органдарының

қызметін ұйымдастыру
15. Әскери-дәрігерлік сараптама органдарының жүйесі бағыныстылық тәртібі бойынша өкілеттіктері шегінде былай құрылады:

1) әскери-дәрігерлік сараптаманың басшылық органдары:ҚР ҚМ ОӘДК, ҚР ҰҚК ОӘДК, ҚР ІІМ ОӘДК;

2) өз өкілеттігі шегінде бағынысты штаттық және штаттық емес (тұрақты және уақытша әрекет ететін) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ӘДК-сы және ДҰК-ы, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының ӘДК-сы:

ҚР ҚМ ОӘДК жанындағы дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясы, ҚР ҰҚК ШҚ ӘДК, ҚР ҰҚК штаттық емес госпитальдық және гарнизондық ӘДК;


ҚР ҰҚК уақытша әрекет ететін ӘДК-сы; Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының ӘДК-сы; ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері авиациялық медицина зертханасының ДҰК-ы; ішкі істер департаменттерінің ӘДК; ҚР ІІМ ІӘ ӘДК-сы; құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының УӘДК; госпитальдық ӘДК; авиациялық персоналды дәрігерлік-ұшқыштар сараптау бөлімшелері бар әскери-медициналық мекемелердің госпитальдық ДҰК; гарнизондық ӘДК; қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің жанындағы ӘДК (ДҰК); Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық персоналын даярлау жөніндегі әскери (арнайы) оқу орындарының ДҰК-ы; жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына; орта техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына; оқу орындарының әскери факультеттеріне; әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру ұйымдарына түсетін кандидаттарды медициналық куәландыру үшін ӘДК; Аэроұтқыр әскерлерінің ӘДК-сы; Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің ӘДК-сы; Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлерін медициналық куәландыру үшін ӘДК; танктер мен басқа да машиналарды суастында жүргізуге тартылатын әскери қызметшілерді медициналық куәландыру үшін ӘДК; радиоактивтік заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен, зымыран отыны компоненттерімен, электр-магниттік өріс көздерімен жұмыс істейтін әскери қызметшілерді медициналық куәландыру үшін ӘДК; шақыру учаскелеріне тіркеу, әскери қызметке (әскери жиындарға) шақыру және әскери (арнайы) оқу орындарына, оқу орындарының әскери факультеттеріне (кафедраларына) және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі қосымша әскери дайындық бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу кезінде азаматтарға медициналық куәландыру жүргізетін қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар (бөлімдер) жанындағы медициналық комиссиялар.

16. Штаттық және штаттық емес ӘДК және ДҰК қорытындылары, егер осы қорытындыларда өзгелер айтылмаса, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында және арнаулы мемлекеттік органдарында медициналық куәландырылған сәттен бастап бір жыл бойы, ал Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында – алты ай бойы жарамды.

17. Штаттық және штаттық емес (тұрақты және уақытша әрекет ететін) ӘДК (ДҰК) қорытындылары әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қаралады және бекітіледі және ӘДК (ДҰК) мүшелерінің көп дауысымен алқалы түрде қабылданады. ӘДК (ДҰК) қорытындылары барлық лауазымды және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті болып табылады.

18. Әскери-дәрігерлік сараптама органдарының сарапшы-мамандарының лауазымдарына жоғары әскери-медициналық (медициналық) білімі, маман сертификаты бар, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдардың әскери-медициналық (медициналық) мекемелерінде (ұйымдарында) клиникалық және (немесе) сараптама жұмысында тәжірибесі бар адамдар тағайындалады.

19. Әскери-медициналық (медициналық) мекеме (ұйым) немесе өзге де орталық атқарушы органдар бөлімшесінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың басшысы штаттық емес (тұрақты және уақытша әрекет ететін) ӘДК және ДҰК қызметкерлеріне, олардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасайды (жеке үй-жай, телефон, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, медициналық және басқа да қажетті әдебиеттермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету).

3. Әскери-дәрігерлік сараптама органдарының міндеттері


  1. Әскери-дәрігерлік сараптама органдары:

1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және мемлекеттік авиацияда қызмет ету үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарға сәйкес медициналық куәландыру жүргізу;

3) әскери және ведомстволық емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тексеру толықтығын және сапасын, емделу негізділігі мен уақтылығын қадағалау;

4) дәрігерлік-сараптамалық қортындылардың негізділігін қадағалау;

5) денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын және зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;

6) әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу болып табылады.



4. Әскери-дәрігерлік сараптама органдарының функциялары
21. Әскери-дәрігерлік сараптама органдары:

1) ҚР ҚК, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының төмен тұрған штаттық және штаттық емес (тұрақты және уақытша жұмыс істейтін) ӘДК (ДҰК) қорытындыларын қарайды және бекітеді (бекітпейді) немесе жояды;

2) оларға қолбасшылық немесе медициналық куәландыруға түскен адамдар шағымданған кезде өзінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының төмен тұрған штаттық және штаттық емес (тұрақты және уақытша жұмыс істейтін) ӘДК-ны және ДҰК-ны бақылау тәртінде әскери-дәрігерлік сараптама қорытындыларын қайта қарайды және қабылдайды;

3) әскери қызмет немесе Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет, әскери жиындар өткеруіне (міндеттерін орындауға) байланысты азаматтарда мертігулердің (жараланулардың, жарақаттанулардың, контузия алудың), науқастанулардың, қаза табуының (қайтыс болуының) себепті байланысы туралы өзінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының төмен тұрған штаттық және штаттық емес (тұрақты және уақытша әрекет ететін) ӘДК қорытындыларын қайта қарайды;

4) ҚР ҚК-нің, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының төмен тұрған штаттық және штаттық емес (тұрақты және уақытша әрекет ететін) ӘДК (ДҰК) әскери-дәрігерлік сараптаманың және сараптамалық әрекеттің жай-күйін талдайды;

5) әскери-дәрігерлік сараптама нәтижелері бойынша әскери-медициналық (медициналық) мекемелердегі (ұйымдардағы) және өзге де орталық атқарушы органдардың бөлімшелеріндегі және өзге де орталық мемлекеттік органдарындағы емдеу-алдын алу жұмысының жай-күйін және медициналық куәландыруды ұйымдастырудағы кемшіліктерді айқындайды;

6) қорғаныс істері жөніндегі департаменттердегі (бөлімдердегі, басқармалардағы) шақыру учаскелеріне тіркеу және әскери қызметке шақыру кезінде, келісімшарт бойынша әскери қызметке, әскери (арнайы) оқу орындарына түскен кезде азаматтарды, әскери міндеттілерді медициналық куәландыруды ұйымдастыруды, оның жай-күйі мен нәтижелерін зерделейді;

7) қорғаныс, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары саласындағы орталық атқарушы органдарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының төмен тұрған штаттық және штаттық емес (тұрақты және уақытша әрекет ететін) ӘДК-ға және ДҰК-на осы Ережені, әскери-дәрігерлік сараптама бойынша нормативтік құқықтық құжаттарды және әскери-дәрігерлік сараптаманың басқа да мәселелері бойынша іс жүзінде қолдану жөнінде нұсқаулар, түсініктемелер береді;

8) ӘДС ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының төмен тұрған штаттық және штаттық емес (тұрақты және уақытша әрекет ететін) ӘДК және ДҰК қызметкерлеріне нұсқаулар береді;

9) әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін, әскери міндеттілерді, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әскери-медициналық (медициналық) мекемелерге (ұйымдарға) және өзге де орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдарының бөлімшелеріне стационарлық немесе амбулаторлық тексеруге және медициналық куәландыруға бағыттайды;

10) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының бағынысты штаттық және штаттық емес (тұрақты және уақытша әрекет ететін) ӘДК-дан және ДҰК-нан, әскери-медициналық (медициналық) мекемелерден (ұйымдардан) және өзге де орталық атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік орталық органдарының бөлімшелерінен, әскери бөлімдер мен мекемелерден сараптама қорытындыларын шығаруға қажетті құжаттарды сұратады;

11) әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша қеңестер, қорытындылар, анықтамалар береді;

12) денсаулық сақтау саласында сараптамалар жүргізуді бақылауды жүзеге асыру кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның комиссиясы құрамында оның қызметіне қатысады;

13) әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша норма жасау қызметіне қатысады;

14) әскери-медициналық (медициналық) мекемелердің (ұйымдардың) қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органдарының және өзге де орталық мемлекеттік органдары құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен келісу бойынша нормативтік құқықтық актілердің және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізілетін ӘДС жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін әскери-медициналық қызметтің мамандарын тартады;

15) әскери-дәрігерлік сараптама бойынша мәселелерді сотта және басқа да мемлекеттік органдарда қарастырған кезде мемлекеттік мекемелердің өкілі болады.



5. ӘДС органдарын қайта ұйымдастыру және тарату
22. ӘДС органдарын қайта ұйымдастыру, тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет