«Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңт



бет6/7
Дата28.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#163849
1   2   3   4   5   6   7

Қорытынды ережелер
260. Штаттық немесе штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК-ның қорытындысына жоғары тұрған штаттық ӘДК-ға шағымданады.

261. Штаттық ӘДК-ның қорытындысы сот тәртібімен шағымданады.


Әскери-дәрігерлік сараптаманы

жүргізу қағидасына



қосымша

Шақыру (жиын) пунктерінде медициналық куәландыру

үшін қажет құралдың, медициналық және шаруашылық мүліктің тізбесі



Р/с №

Дәрігерлік-медициналық құралдар,

бұйымдар мен аппараттар

Саны

Өлшем
бірлігі


1

2

3

4

Антропометрия кабинеті

1.

Медициналық таразы

1

дана

2.

Қол динамометрі (жалпысеріппелі)

2

дана

3.

Сантиметрге бөлінген өлшеу лентасы

1

дана

4.

Анатомиялық пинцет

2

дана

5.

Бой өлшегіш

1

дана

6.

Спирометр

1

дана

7.

Ұлғайтқыш шыны (лупа)

1

дана

8.

Сфигмоманометр

1

дана

9.

Стационарлық бактерицидті сәулелеуіш

1

дана

10.

Наркотесттер (тек қана облыстық жиын пунктінде әскерлерге жөнелтілетін адам санына сәйкес)

-

-

Шығыс материалдары: спирт 96% – 100мл., медициналық қолғаптар – 50 жұп; мақта 100 гр.; құралдарды өңдеуге арналған дез. ерітінді, аспаптарды өңдеуге арналған ыдыс – 2 дана, шприц (бір реттік) 5,0 мл – 50 дана, медициналық халат (немесе костюм) – 2 дана, аммиак – 5 мл., бөлме термометрі – 1 дана

Терапевттің кабинеті

11.

Стетофонендоскопы бар тонометр

2

жиынтық

12.

Медициналық термометр

3

дана

13.

Тілге арналған түзу екіжақты шпатель

5

дана

14.

Бүйректәрізді эмальданған леген

1

дана

15.

Медициналық кушетка

1

дана

16.

Үстел шамы

1

дана

17.

Стационарлық бактерицидті сәулелеуіш

1

дана

18.

Кардиографқа арналған термоқағаз лентасы бар электрокардиограф, (тек облыстық қадағалау комиссиясында ғана)

1

жиынтық

Мақта 100 гр.; құралдарды өңдеуге арналған дез. ерітінді, аспаптарды өңдеуге арналған ыдыс
– 2 дана, медициналық халат (немесе костюм) – 2 дана, аммиак – 5 мл.

Хирургтың кабинеті

19.

Стетофонендоскоп

1

дана

20.

Бұрышөлшеуіш

1

дана

21.

Сантиметрге бөлінген өлшеу лентасы

1

дана

22.

Медициналық кушетка

1

дана

23.

Стационарлық бактерицидті сәулелеуіш

1

дана

Шығыс материалдары: спирт 96% – 100мл., медициналық қолғаптар – 50 жұп; мақта 100 гр.; құралдарды өңдеуге арналған дез. ерітінді, аспаптарды өңдеуге арналған ыдыс – 2 дана, медициналық халат (немесе костюм) – 2 дана

Невропатологтың кабинеті

24.

Неврологиялық балғаша

1

жиынтық

25.

Тілге арналған түзу екіжақты шпатель, жиынтық

5

дана

26.

Сантиметрге бөлінген өлшеу лентасы

1

дана

27.

Бүйректәрізді эмальданған леген

1

дана

28.

Медициналық қолшам (офтальмоскопия үшін)

1

дана

29.

Медициналық кушетка

1

дана

30.

Стационарлық бактерицидті сәулелеуіш

1

дана

Шығыс материалдары: спирт 96% – 100мл., құралдарды өңдеуге арналған дез. ерітінді, аспаптарды өңдеуге арналған ыдыс – 2 дана, медициналық халат (немесе костюм) – 2 дана

Психиатрдың кабинеті

31.

Неврологиялық балғаша

1

жиынтық

32.

Медициналық қолшам (офтальмоскопия үшін)

1

дана

33.

Медициналық халат (немесе костюм)

2

дана

34.

Стационарлық бактерицидті сәулелеуіш

1

дана

Оториноларингологтың кабинеті

35.

Барани креслосы (тек облыстық қадағалау комиссиясында ғана)

1

дана.

36.

Құлақ воронкалары № 1, 2, 3, 4

3

жиынтық

37.

Пневматикалық құлақ воронкасы

1

дана

38.

Бір жақты кереңдікті айқындаған кезде естуді зерттеу үшін құлақ тығыны

1

дана

39.

Көмей айнасы

2

дана

40.

Мұрын айнасы

15

дана

41.

Воячектің сүйір ұшты құлақ зонды

1

дана

42.

Түйметәрізді зонд

2

дана

43.

Мақта үшін бөлігі бар құлақ зонды

1

дана

44.

Қарапайым құлақ манометрі (отоманометр)

1

дана

45.

Қабырғасы бойынша иілген құлақ пинцеті

1

дана

46.

Маңдай рефлекторы

1

дана

47.

Бүйректәрізді эмальданған легендер

2

дана

48.

Медициналық термометр

1

дана

49.

Құрғақ күйдіру шкафы (зарарсыздандырғыш)

1

дана

50.

Тілге арналған түзу екіжақты шпатель

15

дана

51.

Спирттік шам

1

дана

52.

Үстел шамы

1

дана

53.

Стационарлық бактерицидті сәулелеуіш

1

дана

Шығыс материалдары: спирт 96% – 100мл., медициналық қолғаптар – 50 жұп; мақта 100 гр.; құралдарды өңдеуге арналған дез. ерітінді, аспаптарды өңдеуге арналған ыдыс – 2 дана, шприц (бір реттік) 5,0 мл – 50 дана, медициналық халат (немесе костюм) – 2 дана

Окулистің кабинеті


54.

Қабақ көтергіш үлкен

2

дана

55.

Скиаскопиялық сызғыш

2

дана

56.

Көзілдірік таңдауға арналған өлшеу сызғышы

1

дана

57.

Күнқағарлы бинокулярлық лупа

1

дана

58.

Поляктің оптотипі

1

дана

59.

Офтальмоскоп

1

дана

60.

Көзілдірік әйнектері

1

жиынтық

61.

Головин-Сивцев кестесі үшін жарықтандыратын аппарат

1

дана

62.

Офтальмологиялық шам

1

дана

63.

Көру өткірлігін айқындау үшін Головин-Сивцев кестесі

1

жиынтық

64.

Түсті көруді зерттеу үшін шектеу кестесі

1

жиынтық

65.

Төмендеген көруді сылтауратуды зерттейтін бақылау кестелері және Поляктің белгілері

1

жиынтық

66.

Бүйректәрізді эмальданған леген

2

дана

67.

Көз эластотонометрі

1

дана

68

Жас жолдарын жууға арналған екі ұшы доғал канюлалы шприц

2

дана

69

Үстел шамы

1

дана

70

Медициналық қол шам (офтальмоскопия үшін)

1

дана

71

Стационарлық бактерицидті сәулелеуіш

1

дана

Шығыс материалдары: спирт 96% – 100мл., медициналық қолғаптар – 50 жұп; мақта 100 гр.; құралдарды өңдеуге арналған дез. ерітінді, аспаптарды өңдеуге арналған ыдыс – 2 дана, шприц (бір реттік) 5,0 мл – 50 дана, медициналық халат (немесе костюм) – 2 дана, көру өткірлігін диагностикалау үшін қолданылатын дәрілік препараттар

Стоматологтың кабинеті

72.

Тіс айнасы

25

дана

73.

Істік тәрізді түзу тіс зонды

3

дана

74.

Бұрышы иілген тіс зонды

25

дана

75.

Жалпы мақсаттағы анатомиялық пинцет

2

дана

76.

Стандартты емес иілген тіс пинцеті

10

дана

77.

Жарықтандыратын құрал

1

дана

78.

Стационарлық бактерицидті сәулелеуіш

1

дана

Шығыс материалдары: спирт 96% – 100мл., медициналық қолғаптар – 50 жұп; мақта 100 гр.; құралдарды өңдеуге арналған дез. ерітінді, аспаптарды өңдеуге арналған ыдыс – 2 дана, шприц (бір реттік) 5,0 мл – 50 дана, медициналық халат (немесе костюм) – 2 дана

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «7» тамыздағы

№1029 қаулысына

2-қосымша


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 30 қаңтардағы

№ 44 қаулысымен

бекітілген

Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы

ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы
16 ақпандағы заңдарына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында әскери-дәрігерлік сараптама органдарының мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.

2. Әскери-дәрігерлік сараптама органдары әскери-дәрігерлік сараптаманы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда және құқық қорғау органдарында жүргізеді. Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрігерлік сараптаманы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери-дәрігерлік сараптама органдары жүргізеді.

3. Әскери-дәрігерлік сараптама органдары – штаттық әскери-дәрігерлік комиссиялар, оларда әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша өз қарамағындағы штаттық емес (тұрақты және уақытша әрекет ететін) әскери-дәрігерлік (дәрігерлік) комиссиялары (бұдан әрі – ӘДК) және дәрігерлік-ұшқыштар комиссиялары (бұдан әрі – ДҰК) болады.

Әскери-дәрігерлік сараптама органдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының ұйымдық-штаттық құрылымына сәйкес құрылады және қорғаныс, Қазақстан Республикасы ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары саласындағы орталық атқарушы органдар басқармасының құрамдас бөлігі болып табылады.

4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама органдарының құрамы, жұмыс тәртібі мен құрылымы қорғаныс, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы орталық атқарушы органдарының және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштеріне жататын мемлекеттік органының бірінші басшыларының бұйрықтарымен айқындалады және бекітіледі.

5. Әскери-дәрігерлік сараптама органдары әскери-дәрігерлік сараптама мәселелерін қоспағанда, тиісті командирлерге (бастықтарға) бағынады және қорғаныс, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары саласындағы тиісті орталық атқарушы органдарда әскери-дәрігерлік сараптаманың ұйымдастырылуына жауап береді.

6. Штаттық ӘДК мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы (бұдан әрі – ҚР ҚМ ОӘДК), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы жанындағы дәрігерлік-ұшқыштар комиссиясы (бұдан әрі – ҚР ҚМ ОӘДК жанындағы ДҰК);

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ОӘДК);

3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы (бұдан әрі – ҚР ІІМ ОӘДК);

4) ішкі істер департаменттерінің әскери-дәрігерлік комиссиялары (бұдан әрі – ІІД ӘДК);

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери-дәрігерлік комиссиясы (бұдан әрі – ҚР ҰҚК ШҚ ӘДК);

6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери-дәрігерлік комиссиясы (бұдан әрі – ҚР ІІМ ІӘ ӘДК).

7. Штаттық ӘДК ұйымдық-құқықтық нысанында:

1) Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы орталық атқарушы органының әскери-дәрігерлік сараптама орталығы мәртебесі бар «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;

2) Қазақстан Республикасының ішкі істер орталық атқарушы органы орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері;

3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттік органы орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері;

Штаттық ӘДК-ның Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, атауы мемлекеттік тілде жазылған белгіленген үлгідегі мөрі, мөртаңбалары мен бланкілері болады.

8. ҚР ҰҚК ОӘДК құрамында психофизиологиялық лаборатория болады

9. ІІД-нің штаттық ӘДК құрамы ҚР ІІМ ОӘДК төрағасымен келісіледі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссиялары құрамында психофизиологиялық лаборатория (топ) болады.

10. Әскери-дәрігерлік сараптаманың басшылық органдары: ҚР ҚМ ОӘДК, ҚР ҰҚК ОӘДК, ҚР ІІМ ОӘДК. Олардың әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарын және нұсқауларын барлық штаттық және штаттық емес (тұрақты және уақытша әрекет ететін) ӘДК және ДҰК қолдануға міндетті.

11. Штаттық емес ӘДК (ДҰК) гарнизондарда, әскери-медициналық мекемелерде, Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында, әскери-медициналық мекемелерде және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары әскери-медициналық бөлімшелерінде, арнаулы мемлекеттік органдардың оқу орындарында, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында құрылады.

12. Штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК (ДҰК) әскери қызметшілерді; әскери (арнайы) оқу орындарына түсетін азаматтарды; келісімшарт бойынша әскери қызметке түсетін азаматтарды; әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырылатын (айқындалатын) запастағы офицерлерді; келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін; мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналы әскери қызметшілерін; әскери бөлімдерге толықтыруға келгендерді; запастағы әскери міндеттілерді медициналық куәландыру үшін құрылады.

Штаттық емес тұрақты әрекет ететін ӘДК (ДҰК), дәрігерлік және санаторлық-іріктеу комиссиялары ҚР ҚМ ОӘДК, ҚР ҰҚК ОӘДК бастықтарымен (төрағаларымен) келісу бойынша жыл сайын өз бұйрықтарымен сәйкес лауазымды адамдармен тағайындалады.

13. Штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК (ДҰК) әскери (арнайы) оқу орындарына және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына түсетін кандидаттарды; толықтыруға келгендерді оларды әскери бөлімдер мен бөлімшелерге бөлу кезінде; сондай-ақ әскери-есептік мамандықтар бойынша оқыту (әскери қызмет өткеру) үшін кандидаттарды түпкілікті іріктеуде медициналық куәландыру үшін құрылады.

14. Арнаулы мемлекеттік органдардың штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК құрамы ҚР ҰҚК ОӘДК төрағасы жасақталады және ҚР ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК құрамы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының штаттық аумақтық ӘДК төрағасының келісімінен кейін білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен бекітіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет