«Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңт


Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетін азаматтарды медициналық куәландыру



бет5/7
Дата28.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#163849
1   2   3   4   5   6   7

2. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетін азаматтарды медициналық куәландыру
217. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түсетін кандидаттар ішкі істер органдарының штаттық ӘДК-да алдын ала медициналық куәландырудан, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының штаттық емес уақытша әрекет ететін ӘДК-сында (бұдан әрі – УӘДК) түпкілікті медициналық куәландырудан өтеді.

Түпкілікті куәландыру үшін УӘДК құқық қорғау органы білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен жыл сайын құрылады. УӘДК құрамы білім беру ұйымы бастығының бұйрығымен мынадай бекітіледі: төраға (оқу орнының медицина қызметінің бастығы); төрағаның орынбасары (штаттық дәрігер-мамандар санынан); штаттық аумақтық ӘДК төрағасы; комиссия мүшелері: терапевт, психиатр, невролог, хирург, офтальмолог, оториноларинголог, стоматолог, дерматовенеролог, гинеколог; хатшы (орта медициналық персонал санынан). УӘДК жұмысының мерзімі және тәртібі осы бұйрықпен айқындалады. Сапалы кәсіптік іріктеу мақсатында комиссия құрамына штаттық аумақтық ӘДК-ның дәрігер-сарапшылары, психологы және зертханашысы енгізіледі. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарынның бастықтарына УӘДК-ны жасақтау үшін құқық қорғау жүйесінің медициналық мекемелерінен тиісті мамандықтардың дәрігерлерін шақыруға рұқсат етіледі.

Құқық қорғау органы білім беру ұйымының УӘДК төрағасы әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша ішкі істер органдары аумақтық штаттық ӘДК бастығына (төрағасына) бағынады.

Құқық қорғау органының білім беру ұйымына оқуға түсуге жарамсыздығы туралы УӘДК қорытындылары ішкі істер органдары аумақтық штаттық ӘДК-да бекітілуге жатады.

218. Медициналық куәландыру алдында ішкі істер органдарының штаттық ӘДК-сы осы Қағиданың 37-тармағына сәйкес медициналық құжаттарды сұратады, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсушінің медициналық куәландыру карталарын ресімдейді және мыналар жүргізіледі:

1) қанды жалпы талдау;

2) мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

3) зәрді жалпы талдау;

4) мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы – әскери оқу орындарына түсетіндер үшін;

5) ЭКГ;


6) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне дейін үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

219. Алдын ала медициналық куәландыруға жіберу кезінде амбулаторлық науқастың медициналық кітапшасы және/немесе медициналық картасы ұсынылады, оларда соңғы үш жыл ішіндегі жыл сайынғы тереңдетілген және бақылау медициналық тексерулердің нәтижелері, медициналық көмекке жүгінулер көрсетілуі тиіс.

220 Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетін кандидаттарда әскери билеті, әскери қызметке жарамдылық санаты мен әскери қызметке шақырудан шеттетілу себебі көрсетілген тіркеу куәлігі бар болған кезде азаматтарды медициналық куәландыру 206-тармаққа сәйкес жүргізіледі.

221. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуге кедергі келтіретін науқастану анықталған жағдайда одан әрі куәландыру тоқтатылады және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуге жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады. Жарамдылық санаты дербес бағаланған кезде құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетін кандидаттар білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанына түсуге жарамсыз деп танылады.

222. Медициналық куәландыру нәтижелері және ішкі істер органдары штаттық ӘДК-сы мен құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының штаттық емес уақытша әрекет ететін УӘДК қорытындылары медициналық куәландыру картасында, медициналық кітапшада (әскери қызметшілер үшін) және ӘДК отырыстарының хаттамалары кітабында жазылады.

223. Түпкілікті медициналық куәландыру кезінде құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуге жарамсыз деп танылған кандидаттардың медициналық куәландыру карталары медициналық куәландыру сапасын талдау және жақсарту үшін медициналық куәландыру аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына жолданады.



3. Құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарын, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін медициналық куәландыру


  1. Медициналық куәландыруға жолдаманы:

1) құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына қатысты құқық қорғау органдарының басшылығымен келісу бойынша құқық қорғау органдарының кадр қызметтері, ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне қатысты ішкі әскерлер әскери бөлімдерінің командирлері;

2) әскери арнайы оқу орындарының, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарына қатысты әскери арнайы оқу орындарының, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының бастықтарымен келісу бойынша әскери арнайы оқу орындарының, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының кадр қызметтері береді.

225. Ішкі істер органдарының штаттық ӘДК-сына медициналық куәландыруға жіберілетін құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне:

1) медициналық куәландыруға жолдама;

2) амбулаторлық науқастанудың медициналық картасы (медициналық кітапшасы);

3) әскери бөлімнің (мекеменің) мөрімен бекітілген қызметтік және медициналық мінездемелер (амбулаторлық науқастың медициналық картасынан үзінді) ұсынылады:

қызметтік мінездемеде куәландырылушының денсаулық жағдайының атқаратын лауазымы бойынша оның қызметтік (әскери қызмет) міндеттерін орындауына әсері туралы мәліметтер, кадр қызметінің (қолбасшылықтың) оның одан әрі қызметінің мақсатқа сәйкестігі туралы пікірі және басқа лауазымға ауыстыру (Ішкі әскерлердің әскери қызметшісінің одан әрі әскери қызмет өткеру) мүмкіндіктері көрсетіледі;

медициналық мінездемеде әскери қызметшінің денсаулық жағдайын қарқынды қадағалау нәтижелері туралы, оның медициналық көмекке жүгінуі, соңғы үш жылда жұмыс істемеген күндерінің саны туралы мәліметтер көрсетіледі; медициналық мінездемеде көрсетілген мәліметтер медициналық кітапшадағы деректермен және басқа да медициналық құжаттармен расталуы тиіс.

4) құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезінде мертіккен адамдарға мертігу туралы анықтама мертігу жағдайлары туралы акті немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін құқық қорғау органдарында қызметтік міндеттерді орындаумен, ал ішкі әскерлердің әскери қызметшілері үшін – әскери қызмет міндеттерін орындаумен байланысын көрсете отырып қызметтік тексеру материалдары негізінде ұсынылады.

226) Құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарын, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін медициналық куәландыруды ішкі істер органдарының штаттық ӘДК-сы үштен он төрт жұмыс күніне дейінгі мерзімдерде осы Қағиданың 206-тармағына сәйкес жүргізеді.

Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне психологиялық тексеру көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Әскери арнайы оқу орындарының, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының жасы он сегізге толмаған курсанттарына қатысты ішкі істер органдарының штаттық ӘДК-сы тек оқуға жарамдылығы (жарамсыздығы) туралы қорытынды шығарады.

Әскери арнайы оқу орындарының, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының он сегіз және одан жоғары жастағы оқуға жарамсыз деп танылған курсанттарына (офицерлік немесе арнайы атақтары жоқ тыңдаушыларына) қатысты бір мезгілде олардың әскери қызметке жарамдылығы туралы мәселе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет ету үшін денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарға сәйкес шешіледі.

«Әскери қызметке уақытша жарамсыз» деген ӘДК-ның қорытындысын шығарған кезде босату мерзімі, науқастануы бойынша демалыс аяқталғаннан кейін одан әрі оқуға және әскери қызметке жарамдылығы туралы түпкілікті қорытынды қабылданады.

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін стандарттарға сәйкес емделу ұзақтығы белгіленген мерзімдерден асатын мертігулер мен науқастанулар болған кезде құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдары, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері медициналық куәландыруға ұсынылады.

227. Құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына немесе ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне қызметтік міндеттерін орындаудан босату немесе әскери қызмет міндеттерін орындаудан босату, науқастануы бойынша демалыс беру туралы ӘДК-ның қорытындысы Талаптарға сәйкес құқық қорғау органдарында қызметке немесе әскери қызметке уақытша жарамсыздық көзделетін жағдайда шығарылады.

228. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне әскери қызмет міндеттерін орындаудан босату жетіден отыз тәулікке дейінгі немесе науқастануы бойынша демалыс отыздан алпыс тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

229. Құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамы адамдарының, ішкі әскерлерде мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің және осы санатқа сәйкес келетін адамдардың стационарлық емдеуде үздіксіз болуының, медициналық оңалту жүргізудің және науқастануы бойынша демалыста болуының жалпы ұзақтығы төрт айдан аспауға тиіс (туберкулез кезінде – он ай), ол аяқталғаннан кейін ішкі істер органдарының ӘДК-сы әскери қызметшілердің әскери қызметке, қызметкерлердің құқық қорғау органдарына қызметке жарамдылығы санатын айқындайды).

230. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарын медициналық куәландыру медициналық мекемеде (ұйымда) емдеу аяқталуы бойынша немесе айқындалған нәтиже кезінде жүргізіледі. Қызметкерлердің қызметтік міндеттерін және қызметтік борышын орындау кезінде мертігуіне байланысты емделуде болу уақыты мерзіммен шектелмейді. Құқық қорғау органының бастығы емдеу-алдын алу мекемесінің қатардағы және басшылық құрамы адамдарының емделуде болуы туралы ақпаратын ескере отырып қызметке жарамдылығы санатын айқындау үшін ӘДК-ға медициналық куәландыруға жіберу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. Емделу ұзақтығы емделуде және науқастануы бойынша демалыста шекті (ұзартуды ескере отырып) үзіліссіз болу мерзімінен асатын мертігулер болған жағдайларда құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдары, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері құқық қорғау органдарында қызметке (әскери қызметке) жарамдылық санатын айқындау үшін медициналық куәландыруға жатады.

231. Құқық қорғау органдарының қызметкер-әйелдеріне және ішкі әскерлердің әскери қызметші-әйелдеріне жүктілігі және бала тууы бойынша демалыстарды құқық қорғау органдарының кадр қызметтері, ішкі әскерлер әскери бөлімдерінің командирлері медициналық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімге береді.

232. Ішкі істер органдары ӘДК-сының ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне науқастануы бойынша босату (босатуды ұзарту) немесе науқастануы бойынша демалыс (демалысты ұзарту) беру туралы қорытындысы әскери-дәрігерлік комиссия отырыстарының хаттамалары кітабына жазылады және анықтамамен ресімделеді.

233. Мерзімді әскери қызмет өткеретін ішкі әскерлердің әскери қызметшілері науқастануы бойынша демалыс аяқталғаннан кейін қажет болған кезде әскери қызметке жарамдылық санатын айқындау немесе науқастануы бойынша демалысты ұзарту үшін ішкі істер органдарының ӘДК-сына қайта медициналық куәландыруға (әскери қызмет өткерген немесе демалысты өткізген жері бойынша) жіберіледі.

234. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және келісімшарттың жаңа түрін жасасуға немесе әскери қызмет өткеру туралы келісімшартты ұзартуға тілек білдірген ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін медициналық куәландыруды ішкі істер органдарының ӘДК-сы жүргізеді.

235. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшылық құрамының адамдарын медициналық куәландыру саны үш жылда кемінде бір рет және медициналық көрсеткіштер бойынша белгіленеді.



3. Құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамы адамдарының, азаматтардың құқық қорғау органдарында қызмет өткеру (қызметтік міндеттерді орындау) кезеңінде науқастануларының, мертігулерінің, қаза табуының (қайтыс болуының) себепті байланысын айқындау
236. Науқастанудың, мертігудің себепті байланысы құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарында немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтарында айқындалады.

237. Құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтарға мертігудің себепті байланысын белгілеу туралы ӘДК қорытындысы мертігу туралы анықтамаға сәйкес мертігудің жағдайлары туралы акті немесе қызметтік тексеру материалдары негізінде шығарылады.

238. Мертігу туралы анықтаманы азамат қызмет өткерген құқық қорғау органдарының кадр қызметтері береді.

239. Мертігу туралы анықтамада мертігудің жағдайлары және құқық қорғау органдарында қызметтік міндеттерді орындаумен байланысы көрсетіледі.

240. Ішкі істер органдарының ӘДК-сы мертігудің себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысын мертігу туралы анықтаманы және мертігу жағдайларын сипаттайтын растайтын құжаттарды қарау негізінде шығарады.

241. Егер азамат құқық қорғау органдарында қызмет өткерген кезде науқастануына, мертігуіне байланысты емдеуде болса және медициналық куәландыруға жіберілмесе, құқық қорғау органдарынан босатылу сәтінде науқастанудың, мертігудің себепті байланысын ішкі істер органдарының ОӘДК-сы айқындайды.

242. Науқастану, мертігу туралы жаңадан ашылған жағдайлар және олардың құқық қорғау органдарында қызмет өткерумен (қызметтік міндеттерді орындаумен) байланысы болған кезде науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысы сырттай (құжаттар бойынша) қайта қаралады.

Науқастанулардың, мертігулердің, қаза табудың (қайтыс болудың) себепті байланысы туралы штаттық және штаттық емес ӘДК қорытындылары жарамдылық мерзімін шектеусіз бір рет беріледі.

243. Науқастанулардың, мертігудің себепті байланысын айқындау – азаматтардың, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлімшелерінің, зейнетақымен қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдардың, құқық қорғау органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, соттар кадр қызметтерінің өтініші негізінде айқындалады.

244. Науқастануы туралы куәлікте, анықтамада немесе басқа да медициналық құжаттарда науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысы болмаған кезде, көрсетілген құжаттарды дұрыс ресімдемеген, азамат науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы қолда бар ӘДК қорытындысымен келіспеген кезде, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткеруді куәландыратын құжаттарда «науқастануы бойынша» немесе «денсаулық жағдайы бойынша» құқық қорғау органдарында қызметтен босату туралы жазбалар болған кезде құжаттар ішкі істер органдары штаттық ӘДК-сының қарауына жолданады.

245. Құжаттарды қарау нәтижелері және науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы ішкі істер органдары штаттық ӘДК-сының қорытындысы ӘДК отырысының хаттамасымен ресімделеді және сараптамалық қорытындысы шығарылады.

246. Егер құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтың құжаттарында науқастану диагнозы көрсетілмесе, бірақ медициналық куәландыру сәтінде қолданылған талаптардың (науқастанулар кестесінің) тармағы көрсетілсе, ішкі істер органдарының штаттық ӘДК-сы өзінің науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысында талаптардың (науқастанулар кестесінің) көрсетілген тармағымен көзделген науқастанулардың атауын көрсетеді.

247. Егер құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарында немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтарда әртүрлі жағдайларда туындаған (алған) бірнеше науқастанулар, мертігулер немесе олардың салдары анықталса, себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысы жеке шығарылады.

248. Егер құжатта бұрын себепті байланысы туралы қорытынды шығарылған науқастанудың, мертігудің диагнозы нақты көрсетілмесе, ішкі істер органдарының штаттық ӘДК-сы оның тұжырымын өзгертпей, алғашқы диагнозды көрсетеді, одан кейін науқастанудың, мертігудің нақтыланған диагнозын көрсетеді және ол бойынша себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысын шығарады.

249. Егер азаматтың медициналық куәландыру нәтижелері туралы құжаттары болмаса немесе оны медициналық куәландыру жүргізілмесе, науқастанудың, мертігудің себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысын шығару үшін негіздеме науқастану тарихындағы, медициналық кітапшадағы, медициналық анықтамадағы, мұрағат анықтамасындағы жазбалар болып табылады.

250. Қызмет өткеру (қызметтік міндеттерді орындау) кезеңінде алған науқастану, мертігу салдарынан немесе қызметтен босатылғаннан кейін қаза табудың (қайтыс болудың) себепті байланысы туралы ӘДК қорытындысын ішкі істер органдарының штаттық ӘДК-сы айқындайды.

251. ӘДК-ның мынадай:

1) «Қызметтік міндеттерді орындау кезінде алынған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу)» деген қорытындысы, егер олар куәландырылушыда құқық қорғау органдарында қызметтік міндеттерді орындау кезеңінде, сондай-ақ радиоактивтік заттардың, иондандырушы сәулелену көздерінің, зымыран отыны компоненттерінің және өзге де жоғары уытты заттардың, электр-магниттік өрістер көздерінің және оптикалық кванттық генераторлардың әсер етуі негіз болған зақымданулар нәтижесінде туындаса құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтарға;

2) «Құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңінде науқастану» деген қорытындысы, егер олар куәландырылушыда құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңінде туындаса немесе көрсетілген кезеңде құқық қорғау органдарына қызметке жарамдылық санатын өзгертетін ауырлық дәрежесіне жеткен болса, сондай-ақ егер науқастанудың басталуын құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңіне жатқызса, науқастанудың басталуын көрсетілген кезеңге жатқызуға мүмкіндік беретін медициналық құжаттар бар болған кезде созылмалы баяу үдемелі науқастанулар кезінде құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтарға;

3) «Құқық қорғау органдарында қызметтік міндеттерін орындау кезінде шалдыққан науқастану» деген қорытындысы, егер ол өте қауіпті инфекциялық эпидемиялық ошағында болу уақытында жұқтырылса, сондай-ақ осыған қатысты жеңілдіктер көзделетін (қылмыстық-атқару жүйесінің тікелей медициналық мекемелерінде жұмыс істейтін) және сотталған науқастармен тікелей қарым-қатынастары бар қызметкерлер туберкулезбен, ЖИТС-мен науқастанғанда шығарылады.

252. ӘДК-ның «Төтенше экологиялық жағдайлар салдарынан алынған науқастану» деген қорытындысы, егер науқастанулар апат салдарынан туындаған қолайсыз факторлардан пайда болса, құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген және төтенше экологиялық жағдайлардың, соның ішінде 1986 – 1990 жылдары Чернобыль АЭС-ындағы авария салдарын жою жөніндегі жұмыстарды орындауға тартылған азаматтарға шығарылады.

253. ӘДК-ның «Иондандырушы сәулелену әсерімен байланысты науқастану» деген қорытындысы құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген және 1949 – 1991 жылдар кезеңінде радиоактивтік заттармен ластанған аумақта ядролық қару сынағына қатысқан азаматтарға шығарылады.

254. Осы Қағиданың 252-253-тармақтарында көрсетілген санаттағы азаматтарға науқастанулардың себепті байланысын белгілеу кезінде ішкі істер органдарының штаттық ӘДК-сы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген иондандырушы сәулелену әсеріне байланысты науқастанулардың тізбесін, құқық қорғау органдарында қызмет өткеру туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс министрліктерінің мұрағаттық деректерін басшылыққа алады.

Егер науқастанудың басталуын құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңіне жатқызуға болса көрсетілген кезеңде немесе олар апат салдарларын жою бойынша жұмыстарды тоқтатқаннан кейін бес жыл ішінде созылмалы баяу үдемелі (жалпы соматикалық) науқастанулар кезінде осы Қағиданың 252-253-тармақтарында көрсетілген ӘДК қорытындылары шығарылады.

255. ӘДК-ның мынадай:

1) «Қызметтік міндеттерді орындау кезінде мертіккен»;

2) «Майданда болумен байланысты науқастану»;

3) «Жауынгерлік іс-қимылдар жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерді орындауға байланысты науқастану» деген қорытындысы «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңымен мәртебесі белгіленген құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтарға шығарылады.

256. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысуға байланысты науқастанулардың, мертігулердің себепті байланысын белгілеу үшін ішкі істер органдарының штаттық ӘДК-сына қызмет өткергені туралы құжаттар, құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңінде науқастану, мертігу фактісін растайтын мұрағаттық құжаттар және құқық қорғау органдарында қызметтен босатылғаннан кейін ресімделген медициналық құжаттар ұсынылады.

257. ӘДК-ның мынадай:

1) «Қызметтік міндеттерді орындауға байланысты емес қайғылы оқиға нәтижесінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған)» деген қорытындысы, егер мертігу қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты болмаған жағдайларда, сондай-ақ егер ол қызметтік, әкімшілік, қылмыстық тергеу нәтижесінде құқық бұзушылық немесе қасақана жасау салдарынан маскүнемдік, уытқұмарлық, есірткіге мас болу жағдайында алынса, аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмаса немесе оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылса, құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамына немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматқа;

2) «Қызметтік міндеттерді орындаумен және құқық қорғау органдарындағы қызметпен байланысты емес науқастану» деген қорытындысы, егер ол куәландырылушыда құқық қорғау органдарына қызметке түскенге дейін туындаса және құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңінде куәландырылушының құқық қорғау органдарында қызметке жарамдылық санатын өзгертетін дәрежеге жетпесе шығарылады.

258. ӘДК-ның мынадай:

1) «Қызметтік міндеттерді орындау кезінде алынған қаза табуына (қайтыс болуына) әкеп соқтырған мертігу» деген қорытындысы, егер қызметтік міндеттерді орындау кезінде немесе босатудан кейін бір жыл ішінде алынған мертігу салдарынан қаза табу (қайтыс болу) болса, құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтарға;

2) «Құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңінде алынған қаза табуына (қайтыс болуына) әкеп соқтырған науқастану» деген қорытындысы, егер құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңінде немесе босатудан кейін бір жыл ішінде алынған науқастану салдарынан қаза табу (қайтыс болу) болса, құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтарға;

3) «Қызметтік міндеттерді орындау кезінде алынған қаза табуына (қайтыс болуына) әкеп соқтырған науқастану» деген қорытындысы, егер ол өте қауіпті инфекциялық эпидемиялық ошағында болу уақытында жұқтыру кезінде науқастану, сондай-ақ осыған қатысты жеңілдіктер көзделетін (қылмыстық-атқару жүйесінің тікелей медициналық мекемелерінде жұмыс істейтін) және сотталған науқастармен тікелей қарым-қатынастары бар қызметкерлер туберкулезбен, ЖИТС-пен науқастану салдарынан қайтыс болса құқық қорғау органдарында қызмет өткерген немесе босатудан кейін бір жыл ішінде алынған науқастану салдарынан қаза табу (қайтыс болу) болса құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтарға шығарылады.

259. ӘДК-ның «Чернобыль АЭС-ындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты қаза табуына (қайтыс болуына) әкеп соқтырған науқастану, мертігу» деген қорытындысы, егер құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезеңінде немесе босатудан кейін бір жыл ішінде алынған науқастану, мертігу салдарынан қаза табу (қайтыс болу) болса, құқық қорғау органдары қатардағы және басшылық құрамының адамдарына немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген азаматтарға шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет