Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет24/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69
dissertation

4) Топтық қарым-қатынасқа түсуге бағытталған тапсырмалар: 1-бөлім: 
13-сабақ. 5-жаттығу, 32б.; 29-сабақ. 3-жаттығу, 70б.; 
Сондай-ақ, ойлауды дамытатын, ақпаратты өз бетінше талдауға, 
салыстыруға, бағалауға және өз бетінше ой қорытынды жасай алуға, пікірді 
дәлелдей білуге, мәселені шешудің балама жолдарын іздестіруге арналған 
тапсырмалар оқулықта кездеседі. Мысалы, бағандағы сөздерді салыстыр; 
сөйлемдерді оқып, өзара салыстыр; екі бөлікті салыстыр, қай бөлік мәтін? мәтін 
стилін анықта, қайсысы ғылыми мәтін? қайсысы көркем мәтін? және т.б. (1-
бөлім. 8-сабақ. 35-жаттығу; 15-сабақ. 1-жаттығу; 26-сабақ. 54-жаттығу; 34-
сабақ. 7-жаттығу; 43-сабақ. 51-жаттығу; 52-сабақ. 20-жаттығу) тапсырмалар 
көрсетілген.
4-сынып «Қазақ тілі» сабағында ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру мақсатымен әдебиеттік оқу, дүниетану, жаратылыстану, 
математика пәндерімен байланыстыра жүргізудің тиімді мүмкіншіліктері бар. 
4-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығында (1,2 бөлім) пәнаралық және 
пәнішілік байланыстар жүзеге асады: әдебиеттік оқу пәнімен – ақын-
жазушылардың өмірбаянымен танысу, суреттерін көрсету, автор туралы 
мәлімет беру, тәрбиелік мәні бар көркем шығармаларды және жас ерекшелігін 
ескере отырып халық ауыз әдебиеттерін пайдалану; дүниетану пәнімен – 
қоршаған орта туралы заттар мен құбылыстардың атауларын таныстыруда, 
олар жайында түсінік беру, мәтінді түсіндіруде жер, су, қорық және т.б. туралы 
түсініктерін кеңейту, табиғат құбылыстары мен туған жердің табиғатын 
таныстыру; математика пәнімен – жұмбақ есептерді шешуде, сөздің 
мағынасын түсіндіру барысында өлшемдік ұғымдарды пайдалануда, заттың 
пішіні мен көлемін салыстыруда жүзеге асады. 
Келесі талдауды 4-сыныпқа арналаған «Әдебиеттік оқу» (1,2 бөлім) 
оқулығының мазмұндық құрылымын қарастырсақ ғылымның әдеби-теориялық 
ұғымдары, 
ғылыми 
танымдық 
шығармалары 
оқушыға 
ұсынылып, 
шығармашылық, танымдық, практикалық тапсырмалар ретінде көрініс тауып, 
шығарманың жалаң оқылмауына көңіл бөлінген. Базалық мазмұнын құруда 
ауыз әдебиет үлгілері, ақын-жазушылардың шығармалары, олар туралы 
мәлімет, мәтінмен жұмыс, автор ретінде көзқарас білдіру, шығармашылық 
жұмыс, оқиғаны талдау, салыстыру, ақпаратпен жұмыс жасау, оқу дағдысын 
қалыптастыруға арналған тапсырмалар берілген. Пәнаралық байланысты 
жүзеге асыру үшін ортақ тақырыптардың мазмұны аясында оқу мақсатын 
жүзеге асыруда өзге де шығармаларды, мәтіндерді, танымдық тапсырмаларды 
қолдана алады. Сұрыпталған материалдар пәнаралық ортақ тақырыптарға сай 
құрылған және тұтастай білім алуға мүмкіндік береді. Мысалы, «Құндылықтар» 
бөлімінде топтастырылған шығармаларды оқи отырып, оқушылар ата-баба 


59 
тәрбиесі, адами асыл қасиеттерді, ұлттық құндылықтар туралы біледі, одан әрі 
құндылыққа негізделген мәтіндерді талдау арқылы осы бөлімнен алған білімін 
қорытындылайды. Оқулықтың әрбір ортақ тақырыбынан осындай бірізділікті
байқауға болады. Сондай-ақ, оқулықтағы тапсырмалар қазақ тілі, дүниетану, 
музыка пәндерімен тығыз байланыста құрастырылған. Мысалы, 1-бөлім, 6-
сабақ: Туған жердің таулары, 1,3-тапсырмаларды орындауда қазақ тілі және
дүниетанумен оқытудағы байланысы бойынша талдайық. Көркем әдебиет тіл 
арқылы жасалады. Тапсырмада ойшыл ақын кез-келген таудың өзіндік тарихы, 
басынан өткен оқиғасы бар екенін меңзеп отыр. Өйткені әрбір сөздің түп 
төркінін, мән-мағынасын, бейнелі ойын, қолданылар орнын терең түсінбейінше 
көркем шығарманың табиғатын тану мүмкін емес, демек әдебиет сабағын қазақ 
тілі, дүниетану пәнімен байланыстыра оқытудың үлкен мәні бар екендігі 
көрінеді. Сонымен қатар, музыка пәнінен өткен Н.Әлімқұловтың сөзіне 
жазылған Н.Тілендиевтің «Алатау» әнін тыңдатып, бес жолды өлең құрастыру 
тапсырылады. Осындай тапсырмаларды орындау барысында пәнаралық, 
пәнішілік байланыс орын алады. Тақырыпты меңгеруде қазақ тілі, дүниетану, 
музыка пәндерінен алған білімдерін ұсынылған тапсырмаларды шешуде 
қолдана алды. Оқушы әдебиеттік оқу пәнінің құрылымдық сипатының 
сабақтастық жүйесін және пәнаралық байланыстың жүйесін жақсы түсінсе, 
әдеби көркем шығармалардың идеялық мазмұны, ерекшеліктері туралы толық 
дерек алады. Және ондағы оқиғалар, ой-пікірлер, тарихи жағдайлардың өзара 
сабақтас, тәуелді екенін терең түсінеді [138].
Осы оқулықтағы оқушылардың сөйлеу мен ойлау дағдыларын 
қалыптастыруға арналған тапсырмалардың әлеуеті төмендегідей: 1-бөлім: Кел, 
сөйлейік! 2-сабақ. 1,8-тапсырма; Сөйлесейік 7-тапсырма, 120б.; сондай-ақ, 
салыстыруға арналған тапсырмалар: 13,17, 50, 52,89 пікір айтуға арналған 
тапсырмалар: 25,40, 47, 58, 65, 68, 73, 81, 107,110 беттер; дәлелдеуге арналған 
тапсырмалар 31,41,54,58,73,83,91,124 беттер; ойлауға арналған тапсырмалар 
32,51,52,59, 61,69, 87, 96, 98,112, 116-беттерде кездеседі. Демек, ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларға ерекше көңіл 
бөлінген. Тапсырмаларды орындауда пікір білдіру, ақпаратты салыстыру, өз-
пікірін сенімді түрде дәлелдеу алу, өзінің көзқарасын негіздеуді, көпшілік 
алдында сөйлеу және т.б дағдыларды қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет