Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет23/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69
dissertation

Диалогтік сөйлеуге бағытталған оқулықтағы тапсырмалар:
Сұрақ-жауап, пікір алмасу түріндегі диалог, бірлескен әрекетке шақыру 
түріндегі диалог: №1 сабақ: Тіл және сөйлеу, 4-жаттығу, 6б.; №4 сабақ: Сөйлеу 
мәдениеті, 15-жаттығу, 11б., 22-жаттығу, 15б.; №7 сабақ: Фонетика әлеміне 
саяхат, 31-жаттығу, 21б., №26 сабақ: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем, 55-
жаттығу, 61б.; №51 сабақ: Тұрақты сөз тіркестері, 15-жаттығу, 107б.; №53 
сабақ: Біріккен сөздер, 28-жаттығу, 112б.; №57 сабақ: Қос сөздер, 50-51 
жаттығу, 122б.
Мысалы, 4-жаттығудағы тапсырманың шарты бойынша диалогты 
парталасыңмен жалғастырып, диалогке түсуде сөйлеудің қай түрі жүзеге 
асатынын түсіндіреді.
- Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? 
- Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. 
- Сен қай тілде сөйлейсің? 
- Мен қазақ тілінде сөйлеймін. 
1) Көпшілік алдында сөйлеуге бағытталған оқулықтағы тапсырмалар:
Берілген тақырыпқа хабарлама жасау: №1 сабақ: Тіл және сөйлеу, 5-
жаттығу, 6б.; №20 сабақ: Мәтіннің түрлері, 27-жаттығу, 48б.; №59 сабақ: 
Сөйлеу мәдениеті, 60-жаттығу, 127б., Мысалы, 5-жаттығудағы тапсырмасы 
бойынша оқушылар «Қазақ тілі - ана тілім» тақырыбында көпшілік алдында 
сөйлеуге дайындалады. Ол үшін:
1.Жоспар құр. 
2.Не сөйлейтініңді құрған жоспарыңа сәйкес ретте.
3.Сөйлейтін сөзіңді түсінікті, мәнерлі жеткізуге тырыс.
4.Сөйлегенде қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді қолдануды ұмытпа.
Осы тапсырма арқылы оқушының сөйлеу дағдысы қалыптасады.
3) Жазбаша қарым-қатынасқа түсуге бағытталған тапсырмалар:
Мақала, хабарлама жазуға: 42-сабақ: Мақала жаза аламын, 48,50-жаттығу, 
92-93б.; 43-сабақ. Мақала жаза аламын. 52-жаттығу, 94б.; 61-сабақ: Нәтиже 
сабақ, 5-жаттығу, 132б.; №59 сабақ: Сөйлеу мәдениеті, 59-жаттығу, 127б.
Мысалы, 48-жаттығуда оқушы көп нүктенің орнын хабарлама шығатындай 
мәліметтермен толықтырып жазады.
5-жаттығу шарты бойынша оқушылар «Мамандық әлемі» тақырыбында 
кеш ұйымдастырмақшы. Кештің шақыру қағазын жазуға көмектес. Ол үшін 


58 
шақыру қағазын жазуға арналған төмендегі нұсқаулықты басшылыққа ал. 
Күрделі сөздерді қолдан.
1.Кімді шақыратыныңды қаратпа сөздер арқылы бер.
2.Шақырудың себебін немесе мақсатын жаз.
3.Өтетін орны мен уақытын жаз.
4.Шақырушыны көрсет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет