Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет64/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
dissertation

Пәнаралық байланыс - білімнің жүйелілік логикасын сақтай отырып, жоғары 
деңгейлі ойлауға бағыттайтын кешен, ал, бастауыш сынып оқушыларының 
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру – тілдік қатысым барысында 
талдау, жинақтау, салыстыру арқылы өз ойын анық, дұрыс және түсінікті 
жеткізуде тілдік дағдыларды меңгерту үдерісі деп авторлық анықтама берілді.
2. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау және 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі: бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік 
негізін қамтамасыздандыру; оқушылардың айтылым, тыңдалым, оқылым, 
жазылым дағдысын дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді пайдалану; пәнаралық 
және танымдық мәтіндерін қолдану және пәнаралық байланыста ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен жаттығулар 
жүйесімен қамтамасыз етілді.
3. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
жасалды. Модель зерттеу жұмысымыздың мақсатына жауап береді. Оның
компоненттерінің бір тұтастығы (мақсаты мен міндеті, тұжырымдамалық 
және әдіснамалық негізі, мазмұны мен теориялық негізі, компоненттері мен
өлшемдері, әдістері мен құралдары, қол жеткізетін нәтиже) бірлігін 
қамтамасыз етеді. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының 
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздерінде 
жүйелілік тұғыр, интегративті тұғыр, іс-әрекеттік тұғыр, орта тұғырлар, 
жүйелілік және бірізділік ұстаным, оқытудың сабақтастығы ұстанымы, теория 
мен практиканың бірлігі ұстанымы, тілдік сезімге сүйену және оны дамыту 
ұстанымы, сөйлеу мәнеріне зейін қою ұстанымы басшылыққа алынған 
мотивациялық, танымдық, нәтижелік компоненттен тұратын бұл құрылымда 
жаңартылған білім беру жағдайында пәнаралық байланысты қолдану 
мүмкіндігін толық пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушысының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға болатындығы дәлелденді.
4. Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау және 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі педагогикалық эксперименттен 


126 
өткізіліп, тиімділігі дәлелденді. Зерттеу жұмысын нәтижелі ететін мұғалімдерге 
арналған «Бастауыш мектепте ойлау мен сөйлеуді пәнаралық байланыста 
қалыптастыру негіздері» атты ғылыми-әдістемелік семинар бағдарламасы
бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ойлау мен сөйлеудің» құпиясы атты 
факультативтік курс бағдарламасы, пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесінен 
тұратын әдістемелік кешен әзірленді.
5. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының қалыптастырушы кезеңінде 
алынған нәтижелер оқушылардың пәнаралық байланыс тұрғыда оқу 
қажеттілігін түсініп, ойлау мен сөйлеуді қалыптастыруға арналған жаттығулар 
мен тапсырмаларына деген қызығушылықтарының артқанын, танымдық және 
пәнаралық тапсырмалардың мәнін, қызметін ұғынғанын, пәнаралық білім,
біліктерінің артқандығын көрсетті.
Зерттеу нәтижесі бойынша мына төмендегідей ұсыныстар жасауға 
болады:
- зерттеу жұмысымыздың негізінде дайындалған «Бастауыш мектепте 
ойлау мен сөйлеуді пәнаралық байланыста қалыптастыру негіздері» атты 
ғылыми-әдістемелік семинардың негізгі мазмұны еліміздегі бастауыш сынып 
мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсына дайындалатын білім беру 
бағдарламаларының құрамына енгізілсе;
- пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған авторлық мектептердің жұмыс 
бағдарламасы дайындалып, тәжірибеге ендірілсе;
- ЖОО-дағы бастауыш білім беру бағдарламсы бойынша дайындалған 
дипломдық жоба өнімдерінде «Пәнаралық байланыста бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» мәселесі 
қарастырылса. 
Зерттеу мәселесі көкейкестілігімен қоса күрделі болғандықтан, оны 
толықтай қамтыдық деуге болмайды. Сондықтан диссертацияда келтірілген 
нәтижелер мен қорытындылар қарастырылып отырған мәселені шешудің
тек бір ғана жолы деп есептеп, осы мәселеге қатысты арнайы дағдыларды 
қалыптастыру мәселелерін зерттеу болашақтың еншісінде деп білеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет