Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар


қойылатын қауіпсіздік талаптары



бет5/8
Дата24.02.2023
өлшемі37.2 Kb.
#469972
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8
p080000336 .30-01-2017.kaz

қойылатын қауіпсіздік талаптары

19. Союға және ет тағамдарына қайта өңдеуге арналған жануарлар мен құстарды объектілер жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларынан таза аумақтар мен шаруашылықтардан қабылдайды.


Міндетті біріздендіру рәсімінен өтпеген жануарлар мен құстар қайта өңдейтін кәсіпорындарға жіберілуге жатпайды.


Мыналарды қасапханаға жіберуге тыйым салынады:


1) аусылға қарсы белсенді вакцина, сібір жарасына қарсы вакцина немесе сарысу егілген жануарларды 21 күн ішінде;


2) құс тұмауына қарсы вакцина егілген құстарды 21 күн ішінде;


3) емдік және (немесе) алдын алу мақсатында антибиотиктер, антигельминтиктер және басқа да препараттар, өсуін ынталандыруға арналған препараттар берілген жануарлар мен құстарды оларды ветеринарияда қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мерзім ішінде;


4) жәндіктер мен кенелерге қарсы химикаттармен өңделген жануарлар мен құстарды сол препараттар тізімінде көрсетілген күту мерзімінен бұрын;


5) аурудың диагнозы белгісіз дене температурасы жоғары немесе төмен және енжар жағдайда немесе өлім аузында жатқан жануарлар мен құстар;


6) өсіру кезінде Қазақстан Республикасында рұқсат етілмеген ветеринарлық препараттар қолданылған жануарлар мен құстар;


7) балықпен, балық қалдықтарымен және балықтан жасалған ұнмен соңғы азықтандырылғаннан кейін құсты 10 күн ішінде.


Сойылуға жіберілетін құстар мен жануарлардың әрбір партиясына белгіленген тәртіппен ресімделген ветеринарлық куәлік қоса тіркелуі тиіс.


20. Жануарлар мен құстар ветеринарлық-санитарлық және зоогигиеналық іс-шараларды жүргізу кезінде азықпен, сумен бірге организмге зиянды және қауіпті құрамдас бөліктердің, оның ішінде мыналардың түсу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда өсіріледі және азықтандырылады:


1) анаболикалық әсері бар заттар және мал шаруашылығында қолдануға тыйым салынған фармакологиялық заттар;


2) қоршаған ортаны ластайтын заттар және химиялық ластағыштар: полихлорлы бифенилдерді қоса алғанда, хлорлы органикалық қосылыстар, фосфорлық органикалық қосылыстар, улы элементтер, микотоксиндер, бояғыштар.


21. Объектіге түскен жануарлар мен құстар ветеринарлық тексеруден өткізіледі және сою алдында ірі қара малдар, уақ малдар, жылқылар, бұғылар, түйелер, қашарлар және есектер кемінде 24 сағат, ал шошқалар кемінде 12 сағат, бұзаулар мен құстар кемінде 6 сағат аш ұсталады.


22. Енжар күйіндегі жануарлар ауруы анықталған жануарлар мен құстардың партиясы, амалсыз өлтірілгендер немесе өліктер, сондай-ақ ветеринарлық құжатта көрсетілген мал басының нақты санына сәйкес келмеген жағдайда диагнозы немесе сәйкес келмеуінің себептері белгіленгенге дейін тез арада карантиндік бөлімшеге орналастырылады.


Мыналарға жол берілмейді:


1) сою алдында ветеринарлық тексеруден өтпеген жануарлар мен құстарды союға;


2) жылқыларды, есектерді, түйелерді, қашарларды маңқа ауруына зерттемей союға;


3) ауру, ауруына күдікті, майыптық зақымдары бар жануарлар мен құстарды, сондай-ақ оларды қабылдау кезінде анықталған өліктерді иелеріне қайтаруға;


4) союға қабылданған жануарлар мен құстарды объект аумағынан шығаруға (әкетуге);


5) өлген жануарлар мен құстардың өліктерін, ветеринариялық конфискаттарды қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына жөнелтуге.


Өндіріс (дайындау) объектілерінде қабылдау және ветеринариялық тексеру сәтінде жұқпалы ауру белгілері бар жануарлар мен құстар анықталған жағдайда барлық партиясы санитарлық союға жіберіледі.


Ауру жануарлар мен құстарды сою сау жануарлар мен құстардан бөлек және/немесе ауысымның аяғында жүргізіледі. Осындай союды аяқтағаннан кейін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес үй-жайлар мен жабдықтарға дезинфекция жүргізіледі.


Жануарлар мен құстардың анықталған ауруларына байланысты ұшаға оны залалсыздандыру тәсілі туралы куәландыратын ветеринариялық мөр басылады.


23. Жануарлар союға сою алдында ұстайтын үй-жайлардан бастапқы қайта өңдеудің конвейерлік желілерінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететіндей бастапқы қайта өңдеу цехының сою алдындағы қашасына жіберіледі.


24. Технологиялық процестер мыналарды:


1) шикі және дайын өнімнің ағындары мен байланыстары қиылысуының болмауын;


2) өңдеуге түсетін шикізат пен қосымша материалдардың нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылауды;


3) ілінген күйіндегі тұтас еттердің еденге, қабырғаға және технологиялық жабдықтарға қатысты жанасуын болдырмауды;


4) ұшаларды қансырату, тазарту және жуу учаскелеріндегі тараптарға арнайы еңкіс науалар бойынша сұйықтың ағуын;


5) санитариялық өңдеуге қол жеткізе отырып, тамақ шикізатын (май шикізатын, ішек-қарын жиынтығын, тағамдық қанды, қосымша өнімдерді) беруді бір-бірінен бөлуді;


6) тағамға жатпайтын қалдықтардың ерекше түске боялған және оның арналуы туралы жазуы (таңбасы) бар арнайы ыдысқа жиналуын;


7) ветеринариялық конфискаттарды (ветеринариялық-санитариялық сараптау кезінде ақауы анықталған ұшалар мен органдарды) ерекше түске боялған жабдықталған бөлек құламаларға немесе арнайы жылжымалы жабылатын ыдыстарға жинауды;


8) сойылған жануарлардың ішіндегі асқазанды және бүйендерді босату, сондай-ақ теріні жеке үй-жайларда немесе биіктігі үш метр қалқанмен бөлінген және ұшаларды жылжыту орнынан кемінде үш метр аралықта алыстатылған малды бастапқы қайта өңдеу цехының арнайы бөлінген учаскелерінде шелдеу;


9) сойылған малдардың ерекше қатерлі ауруларынан күдіктенген немесе тапқан жағдайда ветеринариялық мамандардың жұмыс орындарынан "Тоқта" батырмасының көмегімен конвейерді шұғыл тоқтатуды;


10) тұтас еттерді, қосымша өнімдер мен басқа да сойылған өнімдерді тек олар санитарлық өңдеуден, ветеринарлық-санитарлық сараптаудан және таңбалаудан өткеннен кейін тоңазытқышқа жөнелтуді;


11) суық және ыстық суды жұмыс орындарына беруді, ал ішектерді сұрыптау (үрлеу) үшін сығылған ауаны беруді қамтамасыз етеді.


Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

8. Тоңазытқыш камералары мен мұздатқыштарға




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет