қойылатын қауіпсіздік талаптары
25. Ет және ет өнімдері өндірісінде мұздатып өңдеу мен өнімдерді сақтау үшін арнайы дайындалған тоңазытқыш камералары мен мұздатқыш қолданылады. Тоңазытқыш камералары мен мұздатқыш көлемі және саны объектілердің өндірістік қуаты мен температураны өнім түріне байланысты минус 30о С-тан 0о С-қа дейінгі және ауаның ылғалдығын 60%-дан 95% дейін реттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей жағдайды ескере отырып таңдалады.
Тоңазытқыштар камералары мен мұздатқыштардың ішкі қабырғалары және төбелері оларға ет және ет өнімдерін салу алдында санитарлық өңдеуден өтеді.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
26. Тоңазытқыш камералары мен мұздатқыштарға салған кезде шикізаттар мен қосымша өнімдер торларға қатарланып немесе еденнен биіктігі 8 сантиметр болатын тұғырықтарға қойылады. Торлар мен тұғырықтар тамақ өнімдерімен байланысуға арналған Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан әзірленуі тиіс.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
27. Шартты түрде жарамды ет осы мақсатта арнайы қолданылатын оқшауланған мұздатқышта немесе мұздатқыштың жеке камерасында сақталады.
9. Жабдыққа және метрологиялық қамтамасыз етуге
қойылатын қауіпсіздік талаптары
28. Ет саласына арналған жабдық "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Жабдық:
1) тамақ өнімдерімен байланыста болу үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалуға;
2) қауіпсіз өнім өндірісін (дайындалуын) қамтамасыз етуге;
3) белгіленген талаптарға сәйкестікті растау рәсімінен өтуге тиіс.
Шикізат пен дайын өнімдерді термиялық өңдеуге арналған жабдық бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақталады.
29. Технологиялық процестерді өлшеу мен бақылау құралдары өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде белгіленген тәртіппен мерзімді тексеруден немесе калибрлеуден өтеді.
10. Санитариялық тораптар мен тұрмыстық үй-жайларға
Достарыңызбен бөлісу: |