Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар


өңдеу объектісінің өндірістік аймақтарына қойылатын



бет4/8
Дата24.02.2023
өлшемі37.2 Kb.
#469972
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8
p080000336 .30-01-2017.kaz

өңдеу объектісінің өндірістік аймақтарына қойылатын
қауіпсіздік талаптары

14. Объектінің өндірістік цехтарын, учаскелерін, бөлімшелерін, қосалқы және қойма үй-жайларын жоспарлау кезінде ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне, сондай-ақ жинау, жуу және дезинфекциялау сапасына ветеринарлық-санитарлық бақылау жүргізу мүмкіндігі көзделеді.


Өндірістік үй-жайларға технологиялық жабдықтарды орналастырған кезде түйіспелі контаминация болмауы керек.


Объект аумағында мыналар болатын жануарларды сою алдында ұстайтын аймақ көзделеді:


1) жануарларды қабылдау және ветеринарлық тексеру үшін шатырлары мен өткелектері, мал қоралары бар темір жол немесе автомобиль платформалары;


2) жануарларды сою алдында ұстауға арналған ғимараттар (шатырлар);


3) жануарларды шығарып салушылар мен айдаушыларға арналған үй-жайлар;


4) киімдерді санитарлық өңдеу үшін тұрмыстық үй-жайлар мен залалсыздандырғыш камера;


5) көң мен қиды жинау және уақытша сақтау үшін алаңқайлар;


6) сойылатын жануарлар мен құстарды тасымалдауда пайдаланылатын автокөлік пен мүкаммалды санитарлық өңдеу пункті;


7) жануарлар үшін карантин, оқшаулағыш және санитарлық қасапхана;


8) сарқынды суларды залалсыздандыруға арналған құрылыстар.


15. Өндіру (дайындау) объектілерінде ветеринарлық-санитарлық мақсаттағы объектілер жабдықталады және жұмыс істейтін жағдайда болады:


1) стационарлық дезинфекциялық жуу пункттері немесе жануарларды союға жеткізетін автокөлікті жууға және дезинфекциялауға арналған алаңқайлар;


2) ветеринарлық мамандарға арналған жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді бақылау және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізуге арналған жабдықтары бар үй-жайлар;


3) жануарларды тексеруге арналған өткелектер;


4) ауру немесе әлсіз жануарларды оқшау өңдеуге арналған санитарлық қасапхана немесе санитарлық камера;


5) карантинге және оқшаулағышқа арналған үй-жайлар;


6) етті және сойылған өнімдерді өңдегенге дейін уақытша сақтауға арналған оқшауланған тоңазытқыш камерасы;


7) сарқынды суларды зарарсыздандыруға арналған құрылыстар.


16. Санитарлық қасапханада ауру малдар кіретін жеке есік, оларды қабылдайтын, ветеринарлық тексеретін алаңқайлар болады.


17. Өндіру (дайындау) объектісін пайдалануға берген және технологиялық жабдықтарды немесе желілерді орнатқан кезде субъектіде санитарлық-эпидемиологиялық және/немесе ветеринарлық-санитарлық қорытынды болуы керек.


Объектінің қуаттылығы мен қызмет түріне қарамастан өндіру (дайындау) процесінде:


1) технологиялық процестердің ағындылығы;


2) лас процестерді тазаларынан оқшаулау;


3) технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру, цехтар (үй-жайлар) арасындағы қолайлы байланыс қамтамасыз етіледі.


Ет өнімдерін өндіретін (дайындайтын) цехтарда жағымсыз иістерді, шаңның және басқа ластануларды жою үшін ағынды-шығатын желдетпе көздеу қажет.


Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


18. Объектіде мүкаммалды көлік құралдарын жуу және дезинфекциялау үшін су өткізбейтін едені ыстық және суық су жіберіп және жуылған суды кәрізге ағызуға арналған трапы бар жуу бөлімшесі жабдықталады.

Санитарлық блоктың өндірістік цехтарында (үй-жайларында) өндірістің қуаттылығына және бейініне қарамастан, қабырғаларының панельдері мен бағаналары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген биіктігі кемінде екі метр материалдармен қапталады.


Төбеде және ілулі арматураларда кірдің жиналуы, тамақ өнімдеріне бөгде заттардың түсуіне және ылғалдың немесе көктің пайда болуына жол берілмейді.


Объектінің барлық үй-жайларының едендері тура, тегіс, су өткізбейтін материалдармен жабылады.


Объект қауіпсіздік белгілерімен, ал цех ішіндегі құбыржолдар олардың арналуына сай "Өндірістік объектілерде дабыл түстеріне, белгі таңбаларға және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентке сәйкес айрықша түстерге боялады.


Жуғыш және дезинфекциялайтын заттар арнайы белгіленген, оқшауландырылған орында сақталады.


Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

7. Жануарлар мен құстарды союға дайындау кезінде




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет