«Этнопедагогика» пәнінен 5В010300- «Педагогика және психология»



бет2/8
Дата15.03.2022
өлшемі0.69 Mb.
#456299
1   2   3   4   5   6   7   8
Этнопед СӨЖ

Коллоквиум
Коллоквиум (лат. colloquium) - оқушылардың білімін, ғылымға, әдебиетке, өнерге т.б. ынтасын анықтау мақсатында оқытушының оқушылармен арнайы әңгімелесуі. Жоғары оқу орындарда Коллоквиум әдетте лабораториялық жұмыстың, оқу практикасының алдында студенттердің сол жұмыстарды орындауға қажетті теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі.
Қазіргі оқу процессіндегі Коллоквиумды электрондық жүйеде өткізу жиі пайдаланады.
Педагогикалық тапсырма
Тапсырма – бұл оқу танымдық міндеттерді өздігінен жүзеге асыру формасы, өздігінен білім алу үрдісінде және ұғымдар жүйесін қалыптастыру кезінде оқытушы мен білім алушының іс-әрекетін байланыстырушы буын болып саналады. Тапсырма сұрақтары мен өзіндік жаттығу жұмыстары педагогикалық тапсырманың негізін құрайды.
Болашақ мұғалімдерді меңгерген білім, білік, іскерлік, дағдылары бойынша тапсырманы өз бетімен орындай білуге үйрету құзыреттіліктіктің дұрыс тұғырда меңгерілуіне мүмкіндік жасайды, қандай да бір педагогикалық тапсырмаларды ойланбай шешеді, кәсіби танымды қалыптастырудың барлық кезеңдерінде алгоритмдік әдісті қолданады.
Болашақ мұғалімдердің тапсырманы орындау барысында өзара байланыста болмауы, олардың дайындық деңгейі оқытушының жұмысында әрқайсына жеке жағдай жасаудың шартын қояды, ол болашақ мұғалімдерге тапсырма береді және оны орындауына жетекшілік жасайды, өзіндік жұмысты орындау әдіс-тәсілдерін білім алушылардың жүзеге асыру қажеттілігі жағдайында оны реттейді және бақылайды, осылайша оларда өз бетімен жұмыс істей алу сенімділігін қалыптастырады.
Педагогикалық тапсырмаларды орындауда өзіндік іс-әрекетті жеткілікті меңгеру мен мықты бекітуге септігі тиетін оқытудың негізгі тәсілдердің бірі оқу сипатындағы жаттығу болып табылады. Оларды шешу барысында білім алушылар өзіндік еңбек іс – әрекетінің әлеуметтік бағытында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін қоғамдық – пайдалы нәтижелерге ие болады.
Тапсырманы орындағанда ерекше маңызы бар және жұмыстың нәтижелігін қамтамасыз ететін негізгісінен бастайды. Оқытушы соның негізінде басқа да тәсілдер мен іс – әрекеттерді меңгеруді көрсетті және үйретті.
Көрсету кезінде оқытушы технологиялық әдіс-тәсілдерді қолданудың реттілігін, ережелерін ерешеліктеріне сәйкес түсіндіреді. Өзіндік іс – әрекетті орындаудың құраушы алгоритмдері білім алушылар өз бетімен қайталай алуға ұмтылатын тиімді формада, қатаң анықталған стандартқа сәйкес болады. Сонымен бірге, оқытушы білім алушылардың көзбен көріп, құлақпен естіген жағдайларға назар аудара білуге үйретуі қажет, себебі бұл кезеңде, кәсіби педагогикалық іс – әрекет тәсілдерін меңгергенде, болашақ мұғалімдердің көзбен көргендері мен естігендерін есте сақтауы іске асырылды. Педагогикалық іс – әрекет тәсілдері мен әдістерін қалыптастыру, дағдыландыру жаттығуларын орындаумен аяқталады. Егер тәсіл өзгертілмеген, тұрақты түрден тұратын бірнеше қозғалыстан тұратын тәсіл болса, онда тренажерлерді пайдалану қолайлы болды.
Тапсырманы орындағанда әрқайсысы жеке әдіс-тәсілдерден құралған әрекеттер жүзеге асырады, қалыптастырудың реттілігі әрекеттерге енетін тәсілдер санының қайталануы арқылы оны толығымен меңгеруге мүмкіндік туғызады, ал оны орындап көру әрқайсысын жеке түсіндіруден кейін, тапсырманы орындауда барысында іске асырады.
Болашақ мұғалімдердің тапсырманы өздігінен орындау кезіндегі мақсаты мен формасындағы өздігінен білім алу үдерісіндегі өзіндік іс – әрекетіне жетекшілік ету оқытушының міндеті.
Болашақ мұғалімнің бастаған ісін аяғына дейін жеткізуі, қиыншылығына қарамай тапсырманы орындауы, оны шешу жолдарын іздестіруі, яғни ерік – жігерінің мықтылығы өзіндік танымдық белсенділіктің көрсеткіші бола алады. Бұл әрекеттің ізденушілік түрі және ол болашақ мұғалімнің ішінара ізденіс әрекетін қамтамасыз етеді.
Тапсырманы орындауға берілген уақыт біткеннен кейін, болашақ мұғалімдер дайын жұмыстарын көрсетеді, ал оқытушы қорытынды бақылау жүргізеді, орындалған жұмыстың өзіндік деңгейіне және мазмұнына қарай бағалайды, бар кемшіліктерін көрсетеді және олардың себептерін анықтайды. Өзін – өзі бақылау мен өзін – өзі талдауды дамытуға әсері болатын сұрақтар қою арқылы болашақ мұғалімдердің белсенділігін арттыруға болады, сол арқылы оқытушының тапсырманы орындаудағы болашақ мұғалімнің ақыл-ой дәрежесін анықтайды.
Тапсырманы орындау әдіс-тәсілдері жақсы нәтижелер береді. Жүйелі тапсырма беру арқылы жеке тұлғаны білім алу үдерсінде өзіндік іс-әрекеттер дұрыс орындауға үйретеді.
Жоғарыда айтылған мағлұматтарымызды болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісінде педагогикалық тапсырмалар орындау мысалын ұсынамыз.
Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқыңыз.
Өзідігінен білім алу - тұлғаның өзін қызықтыратын саласындағы білімді іздеумен және меңгерумен байланысты, белсенді, мақсатты бағытталған, танымдық іс-әрекеті.
Өздігінен білім алу – өзін-өзі тәрбиелеу құралының бірі. Өздігінен білім алудың негізгі нысандары сан алуан. Адамның өздігінен білім алуының мақсаты – біліктілігін (мамандығын) немесе білім деңгейін көтеру. Өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруда білім беру мекемелері маңызды рөл атқарады. Білім алушылардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруға сыныптан тыс және әртүрлі үйірмелердегі, клубтардағы, дәрісханалардағы сабақтар, тәжірибелік жұмыстар және т.б. себепші болады. Жалпы білім беретін мектептерде үйретілген өздігінен білім алу дағдылары жоғары оқу орындарының оқу үдерістерінде тереңдетіліп, жетілдіріледі. ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісіндегі, семинарлардағы, ғылыми үйірмелердегі, шеберлік сыныптардағы болашақ мұғалімдердің ғылыми қоғамындағы сабақтардың зерттеу экспедицияларына қатысудың және т.б. маңызы зор
Алайда, тапсырманың мұндай мазмұны және одан кейінгі сабақ фрагментін құрастыруды ұйымдастыру студенттерді мақсат пен мазмұнды жобалауда және жасалған сабақ кезеңдерінің алдыңғы және кейінгі кезеңдерін ұйымдастыруда саналы әрекет жасауға мүмкіндік беріп, студенттердің ұсынылған фрагмент бойынша талдау іс-әрекеттеріне және өздері құрастырған сабақ фрагменттеріне өзіндік талдау жасауға, оқушының шығармашылық қабілетін дамытудағы өздері ұсынған оқыту әдістері мен құралдарының мүмкіндіктері бойынша пікірлесуге әкелді.
Тапсырма 2. Мәтін бойынша
Өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу бойынша айырмашылығын көрсетіңіз. Сурет 20 бойынша жұмыс жасау.

Сурет 20 – Айырмашылығын көрсет
Тапсырма 3. Өздігінен білім алу үдерісінде өзіндік іс-әрекеттің интеллект картасын құрыңыз (Сурет 21).

Сурет 21 – Интеллект қартасы
Тапсырма 4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
Өзідігінен білім алу, өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі сендіру, өзін-өзі иландыру.
Мысалы: Өзін-өзі тәрбиелеу тұлға қасиеттерінің ішіндегі ең бастысы.
Ұсынылған тапсырмалар болашақ мұғалімдердің педагогикалық тапсырмаларды орындау үрдісінде теориялық және практикалық сабақтарда алған кәсіби білімдерін тәжірибе тұрғысында қолдану үдерісінде өз нәтижесін берді. Бұл педагогикалық тапсырмаларды орындау үрдісінде болашақ мұғалімдерге ғылыми, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді және оқу құралдарымен, оқулықты қолдану ұсынылды.


Реферат
Рефераттарды дайындауға және орындауға әдістемелік бағдар:
Реферат – бұл ғылыми, әдеби және басқа да қайнарларды қолдана отырып жазылатын айқын тақырыпқа зерттеу жұмысы. Рефератты жазу барысы тақырып таңдаудан басталады. Реферат тақырыбы курс бағдарламасымен анықталады. Студент оқытушымен келісе отырып тақырыпты таңдай алады. Әдебиеттерді іріктеп алып, тақырыпқа қажетті қайнарлар жүйелеп, толық жоспар жасауы керек. Реферат жазу студенттен жоғары шығармашылық белсенділікті, зерттелген әдебиеттерді өз бетімен талдауда дербестікті, іскерлікті талап етеді. Рефератты қорытындылау кезінде жүргізілген жұмыстарының нәтижесі көрінуі шарт. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету қажет.
Мақсат: Студенттердің аналитикалық, зерттеу жұмыстарын іскерлікпен құрастыру, зерттейтін мәселелерге байланысты білімдерін тереңдету.
1. Реферат құрылымы:
- титульдік бе;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2. Мазмұынына қойылатын талаптар:
1. Кіріспеде тақырып өзектілігі, әдебиеттерге шолу, мақсаттар және зерттеу мақсаттары, практикалық маңыздылық құрастырылады (кіріспе көлемі - 1, 2 бет);
2. Негізгі бөлімде тақырыптың негізгі теориялық кезеңдерін толық көлемде ашу қажет. Негізгі бөлімнің ең басты материалдары тарауларға бөлінуі қажет (Көлемі -15, 20 бет);
3. Қорытынды зерттеу тақырыбының нәтижесін болжайды. (Көлемі -1,2 бет);
4. Әдебиеттер тізімі әліпбилік ретте көрсетіледі;
3. Дайындау ережесі:
1. Реферат мәтінін қолдан жазуға немесе компьютерде 1, 5 аралық, 14 кегель , A- 4. форматында басуға болады;
Рефераттың көлемі - 20-25 бет баспа мәтінде немесе 15-20 бет қолжазба мәтінде болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет