Ескертпе «Сөз сөйлеуге, баяндамаға қалай дайындалу керек»
II. Кезең – дайын материалмен жұмыс істеу
1. Сөз сөйлеу барысында ерекше көңіл аударылатын мәтіндегі маңызды мағыналық бөлімдерді бөліп көрсету.
2. Әр сұрақ бойынша баяндауға уақытты бөлу, баяндау қарқынын анықтау (сынама оқу).
3. Баяндаманың толық мәтінін қысқаша түрге келтіру (тезистер, жоспарлар, карточкалардағы дәйексөздер).
III. Кезең – сөз сөйлеуге дайындалу
1. Жұмысқа кіріспес бұрын, ниеттеніңіз: отырыңыз немесе ыңғайлап тұрыңыз, өзіңізге іштей жинақы болуды мақсат қойыңыз, ойша жағымды сахнаны, өз өміріңіздегі жағдайды елестетіңіз.
2. Баяндаманы бастамас бұрын, айналаңыздағылар әлеуетті пікірлес адамдар деп ойлаңыз.
Эссе
Эссе – бұл белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша жекелеген әсерлер мен ой-пікірлерді білдіретін және тақырыптың анық немесе толық түсіндірмесін талап етпейтін кішігірім көлемді және еркін композициядағы прозалық шығарма.
Эссенің кейбір белгілері:
белгілі бір тақырыптың немесе мәселенің болуы. Мәселелердің кең ауқымын талдауға арналған жұмыс, анықтама бойынша эссе жанрында орындалмайды.
Эссе белгілі бір тақырып немесе мәселе бойынша жеке әсерлерді білдіріп, тақырыптың анық немесе толық түсіндірмесін талап етпейді.
Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті боялған сөзді болжайды, мұндай жұмыс философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-критикалық, ғылыми-танымал немесе таза беллетристік сипатқа ие болуы мүмкін.
Эссенің мазмұнында бірінші кезекте автордың жеке басы, оның дүниетанымы, ойлары мен сезімдері бағаланады.
Эссенің мақсаты өздігінен шығармашылық ойлау және өз ойларын жазбаша түрде жеткізу сияқты дағдыларды дамыту болып табылады.
Эссенің құрылымы және жоспары.
Эссе құрылымы оған қойылған талаптармен анықталады:
Мәселе бойынша эссе авторының ойлары қысқа тезистер (Т) түрінде ұсынылады.
Ой дәлелдемелермен нықталуы керек, сондықтан тезистен кейін (Д) дәлелдер беріледі.
Дәлелдер - бұл фактілер, қоғамдық өмірдің құбылыстары, оқиғалар, өмірлік жағдайлар және өмірлік тәжірибе, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікіріне сілтемелер және басқалар. Әрбір тезистің пайдасына екі дәлел келтірген абзал: бір дәлел сендіре алмайды, үш дәлел ықшамдық және көркемдікке бағытталған жанрдағы баяндауды «жүктейді».
Осылайша, эссе айналма құрылымға ие болады (тезистер мен дәлелдер саны тақырыпқа, таңдап алынған жоспарға, ойдың дамуының логикасына байланысты): кіріспе, тезис, дәлелдер, тезис, дәлелдер, тезис, дәлелдер, қорытынды.
Эссе жазу ережелері
Эссе дегеніміз берілген тақырыптың қысқаша мазмұнын беретін шығарма. Берілген тақырыптардан қалауыңыз бойынша бір тақырып таңдап аласыз. Сіз эссені А4 форматқа жазып өткізесіз. Қолдан жазсаңыз көлемі 10 бет. Ал компьютерге бассаңыз көлемі 5 бет болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |