«Этнопедагогика» пәнінен 5В010300- «Педагогика және психология»


Әдебиеттер тізімін жасаудың үлгісі



бет3/8
Дата15.03.2022
өлшемі0.69 Mb.
#456299
1   2   3   4   5   6   7   8
Этнопед СӨЖ

Әдебиеттер тізімін жасаудың үлгісі
1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений.-М.: Педагогическое общество России, 2002.-208с.
2. Щадрин Н. К вопросу о функционльных ценности в жизнедеятельности личности и воспитании // Ұлт тағлымы.- 2004.-№ 4
Көркемдеу ережелері:
Реферат мәтіні стандартты ақ қағаздың (А4 форматы) бір жақ бетіне компьютерде басылуы тиіс. Шрифт - 14 кегль, Негізгі бет өлшемдерін сақтау қажет (сол жағы -3 см., оң жағы – 1 см., асты, үсті – 2 см.).


Тезис
1.Ұсынылатын әдебиетті зерттеу және талдау .
2. Келесі ұсыныстар негізінде тезистер жасау.
Тезистер (тезистер – грек сөзі. teso – бекітемін) – бұл кітаптың қысқаша құрастырылған неізгі ережелері. (мақалалар, дәрістер, баяндамлар және т.б.).
Тезистерді жазудың негізгі талаптары: ойды жүйелі баяндау, қисынды байланыс және нақты жүйеге біріктіру; қорытынды жасау.
Тезистердің түрлері: қарапайым және күрделі. Қарапайым тезис (жағымды немесе жағымсыз). Күрделі тезис – қысқаша дәлелдерді бекіту.
Тезистерді құрастыру процедурасы: мәтінді ықыласты оқып шығу және оны кішкене бөлімдерге бөлу (бөлімдер, §, азат жолдар); автор нені нақты бекіткенін ескере отырып, оқылғанның маңызын қисынға келтіру; азат жолдарды бірінен кейін мағыналық және қисынды байланыстарын ескере отырып, нөмерлерін қатаң сақтап, тезистер жазу.
Тезистерде қайнар көздерін көрсете отырып, цитаттар қолдануға болады.
Тезистерде маңызды сөздердің астын сызып қою - тезистер жазғанда және оларды қолдану кезінде хабардар болуға көмектеседі. Тезистерде көп және жиі қайталанатын сөздерді қысқартуға болады.


Конспект
Конспект дегеніміз бұл кітап тармақшасының (параграфының), бөлімінің мазмұнын қысқаша, жүйелі түрде өз сөзімен жазу. Ол негізгі ойларды, олардың дәлелдерін, сондай-ақ нақты материал-дарды (мысалдар, цитаталар, статистикалық мағлұматтарды және т.б.) қамтиды.
Егер қандай да бір жағдайды суреттеу үшін кітаптың авторы әртүрлі материалдарды мысал келтірсе, онда конспектке ең айқын, ерекше мысалдар мен фактілер енеді.
Конспектте зерттелген материал негізінде құрылған сызбалар, кестелер жазылуы мүмкін. Конспект кеңейтілген түрдегі жоспар мен тезистерді қамтитын жазба түрінің күрделі түрі болып табылады.
Конспектілеу барысында конспект бірден, алғашқы оқылым кезінде, кейінгі беттердің мазмұны белгісіз болған кезде жасалады деп ойлайтын білім алушылар арасында жиі кездесетін қателіктерден аулақ болу қажет. Мақала немесе кітаптың бөлігін оқылып, жоспар - конспектінің негізі жасалғаннан кейін коспектілеуді бастау керек. Содан кейін өз сөзіңізбен немесе автордың сөздерімен оқығандарыңыздың мәнін жеткізу керек.
Конспект қысқаша, нығыздалған, анық және логикалық түрде дәйекті болуы керек. Ол конспектіленген дереккөздердің мазмұндамасын қысқартусыз жеткізуі керек. Жоспар мен тезисті қалай жасау керектігін үйренсеңіз, конспектілеуді өте жақсы меңгересіз.
Оқулықты конспектілеу, әдетте, қажетті нәтижеге әкелмейді, себебі оқулық өзі конспектіленген болып табылады және конспектілеген кезде оны қайта жазуға немесе жеке ойларды қалдыруға тура келеді. Ғылыми, әдеби-танымдық кітаптарды, мақалаларды және басқа да дереккөздерді оқып-үйрену кезінде жазбаның конспектік түрін қолдану керек.
Конспектілеу, ол – алдын ала күрделі дайындық жұмыстарын талап ететін өздік жұмыс түрі. Конспектілеу үшін студенттердің мынадай дағды-шеберліктерді меңгеруі қажет: мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты ажырата білу; мәтіннің мағыналық бөлімдерін анықтау; мәтіннің мағыналық бөлімдеріне тақырып таңдау; мәтінге жоспар құру; мәтін абзацтарына тірек сөздер таңдау; сөйлемдерді, абзацтарды, мәтінді қысқарту.
Конспектілеу амалдарына үйрету үшін аудиториялық өздік жұмыстары ретінде мынадай жаттығу тапсырмалары орындалады:
1. Мәтінді оқыңыздар. Мағыналық бөлімдерге бөліңіздер.
2. Мәтін үзіндісін қысқаша мазмұндаңыздар.
3. Еркін диктант жазыңыздар.
Студенттерге конспектілеу жұмыстарында пайдалану үшін мынадай нұсқау тапсырмаларын беруге болады:
1. Мәтінді оқып шығыңыздар.
2. Тақырыбын анықтаңыздар.
3. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыздар.
4. Мәтіннің негізгі ақпараттық және қосымша ойын ажыратыңыздар.
5. Бірінші абзацты оқыңыздар.
6. Негізгі ақпараттық және қосымша ойын ажыратыңыздар.
7. Абзацтан тірек сөздерді таңдаңыздар.
8. Абзацтың қысқаша нұсқасын жазыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет