Этнопедагогика



бет27/30
Дата11.10.2023
өлшемі295.88 Kb.
#480425
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
этнопедагогика

Бақылау сҧрақтары



  1. Ән-күй, музыка шығармаларының мазмұнына байланысты туған қандай аңыз әңгiмелер және шежiрелерді білесіз?




  1. Жастарға тәрбие берудегi халықтың музыка шығармаларының нендей маңызы бар?




  1. Халық әндерi мен күйлерi, олардың тәрбиелiк мәнi.

  2. Халық ӛнерпаздарының игi еңбектерiнiң жоғары бағалануы.




  1. Халық арман-қиялынан туған музыкалық шығармалар және олардың ел арасына тарауы.

  2. Ӛлең, жыр, терме, толғау, айтыстардың жастарды тәрбиелеудегi мәнi.




  1. Қазақ халқының айтыс ӛнерi, дамуы және жалғастырудағы iс-шаралар туралы не айтасыз?

68
8-дәрісбаян




Тақырыбы: МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҦМЫСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық ӛзгерістер егеменді ел тізгінін берік ұстауға қабілетті, жан-жақты жетілген парасатты азамат тәрбиелеп ӛсіруді кӛздейді.


Тәрбие жұмысының 1-ші ерекшелігі – тәрбиенің кӛп қырлы, кӛпфакторлы процесс екендігі. Тәрбиеде мақсат, міндет, мазмұн, отбасы, мектеп, орта, жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс таңдап, тиімді пайдалану басты ерекшелігі.


2-ші ерекшелігі – тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам ӛмір бойы тәрбиеленеді.


3-ші ерекшелігі – тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы.


1-ші сатыдаотбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Қарапайым сезімдер мен мінез-құлықтың алғашқы дағдылары бойға қалыптасады. 2-ші сатыда – этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами бастайды. Әдет-құлық кӛрсету, қоғамда қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады. 3-ші сатыда – дүниені тереңірек тану арқылы кӛзқарастардың қалыптасуы, мінез-құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға даруы, күрделі сезімдердің бұдан әрі қарай тереңірек дамуы іске асады. Сатылар арасында шек болмайды.


4-ші ерекшелігі – тәрбие жұмысы мазмұнының бір орталыққа жинақталып жас шамасына, тәрбие деңгейіне қарай бірте-бірте күрделеніп берілуі, бір қасиеттің қайталанып, толықтырылып түсіндірілуі.


5-ші ерекшелігі – тәрбие ісінің екі жақты белсенді процесс екендігі. Сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушінің ішкі ойымен, ниетімен, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуімен ұштасып, табиғи үйлестік табуы жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Олай болса, тәрбие ісінде сынып жетекшісі де, оқушылар да белсенділік кӛрсетуі керек.


6-ші ерекшелігі – тәрбие жұмысында педагогтар ұжымының ұйымдастырушылық қабілетінің күшті болуының мәні зор. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілеті зор болғанда ғана жеке оқушыға ықпал етіп, оқушылар ұжымының қарым-қатынасын жолға қойып, жалпы іске жұмылдыра алады.


7-ші ерекшелігі – тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, бағалаудың ӛте қиын процесс екендігі.


8-ші ерекшелігі – тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет. Бүгін мен ертеңгі келешек ӛмірдің ұштасуы.

Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың аталған ерекшеліктерімен қатар, ӛзіндік қиыншылығы да бар.


69
а) тәрбие жұмысын ұйымдастыру оқу процесін ұйымдастырумен салыстырғанда уақыт жағынан едәуір қиындық тудырады. Оқу белгілі уақытта сабақ кестесіне байланысты басталады, аяқталады, ал тәрбие жұмысы уақытты сынып жетекшісі оқушылардың бос уақытын есепке алып, ӛзі белгілейді.


б) тәрбие жұмысының бағдарламасы жалпы жасалған, ал оқу процесінде әр пәннің жеке-жеке бағдарламасы бар. Бұл тәрбие жұмысының жоспарын нақты жасауға мүмкіндік бермейді.


в) тәрбие жұмысының жалпы мазмұнына ыңғайлап, сынып жетекшісі тақырыптарды ӛзі таңдап, тәрбие материалдарын ӛзі сұрыптап алып, инсценировка, жоспар жасайды. Бұл біріншіден, сынып жетекшісінің кӛп уақытын алса, екіншіден, күрделі, жан-жақты кӛп еңбекті талап етеді.

Аталған ерекшеліктер мен қиыншылықтар сынып жетекшісінен сан-салалы білім мен іскерлікті, шеберлік, дағдыны, педагогикалық іскерлікті тәжірибені қажет етеді. Осы орайда сынып жетекшісі тәрбиені кешенді жүргізуге тырысады, ал тәрбиені кешенді жүргізу тәрбиеге бір жақты келуден, жүйесіздіктен құтқарады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет