Етті өнеркәсіпердің маңызы

бет2/7
Дата23.02.2023
өлшемі0.6 Mb.
#469955
1   2   3   4   5   6   7
Ұшаларды тазалау

Арқа мүшесі – омыртқаның өскінділері бойымен орналасқан бұлшық еттері бар ұша бөлігі. Қабырға үстінде бұлшық ет қабатпен орналасқан. Арқа бөлігінде май бұлшық ет бетінде және арасында жиналады. Артқа омыртқасы бойымен орналасқан ет антрекот деп аталады және нәзік, майлы бұлшық ет ұлпасынан тұрады.

Жаурын – сапасы бойынша тең емес еттен тұрады. Бұл мүшенің ең жақсы бұлшықтары жаурын сүйегінің артында және арқа омыртқасының бойында орналасқан. Жаурын аймағында май жиналмайды, май негізінен сыртқы бетінде жиналады. Жаурын бойымен бұлшықтармен бірігіп кеткен тығыз жалғаушы пленка өтеді. Жаурын асты бөлігіндегі бұлшықтар, омыртқа бойымен орналасады және «мәрмәрлі» және нәзік консистенциялы болады. Жаурын мүшелерінің аспаздық қолданылуы – сорпа, щи, гуляш үшін, етті ірі кесектермен қуыру үшін.

Белдеме – ұшаның ең жақсы бөлігі. Ол филе бөлігінен, филе покромкасынан және ішкі филе шап етінен тұрады. Филе бөлігі омыртқа аймағында жатқан нәзік маймен қатпарланған бұлшықтан тұрады. Филе покромкасы үш жақты бағытта орналасқан тығыз бүйір бұлшық еттен тұрады. Аспаздық тағайындалуы – ромштекс, сорпа, гуляш, котлет фаршын, бифштекс, азу, кәуап.

Иық бөлігі – арқа мүшесіне ұқсас, бірақ айырмашылығы арқа омыртқасының астында бұлшықтар болады және сыртқы бетінде кебу қабықшасы мен тері асты майы болмайды. Иық сүйегі майға, минералды тұздарға, ароматты заттарға бай. Бөлшек саудада мүшені иық сүйегі бойымен кеседі. Аспаздықта бұл бөлігін мөлдір сорпа жасауда, етін котлет жасауда қолданады.

Төс мүшесінде – едәуір майы мол болып келеді. Төс мүшесінің артқы бөлігінде және олардың арасында тез пісетін жалғаушы ұлпа бар. Аспаздық тағайындалуы – майлы щи, борщ және сорпалар, етінен – гуляш.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет