Жауырын-арқа мүшесі (төс және мойын етімен қоса) – алдыңғы бөлу сызығы мойын омыртқаны бөлу сызығы бойымен өтеді; артқы сызығы 10-шы және 11-ші омыртқа арасынан; төменгі сызығы - иық-шынтақ буыны арқылы өтеді. Бұл мүшеге 5 мойын омыртқасы (3-шіден 7-шіге дейін), жауырын және қол сүйегі, 10 арқа (төс) омыртқасы сәйкес қабырғаларымен бірге және шеміршекпен бірге төс кіреді. Бұл мүше бөліктері тағамдық құндылығы жағынан бірдей емес. Қол - жауырын-арқа мүшесінен иық-шынтақ буыны арқылы ажыратылады. Қол етінде көп сүйек және жалғаушы ұлпа көп, сондықтан дірілдек және сорпа жасауда қолданылады. Белдеме - алдыңғы сызығы жауырын-арқа мүшесін бөлу сызығы арқылы, яғни 10-шы және 11-ші омыртқа арасынан; артқы сызығы - 5-ші және 6-шы белдеме омыртқа арасынан өтеді. Мүшеге 3 арқа омыртқалары мен қабырғалар (11-шіден 13-ге дейін), 5 белдеме омыртқасы, шап етінің бөлігі, сонымен қатар бүйрегі мен бүйрек маңы майлары кіреді. Жамбас-сан - алдыңғы бөлу сызығы белдеме мүшесін бөлу сызығы арқылы, яғни 5-ші және 6-шы белдеме омыртқасы арқылы; артқы сызығы - асық жіліктің ортасынан өтеді. Артқы сирағы - асық жіліктің ортасынан бөледі. Артқы сирағына асық жіліктің жартысы, ахилл сіңірі кіреді. Оның құрамында сүйек және жалғаушы ұлпа көп болғандықтан дірілдек және сорпа жасауда қолданады. Жылқы ұшасын мүшелеу Қазіргі жылқы етін бөлшектеудің түбірі бұрынғы ұлттық әдіспен астасып жатыр, оны бөлу де бұрынғы әдіске ұқсайды. Жал – мойын омыртқаның үстіндегі, жалдың астындағы қалың майлы қабат, ауыз омыртқадан бастап төске тірелетін бір ғана сүйекке дейінгі аралықтағы білемделген майды мойын етке жібермей сылып, бөліп алады. Мойын омыртқа – алғашқы жағы баспен қабысып жатқан ауыз омыртқадан басталып, артқы жағы арқырғы омыртқа мен төске тірелетін бұғана омыртқамен шектеледі. Шоқтық-жаурын жағы жаурынды төспен байланыстырып тұрған бұлшық еттің жігімен бөлінеді, ал оның төменгі жағы бұғана сүйектің буынынан өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |