Етті өнеркәсіпердің маңызы



бет7/7
Дата23.02.2023
өлшемі0.6 Mb.
#469955
1   2   3   4   5   6   7
Ұшаларды тазалау

Шошқа ұшасын мүшелеу

Шошқа еті ұзыннан қақ бөлінген жартылай ұша түрінде болады. Әрбір жартылай ұша жеті сұрыпты кесекке бөлініп, екі сұрыпқа жіктелінеді.

І сұрыпқа сан, төс, белдеме (шаппен), арқа және жауырын бөлшектері енеді.

І сұрыпты кесек еттер шығымы жартылай ұшаның салмағынан 94%. ІІ сұрыпқа білек (рулька) және артқы сирақ енеді, олардың үлесіне 6% келеді.

Жауырын - артқы сызығы 5-ші және 6-шы артқы омыртқалары арасында 6-шы және 7-ші кабырғалардың арасын кесіп өтеді; төменгі сызығы қол шынтақ буыны арқылы өтеді. Бұл мүшеге 7 мойын және 5 арқа омыртқалары, алғашқы кабырғалар толығымен және 6-шы және 7-ші қабырғалардың төменгі бөліктері, жауырын шеміршегімен бірге, қол сүйегі және төс сүйегінің алдыңғы бөлігі кіреді.

Қол - қол-шынтақ буыны арқылы бөледі. Қолынан дірілдек, сорпа жасалады.

Арқа мүшесі - алдыңғы сызығы жауырын бөлігін бөлу сызығы арқылы; артқы сызығы - соңғы қабырға (14-ші) және сәйкес омыртқа арқылы; төменгі сызығы қабырғалардың ортасынан көлденеңінен кесу арқылы өтеді. Бұл мүшеге 9 арқа омыртқасы (6-шыдан 14-шіге дейін) және оларға сәйкесінше омыртқалардың үстіңгі бөлігі. Бұл бөлігін котлет, эскалоп, шницель, кәуап жасау үшін қолданады.

Төс - алдыңғы бөлу сызығы - жауырын бөлігін бөлу сызығы арқылы; үстіңгі сызығы - арқа бөлігін бөлу сызығы арқылы; артқы сызығы - соңғы қабырға арқылы өтеді. Төске 9 қабырғалардың (6-шыдан 14-шіге дейін) астыңғы бөлігі және төс сүйегінің артқы бөлігі жатады. Төсті қуырады, бұқтырады, борщ, сорпа жасауда қолданады.

Шап етімен бірге белдемесі - алдыңғы сызығы соңғы қабырға артынан, бірінші белдеме омыртқасы арқылы; артқы сызығы - 6-шы және 7-ші белдеме омыртқасы арасынан өтеді. Ең құнды және нәзік еті мүшенің үстіңгі жағында орналасқан, ол котлет, эскалоп, кәуап жасау үшін қолданады. Төменгі бөлігінде (шап еті) майы көп болады, гуляш, турама жасау үшін қолданылады.


Шошқа ұшасын мүшелеу. 1-жауырын; 2-арқа (корейка-қақталған сүбе); 3-төс; 4-белдеме кесегі шаппен; 5-сан еті (окорок); 6-білек (рулька); 7-артқы сирақ.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет