Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы


Кедергілерді белгілеудің визуалды құралдарына қойылатын



бет8/18
Дата17.06.2016
өлшемі3.83 Mb.
#143355
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

Кедергілерді белгілеудің визуалды құралдарына қойылатын
талаптар
      279. ҚР АА ӘПЖН-ның 804-815-тармақтарына қатысты. ИКАО 1-қосымшасы І томының 6-тарауына енгізілген кедергілерді таңбалауға және жарықпен қоршауға байланысты қойылатын техникалық талаптар, тікұшақ айлақтарына және шығырды пайдалана отырып, жүктерді өңдеу аймақтарына қатысты бірдей дәрежеде қолданыла алады. Түнде пайдаланылатын тікұшақ айлақтарында оларға қоршау оттарын қоюға мүмкіндік болмаған жағдайда кедергілер прожекторлармен жарықталады (58-қосымшаның суреті).
      280. ҚР АА ӘПЖН-ның 805-тармағына қатысты. Кедергілерді жарықтауға арналған прожекторлар кедергі толықтай жарықталатындай және мүмкіндігінше тікұшақ ұшқыштарын көз шағылыстырмайтындай етіп орналастырылуы тиіс.
      281. ҚР АА ӘПЖН-ның 806-тармағына қатысты. Кедергілерді прожектор арқылы жарықтау кем дегенде 10 кд/м2 тең жарықтылықты жасауға келетіндей етіп болуы тиіс.
      282. ҚР АА ӘПЖН-ның 807-тармағына қатысты. Тікұшақтарға қауіп төндіретін кедергілер ауадан тез және жеңіл танылуы тиіс. Күндіз бұл кедергілерді тануын жақсарту үшін ені 0,5 м-ден кем емес, бірақ 6 м-ден артық емес кезектесіп тұратын қара және ақ, қара және сары, немесе қызыл және сары жолақтарын салуы талап етіледі. Жолақтың түсі жалпы фонға қарама-қарсы келетіндей етіп таңдалуы тиіс. Түстер BS 381 С (1996) стандартына немесе BS 4800 баламалы түстерге сәйкес келуі тиіс.
      283. ҚР АА ӘПЖН-ның 808-тармағына қатысты. Қарама-қарсы түстермен таңбаланатын кедергілер тікұшақ айлағының немесе ТҚҚ шегінің жанында орналасқан кез келген торлы құрылымдарды және крандардың жебесін қамтиды. Тікұшақ алаңының жанында және/немесе оның деңгейінен жоғары орналасқан тірек бөліктері мен теңіз құрылғылардың тіректері дәл осылай таңбалануы тиіс.
      284. ҚР АА ӘПЖН-ның 809-тармағына қатысты. Қону аймағынан жоғары орналасқан барлық объектілер ТҚҚ шегінің жанында орналасқан объектілердің жақындығы мен биіктігі туралы тікұшақ экипажына көзбен шолынатын ақпаратты беретін 10 канделден кем емес қарқындылығымен барлық жаққа бағытталған қызыл оттармен таңбалануы тиіс. Бұл талап құрылғыда орналасқан барлық крандарға қатысты болады. Қону аймағын 15 м-ден жоғары асып өтетін объектілер жоғарыдан төмен қарай қону аймағына дейін бірдей қарқындылықпен барлық жаққа бағытталған қызыл оттармен жабдықталуы тиіс (басқа объектілермен қоршалған оттар орналасқан жерлерден басқа). Өңделген жерлердің және мінбелердің қайырмалы сызықтары сияқты кейбір объектілер үшін барлық аралық жаққа бағытталған қызыл оттарды орнату орнына жалпы прожекторлық жарықтануын орнату тиімді болады. Бұл жағдайда прожекторлық жарықтануы тікұшақ экипажының көзін шағылыстырмайтындай бүкіл қырылымға жарық түсіретіндей етіп орнатылуы тиіс. Прожекторлық жарықтанудың орналасуы уәкілетті органдарымен келісілуі тиіс.
      285. ҚР АА ӘПЖН-ның 810-тармағына қатысты. Барлық жаққа бағытталған 25–200 кандел қарқындылығымен қызыл оттар құрылыстың ең биік нүктесінде орналастырылуы тиіс. Мұндай оттар орнату мүмкін емес жерлерде (мысалы, өңделген жерлердің қайырмалы сызығының жоғары бөлігінде) олар осы құрылымдардың биіктігіне жақынырақ орнатылуы тиіс.
      286. ҚР АА ӘПЖН-ның 811-тармағына қатысты. Өзін-өзі көтеретін бұрғы қондырғыларында тіректердің жоғары нүктелерін таңбалауы үшін 25-200 кандел қарқындылығымен барлық жаққа бағытталған қызыл оттарды орнату ұсынылады. Тікұшақ алаңына тиіп тұратын әрбір тірекке әр 10 м сайын аралығымен жоғарыдан төменге қарай қону аймағына дейін 10 канделден кем емес қарқындылығымен аралық барлық жаққа бағытталған қызыл оттар орнатылуы мүмкін. Тіректердің барлық жақтан жарықтануын қамтамасыз ету үшін оттарды жеткілікті санда орнату қажет. Баламалы жарық ретінде тіректер тікұшақ экипажының көзін қарықтырмайтын жалпы прожекторлық жарықпен жабдықталуы мүмкін.
      287. ҚР АА ӘПЖН-ның 812-тармағына қатысты. Қону аймағынан 1 км шеңберінде және одан жоғары орналасқан кез келген қосымша құрылымдар барлық жаққа бағытталған қызыл оттармен жабдықталуы тиіс.
      288. ҚР АА ӘПЖН-ның 813-тармағына қатысты. Кедергіні белгілейтін барлық жаққа бағытталған қызыл оттар қону аймағынан жоғары барлық бағыттардан көрінетіндей етіп орнатылуы тиіс.
      289. ҚР АА ӘПЖН-ның 814-тармағына қатысты. Қондырғының (кеменің) авариялық электр қуат көзіне кедергілерді жарықтау жүйесін қамтуы тиіс. Жарық сигналды жабдықтардың кез келген бұзылулары мен ауытқулары туралы мәлімет тез арада тікұшақтың пайдаланушысына жіберілуі тиіс. Жарық сигналды жабдықтар тоқтаусыз қуат көздерінен (UPS) қуат алуы тиіс.
      290. ҚР АА ӘПЖН-ның 815-тармағына қатысты. Тікұшақ айлағында жел нұсқағыш орнатылып (осы СБӘ-ге 61-қосымша) және ұшуда немесе тікұшақ айлағының жұмыс алаңында тұрған әуе кемесінен көрінетіндей, жақын орналасқан объектілер оған ауаның ауытқу әсерін тигізбейтіндей етіп орнатылуы тиіс.
      Перронның прожекторлық жарықтануының бар болуы сыртқы тексеріп қарау арқылы тексеріледі.
      Жел нұсқағыштың бар болуы, орналасуы, формасы мен түсі тікұшақ айлағын тексеру барысында визуалды бағаланады.
      РТЖ, ӘЖБ объектілерінде жарықпен қоршау жабдығының және басқа объектілердің бар болуы сыртқы тексеріп қарау арқылы жүзеге асырылады.
      Қабаттар бойынша оттардың орналасу дұрыстығы, объектілердің жарықтық таңбалануының дұрыстығы мен сапасы объектілерді орнатудың құжаттамасы және сыртқы тексеріп қарау арқылы (визуалды) тексеріледі.
      Тікұшақ айлағының жарық сигналды жабдықтар жүйесін бағалау үшін ЖҚО, КҚО-І, КҚО-ІІ, КҚО-ІІІ жарық сигналды жабдықтар жүйесінің сәйкестік кестесі толтырылады (4.1-кесте).
      Сәйкестік кестесін толтыру тәртібі мынадай:
      1-баған — ҚР АА ӘПЖН бағаланатын пукттердің нөмірлері көрсетіледі;
      2-баған — ҚР АА ӘПЖН тиісті пункттер бойынша тексеру мен сынақтардың нәтижелері көрсетіледі;
      3-баған — растайтын құжаттың реттік нөмірі көрсетіледі; растайтын құжаттар ретінде жарық сигналды жабдықтар бойынша сәйкестік кестесін толтыру үшін Жерүсті тексеру актісі мен Ұшуды тексеру актісі дайындалуы тиіс.
      Жерүсті тексеру актісінде мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
      Осы тікұшақ айлағындағы қону, ұшып-көтерілу және рульдеу құралдары оттарының барлық ішкі жүйелері көрсетілген осы айлаққа қатысты ҚР АА ӘПЖН 12-13-тарауының барлық пунктері бойынша тексеру нәтижелері;
      тікұшақ айлағы элементтеріне (метрмен) қатысты оттардың, белгілердің және белгілеуіштердің нақты орналасуы және олардың түстері;
      оттардың әрбір ішкі жүйесінің орындалған электр қуаты көзі (кәбілді шеңберлердің саны);
      кәбіл желілері оқшауламасының ең төменгі кедергісі;
      қоршау оттарының орналасуы мен сипаттамалары.
      4-баған — тексеру мен сынақтардың қорытындыларын ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстырудың нәтижелері көрсетіліп, тиісті жазба жасалады:
      «Сәйкес келеді» — ҚР АА ӘПЖН талаптарына бағаланатын көрсеткіші сәйкес келген жағдайда;
      «Баламалы түрде сәйкес келеді» — ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу болған жағдайда ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету туралы қорытындысы орын алған жағдайда;
      «Сәйкес келмейді» — ҚР АА ӘПЖН талаптарына бағаланатын көрсеткіштің сәйкес келмеген және жоғарыда аталған Қорытынды болмаған жағдайында;
      5-баған — ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу орын алған жағдайда нөмірі, күні және атауы көрсетілген құжаттарға сәйкес азаматтық авиация ұйымы ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар орындағаны, сонымен қатар кестенің басқа бағандарда жазбалардың мазмұнын түсіндіретін (қажет болған жағдайда) қосымша ақпарат беріледі.
      4.1-кестені толтыру үлгісі осы СБӘ-ге 19-қосымшада берілген.
12. Радиотехникалық жабдықтың сәйкестігін бағалау әдістемесі
      291. ҚР АА ӘПЖН-ның 816-тармағына қатысты. Теңіз қондырғыларында (кемелерде) жабдықталған тікұшақ айлақтарына ұшуды қамтамасыз ету үшін әуе жүрісін қамтамасыз ететін радиотехникалық жабдықтың және ҚР ӘПЖН-ның 15–тарауында көрсетілген әуе қозғалысына қызмет көрсетудің басқа да құралдарының белгілі бір құрамы орнатылуы тиіс.
      292. ҚР АА ӘПЖН-ның 817-тармағына қатысты. Ұшуды қамтамасыз ететін жабдықтар талап етілетін сапасымен пайдаланудың нақты жағдайларында қондырғының (кеменің) басқа радиоэлектрондық құралдарымен бір уақытта жұмыс жасау жағдайында қызмет етуі тиіс. Жабдықтың әрбір түріне өндіруші-кәсіпорынның пайдаланушылық құжаттамасы болуы тиіс.
      293. ҚР АА ӘПЖН-ның 818-тармағына қатысты. Радиотехникалық жабдықтардың құрамы, сипаттамалары мен орналасуы төменде көрсетілген, бірақ қондырғыда (кемеде) тікұшақты пайдалану тактикасына байланысты жобалау кезеңінде нақтылануы мүмкін. Жабдықтың құрамы нақты қондырғы (кеме) үшін таңдалған ұшу ережелерінде анықталады.
      Тікұшақ айлағында орналастырылған радиотехникалық жабдық құрамының ҚР АА ӘПЖН-ның 15-тарауының ережелеріне сәйкестігі салыстырылады.
      Сәйкестігін бағалау тікұшақ айлағында орналасқан радиожарықтехникалық құралдардың бір уақытта жұмыс жасау барысында пайдаланудың нақты жағдайларында нақты радиотехникалық жабдықтарды тексеру барысында жүзеге асырылады. Тексерілетін жабдықтың көрсеткіштері мен сипаттамалары пайдаланушылық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуі тиіс, ал тікұшақ айлағы радиожабдығының жұмыс сапасын бақылау журналдарында диспетчерлер құрамы мен ӘК экипаждары тарапынан жүйелік ескертулер болмауы тиіс.
      Өндіруші-ұйымның нақты жабдыққа берілген пайдаланушылық құжаттамасының бар болуы және оның пайдаланушылық құжаттаманың ведомосында көрсетілген тізіміне сәйкестігі, формулярлары (паспорттары) және жабдықтарды пайдалануға жарамдылығы куәліктері тексеріледі.
      ILS жабдығының санаты жарамдылық формуляры мен куәлігі бойынша анықталады, ал қонудың пайдаланылатын бағытының санаты – аэронавигациялық ақпарат жинағы бойынша анықталады. ILS жабдығының санаты қонудың пайдаланылатын бағытының санаты төмен болмауы тиіс.
      Бұл жүйенің жабдықтары құрамының бағалануы әуеайлақта жабдықтардың бар болуын тексеру жолымен визуалды жүзеге асырылады.
      Глиссада еңісі бұрышының бағалануы ҰЖН көрсетілген қону бағытының глиссадасы еңісі бұрышының мәнін тексеру арқылы орындалады.
      Радиомаяктардың көрсеткіштерінің бағалануы I, II немесе III санаты бойынша қону жүйесінің радиомаяктарын ұшуды тексеру бойынша қолданыстағы нұсқамаларына сәйкес орындалады.
      БРМ және ГРМ (бір жиілік үшін 50 % және екі жиілік үшін 80%) сәулелендіру құатын төмендету барысында автоматты бақылау жүйесі жарамсыздануын тексеру БРМ және ГРМ және бағам мен глиссаданың құрылысының әрекет ету аймағын бағалау бойынша ұшуды орындау барысында орындалады. Ұшуды тексеру актісінде «Ескерту» бағанында осы тексеру орындалған сәулелендіру қуатының мәні туралы жазба енгізіледі.
Жетектік радиостанцияның (ЖРС) сәйкестігін бағалау әдістемесі
      Сәулелендіру сипаттамаларын, ЖРС тану сигналдарын және көрсеткіштерін бағалау жетекті радиостанциялардың ұшу тексерудің қолданыстағы бағдарламасы мен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      ЖРС орналастырылуын тексеру оны қондыру бойынша құжаттамасының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау немесе геодезиялық түсірілімнің ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстыру барысында жүзеге асырылады.
      Қосымша маркерлі радиомаяктың қолдану аймағын тексеру маркерлі қабылдауыштың индикаторының (табло, дыбыстық белгі) қосылуы ұзақтығын тіркеу арқылы ұшудың бекітілген биіктігінде ұшуды тексеру барысында жүзеге асырылады. Диспетчер экипажды дыбыстық құрылғының жұмысқа қосылуынан бастап аяғына дейін тіркеу қажеттілігі туралы алдын ала ескертеді. Дыбыстық құрылғының жұмысқа қосылу уақыты мен ӘК ұшу жылдамдығын біле тұра оператор қосымша маркерлі радиомаяктың әрекет ету аймағын (L3) төмендегідей формула бойынша анықтайды:
      
      мүнда, VВС - ӘК ұшу жылдамдығы, м/с;
       — дыбыстық құрылғының жұмысқа қосылған уақыты, с.
      Алынған мән Ls ҚР АА ӘПЖН-да көрсетілген мәнісімен салыстырылады.
      Қосымша маркерлі радиомаяктың тану белгілерінің бар болуын ILS және ҚЖЖ қону жүйесінің құрамына енетін МРМ тану белгілерінен айыруды тексеру бұл сигналдарды тыңдау және салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
      Маркерлі радиомаяктардың көрсеткіштерін бағалау радиомаяктарды ұшуды тексеру бойынша қолданыстағы нұсқамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ӨЖР құралдарының әуе электрбайланысының сәйкестігін бағалау әдістемесі
      Әуеайлақтың электрбайланысының функционалдық желілерімен жабдықталуын бағалау әуе электрбайланысының арналары бойынша ӘК экипаждарымен және жерүсті электрбайланысының арналары бойынша ӘҚБ өзара әрекеттесетін пункттер мен тікұшақ айлағының қызметтерімен радиоалмасуды жүзеге асыру мүмкіндіктерін анықтау арқылы жүргізіледі.
      Байланыс сапасының тексерілуі диспетчерлердің ӘК экипаждарымен және ішкі электр– және радиобайланысының абоненттерімен келіссөз жүргізуін бағалау барысында жүргізіледі.
      Әуе байланысының арналарында және жерүсті электрбайланысындағы жүргізілетін келіссөздердің сапасы былай бағаланады:
      «өте жақсы» — радиоалмасуды еш бөгеліссіз түсіну;
      «жақсы» — радиоалмасуды қиындықсыз түсіну;
      «қанағаттанарлық» — радиоалмасуды қиындықпен түсіну;
      «қанағаттанғысыз» — радиоалмасу мәтінін түсінбеу.
      Әуе электр байланысы құралдарын тексеру нәтижелері «Байланыс сапасын бағалау бойынша ұшуды тексеру актісіне» жазылады.
      Әуеайлақішілік электр байланысы құралдарын тексеру нәтижелері «Байланыс сапасын бағалау бойынша жерүсті тексеру актісіне» жазылады.
      Антенналық-фидерлік жүйесі бар қабылдау және беру құрылғыларының негізгі және резервтік жинақтарының болуын бағалау әрбір арна үшін оларды қарау кезінде, сондай-ақ байланысты негізгі және резервтік жинақтарда жүргізу мүмкіндігін анықтау кезінде өткізіледі.
      Электрмен қоректендірудің химиялық көздерінен радиостанция жұмысының ұзақтығы химиялық көздері мен радиостанцияға берілген пайдаланушылық құжаттамасы мәліметтері негізінде анықталады.
Дыбыс жазу құралдарының сәйкестігін бағалау әдістемесі
      Дыбыс тасымалдауышында уақыт белгілерінің тіркелу дәлдігін бағалау жазылған белгілердің хронометр (дәл сағаттар немесе секунд өлшеуіш) көрсеткіштерін салыстыру жолымен үш немесе алты сағат ішінде жүргізіледі. Тексеру дыбыстық магнитофонды пайдаланумен жүзеге асырылады.
      Жазылған ақпаратты сақтау үшін алмалы тасымалдауыштың болуы тексеріледі.
      Әуе байланысы арналарындағы жазбалар мен сөйлесуді жүргізу сапасын бағалау диспетчердің ӘК экипажымен сөйлесулерінің магнитофондық жазбасын тыңдау арқылы жүргізіледі.
      Әуе байланысы, жерүсті электр байланысы және метеохабарлама арналардағы сөйлесулердің сапасы мынадай түрде бағаланады:
      «өте жақсы» — жазылған ақпаратты еш бөгеліссіз түсіну;
      «жақсы» — жазылған ақпаратты қиындықсыз түсіну;
      «қанағаттанарлық» — жазылған ақпаратты қиындықпен түсіну;
      «қанағаттанғысыз» — жазылған ақпаратты түсінбеу.
      Бақылауды қамтамасыз ету құралдарын тексеру нәтижелері «Объективті бақылау құралдарын жерүсті тексеру актісіне» жазылады.
      Тікұшақ әуеайлағындағы ӘҚБ-ның радиотехникалық жабдық пен диспетчерлік пункттерді бағалау үшін осы СБӘ-да келтірілген әдістемелер бойынша ӘҚБ-дағы радиотехникалық жабдық пен диспетчерлік пункттердің сәйкестік кестесі (5.1-кесте) толтырылады. 5.1-кестені толтыру үлгісі осы СБӘ-ге 20-қосымшада келтіріледі.
      ҚР АА ӘПЖН ӘҚБ-дағы радиожарықтехникалық жабдық пен диспетчерлік пункттердің сәйкестігін бағалау құрамды, орналастыруды, әуеайлақтағы ӘҚБ жабдықтары мен пункттерінің өлшемдерін жерүсті және ұшуды тексеру және алынған нәтижелерді ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстырудың негізінде жүргізіледі.
      Тексеру нәтижелері ӘҚБ-ның радиотехникалық жабдық пен диспетчерлік пункттер үшін сәйкестік кестесіне (5.1-кесте) жазылады.
      Сәйкестік кестесін толтыру үлгісі мынадай:
      1-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның бағаланатын тармақтарының нөмірлері көрсетіледі;
      2-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның тиісті тармақтары бойынша тексерулер мен сынақтар нәтижелері көрсетіледі;
      3-баған – растаушы құжаттың реттік нөмірі көрсетіледі; растайтын құжат ретінде:
      тікұшақ айлағы ауданындағы ҰЖН;
      Объектіні пайдалануға қабылдап алу актісі;
      Ұшуды тексеру актісі;
      Жерүсті тексеруінің актісі және басқалар.
      Ескертпе. Растайтын құжаттардың тізбесі ҚР АА ӘПЖН-ның сәйкестігіне бағаланатын жабдықтың әрбір түрінен кейін көрсетіледі;
      4-баған – ҚР АА ӘПЖН талаптарымен тексерулер мен сынақтар қорытындыларын салыстыру нәтижелері көрсетіліп, жазба жазылады:
      «Сәйкес келеді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес болған жағдайда;
      «Баламалы түрде сәйкес келеді» – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу болғанда ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету туралы қорытынды болған жағдайда;
      «Сәйкес келмейді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келмеген және жоғарыда аталған Қорытынды болмаған жағдайда;
      5-баған – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу кезінде оған сәйкес азаматтық авиация ұйымы ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындаған құжаттардың нөмірлері, күні және атаулары көрсетіледі, сондай-ақ (қажет болған жағдайда) кестенің басқа бағанындағы жазбалардың мазмұнын түсіндіретін қосымша ақпарат көрсетіледі.
      Егер тікұшақ әуеайлағында қандай да бір жабдық орнатылмаса, онда жабдықтың аталған түріне сәйкестік кестесінің кіші бөлімі толтырылмайды және «Жабдық орнатылған жоқ» деген жазба жазылады.
      Егер тікұшақ әуеайлағында жабдықтың бірнеше жинағы бір ҰҚЖ-да (мысалы, екі ЖРЛ) орнатылса, онда сәйкестік кестесі жабдықтың әрбір жиынына толтырылады.
13. Метеорологиялық жабдықтың сәйкестігін бағалау әдістемесі
      Метеорологиялық жабдықтың ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау құрамды, метеожабдықты орналастыру және техникалық өлшемдерін жерүсті тексеру, сондай-ақ ӘК-нің ұшуын және қонуын қамтамасыз ету үшін қажетті метеоақпараттың жеткілікті болуының негізінде жүргізіледі.
      Тікұшақ айлағының метеожабдығының сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша метеорологиялық жабдықтың ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестік кестесі толтырылады. Сәйкестік кестесін толтыру үлгісі осы СБӘ-ге 21-қосымшада келтіріледі. 6.1-кестені толтыру тәртібі мынадай:
      кестенің тақырыбы – тікұшақ айлағының атауы, дәрежесі және ҰҚЖ нөмірі, қонудың магниттік бағыттары және қону бағытының санаты жазылады;
      1-баған – ҚР АА ӘПЖН бағаланатын тармағының нөмірі көрсетіледі;
      2-баған – метеожабдық үлгісі, оның сипаттамалары және орнатылған жинақтардың саны көрсетіледі, кейбір үлігідегі метеожабдық болмаған кезде оның атауы көрсетіліп, сызық қойылады, бұдан басқа, 2-бағанда ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқудың қысқаша сипаттамасы (мәні) келтіріледі;
      3-баған – мынадай жазба жасалады:
      «Сәйкес келеді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келген жағдайда;
      «Баламалы түрде сәйкес келеді» – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу болғанда ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету туралы қорытынды болған жағдайда.
      Ескертпе. ҚР АА ӘПЖН-тарауларына сәйкестігін бағалау нәтижелері АМӨЖ-бен жабдықталған тікұшақ айлақтары үшін ғана 6.1-кестеге енгізіледі;
      4-баған – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу кезінде оған сәйкес азаматтық авиация ұйымы ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындаған құжаттар нөмірлері, күні және атаулары көрсетіледі, сондай-ақ қажет болған жағдайда кестенің басқа бағандарын толтыруды түсіндіретін мәліметтер көрсетіледі.
      6.1-кестенің соңында растайтын құжат көрсетіледі. Тікұшақ айлағының метеожабдығының сәйкестігін растайтын құжат Тікұшақ айлағы метеожабдығының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін тексеру актісі болып табылады.
      Акт комиссияның тексеру нәтижелері бойынша жасалады және оны азаматтық авиация ұйымының басшылары және АМӨЖ бекітеді. Актіде мыналар көрсетілуі тиіс:
      тікұшақ айлағында орнатылған барлық метеожабдықтардың пайдалану құжаттамалардың болуы, регламенттік жұмыстарды жүргізудің уақтылығы және жүйелілігі және формулярлар мен паспорттарда жазбаның болуы, метеошаманы өлшеу құралдарын тексеру уақыты және нәтижелері;
      тікұшақ айлағы метеожабдығының құрамы, ҰҚЖ-ға қатысты метеошаманың бастапқы өлшеу түрлендіргіштерін орнату биіктігі және орны;
      сыртқа шығарылатын көрсету құралдарына берілетін метеоақпараттың көлемі;
      метеожабдықтың техникалық сипаттамалары;
      оларды РТЖБП базасымен соңғы тексеру бойынша байланыс желісінің техникалық сипаттамалары;
      ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарында көзделген өзге де сипаттамалар.
      Актіде тікұшақ айлағы метеожабдығының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігі туралы шешім болуы тиіс.
      Актіге тікұшақ айлағына қатысты метеожабдықты орналастыру схемасы қоса беріледі, онда тікұшақтардың қону және жерден көтерілу орындарына қатысты метеожабдықты өлшеу түрлендіргіштеріне дейінгі арақашықтық, бастапқы өлшеу түрлендіргіштерін көрсеткіштермен (тіркеуіштермен) немесе арнайы ЭЕМ-мен байланыстыратын байланыс желісінің ұзындығы, метеоақпараттың көрсету құрылғыларын орнату орны көрсетіледі. Схеманы азаматтық авиация басшылары және АМӨЖ бекітуі тиіс.
      Тікұшақ айлағында орнатылған метеожабдықтың пайдаланушылық құжаттамасының болуы тексеріледі. Метеожабдықта регламенттік жұмыстарды жүргізілуінің уақыттылылығы және жүйелілігі тексеріліп, бұл туралы формуляр мен паспорттарда жазбалардың болуы, метеошамаларды өлшеу құралдарын тексерудің уақыты мен нәтижелері тексеріледі.
      Метеожабдықтың іс жүзіндегі құрамын бағалау нәтижелері Тікұшақ айлағының метеожабдығын тексеру актісіне және сәйкестік кестесіне енгізіледі.
      Арақашықтық пен биіктікті өлшеу үшін PC-50, PC-100 үлгілі өлшеу рулеткалары немесе осыған ұқсас сипаттамалары бар басқалары қолданылады.
      КМҚ басқару пульттерін (көрсеткіштерін) және тіркеушілерін, сондай-ақ жел өлшемдері пульттерін (көрсеткіштерін) орналастыру визуалды бағаланады, яғни олардың метеобақылаушылардың жұмыс үй-жайларында болуы анықталады.
      Бағалау нәтижелеріне:
      Тікұшақ айлағының метеожабдығын тексеру актісіне – КМҚ-ның бастапқы өлшеу түрлендіргіштерінің блоктарын (негізгі және қосымша) орнату биіктігі және тікұшақ айлағының деңгейінен жел өлшемдері;
      Көрінудің қалқан бағытынан тікұшақтардың қону және жерден көтерілу орнына қарай бағыты бойынша байқау орнынан қашықтықты өлшеу жүргізіледі.
      Іс жүзіндегі қашықтықты өлшеу нәтижелері метеожабдықты орналастыру схемасына енгізіледі.
      Бұлттардың төменгі шегі биіктігі (БТШБ) немесе тік көрінім (ТК) өлшеуіштерін орналастыру визуалды бағаланады. Бұл ретте (БТШБ) (ТК) бастапқы өлшеуіш түрлендіргіштерінің орналасу алшақтығы, сондай-ақ метеобақылаушылардың жұмыс орындарында басқару пульттерінің болуы анықталады.
      (БТШБ) (ТК) қашықтан өлшегіштерді орналастырудың ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау визуалды жүргізіледі. Бұл ретте ЖЖРМ-да (БТШБ) (ТК) бастапқы өлшеуіш түрлендіргіштерінің және басқару пульттерінің – ЖЖРИ жұмыс үй-жайларында, көрсеткіштердің (дистанционды басқару пульттерінің) – метеобақылаушылардың жұмыс орнында болуы және орналасуы анықталады.
      Метеобақылаушылардың жұмыс бөлмелеріндегі атмосфералық қысымды өлшеуіштердің, метеоалаңда ауа температурасы мен ылғалдығын өлшеуіштердің болуы визуалды анықталады.
      Метеорологиялық өлшеу жүйелерінің (АМӨЖ бар болған жағдайда) орналасуының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау визуалды жүргізіледі.
      Метеобайқаушылардың жұмыс бөлмелерінде ӘҚБ диспетчері беретін метеоақпаратты тіркеу құралдарының болуы визуалды тексеріледі.
      ӘҚБ-ның диспетчерлік пункттерінде, синоптик пен метеобайқаушының (бақылау) жұмыс үй-жайларында метеоақпараттың (индикациялау блоктары) көріну құралдарының болуы, сондай-ақ метеобайқаушының ӘҚБ диспетчерлері мен синоптиктермен дауыс зорайтқыш және телефон байланысының болуы визуалды тексеріледі.
      Жабдықталмаған тікұшақ айлақтарында бақылау пункттері мен ӘҚБ диспетчерлері арасында дауыс ұлғайтқыш және телефон байланысының болуы визуалды тексеріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет