Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы


Электрмен жабдықтаудың және электр жабдығының



бет5/18
Дата17.06.2016
өлшемі3.83 Mb.
#143355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

6. Электрмен жабдықтаудың және электр жабдығының
сәйкестігін бағалау әдістемесі
Әуеайлақтардың электрмен жабдықталуының сәйкестігін
бағалау әдістемесі
      Электрмен жабдықтаудың және электр жабдығының ҚР АА ӘПЖН-ға сәйкестігін бағалау құрамды орналастыру, әуеайлақтағы жабдықтың өлшемдері мен сипаттамаларын жер үстінде тексеру және алынған нәтижелерді ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстырудың негізінде жүргізіледі.
      Электрмен жабдықтауды тексеру нәтижелері сәйкестік кестесіне (8.1-кесте) енгізілуі тиіс. Электрмен жабдықтау және электр жабдығының сәйкестік кестесін толтыру үлгісі осы СБӘ-ге 23-қосымшада келтіріледі.
      8.1-кестені толтыру үлгісі мынадай:
      1-баған – ҚР АА ӘПЖН тармақтарының нөмірлері көрсетіледі, оған сәйкесінше электрмен жабдықтау тексеріледі;
      2-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның тиісті тармақтары бойынша тексерулер мен сынақ нәтижелері көрсетіледі;
      3-баған – тексеру қорытындыларын ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстыру нәтижелері көрсетіліп, жазба жазылады:
      «Сәйкес келеді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келген жағдайда;
      «Баламалы түрде сәйкес келеді» – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу болған кезде ұшу қауіпсіздігінің баламалы түрде деңгейін қамтамасыз ету туралы қорытынды болған жағдайда;
      «Сәйкес келмейді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келмеген және жоғарыда көрсетілген Қорытынды болмаған жағдайда;
      4-баған – ауытқулар болмаған жағдайда оған сәйкес азаматтық авиация ұйымдары ұшу қауіпсіздігінің баламалы түрде деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындаған құжаттар нөмірлері, күні және атаулары көрсетіледі, сондай-ақ кестенің басқа бағандарының мазмұнын түсіндіретін қосымша ақпарат көрсетіледі.
      8.1-кестенің соңында растайтын құжат көрсетіледі. Әуеайлақтың және оның объектілерінің электрмен жабдықтау және электр жабдығының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін растайтын құжат азаматтық авиация ұйымының басшысы бекіткен Тексеру актісі болып табылады.
      Еркін нысанда жасалатын актіде электрмен жабдықтауды ҚР АА ӘПЖН-ның 8-бөлімінің тармақтары бойынша тексеру нәтижелері көрсетілуі тиіс.
      153. ҚР АА ӘПЖН-ның 408–413-тармақтарына қатысты. Әуежайды қоректендіретін орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың тәуелсіз көздерінің саны мына құжаттардың бірі бойынша тексеріледі: Энергиямен жабдықтаушы ұйымның ТШ-ы, Мемэнергоқадағалау актісі, Электр қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісі, әуежайдың электр желілерін салу немесе қайта жаңарту жобасы бойынша орындау құжаттамасы.
      Енгізу ЭБЖ-лердің өткізу қабілетінің ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігі қалыпты немесе авариядан кейінгі режимде максималды тұтынылатын қуаттың әрбір көзден енгізу ЭБЖ-лердің өткізу қабілетімен салыстыру нәтижесінде белгіленеді. Қалыпты режимде ең үлкен тұтынылатын қуат («Электр және жылу энергияларын пайдалану ережелеріне» сәйкес) жүктеме кестесі бойынша қабылданады. Авариядан кейінгі режимде ең үлкен тұтынылатын қуат (әрбір көзден қоректену үшін) тұтынылатын қуат сияқты, қалыпты режимде бір ажыратылған сыртқы көз кезінде немесе есептеу жолымен алынуы мүмкін. ЭБЖ-лердің өткізу қабілеті Электр қондырғыларын орнату қағидаларының (бұдан әрі – ЭКО) 1.3-тарауына сәйкес анықталады.
Әуеайлақ объектілерінің электрмен қоректендіруге
сәйкестігін бағалау әдістемесі
      154. ҚР АА ӘПЖН-ның 414–426-тармақтарына қатысты. Объектіде сенімділік санаты (электрмен жабдықтаудың орталықтандырылған көздерінен енгізу жабдықтары, дербес көздер, АВР, РУ құрылғылары, трансформаторлар) бойынша осы объектіге берілген электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін құрылғының болуы тексеріледі.
      Жабдықты электр энергияның резервті көзіне ауыстырған кезде электрмен қоректендіруді беруді үзу уақыты әрбір көзде кернеудің кезекпен жоғалуын бейнелеу жолымен тексеріледі. Бұл ретте кернеудің ажыратылған сәтінен бастап оны қалпына келтірген сәтке дейінгі уақыт анықталады.
      Объектінің электр схемалары бойынша оларды талдау нәтижесінде:
      электр желісімен резервтелетін электр энергиясының негізгі көзі ретінде дербес дизель - генераторлық құрылғыны пайдалану мүмкіндігі;
      төмен кернеу жағынан АВР-дың болуы;
      кепілдік берілген (үздіксіз) қоректендіру қалқандарының орналасуы анықталады.
      Электрмен қоректендірудің химиялық көзінен үздіксіз жұмыстың ықтимал уақыты электр энергиясы көзінің және құрылғының паспорт деректерін салыстырумен анықталады.
      Бөгде ұйымдардың ӘҚБ объектілерінің, радионавигацияның, қону және байланыс жұмыстарын қамтамасыз етумен байланыссыз электр қабылдағыштарды, қосуының болмауы осы объектілер мен әуежайдың электрмен жабдықтау схемалары бойынша тексеріледі.
      Заттық тексеру кезінде электрмен жабдықтау схемасында көзделмеген қосылулардың болмауы, пайдалану құжаттамасы тексеріледі.
Қоректендірудің жергілікті көздерінің сәйкестігін бағалау әдістемесі
      155. ҚР АА ӘПЖН-ның 427–431-тармақтарына қатысты. Автоматтандыру дәрежесі және дизель-генератордың қуаты дизель-генераторды пайдалану құжаттамасы бойынша, сондай-ақ аккумулятор батареяларының пайдалану құжаттамасы тексеріледі.
      Заттық тексеру кезінде дербес көзден жабдыққа (орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың ажыратылған көздері кезінде) кернеудің берілуі тексеріледі.
      Өзара резервтелетін кәбілдік ЭБЖ санын тексеру принциптік электр cxeмасы бойынша, ал объектіде – кәбілдік желілердің шығар ұштығы бойынша жүргізіледі.
Авариялық-құтқару құрылғысының сәйкестігін бағалау әдістемесі
және III санатты жағдайларда жұмыс пен өзара іс-әрекет тәртібі
      Авариялық-құтқару құралдарының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері ҚР АА ӘПЖН СБӘ-нің сәйкестік кестесіне (9.1-кесте) енгізіледі.
      Авариялық-құтқару құралдарының сәйкестік кестесін (9.1-кесте) толтыру үлгісі 24-қосымшада келтірілген.
      Сәйкестік кестесін толтыру тәртібі мынадай:
      1-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның бағаланатын тармақтарының нөмірлері көрсетіледі;
      2-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның тиісті тармақтары бойынша тексерулер мен сынақтар нәтижелері көрсетіледі;
      3-баған – тексерулер мен сынақтар қорытындыларын ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстыру нәтижелері көрсетіледі және жазба жазылады:
      «Сәйкес келеді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келген жағдайда;
      «Баламалы түрде сәйкес келеді» – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқулар болған кезде ұшу қауіпсіздігінің баламалы түрде деңгейін қамтамасыз ететін қорытынды болған жағдайда;
      «Сәйкес келмейді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келмеген және жоғарыда көрсетілген Қорытынды болмаған жағдайда;
      4-баған – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқыған жағдайда оған сәйкес азаматтық авиация ұйымы ұшу қауіпсіздігінің баламалы түрде деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындайтын құжаттардың нөмірлері, күні және атауы көрсетіледі, сондай-ақ кестенің басқа бағанындағы жазбаларды түсіндіретін қосымша ақпарат беріледі.
      Кестенің соңында растайтын құжат көрсетіледі. Авариялық-құтқару құралдарының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін растайтын құжат азаматтық авиация ұйымының басшысы бекіткен Тексеру актісі болып табылады.
      Еркін түрде жасалатын актіде ҚР АА ӘПЖН-ның барлық тармақтары бойынша тексеру нәтижелері көрсетілуі тиіс. Әуеайлақтағы авариялық-құтқару құралдарының сәйкестігін тексеру жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі.
      156. ҚР АА ӘПЖН-ның 432– 433-тармақтарына қатысты. Өрттен қорғанудың талап етілетін деңгейі (бұдан әрі - ӨҚТД) бойынша ҰҚЖ санаты мынадай тәртіппен анықталады:
      ҰЖН бойынша осы ҰҚЖ-да пайдаланылатын ӘК типтері анықталады;
      ӘК типтерінің жалпы тізбесінен фюзеляждің ең үлкен ұзындығы мен ені барлары таңдап алынады (осы СБӘ-ге 25-қосымшаны қараңыз).
      Осы деректер бойынша ҚР АА ӘПЖН-ның 59-қосымшасына сәйкес ӨҚТД бойынша әрбір ҰҚЖ-дың санаты анықталады. ӨҚТД бойынша ҰҚЖ санатын анықтау мысалы осы СБӘ-ге 27-қосымшада келтірілген.
      157. ҚР АА ӘПЖН-ның 434-тармағына қатысты. Жауынгерлік әзірлікте ӨА-ның болуы мен саны оларды авариялық-құтқару станцияларында қарау кезінде анықталады. Өрт сөндіру құрамының, оның ішінде ӨА-дағы көбік жасаушының саны және оларды берудің жиынтық өнімділігі ӨА-ның паспорттық деректері бойынша анықталады.
      Әуеайлақтағы ӨА-ның жалпы саны ҰҚЖ санына, олардың ӨҚТД бойынша санатына және орналасуына, орналасқан орнына және ӨА-ның тактикалық-техникалық сипаттамаларына байланысты болады. Осы жағдайды көрсететін мысалдар 26-қосымшада берілген.
      Автомобильдердің ӘК-де өрт сөндіру үшін ұсынылған өрт техникасына қатыстылығы осы ӨА түріне мына құжаттардың кез келгені бойынша анықталады:
      азаматтық авиацияның ғылыми-зерттеу институтының (бұдан әрі – АА ҒЗИ-дің) қорытындысы;
      осы әуеайлақтың иелігіндегі уәкілетті органның ұсынымдары.
      158. ҚР АА ӘПЖН-ның 435-тармағына қатысты. Әрбір ӨА-ның талап етілетін жабдықпен жинақталуы қарау барысында анықталады.
      Қарау кезінде жабдықтың жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
      159. ҚР АА ӘПЖН-ның 436-тармағына қатысты. ҚР АА ӘПЖН-ның  60-қосымшасында көрсетілген әрбір ҰҚЖ үшін санға қатысты көбік жасаушының екі еселенген резервінің болуы тексеру сәтіне әуеайлақта (ӨА-да май толтырылғанды қоспағанда) көбік жасаушының іс жүзінде болуымен анықталады.
      Әуеайлақта ӨА-ға суды қайта құю пункттерінің болуы визуалды анықталады.
      160. ҚР АА ӘПЖН-ның 437-тармағына қатысты. ӨА-ны өрістету уақыты оларды қорғаудың талап етілетін деңгейін қамтамасыз ететін әрбір ӨА және ҰҚЖ әрбір соңғы бойынша анықталады. Өрістету уақыты өрт-құтқару есебіне дабыл белгісі жариялаған сәттен бастап ҰҚЖ соңына дейін жеткен лафеттік бағаннан өрт сөндіру құрамын беруді бастау сәтіне дейін есептеледі.
      Өрістету уақыты тәжірибелі тексеру барысында анықталады және хронометр тіркейді. Тексеру оптималды көрінуде және төсемнің қанағаттанарлық жағдайында жүргізіледі.
      Тәжірибе тексеру жүргізу және оның міндеттері туралы хабарланған өрт-құтқару есебі тексеру басталмастан бұрын авариялық-құтқару станциясының (бұдан әрі – АҚС) кезекші үй-жайында болуы тиіс. Дабыл кезекші үй-жайында дауыстап хабарланады.
      Өрістету уақытын анықтау мысалы осы СБӘ-ге 27-қосымшада келтірілген.
      ӨҚТД бойынша 4–10 санатты ҰҚЖ бар әуеайлақтарда ҰҚЖ-ға көбік жабу үшін ұсынылған құрылғылардың (КЖҚ) болуы оларды қарау және осы құрылғыларға техникалық құжаттаманы тексеру кезінде анықталады.
      ҰҚЖ-ға талап етілетін мөлшерде ҚР АА ӘПЖН-ның 61-қосымшасы бойынша көбік жолақтарын түсіру мүмкіндігі көбік жолақтарын түсіру схемасын талдау нәтижесінде анықталады. Көбік жолақтарын түсіру схемалары КЖҚ саны мен тактикалық-техникалық сипаттамаларынан шыға келе, осы әуеайлақта пайдаланылатын ӘК типтері үшін жасалады.
      Көбік жолағын түсіру уақыты әуеайлақта қабылданған түсіру схемасына және пайдаланылатын КЖҚ-ның тактикалық-техникалық сипаттамаларынан шыға келе есептеп анықталады.
      Көбік жолағын түсіру уақытын анықтау мысалдары осы СБӘ-ге
27-қосымшада келтірілген.
      161. ҚР АА ӘПЖН-ның 439-тармағына қатысты. Әуеайлақта АҚС-тың болуы және онда ЖРҚ мен ӨА орналасуы визуалды анықталады. АҚС-та байланыс құралдары мен сигнал берудің болуы АҚС-ты тексеру кезінде анықталады. Бұдан басқа, байланыс және хабарлау схемасы қаралады, сондай-ақ байланыс құралдары мен сигнал берудің жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
      162. ҚР АА ӘПЖН-ның 440-тармағына қатысты. Жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралының болуы және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін УҚТ және ҚТ-радиостанциялармен жабдықталуы әуеайлақты тексеру кезінде анықталады. Көлік құралын қараған кезде радиостанцияның жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
      Егер Г, Д, Е класты әуеайлақтарда көлік құралдарын бөлуді басқа ұйымдар жүзеге асырса, онда осы ұйымдардың өзара іс-қимыл жоспарлары қаралады.
      163. ҚР АА ӘПЖН-ның 441-тармағына қатысты. Әуеайлақта санитарлық автомобильдердің (автомобильдің) болуы және олардың таңу материалдарымен және зембілдермен, авариялық медициналық қондырғылармен жабдықталуы әуеайлақты тексеру кезінде анықталады.
      164. ҚР АА ӘПЖН-ның 442-тармағына қатысты. Әуеайлақта жүзу көлік құралдарының болуы және олардың байланыс, жарықтандыру құралдарымен, топтық және жеке жүзу құралдарымен жабдықталуы әуеайлақты тексеру кезінде анықталады.
      Жүзу құралдарын қараған кезде байланыс, жарықтандыру құралдарының жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
      165. Жүзу құралдарын басқа ұйымдар бөлген жағдайда, осы ұйымдардың өзара іс-қимыл жоспарлары қаралады.
      166. ҚР АА ӘПЖН-ның 433, 446-тармақтарына қатысты. Әуеайлақта стационарлық командалық пункттің және өрт байланысы пунктінің бар болуы қарап анықталады. Байланыс құралдарының бар болуы пункттерді тексеру кезінде анықталады. Бұдан басқа, байланыс және хабарлау схемасы қаралады, сондай-ақ байланыс құралдарының жұмысқа қабілеттілігі тексеріледі.
      167. ҚР АА ӘПЖН-ның 444-тармағына қатысты. Басшылықты авариялық-құтқару жұмыстарымен қамтамасыз ету және оны дауыс зорайтқыш құрылғымен, әуе электр байланысы құралдарымен жарақтандыру үшін әуеайлақта ӨКП-ның болуы әуеайлақты тексеруде анықталады. Қарау кезінде көлік құралының СКП, АҚҚ, ұшу басшысымен, ӨА-мен байланысын жүзеге асыру мүмкіндігі тексеріледі.
      168. ҚР АА ӘПЖН-ның 445-тармағына қатысты. Байқау пункттерінің болуы әуеайлақты тексеру кезінде анықталады. Әрбір ҰҚЖ-да ӘК-нің ұшуын және қонуын байқау мүмкіндігі байқау пунктінен тікелей визуалды және оптикалық аспаптардың (мысалы, бинокльдің) көмегімен анықталады. Байланыс құралдарының болуы пункттерді тексеру кезінде анықталады.
      169. ҚР АА ӘПЖН-ның 447-тармағына қатысты. ӨА тұрақ орындарының бар болуы және сәйкестігі әуеайлақты тексеруде анықталады.
      170. ҚР АА ӘПЖН-ның 448-тармағына қатысты. III санат бойынша пайдалану жағдайларында әуеайлақ қызметтерінің жұмыс тәртібі және өзара іс-қимылы Әуеайлақ жөніндегі нұсқаулықта және ӘАП-да (ӘАҰЖ) тексеріледі.
2-бөлім. Тікұшақ айлақтары
7. Тікұшақ айлақтарының мәліметтері, тікұшақ айлақтарының
түрлері және физикалық сипаттамалары
Тікұшақ айлақтарының класын анықтау әдістемесі
      171. ҚР АА ӘПЖН-ның 449-тармағына қатысты. Бет үстінен көтеріңкі тікұшақ айлақтарының класы ҚР АА ӘПЖН-да көрсетілген «Д» мөлшеріне қарай үш класқа бөлінеді.
      172. Бет деңгейіндегі тікұшақ айлақтарының класы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының ережелеріне сәйкес жіктеледі.
Тікұшақ айлақтарының сипаттамаларын, өлшемдерін бағалау әдістемесі
      173. ҚР АА ӘПЖН-ның 450-тармағына қатысты. Тікұшақ айлағының бақылау нүктесі әуеайлақпен біріктірілмеген тікұшақ айлағы үшін тағайындалады, тікұшақ айлағының бастапқы немесе жоспарланған геометриялық орталығының жанында орналасады және оның бастапқы орналасу орны өзгеріссіз қала береді.
      174. ҚР АА ӘПЖН-ның 451-454-тармақтарына қатысты. Тікұшақ айлақтарының мәліметтері, тікұшақ айлағының бақылау нүктесінің орналасуы, тікұшақ айлағының асып кетуі, қону және ажырау аймақтары өлшенеді және тікұшақ айлақтарының иесі (пайдаланушысы) аэронавигациялық ақпарат қызметінің уәкілетті органына тапсырылады.
      Тікұшақ айлағындағы әр құрылыс үшін тиісті дәрежеде мынадай деректер өлшенеді немесе сипатталады:
      1) тікұшақ айлағының типі: бет деңгейінде орналасқан, бет үстінен көтеріңкі орналасқан, немесе тікұшақ палубасы;
      2) қону және жерден көтерілу аймағы: өлшемдері ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен, еңістігі, бетінің типі, көтергіштік қабілеті тоннада (1000 кг);
      3) қонуға бет алу және ұшып-көтерілу аймағының типі: FATO типі, нөмірін белгілейтін (егерде қарастырылған болса) градустың жүзден бір бөлігіне дейін дәлдіктегі шынайы пеленг, ұзындығы, ені ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен, еңістігі, бетінің типі;
      4) қауіпсіздік аймағы: ұзындығы, ені және бетінің типі;
      5) тікұшақтарға арналған жерүсті БЖЖ, әуеде рульдеу үшін және әуеде қозғалу үшін бағытының БЖЖ белгіленуі, ені және бетінің түрі;
      6) перрон: бетінің типі, тікұшақтар тұрағы;
      7) кедергілерден бос жолағы: ұзындығы, жер бетінің пішіні;
      8) қонуға бет алу сұлбаларының визуалды құралдары, ILS, FATO, TLOF, БЖЖ таңбалауы және перрондардың оттары;
      9) құрал-аспаптар бойынша қону жүйесін (ILS) құрайтын курстық және глиссадалық радиомаяктардың немесе микротолқындық қону жүйесінің (MLS) азимуталдық және бұрыштық-өңірлік антенналарының және TLOF немесе FATO тиісті жиектері арасындағы ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдіктегі қашықтықтар.
      Аэронавигациялық ақпарат қызметінің уәкілетті органына келесі географиялық координаттар градустармен, минутпен және секундтың жүзден бір бөлігінде өлшенеді және хабарланады:
      1) қону немесе жерден көтерілу аймағының және/немесе қонуға бет алудың және ұшып-көтерілудің соңғы сатысы аймағының әр табалдырығының (қажет болғанда) геометриялық ортасының;
      2) тікұшақтарға арналған жерүсті БЖЖ, әуемен бұру-жылжу үшін БЖК және әуемен қозғалу бағытының тиісті осьтік желісі нүктелерінің;
      3) тікұшаққа арналған әр тұрақ орнының;
      4) тораптық диспетчерлік аудандағы (2-аудан) және тікұшақ айлағындағы (3-аудан) кедергілердің;
      Тікұшақ айлағы үшін тиісті жағдайларда ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен келесі арақашықтықтар хабарланады:
      1) орналастырылатын ұшып-көтерілу арақашықтығы (TODAH);
      2) орналастырылатын үзілген ұшып-көтерілу арақашықтығы (RTODAH);
      3) орналастырылатын қону арақашықтығы (LDAH).
Тікұшақ айлақтарының түрлері, олардың физикалық сипаттамалары
      Төменде келтірілген техникалық талаптар тек жерүсті тікұшақ айлақтарына ғана қатысты. Су бетінде орналасқан тікұшақ айлағы қарастырылған жағдайда тиісті критерийлерді тиісті уәкілетті орган белгілейді.
Бет деңгейіндегі тікұшақ айлақтарының сипаттамаларын анықтау әдістемесі
      174. ҚР АА ӘПЖН-ның 455-тармағына қатысты. Жер беті деңгейіндегі тікұшақ айлақтарында қонуға бет алу және ұшып-көтерілу соңғы кезеңінің бір аймағы FATO қарастырылған, ол ұшу немесе рульдеу жолақтарында, немесе олардың жанында орналасуы мүмкін.
      175. ҚР АА ӘПЖН-ның 456-тармағына қатысты. FATO аймағы кедергілерден еркін аймақ болып табылады.
      176. ҚР АА ӘПЖН-ның 457-тармағына қатысты. Тікұшақтардың 1-класының ұшу-техникалық сипаттамаларын пайдалануы үшін FATO аймағының өлшемдері тікұшақтарды Ұшу-пайдалану нұсқамасында (ҰПН) қарастырылған өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс. Еніне талаптар қойылмаған жағдайда, ені FATO аймағы қызмет ететін ең үлкен ұшақтың ең үлкен аумақты өлшемінен (D) кем болмауы тиіс. Тікұшақтардың 2 немесе 3-класының ұшу-техникалық сипаттамаларын пайдалануы үшін FATO аймағы қызмет көрсететін тікұшақтардың ең жоғары ұшу салмағы (МТОМ) 3175 кг-нан асқан жағдайда ең үлкен тікұшақтың 1 D-ден кем емес, ал тікұшақтардың салмағы МТОМ 3175 кг немесе одан кем болған жағдайда ең үлкен тікұшақтың 0,83 D диаметрімен шеңберді салуға болатын аймақтар қарастырылады.
      Тікұшақтың ҰПН FATO термині пайдаланбаған жағдайда ұшудың тиісті бейіні үшін тікұшақтың ҰПН-де көрсетілген қону/ұшып-көтерілу минималды аймағы пайдаланылады.
      177. ҚР АА ӘПЖН-ның 458–460-тармақтарына қатысты. Кез келген бағытта FATO аймағының орта еңісі 3% артық емес көрсеткішті құрайды, FATO аймағының беті салмақ түсетін бұранда ағынының әсеріне төзіп, тегіс еместігі болмау керек және 1-класындағы ұшу-техникалық сипаттамасы бар тікұшақтардың тоқтатылған ұшуды орындау үшін қажетті салмақ түсетін беріктігі болуы тиіс.
      Тікұшақтардың 2 немесе 3-класының ұшу-техникалық сипаттамаларын пайдалануы үшін қону және ажырау аймағының (бұдан әрі – TLOF) айналасында FATO аймағының беті статикалық жүктемеге төзіп және жердің әсерін қамтамасыз етуі қажет.
Кедергілерден еркін жолақтарға қойылатын талаптар
      178. ҚР АА ӘПЖН-ның 461–464-тармақтарына қатысты. Тікұшақтар үшін тоқтатылған ұшудың орналастырылған аймақтың соңында орналасқан кедергілерден еркін жолақтар көзделген. Тікұшақтар үшін тиісті қауіпсіздік енінен кем емес кедергілерден еркін жолақтың ені көзделеді.
      Кедергілерден еркін тікұшақ жолағының беті жазықтықтан аспауы тиіс, жоғарылайтын еңісі 3 % тең болуы тиіс.
      Кедергілерден еркін тікұшақ жолағында орналасқан және ауада тікұшақтарға әлеуетті қауіпті төндіретін объекті кедергі ретінде қарастырып, жою қажет.
Жерге қону және ажырау аймағын анықтау әдістемесі
      179. ҚР АА ӘПЖН-ның 465–470-тармақтарына қатысты. Тікұшақ айлақтарында кем дегенде бір TLOF аймағы көзделеді. TLOF аймағы FАТО аймағында немесе одан тыс жерде орналасуы мүмкін.
      TLOF аймағы Ұшуды жүргізу нұсқаулығына немесе тікұшақ айлағының аэронавигациялық паспортына сәйкес ең үлкен тікұшаққа қызмет көрсетуге арналған осы аймақ 0,83 D диаметрімен шеңберді қамтуы тиіс және динамикалық жүктемеге төзуі тиіс.
      TLOF аймағының еңістері аймақ бетіндегі судың жиналуын болдырмау үшін кез келген бағытта 2 %-дан аспауы тиіс.
      TLOF аймағы FATO аймағында орналасқан жағдайда TLOF аймағының ортасы FATO аймағының шегінен 0,5 D кем емес қашықтықта орналасуы тиіс.
Қауіпсіздік аймағын анықтау әдістемесі
      180. ҚР АА ӘПЖН-ның 471–473, 475-тармақтарына қатысты. Аспап-құралдар және визуалды метеорологиялық жағдайларында (бұдан әрі – АВЖ) FATO аймағының айналасында қауіпсіздік аймағы ҰЖН немесе ӘАНП-да көрсетілуі қажет. Қауіпсіздік аймағы FATO аймағының контурының шегінен ең үлкен тікұшақтың (2-3 класындағы) қай өлшемі үлкен болатынына байланысты кемінде 3 м немесе 0,5 D қашықтықта жайылған. Бұл FATO аймағы ең үлкен тікұшақтарға қызмет етуге арналған.
      FATO аймағын айналған қауіпсіздік аймағы 1 класындағы (2-3 класты) тікұшақтар үшін FATO аймағы төртбұрышты болған жағдайда 2 D кем емес көрсеткішті құрайды немесе FATO аймағы дөңгелек болған жағдайда 2 D тең келеді.
      181. ҚР АА ӘПЖН-ның 474-тармағына қатысты. Ұлғаймалы 45о еңіспен қорғалатын бүйірлік жерүсті кедергілер өтпейтін қауіпсіздік аймағының шегінен 10 м қашықтыққа дейін қамтамасыз етілуі тиіс; егер кедергілер FATO аймағының бір жағынан ғана орналастырылса, олар бүйірлік жер үстінен осындай еңіспен ғана өтуі мүмкін.
      Құрал-аспаптық метеорологиялық жағдайларда (АМЖ) қауіпсіздік аймағы жатық бағытта ось желісінің әр жағынан 45 м кем емес және FATO аймағының шегінен 60 м кем емес жазылады (осы СБӘ-ге 28-қосымша).
      182. ҚР АА ӘПЖН-ның 476-тармағына қатысты. Қауіпсіздік аймағында функционалдық қызмет етуі бойынша осы аймақта орналасуы мүмкін сынғыш объектілерден басқа қандай да бір қозғалмайтын объектілер болмауы тиіс. Объектілердің сынғыштығы құрылғылардың сипаттамасымен немесе басқа құжаттармен (мысалы, жабдықтарды жасаушы жүргізген Тексеру актісі немесе Тексеру актісі бойынша ҒЗИ қорытындысы) расталуы тиіс. Тікұшақтардың ұшу кезінде қауіпсіздік аймағында қозғалмалы объектілердің болуына тыйым салынады, бұл ҰЖН (ӘАНП) белгіленуі тиіс.
      183. ҚР АА ӘПЖН-ның 477-тармағына қатысты. Өздерінің функционалдық қызмет етуі бойынша қауіпсіздік аймағында орналастырылған объектілер FATO аймағының шегі бойында орналасып, FATO аймағының шегінен 25 см биіктігінен басталатын және FATO аймағынан нақты өлшемдері көрсетілген Кедергілерді тексеру актіге сәйкес 5 % градиентімен шетке шығып ұлғаятын жазықтықтың шегінен аспаса, биіктігі бойынша 25 см аспауы тиіс.
      184. ҚР АА ӘПЖН-ның 478–481-тармақтарына қатысты. FATO аймағының диаметрі 1 D-ден кем болған жағдайда өздерінің функционалдық қызмет етуі бойынша қауіпсіздік аймағында орналастырылған объектілердің ең жоғары салыстырмалы биіктігі 5 см-ден аспауы тиіс, қатты жер бетінің ұлғаймалы еңісі FATO аймағының шегінен 4 %-дан аспайды.
      Салмақ түсетін бұранданың ағыны әсерінен қатты заттардың таратылуын алдын алу мақсатында ұшу алдында және үзілістерде қажет болған жағдайда қауіпсіздік аймағы бетінің жиналуы қамтамасыз етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет