Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) азаматтық әуе кемелерін пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекіту туралы


Электр байланысы құралдарының сәйкестігін бағалау әдістемесі



бет4/18
Дата17.06.2016
өлшемі3.83 Mb.
#143355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Электр байланысы құралдарының сәйкестігін бағалау әдістемесі
      123. ҚР АА ӘПЖН-ның 356-тармағына қатысты. Әуеайлақтың электр байланысының функционалдық желілермен жабдықталуын бағалау ӘК экипаждарымен жерүсті электр байланысы арналары бойынша ӘҚҰ-ның өзара іс-қимыл жасаушы пункттерімен және қызметтермен және ӘҚҰ-ның әуеайлақішілік радиобайланыс пункттерімен және арнайы көлікпен радиоалмасу өткізу мүмкіндігін анықтау жолымен жүргізіледі.
      124. ҚР АА ӘПЖН-ның 357, 360, 361, 363-тармақтарына қатысты. Байланыс сапасын тексеру диспетчерлердің ӘК экипаждарымен және әуеайлақішілік электр- және радиобайланыс абоненттерімен сөйлесулерін бағалау кезінде жүргізіледі.
      Әуе байланысы және жерүсті электр байланысы арналарындағы сөйлесулердің сапасы мынадай түрде бағаланады:
      «өте жақсы» — радиоалмасуды қиындықтарсыз түсіну;
      «жақсы» — радиоалмасуды қиындықсыз түсіну;
      «қанағаттанарлық» — радиоалмасуды қиындықпен түсіну;
      «қанағаттанғысыз» — радиоалмасу мәтінін түсінбеу.
      Әуе электр байланысы құралдарын тексеру нәтижелері «Байланыс сапасын бағалау бойынша ұшуды тексеру актісіне» жазылады.
      Әуеайлақішілік электр байланысы құралдарын тексеру нәтижелері «Байланыс сапасын бағалау бойынша жерүсті тексеру актісіне» жазылады.
      125. ҚР АА ӘПЖН-ның 358-тармағына қатысты. Антенналық-фидерлік жүйесі бар қабылдау және беру құрылғыларының негізгі және резервтік жинақтарының болуын бағалау әрбір арна үшін оларды қарау кезінде, сондай-ақ байланысты негізгі және резервтік жинақтарда жүргізу мүмкіндігін анықтау кезінде өткізіледі.
      126. ҚР АА ӘПЖН-ның 359-тармағына қатысты. «Шеңбер», «Старт», «Қону» диспетчерлік пункттерде химиялық көздерден электр байланысы құралдары жинағының бірінен электрмен қоректендірудің болуын бағалау олардың болуын және қабылдау-беру құрылғысына (қабылдағыш, таратқыш) қосылуын тексеру кезінде жүзеге асырылады. Бұдан басқа, пайдалану құжаттамасына сәйкес электрмен қоректендірудің химиялық көздеріне қызмет көрсету бойынша профилактикалық жұмыстардың орындалуын тексеру қажет.
      Радиостанциялар жұмысының ұзақтығын электрмен қоректендірудің химиялық көздерінен химиялық көзбен радиостанцияны пайдалану құжаттамасы деректерінің негізінде айқындалады.
Объективті бақылау құралдарының, жергілікті бақылау-түзету
станцияларының (ЖБТС)/GBAS сәйкестігін бағалау әдістемесі
      127. ҚР АА ӘПЖН-ның 364-тармағына қатысты. Дыбыстасығышта уақыт белгілерінің тіркелу дәлдігін бағалау жазылған белгілердің хронометр (дәл сағаттар немесе секунд өлшеуіш) көрсеткіштерін салыстыру жолымен үш немесе алты сағат ішінде жүргізіледі. Тексеру дыбыстық магнитофонды пайдаланумен жүзеге асырылады.
      128. ҚР АА ӘПЖН-ның 365-тармағына қатысты. Жазылған ақпаратты сақтауға арналған тасығыштың болуы тексеріледі.
      129. ҚР АА ӘПЖН-ның 366–368-тармақтарына қатысты. Әуе байланысы арналарындағы жазбалар мен сөйлесуді жүргізу сапасын бағалау диспетчердің ӘК экипажымен сөйлесулерінің магнитофондық жазбасын тыңдау арқылы жүргізіледі.
      Әуе байланысы, жерүсті электр байланысы және метеохабарлама арналардағы сөйлесулердің сапасы мынадай түрде бағаланады:
      «өте жақсы» — жазылған ақпаратты қиындықсыз түсіну;
      «жақсы» — жазылған ақпаратты қиындықсыз түсіну;
      «қанағаттанарлық» — жазылған ақпаратты қиындықпен түсіну;
      «қанағаттанғысыз» — жазылған ақпаратты түсінбеу.
      Бақылауды қамтамасыз ету құралдарын тексеру нәтижелері «Объективті бақылау құралдарын жерүсті тексеру актісіне» жазылады.
      130. ҚР АА ӘПЖН-ның 369-377-тармақтарына қатысты. Жергілікті бақылау-түзету станциясының (ЖБТС)/GBAS сәйкестігін бағалау әдістемесі қосымша әзірленетін болады.
      Әуеайлақ ӘҚҰ-дағы радиотехникалық жабдық пен диспетчерлік пункттерді бағалау үшін ҚР АА ӘПЖН ӘҚҰ-ның 5 және 7-бөлімдерінде келтірілген әдістемелер бойынша ӘҚҰ-дағы радиотехникалық жабдық пен диспетчерлік пункттердің сәйкестік кестесі (5.1-кесте) толтырылады. 5.1-кестені толтыру үлгісі 20-қосымшада келтіріледі.
      ҚР АА ӘПЖН ӘҚҰ-дағы радиожарықтехникалық жабдық пен диспетчерлік пункттердің сәйкестігін бағалау құрамды, орналастыруды, әуеайлақтағы ӘҚҰ жабдықтары мен пункттерінің өлшемдерін жерүсті және ұшуды тексеру және алынған нәтижелерді ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстырудың негізінде жүргізіледі.
      Тексеру нәтижелері ӘҚҰ-ның радиотехникалық жабдық пен диспетчерлік пункттер үшін сәйкестік кестесіне (5.1-кесте) жазылады.
      Сәйкестік кестесін толтыру үлгісі мынадай:
      1-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның бағаланатын тармақтарының нөмірлері көрсетіледі;
      2-баған – ҚР АА ӘПЖН-ның тиісті тармақтары бойынша тексерулер мен сынақтар нәтижелері көрсетіледі;
      3-баған – растаушы құжаттың реттік нөмірі көрсетіледі; растайтын құжат ретінде:
      әуеайлақ ауданындағы ҰЖН; Объектіні пайдалануға қабылдап алу актісі;
      Ұшуды тексеру актісі; Жерүсті тексеруінің актісі және басқалар.
      Ескертпе. Растайтын құжаттардың тізбесі ҚР АА ӘПЖН-ның сәйкестігіне бағаланатын жабдықтың әрбір түрінен кейін көрсетіледі.
      4-баған – ҚР АА ӘПЖН талаптарымен тексерулер және сынақтар қорытындыларын салыстыру нәтижелері көрсетіліп, жазба жазылады:
      «Сәйкес келеді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес болған жағдайда, «Баламалы түрде сәйкес келеді» – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу болғанда, ұшу қауіпсіздігінің баламалы түрде деңгейін қамтамасыз ету туралы қорытынды болған жағдайда;
      «Сәйкес келмейді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келмеген және жоғарыда аталған Қорытынды болмаған жағдайда;
      5-баған – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу болғанда, оған сәйкес азаматтық авиация ұйымы ұшу қауіпсіздігінің баламалы түрде деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындаған құжаттардың нөмірлері, күні және атаулары көрсетіледі, сондай-ақ (қажет болған жағдайда) кестенің басқа бағанындағы жазбалардың мазмұнын түсіндіретін қосымша ақпарат көрсетіледі.
      Егер әуеайлақта қандай да бір жабдық орнатылмаса, онда жабдықтың аталған түріне сәйкестік кестесінің кіші бөлімі толтырылмайды және «Жабдық орнатылған жоқ» деген жазба жазылады.
      Егер әуеайлақта жабдықтың бірнеше жинағы бір ҰҚЖ-да (мысалы, екі ПРЛ) орнатылса, онда сәйкестік кестесі жабдықтың әрбір жиынына толтырылады.
5. Метеорологиялық жабдықтың сәйкестігін бағалау әдістемесі
Әуеайлақтардың метеорологиялық жабдығының, метеожабдық
құрамының, метеожабдықты орналастырудың сәйкестігін бағалау
әдістемесі 
      131. Метеорологиялық жабдықтың ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау құрамды, метеожабдықты орналастыру және техникалық өлшемдерін жерүсті тексеру, сондай-ақ ӘК-нің ұшуын және қонуын қамтамасыз ету үшін қажетті метеоақпараттың жеткілікті болуының негізінде жүргізіледі.
      Әуеайлақ метеожабдығының сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша метеорологиялық жабдықтың ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестік кестесі толтырылады. Сәйкестік кестесін толтыру үлгісі осы СБӘ-ге 21-қосымшада келтіріледі. 6.1-кестені толтыру тәртібі мынадай:
      1) кестенің тақырыбы – әуеайлақтың атауы, класы және ҰҚЖ нөмірі, қонудың магниттік бағыттары және қону бағытының санаты жазылады;
      2) 1-баған – ҚР АА ӘПЖН бағаланатын тармағының нөмірі көрсетіледі;
      3) 2-баған – метеожабдық үлгісі, оның сипаттамалары және орнатылған жинақтардың саны көрсетіледі, кейбір үлгідегі метеожабдық болмаған кезде оның атауы көрсетіліп, сызық қойылады, бұдан басқа, 2-бағанда ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқудың қысқаша сипаттамасы (мәні) келтіріледі;
      4) 3-баған – жазба жазылады:
      «Сәйкес келеді» – бағаланатын өлшем ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес келген жағдайда;
      «Баламалы түрде сәйкес келеді» – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу болғанда ұшу қауіпсіздігінің баламалы түрде деңгейін қамтамасыз ету туралы қорытынды болған жағдайда.
      Ескертпе. ҚР АА ӘПЖН-ның 399 және 401-тармақтарына сәйкестігін бағалау нәтижелері автоматтандырылған метеорологиялық өлшеу жүйелерімен (бұдан әрі – АМӨЖ) жабдықталған ҰҚЖ (бағыты) бар әуеайлақтар үшін ғана 6.1-кестеге енгізіледі. ҰҚЖ (бағыт) метеожабдықпен жабдықталуының өзге нұсқаларының бәрінде сызықша қойылады;
      4-баған – ҚР АА ӘПЖН талаптарынан ауытқу кезінде оған сәйкес азаматтық авиация ұйымы ұшу қауіпсіздігінің баламалы түрде деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындаған құжаттар нөмірлері, күні және атаулары көрсетіледі, сондай-ақ қажет болған жағдайда кестенің басқа бағандарын толтыруды түсіндіретін мәліметтер көрсетіледі.
      6.1-кестенің соңында растайтын құжат көрсетіледі. Әуеайлақтың метеожабдығының сәйкестігін растайтын құжат Әуеайлақ метеожабдығының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін тексеру актісі болып табылады.
      Акт комиссияның тексеру нәтижелері бойынша жасалады және оны азаматтық авиация ұйымының басшылары және АМӨЖ бекітеді. Актіде мыналар көрсетілуі тиіс:
      әуеайлақта орнатылған барлық метеожабдықтардың пайдалану құжаттамаларының болуы, регламенттік жұмыстарды жүргізудің уақтылығы және жүйелілігі және формулярлар мен паспорттарда жазбаның болуы, метеошаманы өлшеу құралдарын тексеру уақыты және нәтижелері;
      әуеайлақ метеожабдығының құрамы, ҰҚЖ-ға қатысты метеошаманың бастапқы өлшеу түрлендіргіштерін орнату биіктігі және орны;
      сыртқа шығарылатын көрсету құралдарына берілетін метеоақпараттың көлемі;
      метеожабдықтың техникалық сипаттамалары;
      оларды радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану (бұдан әрі – РТЖБП) базасымен соңғы тексеру бойынша байланыс желісінің техникалық сипаттамалары;
      ҚР АА ӘПЖН-ның талаптарында көзделген өзге де сипаттамалар.
      Әуеайлақ метеожабдығын тексеру актісінде ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігі туралы шешім болуы тиіс.
      Актіге ҰҚЖ-ға қатысты метеожабдықты орналастыру схемасы қоса беріледі, онда ҰҚЖ-ға қатысты метеожабдықты өлшеу түрлендіргіштеріне дейінгі арақашықтық, бастапқы өлшеу түрлендіргіштерін көрсеткіштермен (тіркеуіштермен) немесе арнайы ЭЕМ-мен байланыстыратын байланыс желісінің ұзындығы, метеоақпараттың көрсету құрылғыларын орнату орны көрсетіледі. Схеманы азаматтық авиация басшылары және АМӨЖ бекітуі тиіс.
      132. ҚР АА ӘПЖН-ның 379–383-тармақтарына қатысты. Әуеайлақта орнатылған метеожабдықтың іс жүзінде болуы тексеріледі және бағыт санатына немесе ҰҚЖ класына сәйкес метеожабдық құрамына қойылатын талаптармен салыстыру жүргізіледі.
      Әуеайлақта орнатылған барлық метеожабдықтарға пайдалану құжаттарының болуы тексеріледі. Метеожабдықта регламенттік жұмыстардың уақтылығы және жүйелілігі және бұл туралы формулярларда және құжаттардағы жазба, метеошаманы өлшеу құралдарын тексеру уақыты мен нәтижелері тексеріледі.
      Метеожабдықтың іс жүзіндегі құрамын бағалау нәтижелері Әуеайлақтың метеожабдығын тексеру актісіне және сәйкестік кестесіне енгізіледі.
      133. ҚР АА ӘПЖН-ның 384, 388-тармақтарына қатысты. Көрiнудiң метеорологиялық қашықтығын (бұдан әрі – КМҚ) өлшеу-тіркегіштерді орналастырудың және жел өлшемдерінің ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау КМҚ-ның бастапқы өлшеу түрлендіргіштерін орнату орны мен ҰҚЖ-ның соңы, ҰҚЖ ортасының траверзі және ҰҚЖ осьтік желісі арасындағы қашықтықты өлшеу әдісімен, сондай-ақ блоктарды (негізгі және қосымша) орнату биіктігін және ҰҚЖ деңгейінен жел өлшемдерін бастапқы өлшеу түрлендіргіштерін өлшеу әдісімен жүргізіледі.
      Арақашықтық пен биіктікті өлшеу үшін PC-50, PC-100 типті өлшеу рулеткалары немесе осыған ұқсас сипаттамалары бар басқалары қолданылады.
      КМҚ басқару пульттерін (көрсеткіштерін) және тіркегіштерін, сондай-ақ жел өлшемдері пульттерін (көрсеткіштерін) орналастыру визуалды бағаланады, яғни олардың метеобақылаушыларының жұмыс үй-жайларында болуы анықталады.
      Сәйкестікті бағалау кезінде КМҚ өлшегіш-тіркегіштерінің түрі жел өлшемдерін өлшегіштердің немесе бастапқы өлшеуіш түрлендіргіштердің түрі анықталады.
      Бағалау нәтижелері:
      Әуеайлақ метеожабдығын тексеру актісіне – КМҚ-ның бастапқы өлшеу түрлендіргіштерінің блоктарын (негізгі және қосымша) орнату биіктігі және ҰҚЖ деңгейінен жел өлшемдері;
      ҰҚЖ-ға қатысты метеожабдықты орналастыру схемасына – КМҚ-ның бастапқы өлшеу түрлендіргіштерін орнату орны мен ҰҚЖ-ның соңы, ҰҚЖ ортасының траверзі және ҰҚЖ осьтік желісі арасындағы қашықтық енгізіледі.
      134. ҚР АА ӘПЖН-ның 385-тармағына қатысты. Көріну орнының қалқан – бағытынан ҰҚЖ ортасына бағыты бойынша байқау орнынан қашықтықты өлшеу жүргізіледі.
      Іс жүзіндегі қашықтықты өлшеу нәтижелері ҰҚЖ-ға қатысты метеожабдықты орналастыру схемасына енгізіледі.
      135. ҚР АА ӘПЖН-ның 386-тармағына қатысты. Бұлттардың төменгі шегі биіктігі (БТШБ) немесе тік көріну (ТК) өлшеуіштерін орналастыру визуалды бағаланады. Бұл ретте (БТШБ) (ТК) бастапқы өлшеуіш түрлендіргіштерінің орналасу алшақтығы, сондай-ақ метеобақылаушылардың жұмыс орындарында басқару пульттерінің болуы анықталады.
      136. ҚР АА ӘПЖН-ның 387-тармағына қатысты. (БТШБ) (ТК) қашықтан өлшегіштерді орналастырудың ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау визуалды жүргізіледі. Бұл ретте ЖЖРМ-да (БТШБ) (ТК) бастапқы өлшеуіш түрлендіргіштерінің және басқару пульттерінің – ЖЖРИ жұмыс үй-жайларында, көрсеткіштердің (қашықтан басқару пульттерінің) – метеобақылаушылардың жұмыс орнында болуы және орналасуы анықталады.
      137. ҚР АА ӘПЖН-ның 389–390-тармақтарына қатысты. Метеобақылаушылардың жұмыс үй-жайындағы атмосфералық қысымды өлшеуіштердің, метеоалаңда ауа температурасы мен ылғалдығын өлшеуіштердің болуы визуалды анықталады.
      138. ҚР АА ӘПЖН-ның 391-тармағына қатысты. Метеорологиялық өлшеу жүйелерінің (АМӨЖ) орналасуының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау визуалды жүргізіледі.
      Бұл ретте:
      метеобайқаушының жұмыс үй-жайында арнайы ЭЕМ-ның болуы;
      КМҚ, БТШБ (ТК) бастапқы өлшеуіш түрлендіргіштерінің орналасуының, жел өлшемдерінің, атмосфералық қысымның, ауа температурасы мен ылғалдығының болуы және ҚР АА ӘПЖН-ның 384, 387, 388, 389, 390-тармақшаларына сәйкестігі анықталады.
      139. ҚР АА ӘПЖН-ның 392-тармағына қатысты. Метеобайқаушылардың жұмыс үй-жайында ӘҚБ диспетчері беретін метеоақпаратты тіркеу құралдарының болуы визуалды тексеріледі.
      140. ҚР АА ӘПЖН-ның 392-тармағына қатысты. ӘҚБ-ның диспетчерлік пункттерінде, синоптик пен метеобайқаушының (бақылау) жұмыс үй-жайларында метеоақпараттың (индикациялау блоктары) көріну құралдарының болуы, сондай-ақ метеобайқаушының ӘҚБ диспетчерлері мен синоптиктермен дауыс ұлғайтқыш және телефон байланысының болуы визуалды тексеріледі.
      141. ҚР АА ӘПЖН-ның 394-тармағына қатысты. Г, Д немесе Е класы санатталмаған әуеайлақтарда басқару пункттері мен ӘҚБ диспетчерлері арасында дауыс зорайтқыш және телефон байланысының болуы визуалды тексеріледі.
      142. ҚР АА ӘПЖН-ның 395-тармағына қатысты. Метеорологиялық радиолокатордың орналасуының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау визуалды жүргізіледі, ал 50 км-ге дейінгі радиуста екі немесе бірнеше әуеайлақ орналасқан жағдайда – штурмандық карта бойынша (масштабы 1:1 000 000) бір әуеайлақта орнатылған МРЛ-дан басқа әуеайлақтың ҰҚЖ-ға дейінгі қашықтығын анықтау әдісімен жүргізіледі.
Метеоақпараттың техникалық талаптарға, ӘҚБ диспетчерлік
пункттерінің жабдығына сәйкестігін бағалау әдістемесі
      143. ҚР АА ӘПЖН-ның 396-тармағына қатысты. Сыртқа шығарылатын көрсету құралдарына (индикациялау блоктары) берілетін метеоақпарат көлемінің сәйкестігін бағалау ҚР АА ӘПЖН-ның 396-тармағында көрсетілген сыртқа шығарылатын және бақылау көрсету құралдарында (индикациялау блоктары) көрсетілетін метеоақпаратты визуалды салыстыру әдісімен жүргізіледі. Тексеру үшін дыбыс зорайтқыш және телефон байланысы пайдаланылады.
      144. ҚР АА ӘПЖН-ның 397– 398-тармақтарына қатысты. Барлық көрсету құралдарына берілетін метеоақпараттың тіркелуін қамтамасыз етілуін тексеру телеграф аппаратында тіркелетін және көрсету құралдарында (индикациялау блоктары) көрінетін метеоақпаратты салыстырып тексеру әдісімен жүргізіледі. Көрсету құралдарында (индикациялау блоктары) көрінетін метеоақпарат тіркелген ақпаратқа көлемі бойынша да, метеошаманың мәні бойынша да ұқсас болуы тиіс. Тексеру үшін дыбыс ұлғайтқыш және телефон байланысы пайдаланылады.
      145. ҚР АА ӘПЖН-ның 399-тармағына қатысты. Метеоақпаратты жаңарту көрсету құралдарында метеоақпаратты ауыстырудың іс жүзіндегі жиілігін осы жабдық үшін орнатылғанмен салыстыру әдісімен тексеріледі.
      Осылайша метеошамаларды өлшеудің (бақылаудың) аяқталу сәті, оларды өңдеу және сыртқа шығарылатын көрсету құралдарына (индикациялау блоктары) келіп түсу (көріну) сәттері арасындағы іс жүзіндегі уақыт анықталады. Көрсету құралдарында метеоақпаратты жаңартудың іс жүзіндегі уақытын анықтау үшін секундөлшеуіш пайдаланылады.
      Көрсету құралдарында (индикациялау блоктары) кейінгі ауысатын метеоақпаратты, байқауларды аяқтау, олардың нәтижелерін өңдеу және сыртқа шығарылатын көрсету құралдарында (индикациялау блоктары) метеоақпараттың келіп түсу (көріну) сәттері арасындағы орташа (іс жүзіндегі) уақыт Әуеаайлақтың метеожабдығын тексеру актісіне енгізіледі.
      146. ҚР АА ӘПЖН-ның 400-тармағына қатысты. Диапазондағы метеошамаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ҚР АА ӘПЖН-ның 6-қосымшасында көрсетілген дәлсіздіктің жол берілетін шектерімен өлшеудің қамтамасыз етілуін бағалау әуеайлақта орнатылған метеошамаларды өлшеудің барлық құралдарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру әдісімен жүргізіледі.
      Метеошамаларды өлшеу құралдарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру метеошаманы өлшеудің тиісті құралына пайдалану құжаттамасы бойынша жүргізіледі.
      Растайтын құжаттар бұйымға формулярда жұмысқа қабілеттілігін және техникалық қызмет көрсетуді тексеру туралы жазбалар немесе өлшеу құралдарын ведомстволық тексеру нәтижелері болып табылады.
      147. ҚР АА ӘПЖН-ның 401-тармағына қатысты. Автоматты өлшеу, өлшеу нәтижелерін өңдеу және көрсету құралдарына және байланыс желілеріне ҰҚЖ, КМҚ, БТШБ (ТК) жел өлшемдерінде, ҰҚЖ шегі деңгейіндегі қысымда, ауа температурасы мен ылғалдығында көрінудің қашықтығы туралы ақпаратты беру, сондай-ақ автоматты түрде өлшенбейтін (бұлттар саны – жалпы және төменгі қабаттағы, атмосфералық құбылыстар, оның ішінде авиация үшін қауіпті), оларды өңдеу және көрсету құралдары мен байланыс желілеріне беру автоматтандырылған метеорологиялық өлшеу жүйесінің (АМӨЖ) тиісті жинағына пайдалану құжаттамасы бойынша жүргізіледі.
      148. ҚР АА ӘПЖН-ның 402-тармағына қатысты. Метеорологиялық радиолокаторлардың ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігін бағалау мынадай формула бойынша метеорологиялық әлеуетті тексерумен жүргізіледі:

      мұнда:
      С=3-108 – атмосферада электр магнитті ауытқулардың таралу жылдамдығы, м/с;
      РН - МРЛ-дың зондтайтын серпіліс күші, Вт;
      G – антеннаның күшею коэффициенті;
       – екі өзара перпендикуляр жазықтықта 0,5 қуат деңгейінде өлшенген антеннаның бағыттылық диаграммасының ені, рад.;
       – зондтайтын серпілістің ұзақтығы, с;
       – жоғары жиілікті трактың пайдалы әрекет ету коэффициенті;
      Рпр min – анықталған шағылысқан белгінің ең кіші күші, Вт;
       – МРЛ толқынының ұзындығы, м.
      Серпіліс күшін (Л) және шағылған дыбыстың ең кіші анықталған күшін немесе қабылдағыштың сезімталдығын (Рпр min) қоспағанда, МРЛ-дың барлық өлшемдері осы МРЛ үшін тұрақты шама болып табылатындықтан Ри және Рпр min. ғана анықталады.
      Зондтайтын серпіліс күші (Ри) қуатты өлшеу бірліктерінде (киловатт) градуирленген, орнатылған аспаптың көрсеткіштері бойынша анықталады.
      Рпр min (МРЛ қабылдау индикаторы құрылғысының сезімталдығы) ретінде қуаттың белгілі бір деңгейіне қатысты децибелда көрсетілген, аталған МРЛ үшін атаулы зондтайтын серпілістердің ұзақтығы мен жүру жиілігімен бет алу белгісінің ең кіші қуаты қабылданады, бұл ретте қабылдағыш индикаторы құрылғысы шыққан кезде шу арасынан әрең ажыратылатын және айнала шолу индикаторында (АШИ) немесе А үлгілі индикаторда (осциллографта) байқалатын белгі қамтамасыз етіледі.
      Сезімталдықты өлшеу осы әдістемеге 22-қосымшада келтірілген.
      149. ҚР АА ӘПЖН-ның 403-тармағына қатысты. Тұрақты токқа кедергіні және метеошаманың бастапқы өлшеу түрлендіргіштерінен басқару пульттеріне дейін белгі беруге және метеоақпаратты индикациялаудың сыртқа шығарылатын блоктарына беруге арналған байланыс желісін оқшаулау кедергісін өлшеу КМ-61С типті кәбілдік құрылғының немесе кедергіні өлшеу диапазоны 0-ден 2000 Ом-ға дейін және кернеуі 100 В дейін 2000 М Ом-ға дейін кедергіні оқшаулау көмегімен, мынадай жүйелілікте жүрізіледі:
      метеошаманың бастапқы өлшеу түрлендіргіштерінен индикациялаудың шығарылатын блоктарына метеоақпаратты беру үшін бөлінген әрбір екі сым оларды бастапқы өлшеу түрлендіргіштеріне немесе индикациялау блоктарына қосқан жерде жалғастырылады, басқару пультіне бет алуда немесе индикациялаудың бақылау блоктарына омметр қосылады және қарсылық өлшенеді. Кедергінің жиынтық мәні 100 l, Ом км-ден артық болмауы тиіс (l-байланыс жүйесінің екі тұйық желісінің ұзындығы, км);
      байланыс жүйесі желісінің бірі мегомметрге қосылады, қалғандары өзара және жермен байланысады және мегомметрдің басқа басына қосылып, 100 В кернеуде оқшаулау кедергісін өлшеу жүргізіледі, бұл 2000 МОм/км-ден кем болмауы тиіс, бұл операция барлық сымдар үшін кезекпен қайталанады.
      150. ҚР АА ӘПЖН-ның 404– 405-тармақтарына қатысты. Сызықтық өлшемдерін өлшеу жүргізіледі. КМҚ-ны бақылау пунктінен визуалды көрінудің қалқан–бағдарының дұрыстығы және түрінің жай-күйі, әрбір қалқан–бағдарда бір жарық көзінің болуы анықталады, КМҚ-ны бақылау орнынан оларды секциялық немесе жеке қосу (сөндіру) мүмкіндігі тексеріледі.
      151. ҚР АА ӘПЖН-ның 406-тармағына қатысты. Әрбір қалқан–бағдардағы электр шамдарды қараумен олардың қуатының номиналға (60 Вт) сәйкестігі тексеріледі.
      152. ҚР АА ӘПЖН-ның 407-тармағына қатысты. Әуеайлақтық диспетчерлік пункттердің жабдықталуын бағалау диспетчерлік пунктті визуалды қараумен және іс жүзінде орнатылған құрылғының құрамын ҚР АА ӘПЖН-ге 57-қосымшада келтірілген құраммен салыстырумен жүргізіледі:
      1) әуеайлақта ӘҚБ тармақтары құрамын және орналастыру дұрыстығын бағалауын әуе қозғалысы қарқындылығының (бұдан әрі – ӘҚҚ) орташа тәуліктік мәнінен шығумен жүзеге асырылады.
      Әуеайлақта орташа тәуліктік ӘҚҚ мәні осы әуеайлақта қауырт айда ұшу мен қонудың орындалған санының осы ай күндерінің санына қатынасы ретінде анықталады.
      Есептеулер Тапсыру – қабылдап алу, ұшу уақытын есепке алу, СДП, ЖӘЖ СДП, ЖӘЖ ӘДП-да ұшып шығу, қону және ұшу уақыты журналында ескерілген ӘК-де ұшудың негізінде құрылады.
      Орташа тәуліктік ӘҚҚ-ның алынған мәні нормативтік мәнімен салыстырылады. Нормативтік ӘҚҚ-ның есептелгенге жақын жоғары мәні осы әуеайлақтағы ең кіші құрамды және ӘҚБ-ның диспетчерлік пункттерінің мәнін анықтайды;
      2) жергілікті әуе желілерінің диспетчерлік пункттерін ұйымдастыру қажеттілігін және құрамын бағалау әуеайлақта ШҰЕ бойынша бөлінген ҰҚЖ-ның болуынан сүйене отырып және осы ҰҚЖ-ға ұшақтар мен тікұшақтардың орташа тәуліктік ӘҚҚ мәнімен жүргізіледі.
      Көрсетілген ҰҚЖ болмаған кезде осы тармақ бойынша тексеру жүргізілмейді. Мұндай ҰҚЖ болған кезде ұшақтар мен тікұшақтардың орташа тәуліктік ӘҚҚ мәні жоғарыда мазмұндалған әдістеме бойынша анықталады.
      ӘҚҚ-ның алынған мәні нормативтік мәнімен салыстырылады. Алынғанға ең жақын нормативтік ӘҚҚ-ның үлкен мәні ШҰЕ бойынша ӘК-нің ұшуын қамтамасыз етуге арналған қосымша диспетчерлік пункттердің құрамын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет