Визуалды құралдардың сәйкестігін бағалау әдістемесі
Визуалды құралдардың ҚР АА Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылығы нормаларының талаптарына сәйкестігін бағалау тікұшақ айлақтарын тексеру кезінде визуалды жүргізіледі. Жарық сигналы жабдықтарының жүйесіне енетін шамдар құрамы салыстырылып, олардың ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігі анықталады.
ЖҚО санаты формуляр және жарамдылық куәлігі бойынша анықталады, ал қонудың пайдаланылатын бағытының санаты – Аэронавигациялық ақпараттың жинағы бойынша анықталады. ЖҚО санаты қонудың пайдаланылатын бағытының санаты төмен болмауы тиіс.
ICAO және (немесе) ХАК сертификаттарының, сонымен қатар ҚР азаматтық авиациясының уәкілетті органы берген Сертификаттарының бар болуы және қолданылу мерзімі тексеріледі.
Командалық ақпараттың сақталуын тексеру төмендегідей тәртіп бойынша жүзеге асырылады: ӘҚБ диспетчерінің БП-дан жарық сигналды жабдықтарын қосу командасы жіберіледі; жабдықтар қосылғаннан кейін КДП-ға қашықтықтан басқару аппаратурасынан қуат беру көзі алынады. Бұл орайда жарық-сигналдық құралдар басқару аппаратурасын іске қосқанға дейін берілген командаларымен қосылған күйінде қалуы тиіс.
Орнатылған жабдықтарды сыртқы тексеру барысында оттардың арматураларының, белгілердің және жарық көздерінің типтері салыстырылып, олардың техникалық құжаттамасына сәйкестігі тексеріледі.
Тікұшақтардың, кедергілердің және объектілердің таңбалануы
сәйкестігін бағалау әдістемесі
244. ҚР АА ӘПЖН-ның 643–648-тармақтарына қатысты. Тікұшақ айлағында ҚР АА ӘПЖН-ның 644-648-тармақтарында және 44-қосымшасына сәйкес орнатылған тікұшақ айлақтық айырма таңбалауына сәйкестігі тексеріледі.
Таңбалау сәйкестігінің бағалануы визуалды, сондай-ақ өлшеулер арқылы жүзеге асырылады. Сәйкестігін тексеру барысында ҚР АА ӘПЖН-ға сәйкес орнатылған белгілердің бар болуы, саны және өлшемі, сонымен қатар өзара орналасуы анықталады.
245. ҚР АА ӘПЖН-ның 649–653-тармақтарына қатысты. Тікұшақ айлағы атауының таңбалануы көзбен шолып айыратын басқа құралдары жеткіліксіз болып табылатын тікұшақ айлағында қамтамасыз етілуі тиіс. Тікұшақ айлағы атауының таңбалануына қойылатын талаптар ҚР АА ӘПЖН-да анықталып, осы СБӘ-ге 4-қосымшада белгіленген.
246. ҚР АА ӘПЖН-ның 654–658-тармақтарына қатысты. Барынша жол берілетін массаның таңбалануы TLOF аймағының шеңберінде орналастырылып, беттен жоғары көтерілген тікұшақ айлағында және тікұшақ палубасында белгіленуі тиіс. Барынша жол берілетін массаның таңбалануы бір таңбалы, екі таңбалы немесе үш таңбалы саннан құралады. Таңбалануы тонналарда (1000 кг) белгіленіп, ең жақын тұрған 1000 кг-ға дейін жинақталады да, одан кейін "т" әріпі қойылады. Таңбаланудың цифрлық және әріптік белгілерінің түсі фонға (аяға) қарай қарама-қарсы болуы тиіс, ал цифрлар мен әріптердің өздерінің осы СБӘ-ге 45-қосымшадағы суретінде көрсетілген форма мен өлшемдері болуы тиіс.
247. ҚР АА ӘПЖН-ның 659-тармағына қатысты. D мәнінің таңбалануы беттен жоғары көтерілген тікұшақ айлағы мен тікұшақ палубасында қойылуы тиіс.
248. ҚР АА ӘПЖН-ның 660–661-тармақтарына қатысты. Ең жоғары болуы мүмкін D мәнінің таңбалануы FATO аймағының шеңберінде орналастырылуы тиіс. D мәні FATO аймағының бетіне оның фонына (аясына) қарама-қарсы түспен, көбінесе ақ түспен қойылуы тиіс. D мәні ең жақын тұтас санға дейін жинақталып, 0,5 саны кем жағына қарай жинақталады, мысалы, 19,5 саны 19 деп жинақталса, 19,6 саны 20 болып жинақталады.
249. ҚР АА ӘПЖН-ның 662-666-тармақтарына қатысты. FATO аймағының таңбалануы немесе маркерлер FATO аймағының ұзындығы анық көрсетілмеген жер бетінің деңгейінде орналасқан тікұшақ айлағында көрсетілуі тиіс. Маркер пайдаланылған жағдайда оның сипаттамалары ИКАО 14-қосымшасы I-томының 5.5.8.3-тармақтарында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келеді.
250. ҚР АА ӘПЖН-ның 667-тармағына қатысты. FATO аймағы белгіленуінің таңбалауы осы СБӘ-нің 19-қосымшасының суретінде көрсетілгендей, FATO аймағының бас жағында орналасады.
251. ҚР АА ӘПЖН-ның 668-тармағына қатысты. FATO аймағы белгіленуінің таңбалауы ИКАО 14-қосымшасы І томының 5.2.2.4 және 5.2.2.5-тармақтарында сипатталған, 12.1 тармағында жоғарыда анықталғандай және 46-қосымшаның суретінде көрсетілгендей Н әріпімен толықтырылған ҰҚЖ белгіленуінің таңбалауынан құралады.
252. ҚР АА ӘПЖН-ның 669-671-тармақтарына қатысты. Қонудың көздемелі нүктесінің таңбалануы FATO аймағының шеңберінде орналасқан, ұшқыш TLOF аймағына кіргенге дейін белгілі бір нүктесіне қарай қонуға бет алуды орындау қажет болған жағдайда тікұшақ айлақтарында қамтамасыз етілуі тиіс. 47-қосымша.
253. ҚР АА ӘПЖН-ның 672-тармағына қатысты. Тікұшақ айлағында егер TLOF аймағының периметрі анық көрсетілмеген жағдайда TLOF аймағының таңбалануы қамтамасыз етіледі.
254. ҚР АА ӘПЖН-ның 673-тармағына қатысты. TLOF аймағының таңбалануы TLOF аймағының периметрі бойынша орналастырылады.
255. ҚР АА ӘПЖН-ның 674-тармағына қатысты. TLOF аймағының таңбалануы ені кем дегенде 30 см-ге тең үздіксіз ақ сызықтан құралады.
256. ҚР АА ӘПЖН-ның 675–681-тармақтарына қатысты. Жерге қону (берілген) орын нүктесінің таңбалануы тікұшақ нақты орында қонып немесе орналастырылуы талап етілген жағдайда қамтамасыз етіледі. Тікұшақтарға арналған палубада жерге қону нүктесінің таңбалануы FATO аймағының ортасында орналасады.
257. ҚР АА ӘПЖН-ның 676-тармағына қатысты. Жерге қону (берілген) орын нүктесінің таңбалануы шасси тиісті жүктемеге төзетін аймақтың ішінде орналасуы тиіс және ұшқыштың креслосы таңбалаудан жоғары орналасқан жағдайда тікұшақтың барлық бөліктері кез келген кедергіден қауіпсіз қашықтықта орналастырылады.
258. ҚР АА ӘПЖН-ның 682–685-тармақтарына қатысты. Тікұшақ палубасында кедергілерден еркін сектордың таңбалануы қамтамасыз етілуі тиіс және ол FATO аймағының периметрі бойынша немесе TLOF таңбалауында орналастырылады. Белгіленген бағыттық бұрыштардың диапазонында тікұшақ қонуының алдын алу үшін қонуға тыйым салынған тікұшақ палубасы секторынның таңбалануы қамтамасыз етіледі (48- 49-қосымшалардың суреті).
РЖ ось желісінің таңбалануы және ИКАО 14-қосымшасы I-томының 5.2.8 және 5.2.9-тармақтарында сипатталған рульдеу барысындағы күту орнының таңбалануына қатысты техникалық талаптарды тікұшақтардың жерүсті рульдеуіне арналған РЖ үшін тең дәрежеде қолдануға болады.
259. ҚР АА ӘПЖН-ның 690–693-тармақтарына қатысты. Ауада рульдеу үшін РЖ маркерлермен белгіленуі тиіс. Маркерлер жердің үстінде тікұшақтардың рульдеуіне арналған РЖ-да пайдаланбауы тиіс. Ауада рульдеу үшін РЖ таңбалануына қойылатын талаптар ҚР АА ӘПЖН-да баяндалған және 51-қосымшаға сәйкес қатаң сақталуы тиіс.
260. ҚР АА ӘПЖН-ның 694–697-тармақтарына қатысты. Ауада рульдеу бағыты 52-қосымшаға сәйкес ауада рульдеу бағытының маркерлерімен белгіленуі тиіс.
261. ҚР АА ӘПЖН-ның 698-тармағына қатысты. Арнайы шығырлық алаңда шығырлық алаңның таңбалануы қамтамасыз етіледі (43-қосымшаның суреті).
ЖҰҚЖ-ның барлық маркерлік белгілерінің түсі визуалды бағаланады. РЖ таңбалануының сәйкестігін визуалды және аспаптармен тексеру арқылы бағалау барысында ұзына бойғы осінің, РЖ-дағы күту орындарының және бүйірлік маркерлі жолақтардың (қажет болған жағдайда) бар болуы, өлшемдері мен орналасуы белгіленеді.
Бүйірлік маркерлі жолақтар РЖ-ның салмақ түспейтін төсемдерін, сонымен қатар РЖ жиектерінің РЖ төсемдерінен ажыратуға қиын төсемдерін белгілеу үшін салынады.
РЖ осьтік желісінің таңбалау жолағының ені өлшенеді.
Әуеайлақты тексеріп қарау барысында қисықсызықты учаскелерінде және РЖ қиылыстарында РЖ таңбалау сызығының дөңгелектену радиусы өлшенеді.
РЖ-ның осьтік таңбалау сызығының дөңгелектенуінің нақты радиусын 43-тармақта мазмұндалған әдістеме бойынша заттай тексеру кезінде анықтау қажет.
ҰҚЖ осіне параллель созылған РЖ осінің таңбалау сызығының ұзақтығы аспаптар арқылы анықталады (17-қосымша).
РЖ-да күту орындары таңбалануының жабдықталған және жабдықталмаған тікұшақ айлақтарынан алыстығы өлшеу аспаптары арқылы анықталады. Өлшеулер ҰҚЖ-ның осьтік желісіне перпендикуляр бойынша жүзеге асырылады.
РЖ БҚЖ салмақ түспейтін төсемдерін РЖ төсемдерінен ажырататын рульдеу бүйірлік таңбалау жолақтарының өлшемдері мен орналасуы, сонымен қатар РЖ-ның қиылысқан желілерінің таңбалануы аспаптар арқылы анықталады.
РЖ-ның барлық таңбалау белгілердің түсі визуалды бағаланады.
Перронның таңбалануының сәйкестігін тексеру таңбалау белгілердің түсі бойынша визуалды, белгілердің өлшемі және олардың өзара орналасуы бойынша аспаптар арқылы жүзеге асырылады.
«Т» қону белгінің, бұрыштық және осьтік таңбалау белгілердің сәйкестігін бағалау визуалды және өлшеу аспаптар арқылы жүзеге асырылады. Сәйкестікті тексеру барысында белгілердің бар болуы, орналасуы, цифры, өлшемі және түсі анықталады.
Қонуға тыйым салынған, тікұшақ бөлігінің қозғалысы үшін жабылған, РЖ немесе олардың жеке учаскелерінің таңбалануының сәйкестігін бағалау визуалды және өлшеу аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Сәйкестікті тексеру барысында белгілердің бар болуы, орналасуы, саны, өлшемі және түсі анықталады.
ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес таңбалануға тиісті барлық жылжымайтын тұрақты объектілерінде және құрылыстарында таңбалануының бар болуы тексеріледі.
Тікұшақ айлағын қоршау шеңберінде, көлік құралдарында және тікұшақ айлағының жұмыс алаңында орналасқан, сонымен қатар таңбалануға жатпайтын коммуникация желілерінде орналасқан ӘЖБ, радионавигация және қону объектілерінде таңбалануы тексеріледі.
Объект пен құрылыстардағы таңбалау белгілерінің түсі, тік төртбұрышты нысандағы объектілерде және биік объектілерде таңбалау белгілерінің формалары мен орналасуының дұрыстығы визуалды бағаланады.
Төсемдердің таңбалануы мен кедергілер мен объектілердің таңбалануының сәйкестігін бағалау бойынша жұмыстардың нәтижелері әуеайлақтың физикалық сипаттамалары мен элементтерінің күндізгі таңбалануының сәйкестігі кестесіне енгізіледі (4-тараудың 3-бөліміндегі 3.2-кесте).
Төсемдер мен кедергілердің таңбалануын тексеру кем дегенде жылына бір рет жүргізілуі тиіс, ал кедергілер мен объектілердің таңбалау белгілерінің сәйкестігін бағалануы таңбалауды түсіру немесе жаңарту барысында жүзеге асырылады.
Тексерудің нәтижелері Әуеайлақты және оның элементтерін тексеру актісіне енгізіледі.
Тікұшақ айлақтарында оттардың сәйкестігін бағалау әдістемесі
Сыртқы тексеру барысында оттар арматураларының, белгілердің және жарық көздерінің типі салыстырылып, қондырылған жабдықтарға берілген техникалық құжаттамасына сәйкестігі тексеріледі.
Оттың жоғары нүктесінің немесе жарық белгісінің биіктігі тікұшақ айлағының немесе РЖ жұмыс бөлігінің шетінің деңгейінен бастап өлшенеді.
Төмендетілмейтін авариялық қордың бар болуы тексеріледі. ҚР АА ӘПЖН-да талаптары көрсетілмеген оттардың ішкі жүйесі қондырылған жағдайда олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі және олардың қондырылуы уәкілетті органмен келісімі тексеріледі.
КҚО жарық сигналды жабдықтарының жүйесіне енетін оттар құрамы салыстырылып, олардың функционалдық қызмет етуі бойынша ҚР АА ӘПЖН 13-бөлімінің талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Оттардың орналасу сызбасының ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігі ЖСЖ қондыру бойынша жобаның орындаушылық құжаттамасы бойынша сыртқы тексеріп қарау арқылы, сонымен қатар қолданыстағы бағдарлама және осы СБӘ-ге сәйкес орындалатын ұшу тексеру арқылы анықталады.
Оттар және әуеайлақтың элементтері арасындағы қашықтықтар өлшеніп, алынған нәтижелер ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстырылады.
Ұшу тексеру барысында жарық сигналды қону жабдығының және рульдеу жабдығының нақты құрамының, орналасуы мен түсінің аталып көрсетілген көрсеткіштердің ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкестігімен салыстырылады. Бір уақытта оттар арасындағы аралықтарда елеулі ауытқулары анықталады.
Қону жарық сигналды жабдығы қонуға бет алу, қону және ұшып-көтерілу кезінде тексеріледі. Қонуға бет алу кезінде жүйе суретке түсіріледі.
Жақындау оттарының жарықтық шоқ сәулелерін, жарықтық көкжиектерін және бет алу оттардың реттеу дұрыстығын ұшу тексерілуі екінші шеңберге кету қалыпты глиссадасы бойынша қонуға бет алу кезінде жүзеге асырылады. Глиссадаға кіргеннен кейін жүйе оттарының айыруын қамтамасыз ететін қашықтықтан оттардың тексерілуі жүзеге асырылады. Бүйірлік және осьтік оттар мен жерге қону аймағының оттары қону, қонудан кейінгі екпін алуы және ұшып-көтерілу кезінде тексеріледі.
Жарықтылықтың сатыларын ауыстыру кезінде визуалды жарақталмаған (қараңғылы) аралықтың жоқтығына көз жеткізеді.
ЖСЖ ұшу тексерілуі қолданыстағы бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады. Оның нәтижесі бойынша Ұшуды тексеру актісі жасалады.
Оттарды қалдырып кетуі немесе жарқындығы бойынша кенет айырылатын оттар болмаған жағдайда оттар түзелген және дұрыс реттелген болып есептелінеді.
ЖҚО жүйесінің оттарының сәйкестігін бағалау осы СБӘ-нің
147–167-тармақтары ұқсас жүргізіледі.
Глиссаданың көзбен шолынатын индикациясы жүйесінің сәйкестігін бағалау осы СБӘ-нің 147-167-тармақтарына ұқсас жүргізіледі.
«D» қашықтығын анықтау әдістемесі осы СБӘ-нің 18-қосымшасында көрсетілген.
Жарықтық шоқ сәулелерінің жоғарылап кету бұрыштары және жатық беттегі оттарды қондыру бұрыштары глиссадалық оттардың реттелуіне берілген құжаттамасына сәйкес тексеріледі.
Кедергілерден қорғау бетінен жоғары орналасқан кедергілердің жоқтығы Әуеайлақ ауданындағы кедергілерді тексеру актісінің мәліметтерін пайдалана отырып орнатылады.
Әр кедергі үшін оның орналасқан жеріндегі беттің абсолюттік биіктігі анықталады:
мұнда Но - ҰҚЖ шегінің абсолюттік биіктігі;
- кедергілерден қорғау беті еңісінің бұрышы;
Хп - ҰҚЖ шегінен кедергіге дейінгі метрмен өлшенетін қашықтық.
Әр кедергінің абсолюттік биіктігі Нп кедергілерден қорғау беті биіктігінің тиісті мәніне Н тең немесе кем болуы тиіс.
РЖ-да оттардың сәйкестігін бағалау 147-167-тармақтарға ұқсас жүргізіледі.
Тікұшақ айлақтары мен тікұшақтарға арналған палубалардың кеме қатынасына жарамды су кеңістігіне жақын орналасқан жағдайда аэронавигациялық жерүсті оттар кеме қатынасына қиындық туғызбайтындығына назар аудару тиіс.
Әдетте, тікұшақтар, бейтаныс жарық көздеріне жақын ұшып келетіндіктен, халықаралық ережелерге сәйкес орнатылған навигациялық оттар болып табылмайтын оттардың орналасуын тікелей немесе шағылысқан көз қаратпайтын әсерін болдырмайтындай мұндай экрандауды немесе осы оттардың орнатылуын қамтамасыз ету маңызды.
Төменде келтірілген техникалық талаптар жабдықталмаған FATO аймағында немесе қонуға нақты емес бет алуға арналған FATO аймағында пайдалану үшін арналған жүйелер үшін әзірленген.
262. ҚР АА ӘПЖН-ның 702–707-тармақтарына қатысты. Алыс визуалды дәлдеу қажет болған жағдайларда, бірақ та мұндай дәлдеу басқа визуалды құралдарымен де қамтамасыз етіле алмаса немесе тікұшақ айлағының танылуын қиындататын қоршаған оттар бар болған жағдайда, бекітілген аралықпен қайталанатын бірқатар жарқылдар мен 53-қосымшада көрсетілген өлшемдерге тең жарық күші бар тікұшақ айлағының маягі қарастырылуы тиіс.
Жақындау оттары жүйесінің сәйкестігін бағалау әдістемесі
263. ҚР АА ӘПЖН-ның 708- 717-тармақтарына қатысты. Жақындау оттарының жүйесі ұшқыштарға түнгі уақытта қонуға бет алудың тиімді бағытын көрсетіп отыруға пайдалылығы және мүмкін болатын тікұшақтар айлақтарында қамтамасыз етілуі тиіс. Жақындау оттарының құрамына және орналасуына қойылатын талаптар ҚР АА ӘПЖН 13.3-тарауында және 52-қосымшасында айқындалған.
264. ҚР АА ӘПЖН-ның 718-тармағына қатысты. Жалтылдақ оттар жарқылының жиілігі секундына бір жарқылға тең болуы керек, ал осы оттар жарығының бөлінуі 53-қосымшаға сәйкес болуы тиіс. Жарқылдардың тізбектілігі ең алыс оттан басталып жарық көкжиегіне қарайтын бағытта жалғасады.
265. ҚР АА ӘПЖН-ның 719-тармағына қатысты. Көптеген жағдайларға байланысты оттардың қарқындылығын түзету үшін жарықтылықтың тиісті басқарылуын қарастыру қажет.
Жарық-сигналдық жабдық сипаттамаларының сәйкестігін
бағалау әдістемесі
Әр сатыда өлшенген жарықтылық реттегіштерінің әр сатыда өлшенген шығыс токтарының мәндері пайдалану құжаттамасында келтірілген шығыс токтары мәндерімен салыстырылады және осы сатыдағы оттар жарықтылығының пайыздық үлесінің сәйкестілігі белгіленеді. Өлшемдер нақты жүктемемен кәбілді шеңберіне қуат беретін шығыс буындағы әр реттеуішінде 0,5 в кем емес дәлдік класының электрдинамикалық немесе электрмагнитті жүйесі амперметрінің көмегімен жүргізіледі.
Рульдеу оттардың және басқарылмайтын жарықтық белгілердің жарықтығын реттеу дұрыстығы олардың жарықтылығын рульдеу барысында рульдеу диспетчері 10, 30, 100% (5, 20, 100 %)-ға ауыстырып отыруы арқылы тексеріледі, ал басқарылып отыратын жарық белгілері мен бағдаршамдардың қосылу дұрыстығы оларды рульдеудің негізгі бағыттары бойынша тиісті диспетчерлердің ЖБП-ден қосу арқылы тексеріледі.
Орнатылған жабдықтар кешеніне кіретін қондырғы арқылы әрбір ішкі жүйе 4-5 оттар бойынша таңдап алынып тексеріледі. Оттарды орнату бұрыштарының өлшенген мәндері ҚР АА ӘПЖН-да келтірілген мәндерге сәйкес болуы тиіс.
Тексерулер қондыру, рульдеу және старт диспетчерінің ЖБП-ден жарық-сигналдық жабдықты қосуы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, аппаратура жабдықтың типі мен оны бақылаудың техникалық құжаттамасына сәйкес жарық-сигналдық жабдықтармен басқару жөніндегі функциялармен қамтамасыз етуі қажет.
Сатылар бойынша оттар жарықтылығының реттелуі қону диспетчерінің ЖБП-ден қосуы және белгіленген сатыдағы жарықтылық реттегіштерінің қосылу дұрыстығын тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Трансформаторлық қосалқы станциялардағы (бұдан әрі – ТҚС) тікелей сыртқы тексеріп қарау арқылы кәбілді желілердің және қолданыстағы нормалар бойынша әрбір ішкі жүйедегі қуат көздерінің нақты саны анықталады.
Кәбілді сақиналардың оқшаулау кедергісі 2,5 кВ-қа мегаомметрмен өлшеніп, ҚР АА ӘПЖН талаптарымен салыстырылады.
Резиналы оқшауламасы бар жоғары вольтті кәбілдердің сынақтарын жүргізу кезінде кәбілдік тізбекке қоса берілетін кернеу жерге қатысты төмендегідей болуы тиіс:
1 минут бойы тұрақты токтың 6 кВ – 3 кВ дейнгі кәбілдер үшін;
1 минут бойы тұрақты токтың 10 кВ – 5–6 кВ дейінгі кәбілдер үшін.
Әуеайлақтық белгілердің сәйкестігін бағалау визуалды және өлшеу аспаптар арқылы да жүргізіледі. Сәйкестікті тексеру барысында белгілердің бар болуы, орналасуы, өлшемдері және түсі анықталады.
266. ҚР АА ӘПЖН-ның 720-тармағына қатысты. Тікұшақтардың қонуға бет алуыне қызмет көрсету үшін, қону алаңшасының бағыттағышына қарай визуалды бағыттау жүйесі ҚР АА ӘПЖН-да көзделеді, әсіресе түнде мынадай жағдайлардың бірі немесе екеуі де туындағанда:
1) кедергілерді ұшып өту кезінде шуылды төмендетудің пайдалану тәсілдері немесе қозғалысты басқару ережелері ұшудың нақты бағытының ұсталуын талап еткенде;
2) тікұшақ айлағының айналасын қоршаған орта визуалды жерүсті бағдарларының жеткіліксіз санын қамтамасыз еткенде;
3) жақындау оттарының жүйесін нақты анықтау мүлдем қиын болғанда.
267. ҚР АА ӘПЖН-ның 721-724-тармақтарына қатысты. Қону алаңшасының бағыттағышына қарай оттардың визуалды бағыттау жүйесі, тікұшақтың бағытталуы берілген жол сызығының бойымен FATO аймағына қараған бағытта жүзеге асырылатындай болып орналастырылады, жүйе ұшу учаскесінің соңында FATO аймағының екінші және үшінші бұрылысының арасында қонуға бет алудың тиімді бағытының бойымен орналасуы тиіс. Оттар сынғыш болады және мүмкіндігінше төмен орналастырылады. Егер жүйе оттары жекелеген жарық көздері болып көрінуі қажет болса, олар жүйенің барынша қамтылған кезінде ұшқышқа көрінетін екі оттың арасындағы тартылған бұрыш доғаның кем дегенде 3'-ына тең болатындай етіп орналастырылады. Жүйе оттарының және қарқындылығы бірдей немесе одан астам басқа оттар арасындағы тартылған бұрыштар да доғаның 3'-ына тең болуы тиіс.
268. ҚР АА ӘПЖН-ның 726-731-тармақтарына қатысты. Қону алаңшасының бағыттағышына қарай визуалды бағыттау жүйесі жұмысының ерекшеліктері ҚР АА ӘПЖН-ның 726-731-тармақтарында көрсетілген.
269. ҚР АА ӘПЖН-ның 739-тармағына қатысты. Қонуға визуалды бет алу глиссадасының нұсқағышы осы тікұшақ айлағы қонуға бет алуды қамтамасыз етудің басқадай визуалды немесе визуалды емес құралдарымен жабдықталғанына қарамастан, егер де тікұшақ айлағында, әсіресе түнде келесі бағдарлар орын алса, бұл тікұшақ айлағына қонуға бет алуды қамтамасыз ету үшін қарастырылуы тиіс:
1) кедергілердің ұшып өту ережелері, авиациялық шуылды азайту тәсілдері немесе қонуға бет алуға арналған ӘҚБ сұлбалары ұшудың, оның траекториясының нақты бұрышпен орындалуын талап етеді;
2) тікұшақ айлағы жанындағы бетте визуалды бағдарлар аз болғанда;
3) осы тікұшақтың сипаттамалары қонуға бет алудың белгіленген режимде орындалуын талап етеді.
270. ҚР АА ӘПЖН-ның 740-тармағына қатысты. Тікұшақтардың ұшуларын қамтамасыз ету үшін глиссаданы визуалдық индексациялаудың стандарттық жүйелері ретінде келесі жүйелер саналады:
1) ИКАО 14-қосымшасының І томы 5.3.5.23–5.3.5.40-тармақтарында көрсетілген техникалық талаптарды қанағаттандыратын, жүйелердің «глиссадамен келе жатырсың» секторының бұрыштық өлшемі 45'-ке ұлғайтылған жағдайлардан басқа, РАРI және АРАРI жүйелері;
2) ИКАО 14-қосымшасының І томының 5.3.5.6–5.3.5.21-тармақтары қоса мазмұндалған техникалық талаптарды қанағаттандыратын тікұшақтың қонуға бет алу траекториясын индикациялау жүйесі (НАРI).
271. ҚР АА ӘПЖН-ның 741-тармағына қатысты. Қонуға визуалды бет алу глиссадасының нұсқағышы, тікұшақтың FATO аймағының шектеріндегі берілген орналасу орнына қарай бағытталатындай, қонуға бет алудың соңғы кезеңінде және қону кезеңінде ұшқыштың көз қарықтыруының алдын алатындай етіп орналастырылады.
272. ҚР АА ӘПЖН-ның 742-тармағына қатысты. Қонуға визуалды бет алу глиссадасының нұсқағышы номиналдық дәлдеп қону нүктесіне жақын орналасуы тиіс және қонуға бет алудың жиі пайдаланылатын бағытының азимуты бойынша қойылуы тиіс.
273. ҚР АА ӘПЖН-ның 743-тармағына қатысты. От(тар) сынғыш негізге мүмкіндігінше неғұрлым төменірек орнатылады.
274. ҚР АА ӘПЖН-ның 760-тармағына қатысты. Кедергілерді қорғау беті глиссаданы визуалды индикациялау жүйесін пайдалану болжанатын жерлерде орнатылады (55-қосымша).
275. ҚР АА ӘПЖН-ның 761-тармағына қатысты. Кедергілерді қорғау бетінің сипаттамалары, яғни оның басталуы, кеңеюі, ұзындығы және еңістік бұрышы 56-қосымшаның кестесінде көрсетілген мәндерге сәйкес келеді.
276. ҚР АА ӘПЖН-ның 762-тармағына қатысты. Тиісті уәкілетті органның пікірі бойынша, жаңа объект немесе оның үстіне салынатын құрылыс қолданыстағы жылжымайтын объектімен көлегейленетін жағдайлардан басқа, жаңа объектілерді салуға немесе қолданыстағы объектілердің үстіне құрылыстарды кедергілерден қорғау бетінен жоғары шығып тұратындай етіп салуға рұқсат етілмейді.
Ұшып-көтерілу мен қонуға бет алудың соңғы сатысы аймағының
оттарына қойылатын талаптар
277. ҚР АА ӘПЖН-ның 765–769-тармақтарына қатысты. Жер бетінің деңгейінде орналасқан, түнгі уақытта пайдалануға арналған тікұшақ айлағында ҚР АА ӘПЖН талаптарына сәйкес FATO аймағы мен TLOF аймағы сәйкес келіп немесе FATO аймағының ұзақтығы ұшуларға жеткілікті болатын жерде қамтамасыз ете алмайтын жағдайлардан басқа FATO аймағының оттары қамтамасыз етіледі. FATO, TLOF аймақтарының оттарының орналасуы, оттар сипаттамалары 766-799 тармақтарда және 47, 53, 59-қосымшаларда көрсетілген.
278. ҚР АА ӘПЖН-ның 800-тармағына қатысты. Прожекторлық жарықтандыру түнде пайдалануға арналатын шығырдың көмегімен жүктерді өңдеу аймағында қамтамасыз етіледі. (58-қосымшаның суреті).
Достарыңызбен бөлісу: |