Еуразиялық экономикалық комиссия алқА Өкім



бет56/66
Дата17.11.2023
өлшемі409.99 Kb.
#483511
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
clco 31122015 187 doc

8. Қосымша ақпаратты қосу

8.1. Жалпы ережелер.


Дәрілік препараттың таңбалауына және ҚП-ға ДПЖС-ға қарама-қайшы келмейтін, пациентр үшін пайдалы және жарнамалық сипатты иеленбейтін өзге мәліметтерді қосуға жол беріледі.
Рецепт бойынша босатылатын дәрілік препараттарды ұзақ мерзімді негізде қабылдайтын пациенттер дәрілік препараттың әсер ету механизмі және оны қолдану кезіндегі аурулар туралы қосымша мәліметтерден пайда әкелуі мүмкін.
Осы санат шеңберінде рұқсат етілген мәліметтерге дәрілік препаратты қолдану туралы қосымша деректер, сондай-ақ ауру және оны емдеу тәсілдері туралы жалпы мәліметтер жатады.

8.2. Ақпараттың басқа дереккөздеріне сілтемелер.


Пациентке арналған ҚП пациентке дәрілік препарат туралы мәліметтерді жеткізуде және оны қауіпсіз қолдануға жәрдемдесуде негізгі рөл атқарады.
Компанияның негізгі мақсаты дәрілік препарат туралы тиісті мәліметтерді қамтитын ҚП құастыру болып табылады, алайда тек ҚП мәліметтері пациенттердің дәрілік препаратты дұрыс және қауіпсіз қолдануды қамтамасыз етуге арналған қажетті ақпаратқа барлық сұранысын қанағаттандыра алмайды. Дәрілік препаратты қолданатын пациенттерге қосымша мәліметтер талап етілуі мүмкін. Осы Талаптар пациенттерге арналған ақпараттың басқа дереккөздеріне сілтемелік құжат ретінде ҚП пайдалану мақсатында қолданылуы мүмкін қосымша шаралардың сипаттамасын қамтиды, мысалы, пациенттік ұйымдар және ҚП, журналдар және телефондық қолдау секілді нөндіруші көрсететін қызметтер туралы мәліметтер. Барлық ақпараттық материалдардың дизайны хабардар болған пациенттердің өз денсаулығына қатысты шешімдер қабылдауына ықпал етуі тиіс.
Бұған қоса ҚП-ға 3 негізгі қағидат қолданылады:
ҚП мәліметтері ДПЖС-мен сәйкес болуы тиіс, яғни мәліметтер қолданудың тіркелген көрсеткіштеріне және дәрілік препаратты дозалау режисіне қатысты болуы тиіс;
ҚП мәліметтері пациенттерге және (немесе) күтуші тұлғаларға білім беру материалдары ретінде пайдалы болуы тиіс;
ҚП жарнамалық сипатқа ие болмауы тиіс: терапиялық альтернативтер туралы мәліметтерді ҚП-ға қосуға жол берілмейді. Қосымша материалдарда терапиялық мүмкіндіктерге және олардың дәлелденген терапиялық режимдегі орнына объективті шолуды көрсетуге жол беріледі, алайда салыстырмалы сөз тіркестерін пайдалануға жол берілмейді (мысалы, «барынша жаңа», «барынша тиімді», «төзуге жақсы», «қолдану пайдасына дәлелдер көбірек», ХХХ артық және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет