Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереже



бет4/31
Дата19.06.2016
өлшемі2.51 Mb.
#148266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Кедендік әкелу баждарының (өзге де баждар, балама әрекеті бар салықтар мен алымдар) сомаларын есепке алу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы

ХАТТАМА
1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабына сәйкес әзірленді және Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының сомаларын төлеу міндеті 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап туындаған кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және мүше мемлекеттер арасында бөлу тәртібін айқындайды.

Осы Хаттама Одақтың кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес көзделген жағдайларда және тәртіппен кедендік әкелу баждарының сомаларына есепке жатқызылған өсімпұлдар (пайыздар) сомаларына да қатысты қолданылады.

2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«уәкілетті органның бірыңғай шоты» – түсімдерді осы мүше мемлекеттің бюджеттеріне есепке алу және олардың арасында бөлу үшін уәкілетті орган үшін ұлттық (орталық) банкте немесе ұлттық (орталық) банкте корреспонденттік шоты бар уәкілетті органда ашылған шот;

«есеп беру күні» – кедендік әкелу баждарының сомаларын уәкілетті органның бірыңғай шотына есепке алу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің жұмыс күні;

«мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыз» – мүше мемлекеттің кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен сомаларды аудару міндеттемелерін орындамауына, толық орындамауына және (немесе) уақтылы орындамауына әкеп соқтырған осы Хаттаманың ережелерін бұзғаны үшін мүше мемлекеттің басқа мүше мемлекеттерге аударуға тиісті сомасы;

«шетел валютасындағы шот» – басқа мүше мемлекеттің кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен түсімдерді есепке алу үшін ұлттық (орталық) банкте басқа мүше мемлекеттің валютасымен бір мүше мемлекеттің уәкілетті органы үшін ашылған шот;

«ағымдағы күн» – есеп беру күні кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу бойынша операциялар жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің есепті жұмыс күнінен кейінгі күн;

«уәкілетті орган» – осы мүше мемлекеттің бюджетін атқаруда кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мүше мемлекеттің мемлекеттік органы.

Осы Хаттамада пайдаланылатын өзге де ұғымдар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде айқындалған мағыналарында қолданылады.


IІ. Кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу

және мүше мемлекеттер арасында бөлу тәртібі


3.  Кедендік қатынастарды реттейтін, оның ішінде кедендік әкелу баждарын алу кезінде халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес төлеуге жататын кедендік әкелу баждары сол мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына ұлттық валютада аударуға жатады.

Кедендік әкелу баждарын уәкілетті органның бірыңғай шотына жекелеген есептік (төлем) құжаттарымен (нұсқаулықтармен) төлеушілер төлейді.

Салықтар мен алымдар, сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес төлеуге жататын, уәкілетті органның бірыңғай шотына келіп түскен өзге де төлемдер (арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары) кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылуы мүмкін.

Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждарын есепке алу және бөлу туралы ережесіне (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымшаға қосымша) сәйкес төлеушілердің кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша берешегін өтеу есебіне арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы баждары жатқызылуы мүмкін.

Егер кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерінде өзгеше белгіленбесе, осы Хаттаманың ережелерін ескере отырып, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік әкелу баждарын қайтару (есепке жатқызу) жүзеге асырылады.

Кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын, сондай-ақ өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу бойынша төлеушілердің берешектерін өтеу есебіне жатқызудан (бұдан әрі – берешекті өтеу есебіне жатқызу) басқа, кедендік әкелу баждары сомаларының өзге де төлемдерді төлеу есебіне жатқызылуы мүмкін емес.

4. Кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарды, сондай-ақ өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу бойынша төлеушілердің берешектерін өтеу жағдайларын қоспағанда, сот актілерін орындау тәртібімен немесе қандай да бір өзге тәсілмен уәкілетті органның бірыңғай шотындағы ақша қаражаттарын өндіріп алу мүмкін емес.

5. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мынадай түсімдерді:

уәкілетті органның бірыңғай шотындағы кедендік әкелу баждарының (қайтарулардың, берешекті өтеу есебіне жатқызулардың) түсімдері сомаларын;

басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шотына аударылған, бөлінген кедендік әкелу баждарының сомаларын;

осы мүше мемлекеттің кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлуден түскен кірістердің мүше мемлекеттің бюджетіне есепке алынған сомаларын;

мүше мемлекеттің бюджетіне басқа мүше мемлекеттерден түскен кедендік әкелу баждарының сомаларын;

мерзімін өткізіп алғаны үшін төленетін Осы Хаттамада белгіленген пайыздардың мүше мемлекеттің бюджетіне түскен сомаларын;

басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аудару тоқтатылған, бөлінген кедендік әкелу баждарының сомаларын айрықша есепке алады.

Жоғарыда көрсетілген түсімдердің сомалары әрбір мүше мемлекеттің бюджетті атқару туралы есептілігінде айрықша түрде көрсетіледі.

6. Күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына түскен кедендік әкелу баждарының сомалары осы мүше мемлекеттің есепті жылы бюджеттің атқарылуы туралы есебінде көрсетіледі.

Мүше мемлекеттің күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күні ішінде бөлінген кедендік әкелу баждарының сомалары мүше мемлекеттің ағымдағы жылының екінші жұмыс күнінен кешіктірілмей, осы мүше мемлекеттің бюджетіне және басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылады, сондай-ақ есепті жыл бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.

Басқа мүше мемлекеттердің күнтізбелік жылының соңғы жұмыс күні ішінде басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан мүше мемлекеттің бюджетіне түскен кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен кірістер ағымдағы жылы бюджеттің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.

7. Уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен кедендік әкелу баждары сомаларының, сондай-ақ есепті күні атқаруға ұлттық (орталық) банк қабылдамаған, кедендік әкелу баждарының қайтарылатын сомалары ескеріле отырып, есепті күні кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылған сомалар шегінде ағымдағы күні кедендік әкелу баждарының сомаларын төлеушіге қайтару, олардың берешекті өтеу есебіне жатқызылуы уәкілетті органның бірыңғай шотынан аударылады.

Қайтару (есепке жатқызу) жүзеге асырылған күні уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен (есепке жатқызылған) кедендік әкелу баждарының сомалары шегінде есепті күні кедендік әкелу баждарының сомаларын төлеушіге қайтару, олардың берешекті өтеу есебіне жатқызылуы Қазақстан Республикасы уәкілетті органының бірыңғай шотынан аударылады.

8.  Мүше мемлекеттер арасында түскен кедендік әкелу баждарының сомалары бөлінгенге дейін ағымдағы күні қайтаруға және (немесе) берешекті өтеу есебіне жатқызуға жататын кедендік әкелу баждарының сомаларын айқындау жүзеге асырылады.

9. Кедендік әкелу баждарын қайтаруды және (немесе) берешекті өтеу есебіне жатқызуды жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, осы Хаттаманың 7-тармағына сәйкес, мүше мемлекет көрсетілген қайтаруды (есепке жатқызуды) кейінгі жұмыс күндері жүзеге асырады.

Төлеушіге кедендік әкелу баждарын уақтылы қайтармағаны үшін төленетін өсімпұлдар (пайыздар) төлеушіге осы мүше мемлекеттің бюджетінен төленеді және кедендік әкелу баждарының құрамына кірмейді.

10. Уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу баждарының сомалары есепке алынған есепті күннен кейінгі мүше мемлекеттің келесі жұмыс күнінде мүше мемлекеттің уәкілетті органы кедендік әкелу баждарының сомаларын мүше мемлекеттер арасында бөлуді жүзеге асырады.

Уәкілетті органның бірыңғай шотына кедендік әкелу баждарының сомалары есепке алынған есепті күні Қазақстан Республикасының уәкілетті органы кедендік әкелу баждарының сомаларын мүше мемлекеттер арасында бөлуді жүзеге асырады.

11. Мүше мемлекеттер арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының жалпы сомасын пайыздармен белгіленетін бөлу нормативтеріне көбейту арқылы мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотынан осы мүше мемлекеттің бюджетіне аударуға, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударуға жататын кедендік әкелу баждарының сомаларын есептеу жүзеге асырылады.

Бұл ретте есепті күні ұлттық (орталық) банк кедендік әкелу баждарының қайтарылатын сомаларын аударуға арналған есептік (төлем) құжаттарды (нұсқаулықтарды) орындауға қабылдамағанын ескере отырып, есепті күні (уәкілетті орган есепке жатқызуды орындаған) келіп түскен кедендік әкелу баждарының сомаларынан ағымдағы күні төлеушілерге қайтаруға және берешекті өтеу есебіне жататын кедендік әкелу баждарының сомаларын есептеп шегеру арқылы мүше мемлекеттер арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының жалпы сомасы белгіленеді.

Егер ағымдағы күні орындалуға жататын кедендік әкелу бажының сомасын төлеушіге қайтаруға арналған есептік (төлем) құжатты (нұсқаулықты) ұлттық (орталық) банк орындауға қабылдамаған жағдайда, бұл сома мүше мемлекеттің келесі жұмыс күнінде мүше мемлекеттер арасында бөлуге жатқызылады. Бұл ретте басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылмаған кедендік әкелу баждарының сомасы осы тармаққа сәйкес, бір күнге мерзімі өткен деп танылады.

12. Кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу нормативтері әрбір мүше мемлекет үшін мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

Беларусь Республикасы – 4,70%;

Қазақстан Республикасы – 7,33%;

Ресей Федерациясы – 87,97%.

13.Уәкілетті органның бірыңғай шотына есепаке алынған күннен кейінгі мүше мемлекеттің келесі жұмыс күнінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына мүше мемлекеттерге кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды жүзеге асырады.

Кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға арналған есептік (төлемдік) құжатты (нұсқаулықты) уәкілетті орган, күн сайын, жергілікті уақыт бойынша сағат 14-тен кешіктірмей, басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына одан әрі аудару үшін ұлттық (орталық) банкке жіберуі тиіс. Көрсетілген есептік (төлемдік) құжатта (нұсқаулықта) кедендік әкелу баждарын бөлу жүзеге асырылатын күн және ұлттық валютада мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуге жататын сома көрсетіледі.

Егер көрсетілген есептік (төлемдік) құжат (нұсқаулық) ағымдағы күні мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне жергілікті уақыт бойынша сағат 14-тен кешіктіріліп жіберілген жағдайда, тиісті төлем бір күнге мерзімі өткен деп танылады.

14. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан шетел валютасындағы шоттарға түскен кедендік әкелу баждарының сомаларын мүше мемлекет бюджетінің кірісіне аудару тәртібі осы Хаттаманың ІII бөлімімен реттеледі.

15. Мүше мемлекеттердің бюджеттеріне бөлінген және аударылған кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алуды мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асырады.

16. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы кезекті күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей, басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс емес күндер жөнінде хабардар етеді.

Осындай өзгерістер болатын мүше мемлекеттің уәкілетті органы жұмыс емес күндер өзгертілген жағдайда, басқа мүше мемлекеттің уәкілетті органдарын осындай өзгерістер күшіне енгенге дейін күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей, көрсетілген өзгерістер жөнінде хабардар етеді.

17. Кедендік әкелу баждарының сомасын аударуға жататын шетел валютасындағы шоттың деректемелері өзгерген жағдайда, осы мүше мемлекеттің уәкілетті органы көрсетілген өзгерістер күшіне енгенге дейін, күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей, шоттың нақтыланған деректемелерін басқа мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының назарына жеткізеді.

Осы Хаттаманы іске асыру үшін қажетті өзге де деректер өзгерген жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген өзгерістер күшіне енгенге дейін, күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей, көрсетілген өзгерістер туралы ақпаратты басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жеткізеді.

18. Мүше мемлекеттер арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының сомалары болмаған жағдайда, мүше мемлекеттің уәкілетті органы осы Хаттамада белгіленген мерзімде, басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына ақша қаражаттарын аударуға арналған есептік (төлем) құжатты (нұсқаулықты) ұлттық (орталық) банкке жіберу үшін, осы ақпаратты қамтитын құжаттың электрондық көшірмесін Одақтың Интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, электронды түрде, ал Одақтың Интеграцияланған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілген кезге дейін – графикалық түрде электрондық арналар бойынша басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына тиісті ақпарат жібереді.

19. Мүше мемлекеттердің орталық кедендік органдары Комиссия бекітетін қағидаларға сәйкес, бірыңғай кедендік әкелу баждарының есебін есепке жатқызу әдісі бойынша жүргізу қағидаттарының қолданылуын қамтамасыз етеді.

20. Осы бөлімде белгіленген мерзімде қандай да бір мүше мемлекеттің шетел валютасындағы шотына ақша қаражаты аударылмаған немесе толық аударылмаған және бөлуге жататын кедендік әкелу баждары сомаларының жоқ екендігі туралы осы мүше мемлекеттің уәкілетті органынан ақпарат келіп түспеген жағдайда, шетел валютасындағы шотына ақша қаражаты түспеген мүше мемлекеттің уәкілетті органы мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын және Комиссияны аударылмаған немесе толық аударылмаған ақша қаражаттары туралы хабардар етеді.

21. Бөлінген кедендік әкелу баждарының сомаларын басқа мүше мемлекетке аудармаған мүше мемлекет, кедендік әкелу бажын бөлуден түскен сома басқа мүше мемлекетке (мүше мемлекеттерге) аударылмаған күнді қоса алғанда, осы мүше мемлекеттерге, қалыптасқан берешегінің барлық сомасына мерзімін өткізіп алғаны үшін әрбір мерзімі өткен күнтізбелік күн үшін 0,1 пайыз көлеміндегі мөлшерлеме бойынша пайыздар төлейді.

22. Мүше мемлекет, көрсетілген сомалар нақты болған жағдайда, бөлуге жататын кедендік әкелу баждары сомаларының жоқ екендігі туралы ақпарат жіберген жағдайда, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына уәкілетті органның бірыңғай шотынан ақша қаражаттары толық аударылмаған жағдайда, осындай бұзушылыққа жол берген мүше мемлекет, мүше мемлекеттің келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылмаған соманы негізге ала отырып, осы бөлімге сәйкес, басқа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне есепке алуға жататын кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен сомаларды басқа мүше мемлекеттерге аударуға міндетті.

Бұл ретте осындай бұзушылыққа жол берген мүше мемлекет, осы тармаққа сәйкес мүше мемлекеттерге ақша қаражаттары аударылған күнді қоспағанда, бұзушылық орын алған күннен бастап танылатын әрбір күнтізбелік мерзімі өткен күн үшін осы Хаттаманың 21-тармағында белгіленген мөлшерде мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыздар төлейді.

23. Қандай да бір мүше мемлекеттен ақша қаражаты түспеген (толық түспеген) жағдайда және осы мүше мемлекеттің уәкілетті органынан мүше мемлекеттер арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының сомалары жоқ екендігі туралы хабарлама болмаған жағдайда, шетел валютасындағы шотына ақша қаражаты түспеген мүше мемлекеттің уәкілетті органы, мүше мемлекеттің үшінші жұмыс күні осындай келіп түспеу (толық түспеу) күнінен кейін бірінші мүше мемлекеттің шетел валютасындағы шотына өзінің бірыңғай шотынан кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды тоқтатуға құқылы.

24. Мүше мемлекет кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, басқа мүше мемлекеттің шетел валютасындағы шотына аударуға жататын ақша қаражаты аударудың тоқтатылғаны туралы шешім жойылғанға дейін бірінші мүше мемлекет бюджетінің кірісіне аударуға жатады және осы мүше мемлекеттің бюджетінде айрықша есепке алынады.

Басқа мүше мемлекеттің шетел валютасындағы шотына кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды тоқтатқан мүше мемлекеттің уәкілетті органы басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын және Комиссияны қабылдаған шешім жөнінде дереу хабардар етеді.

25. Кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуды тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, Комиссия толық көлемде кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу тетігінің жұмыс істеуін тезірек қайта қалпына келтіру мақсатында, мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарымен консультациялар жүргізеді.

26. Егер осы Хаттаманың 25-тармағында көрсетілген консультациялардың нәтижелері бойынша кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлу тетігінің жұмыс істеуін қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданбаған жағдайда, бұл мәселе Комиссияның қарауына шығарылады.

Комиссияның кедендік әкелу баждары сомаларын бөлу тетігінің жұмыс істеуін қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдауы мүмкін болмаған жағдайда, бұл мәселе Үкіметаралық Кеңестің қарауына шығарылады.

27. Кедендік әкелу баждарының сомаларын аудару қайта қалпына келтірілген кезде, осы Хаттаманың 24-тармағында көрсетілген сомалар осы Хаттамаға сәйкес, олар тағайындалған сол мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына, қабылданған шешім туралы хабарламаны алған күннен кейінгі мүше мемлекеттің жұмыс күнінен кешіктірмей аударуға жатады, бұл ретте көрсетілген сомаға мерзімін өткізіп алғаны үшін пайыздар есептелмейді.

28. Қандай да бір мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылмаған, бөлінген кедендік әкелу баждарының сомалары, сондай-ақ осы Хаттаманың ІІІ бөлімінде көзделген ақша қаражатын АҚШ долларымен аудару бойынша міндеттемелерді мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері орындамаған сомалар мемлекеттік борышқа жатады.
IІI. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан шетел валютасындағы шоттарға түскен кедендік әкелу баждарының сомаларын

мүше мемлекет бюджетінің кірісіне аудару тәртібі


29. Бір мүше мемлекеттің (бірінші) ұлттық (орталық) банкі басқа мүше мемлекеттің (екінші) ұлттық (орталық) банкіне осы Хаттамаға сәйкес екінші мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына аударылған, бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасының сомасына тең келетін ақша қаражатын АҚШ долларымен бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасының сомасына сатуға міндетті. Бірінші мүше мемлекеттің екінші мүше мемлекет уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына ақша қаражатын аударған күнінен кейінгі жұмыс күніне бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасының АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамымен сатылатын АҚШ долларының сомасы белгіленеді.

Бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі, екінші мүше мемлекеттің уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасының баламалы сомасын аударған күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, ақша қаражатын АҚШ долларымен сату міндетін орындауы тиіс.

Бұл ретте, әрбір мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі, басқа мүше мемлекеттермен арақатынастарда осыған ұқсас құқықтарды іске асыру мен міндеттерді орындауларына қарамастан, ақша қаражатын АҚШ долларымен сату міндетін орындаулары тиіс.

Екі мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банктері ақша қаражатын АҚШ долларымен аудару жөніндегі қарсылас міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде осы тармақтың екінші абзацында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелерді және осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес өсімпұлдар төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуы, АҚШ долларымен есептегенде міндеттемесінің шамасы басқа ұлттық (орталық) банктің АҚШ долларымен есептегендегі үстеме міндеттеменің шамасынан асып түсетін ұлттық (орталық) банктің басқа ұлттық (орталық) банкке көрсетілген үстеме міндеттемелердің шамалары арасындағы айырмаға тең сомада АҚШ долларымен ақша қаражатын аударуы арқылы жүзеге асырылатынын жеке шартта белгілей алады.

Осы тармақта көрсетілген АҚШ долларындағы ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру мынадай кезеңділікпен жүзеге асырылады:

бірінші кезекте осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес өсімпұлдар төлеу туралы талаптар қанағаттандырылады;

екінші кезекте орындалу мерзімі басталған және мерзімі өтпеген міндеттемелер бойынша талаптар қанағаттандырылады;

үшінші кезекте осы тармақтың екінші абзацында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелер бойынша талаптар қанағаттандырылады.

Бірінші мүше мемлекет ұлттық (орталық) банкінің ақша қаражатын екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне АҚШ долларымен сату жөнінде осы тармақта көрсетілген міндеттемесі бойынша бірінші мүше мемлекет бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкімен бірлесіп екінші мүше мемлекеттің алдында ынтымақты түрде жауапты болады.

30. Осы Хаттаманың 29-тармағында көрсетілген бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің ақша қаражатын екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне АҚШ долларымен сату жөніндегі міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, бірінші мүше мемлекет пен екінші мүше мемлекет арасында одан әрі өзара есеп айырысулар жүргізу мақсаттары үшін бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне қойылатын талаптар бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасымен екінші мүше мемлекет уәкілетті органының шетел валютасындағы шотына ақша қаражатын аударған күннен кейінгі келесі жұмыс күні бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген АҚШ долларына шаққандағы ресми бағам бойынша белгіленеді.

31. Осы Хаттаманың 29-тармағында көрсетілген бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің ақша қаражатын екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне АҚШ долларымен сату жөніндегі міндеттемесін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі немесе бірінші мүше мемлекет мөлшері мынадай формула бойынша есептелетін өсімпұлдар төлейді:
, мұнда
– бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне аударуға тиісті сомасы (АҚШ долларымен);

– міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау басталған күн үшін Британ банкирлері қауымдастығы (British Bankers Association, BBA) белгілеген, АҚШ доллары үшін LIBOR бір күндік мөлшерлемесі (жылдық пайызбен);

Күндер – міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған күннен (қоса алғанда) бастап тиісінше орындалған күнге дейінгі күнтізбелік күндер (міндеттеме тиісінше орындалған күн есептелмейді) саны.

32. Осы Хаттаманың 29-тармағында көрсетілген міндеттемені бірінші мүше мемлекет орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, өзіне қатысты орындамау немесе тиісінше орындамау орын алған екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған талапты, осы Хаттаманың 31-тармағына сәйкес өсімпұлдар төлеу туралы талапты қоса алғанда, бірінші мүше мемлекеттің және бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің келісімінсіз және алдын-ала хабарлауынсыз екінші мүше мемлекетке өтеусіз негізде беруге құқылы.

33. Мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі басқа мүше мемлекеттің өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ басқа мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін үкіметтің немесе уәкілетті органның алдында жауапты болмайды.

34. Бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің, осы бөлімде көзделген есептеулерді жүзеге асыруына байланысты туындаған шығасылары мен залалдарын, оның ішінде валюта бағамдарының өзгеруі, басқа мүше мемлекеттер мен басқа мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы жағдайларының салдарынан туындаған шығасылар мен залалдарды басқа мүше мемлекеттер өтеуге міндетті емес. Бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкіне көрсетілген шығасылар мен залалдарды өтеу шарттары мен тәртібін бірінші мүше мемлекет белгілейді.

35. Осы бөлімнің мақсаттары үшін бір мезгілде осы екі мүше мемлекет үшін де, Америка Құрама Штаттары үшін де жұмыс күні болып саналатын күн екі мүше мемлекеттің (оның ішінде екі мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банктерінің арасындағы есеп айырысулар) арасындағы өзара есеп айырысулар жүргізілетін жұмыс күні деп түсініледі.

36. Осы Хаттамаға сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін бір (бірінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің басқа (екінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінде ашқан корреспонденттік шотына, сондай-ақ осы корреспонденттік шоттағы ақша қаражатына екінші мүше мемлекеттің сот және де өзге де билік органдары тыйым салып, оқшаулап, осы корреспонденттік шоттағы ақша қаражатын пайдалана алмау мүмкіндігін жасайтын қамтамасыз етуші, шектеуші немесе тыйым салушы өзге де шараларды қолдана алмайды.

37. Осы Хаттамаға сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін бір (бірінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің басқа (екінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінде ашқан корреспонденттік шотындағы ақша қаражатын, егер корреспонденттік шот шартының талаптарында өзгеше белгіленбесе, бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің келісімінсіз есептен шығаруға жол берілмейді.

38. Егер осы Хаттаманың 29-тармағында көрсетілген бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі ақша қаражатын АҚШ долларымен сату міндеттемесін күнтізбелік 30 күн ішінде толықтай немесе ішінара орындамаса, онда екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі көрсетілген міндеттемені толық орындаған кезге дейін, бірінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінде ашылған екінші мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкінің корреспонденттік шотындағы осы Хаттамаға сәйкес есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған бірінші мүше мемлекеттің ұлттық валютасындағы ақша қаражатын шектеусіз пайдалануға құқылы.

39. Бір (бірінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі құқықтарды өтеусіз негізде іске асырады және осы Хаттаманы орындау үшін және оған сәйкес басқа (екінші) мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкімен жасалған шарттарда көзделген міндеттемелерді орындайды.
ІV. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасындағы

ақпарат алмасу тәртібі


40. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы күн сайын, жергілікті уақытпен ағымдағы күнгі сағат 16-дан кешіктірмей (Беларусь Республикасы үшін – Минск қаласының уақытымен, Қазақстан Республикасы үшін – Астана қаласының уақытымен, Ресей Федерациясы үшін – Мәскеу қаласының уақытымен), басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына есепті күнгі мынадай ақпаратты жібереді:

1) мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке алынған кедендік әкелу баждарының сомалары;

2) кедендік әкелу баждарын төлеу есебіне жатқызылған есепке алулардың есепті күні уәкілетті орган атқарған сомалары;

3) есепті күні берешекті өтеу есебіне жатқызылған кедендік әкелу баждарының сомалары және өз алдына бөлек ағымдағы күні берешекті өтеу есебіне жатқызылған кедендік әкелу баждарының сомалары;

4) есепті күні қайтарылған кедендік әкелу баждарының сомалары және өз алдына бөлек ағымдағы күні қайтаруға жататын кедендік әкелу баждарының сомалары;

5) есепті күні ұлттық (орталық) банк атқаруға қабылдамаған кедендік әкелу баждарының қайтарылған сомалары;

6) мүше мемлекеттер арасында бөлуге жататын кедендік әкелу баждарының сомалары;

7) басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылған бөлінген кедендік әкелу баждарының сомалары;

8) осы мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотынан аударылған кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен кірістердің осы мүше мемлекеттің бюджетіне түскен түсімдерінің сомасы;

9) уәкілеттік органның шетел валютасындағы шоттарына түскен кедендік әкелу баждарын бөлуден түскен кірістердің мүше мемлекеттің бюджетіне түскен түсімдерінің сомалары;

10) басқа мүше мемлекеттердің шетел валютасындағы шоттарына аударылуы тоқтатылған бөлінген кедендік әкелу баждарының сомалары;

11) осы Хаттамада көзделген талаптардың орындалуы бұзған кезде мерзімін өткізіп алғаны үшін басқа мүше мемлекеттерден мүше мемлекетке түскен пайыздардың сомасы.

41. Ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні мүше мемлекеттің уәкілетті органы осы Хаттаманың 40-тармағында белгіленген ақпаратты, күнтізбелік жылдың басынан бері өсу қорытындысымен, Одақтың Интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, электронды түрде, ал көрсетілген жүйе қолданысқа енгізілген кезге дейін – осы ақпарат қамтылған құжаттарды графикалық электрондық көшірмелері түрінде электрондық байланыс арналары бойынша басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына, сондай-ақ Комиссияға жібереді

42. Осы Хаттаманың 40 және 41-тармақтарында көзделген ақпаратты ұсыну нысаны уәкілетті органдармен келісіледі және оны Комиссия бекітеді.

43. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары осы Хаттаманың 40 және 41-тармақтарына сәйкес алынған деректердің оперативтік салыстырып тексерілуін жүзеге асырады.

Ауытқулар анықталған жағдайда, хаттама ресімделеді және мүше мемлекеттер ауытқуларды реттеу бойынша шаралар қолданады.

44. Бір мүше мемлекеттің уәкілетті органының басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Комиссияға жіберетін ақпаратына, осы Хаттаманың 40 және 41-тармақтарына сәйкес, осы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.
V. Кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты

ақпарат алмасу тәртібі


45. Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары бір-біріне, сондай-ақ Комиссияға мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) қамтитын мәліметтерге жатпайтын, кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты ақпаратты тұрақты негізде электронды түрде ұсынып отырады.

46. Кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты ақпарат қолда бар мынадай дереккөздерден құралады:

1) мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген тауарлар декларацияларының электрондық көшірмелерінің дерекқорлары;

2) егер кедендік кіріс ордерін кедендік әкелу баждарының төленгенін көрсету үшін мүше мемлекет қолданатын болса, мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген кедендік кіріс ордерлерінің электрондық көшірмелерінің дерекқорлары;

3) жеке есепшоттардың, тізілімдердің және бірыңғай кедендік әкелу баждарының есебін есепке жатқызу әдісі бойынша жүргізу қағидаттарға, Комиссия бекітетін қағидаларға сәйкес мүше мемлекеттердің кеден органдары ресімдеген кедендік әкелу баждарының бюджетке іс жүзінде төленген және мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірістеріне аударылған сомалары туралы мәліметтерден тұратын басқа да құжаттардың дерекқорлары;

47. Осы Хаттаманың 46-тармағында көрсетілген ақпарат тауарларды жеке пайдалану үшін өткізетін жеке тұлғалардың тауарларды әкелуі және кедендік төлемдер төлегені туралы мәліметтерді қамтымайды.

48. Кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты ақпарат (өлшем бірлігі – АҚШ доллары, ұлттық валютадағы сомаларды АҚШ долларымен қайта есептеу үшін мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі ұлттық валютаның есепті айдағы АҚШ долларына қатысты орташа айлық бағамын қолданады), өтеусіз негізде орыс тілінде ұсынылады (ақпараттың жекелеген позициялары бойынша латын әліпбиін пайдалануға жол жіберіледі) және есепті кезеңдегі мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) кедендік әкелу баждарының есепті кезеңнің басы мен соңындағы ауыспалы қалдықтарының сомалары;

2) кедендік әкелу бажын төлеу (өндіріп алу) туралы кедендік ресімделген құжаттарда құжатпен көрсетілген кедендік әкелу баждарының сомалары;

3) берешекті өтеу есебіне жатқызылған кедендік әкелу баждарының сомалары;

4) төлеушілерге қайтарылған кедендік әкелу баждарының сомалары;

5) кедендік әкелу баждарын төлеудің мерзімі өткен және бөлшектеп төленетін сомалары;

6) кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты басқа да мәліметтер.

49. Кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты ақпарат алмасудың технологиялық регламенттерін Комиссия әзірлеп, бекітеді.

Көрсетілген технологиялық регламенттерде осы Хаттаманың 48-тармағында көрсетілген ақпараттың құрылымы мен форматы, ақпарат алмасу тәртібі, мерзімі мен тәсілдері айқындалады.

50. Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасында электронды түрде ақпарат алмасу, сондай-ақ оны Комиссияға ұсыну, олардың техникалық дайындығы қамтамасыз етілгеннен кейін жүзеге асырылып, ол жөнінде мүше мемлекеттердің орталық кедендік органдары бір-бірін, сондай-ақ Комиссияны жазбаша түрде хабардар етеді. Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілгеннен кейін мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары арасында ақпарат алмасу және оны Комиссияға ұсыну көрсетілген жүйені пайдалану арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.

51. Кедендік әкелу баждарын төлеумен байланысты ақпарат алмасудың технологиялық регламенттері бекітілгенге дейін, мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, бір-біріне, сондай-ақ Комиссияға, Комиссия бекіткен нысан бойынша осы Хаттаманың 48-тармағында көрсетілген ақпаратты ұсынады.

52. Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары, сондай-ақ Комиссия осы бөлімге сәйкес алынған ақпаратты заңсыз таралудан қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдайды.

Мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары көрсетілген ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалар тобын шектеуді, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес оның қорғалуын қамтамасыз етеді.

Комиссия осы Хаттаманың 54-тармағын іске асыру мақсатында осы бөлімге сәйкес алынған ақпаратты пайдаланады.


VІ. Мониторинг және бақылау
53. Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Ресей Федерациясының Есеп палатасы бірлескен бақылау іс-шаралары шеңберінде, мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының осы Хаттаманың ережелерін сақтауларын жыл сайын тексереді.

54.  Комиссия Үкіметаралық Кеңеске кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу туралы жылсайынғы есепті ұсынады.

55. Комиссияның шешімі бойынша мүше мемлекеттердің уәкілетті, кедендік және өзге де мемлекеттік органдары қызметкерлерінен, мүше мемлекеттердің келіп түскен кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу тәртібін сақтауларын бақылау үшін (аудит) тартылған өзге де мамандардан тұратын арнайы комитет құрылуы мүмкін.

________________

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 6 ҚОСЫМША



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет