Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт



бет29/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45

салықтар алу тәртібі

      28. Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтар салу жұмыстарды, қызметтерді (осы Хаттаманың 31-тармағында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда) өткізу орны болып танылатын мүше мемлекетте жүзеге асырылады.


      Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық базасы, жанама салықтардың мөлшерлемелері, оларды салу тәртібі мен салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату), егер осы бөлімде өзгеше белгіленбесе, аумағы жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылатын мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.
      29. Мүше мемлекеттің аумағы, егер:
      1) жұмыстар, қызметтер осы мүше мемлекеттің аумағындағы жылжымайтын мүлікпен тікелей байланысты болса жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.
      Осы тармақшаның ережесі жылжымайтын мүлікті жалға алу, жалға беру және өзге де негіздерде пайдалануға беру жөніндегі қызметтерге қатысты да қолданылады;
      2) жұмыстар, қызметтер осы мүше мемлекеттің аумағындағы жылжымалы мүлікпен, көлік құралдарымен тікелей байланысты болса;
      3) мәдениет, өнер, оқыту (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласындағы қызметтер осы мүше мемлекеттің аумағында көрсетілсе;
      4) осы мүше мемлекеттің салық төлеушісі:
      консультациялық, заң, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік қызметтерді, ақпаратты өңдеу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстарды;
      ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды және дерекқорларды (есептеуіш техникасы бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдерін) әзірлеу, осындай бағдарламалар мен дерекқорларды бейімдеу және түрлендіру, сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды, қызметтерді;
      егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істеген жағдайда, персонал беру жөніндегі қызметтерді сатып алса жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.
      Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ:
      патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды куәландыратын өзге де құжаттарды, сауда мараларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну;
      көлік құралдарын жалға беруді, олардың лизингін және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, оның лизингі және өзге де негіздерде пайдалануға беру;
      осы тармақшада көзделген жұмыстарды, қызметтерді орындау үшін шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушы үшін өзінің атынан тартатын тұлғаның не шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан басқа тұлғаның қызмет көрсетуі кезінде қолданылады;
      5) егер осы тармақтың 1 - 4-тармақшаларында өзгеше көзделмесе, осы мүше мемлекеттің салық төлеушісі жұмыстарды орындаса, қызметтерді көрсетсе, жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.
      Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын жалға беру, лизинг  және өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.
      30. Жұмыстарды, қызметтерді өткізу орнын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
      мүше мемлекеттердің салық төлеушілері жасасқан, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);
      жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжаттар;
      мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар.
      31. Бір мүше мемлекеттің аумағына екінші мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін, кейіннен басқа мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу өнімдері түрінде әкетілетін алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды өткізу кезінде ҚҚС салу тәртібі мен олардың төленуін бақылауды қамтамасыз ету, егер осы бөлімде өзгеше белгіленбесе, осы Хаттаманың II бөліміне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте ҚҚС бойынша салықтық база алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі орындалған жұмыстардың құны есебінде айқындалады.
      32. Осы Хаттаманың 31-тармағында көрсетілген жұмыстарды өткізу бойынша ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемесін қолдану негізділігін растау үшін салық органдарына салық декларациясымен бір мезгілде мынадай құжаттар (олардың көшірмелері) қағаз жеткізгіште:
      1) мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарт (келісімшарт);
      2) жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын құжаттар;
      3) осы Хаттаманың 31-тармағында көрсетілген тауарларды әкелуді (әкетуді) растайтын құжаттар;
      4) өтініш (мүше мемлекеттердің салық органдарының қалауы бойынша қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмелері) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе салық төлеушінің электронды қолтаңбасымен (электрондық-цифрлық) электронды түрде тапсырылады.
      Өтініштер тізбесі осы Хаттаманың 4-тармағы 3-тармақшасында белгіленген тәртіппен ұсынылады.
      Одақтың шегінен тыс жерлерге алыс-беріс шикізаттың қайта өңдеу өнімдері әкетілген жағдайда салық органына өтініш (өтініштер тізбесі) ұсынылмайды.
      Бір мүше мемлекеттің аумағынан алыс-беріс шикізаттың қайта өңдеу өнімдерін екінші мүше мемлекеттің аумағына әкетілген және екінші мүше мемлекеттің аумағындағы еркін кедендік аймақта немесе бос қоймаға кедендік рәсімдермен орналастырған жағдайда, осындай тауарлардың еркін кедендік аймақта немесе бос қоймаға кедендік рәсімдермен орналастырылуына сәйкес бірінші мүше мемлекеттің салық органына өтініштің (өтініштер тізбесінің) орнына екінші мүше мемлекеттің кеден органы куәландырған кедендік декларацияны тапсырады;
      5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін Одақтан тысқары әкетуді растайтын кеден декларациясы;
      6) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құжаттар ұсынылады.
      Осы тармақтың 4-тармақшасының 1, 2, 3, 5, 6-тармақшаларында және төртінші абзацында көзделінген құжаттар мүше мемлекеттердің салық органдарының нормативтік құқықтық актілерінде немесе мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен электронды түрде ұсынылуы мүмкін. Көрсетілген құжаттардың пішімі мүше мемлекеттердің салық органдарының немесе мүше мемлекеттердің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
      Егер салық декларациясымен бір мезгілде ҚҚС-тың нөлдік мөлшерлемелерін қолданудың негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы аумағында өңдеу жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің заңнамасынан туындаса, осы тармақта көзделген өтінішті (өтініштер тізбесін) қоспағанда, құжаттар салық органына ұсынылмайды.
      33. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы бөліммен реттелетін жұмыстардың, қызметтердің бірнеше түрлерін орындаған, көрсеткен жағдайда және бір жұмыстарды, қызметтерді өткізу басқа жұмыстардың, қызметтердің өткізілуіне қатысты қосалқы сипатта болған жағдайда, онда негізгі жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны қосалқы жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны болып танылады.

Еуразиялық экономикалық


одақ туралы шартқа 
№ 19 ҚОСЫМША   

Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы


ХАТТАМА

I. Жалпы ережелер



      1. Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың (бұдан әрі - Шарт) XVIII бөліміне сәйкес әзірленген және оның қолданылу ерекшеліктерін, екі және одан көп мүше мемлекеттердің аумағындағы трансшекаралық нарықтарда (бұдан әрі - трансшекаралық нарық), бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл санкцияларын Комиссияның мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимылын қоса алғанда, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін, бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы қағидаттарын айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеуді енгізу және мүше мемлекеттердің оны енгізу туралы шешімдерін даулау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Шартта пайдаланылатын, сондай-ақ Шарттың XVIII бөлімінің мақсаттары үшін келесі терминдер мынаны білдіреді:
      1) «сатылас келісім» - бірі тауарды сатып алатын немесе оның әлеуетті сатып алушысы болып табылатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның әлеуетті сатушысы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасындағы келісім;
      2) «өзара алмастырылатын тауарлар» - өзінің функционалдық арналымы, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы және басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын, осылайша сатып алушы тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) бір тауар екіншісімен шынымен алмастырылатын немесе алмастыруға дайын болатын тауарлар;
      3) «мемлекеттік бағалық реттеу» - мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бағалар (тарифтер), бағаларға (тарифтерге) үстемелер, ең жоғарғы немесе ең төменгі бағалар (тарифтер), бағаларға (тарифтерге) ең жоғарғы немесе ең төменгі үстемелерді мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілеуі;
      4) «мемлекеттік немесе муниципалды преференция» - мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының көрсетілген органдардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдардың немесе ұйымдардың жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) мемлекеттік немесе муниципалдық мүлікті, азаматтық құқықтардың өзге де объектілерін беру жолымен немесе мүліктік жеңілдіктер, мемлекеттік немесе муниципалдық кепілдіктер беру жолымен оларға қызметтің аса тиімді жағдайларын қамтамасыз ететін артықшылықтарды беруі;
      5) «тұлғалар тобы» - мынадай белгілердің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы:
      егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға өзінің осы шаруашылық қоғамға (серіктестікке, шаруашылық әріптестікке) қатысу күші болса немесе алынған, оның ішінде жазбаша келісім негізінде басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы шаруашылық қоғамның (серіктестіктің, шаруашылық әріптестіктің) жарғылық (қалыптаспа) капиталындағы дауыс беру акцияларына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50 пайызынан астамына ие болса, шаруашылық қоғам (серіктестік, шаруашылық әріптестік) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
      егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) жеке-дара атқарушы органының функциясын жүзеге асырса, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
      егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) құрылтай құжаттары немесе осы шаруашылық жүргізуші субъектісімен (нарық субъектісімен) жасалған шарттар (келісімдер) негізінде осы шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) орындау үшін міндетті тапсырмалар беруге құқылы болса, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;
      алқалық атқарушы органның және (немесе) директорлар кеңесінің (байқаушы кеңестің, қор кеңесінің) сандық құрамының 50 пайыздан астамын белгілі бір жеке тұлғалар құрайтын шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері);
      жеке тұлға, оның жұбайы-зайыбы, ата-аналары (оның ішінде бала асырап алушылар), балалары (оның ішінде асырап алынғандар), аға-інілері мен апа-сіңлілері;
      тұлғаның әрқайсысы осы тармақтың екінші - алтыншы абзацтарында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша сол бір ғана тұлғамен топқа кіретін, сондай-ақ басқа да тұлғалар осындай тұлғалардың кез келгенімен осы тармақтың екінші - алтыншы абзацтарында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша топқа кіретін тұлғалар;
      егер тұлғалар өзінің осы шаруашылық қоғамға (серіктестікке) бірлесіп қатысуына орай немесе басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы шаруашылық қоғамның (серіктестіктің, шаруашылық әріптестіктің) жарғылық (қалыптаспа) капиталындағы дауыс беру акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50 пайызынан астамына ие болса, осы тармақтың екінші - жетінші абзацтарында көрсетілген қандай да бір белгілер бойынша бір тұлғалар тобына кіретін шаруашылық қоғам (серіктестік, шаруашылық әріптестік), жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
      Тұлғалар тобы біртұтас шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) ретінде қарастырылады, ал Шарттың XVIII бөлімінің және осы хаттаманың шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) қатысты ережелері, осы Хаттамада көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлғалар тобына қолданылады.
      Мүше мемлекеттердің заңнамасында мүше мемлекеттер аумағында бәсекелестік (монополияга қарсы) саясатты іске асыру мақсатында «тұлғалар тобы» деген ұғымның нақтылануы, оның ішінде бір тұлғаның акцияларын (үлестерін) екінші тұлғаның жарғылық (қалыптаспа) капиталында иелік ету (қатысу) мөлшерінің мәні бөлігінде нақтылануы мүмкін, мұндай кезде тұлғалар тобы мұндай иелік етуді (қатысуды) таниды;
      6) «кемсітушілік шарттары» - осы Шартта және/немесе барлық мүше мемлекеттердің басқа да халықаралық шарттарында көзделген талаптарды, шектеулерді және ерекшеліктерді ескере отырып, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) екінші шаруашылық жүргізуші субъектімен (нарық субъектісімен) немесе басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілермен (нарық субъектілерімен) салыстырғанда тең емес жағдайға қойылған кезде тауар нарығына кіру шарты, тауарларды өндіру, айырбастау, тұтыну, сатып алу, сату, өзге де беру шарттары;
      7) «үстем жағдай» - тиісті тауар нарығында осындай шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) (тұлғалар тобына) не осындай шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) (тұлғалар топтарына) тиісті тауар нарығында тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі шешуші ықпал етуге және (немесе) осы тауар нарығынан басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді (нарық субъектілерін) жоюға және (немесе) басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) осы тауар нарығына кіруін қиындатуға мүмкіндік беретін белгілі бір тауар нарығындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) не шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар топтарының) жағдайы;
      8) «бәсекелестік» - шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) әрқайсысының дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты тәртіппен ықпал ету мүмкіндігі жойылатын немесе шектелетін жарыспалылығы;
      9) «құпия ақпарат» - мүше мемлекеттердің заңнамаларына  сәйкес мемлекеттік құпияға (мемлекеттік құпияларға) жататын ақпаратты қоспағанда, мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерімен қорғалатын ақпараттың барлық түрі;
      10) «экономикалық қызметті үйлестіру» - шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) іс-қимылдарын мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ешбірімен бір тұлғалар тобына кірмейтін және шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) келісілген іс-қимылдары жүзеге асырылатын тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғамен келісу;
      11) «жанама бақылау» - араларында тікелей бақылау бар заңды тұлға немесе бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімді заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі;
      12) «монополиялық жоғары баға» - егер осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан, Одақ немесе оның шегінен тыс жерлердегі аумақта мұндай нарық болған кезде тауарды сатып алушылар немесе сатушылар құрамы, тауар айналымының шарттары, тауар нарығына кіру шарттары, салық салу және кедендік-тарифтік реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу бойынша тауар нарығындағы (бұдан әрі - салыстырмалы тауар нарығы) бәсекелестік жағдайларда қалыптасқан бағадан асып кетсе, үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) белгілеген баға. Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған осындай тауар тарифі шегінде табиғи монополия субъектісі белгілеген баға монополиялық жоғары баға болып танылмайды;
      13) «монополиялық төмен баға» - егер осы баға нақты немесе осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан төмен және Одақ немесе оның шегінен тыс жерлердегі аумақта мұндай нарық болған кезде салыстырмалы тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайда қалыптасқан бағадан төмен болса, үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) белгілеген баға;
      14) «жосықсыз бәсеке» - мүше мемлекеттердің заңнамасына іскерлік айналым дәстүріне, қайырымдылық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келетін және басқа бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) (тұлғалар тобының) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) (тұлғалар топтарының) кәсіпкерлік қызметтегі артықшылықтарды иеленуге бағытталған кез келген әрекеттері;
      15) «бәсекелестікті шектеу белгілері» - тауар нарығында бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) санын қысқарту, тауар нарығында тауар айналымының өзге де жалпы жағдайларының тиісті өзгерістеріне байланысты емес тауар бағаларының өсуі немесе төмендеуі, бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы дербес әрекеттерден бас тартуы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) арасындағы келісіммен немесе олардың орындауы үшін міндетті өзге тұлғаның нұсқауларына сәйкес не бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы өз әрекеттерін келісу нәтижесінде тауар нарығында тауар айналымының жалпы жағдайларын айқындау, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектілеріне) бір жақты тәртіппен тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайларына әсер етуге мүмкіндік беретін өзге де мән-жайлар;
      16) «тікелей бақылау» - заңды немесе жеке тұлғаның мынадай бір немесе бірнеше іс-қимылдар:
      оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;
      заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;
      заңды тұлғаның жарғылық (қалыптаспа) капиталын құрайтын акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50-ден астам пайызына иелік ету арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі;
      17) «келісім» - құжатта немесе бірнеше құжатта қамтылған жазбаша нысандағы уағдаластық, сондай-ақ ауызша нысандағы уағдаластық;
      18) «тауар» - сатуға, айырбастауға және айналымға өзге де енгізуге арналған азаматтық құқықтар объектісі (оның ішінде жұмыс, қаржы қызметін қоса алғанда, көрсетілетін қызмет);
      19) «тауар нарығы» - экономикалық, техникалық немесе өзге мүмкіндіктерге не орындылықты негізге ала отырып, шекараларында (оның ішінде географиялық) сатып алушы тауар сатып ала алатын және мұндай мүмкіндік не орындылық оның шегінен тыс жерлерде жоқ, басқа тауармен алмастырылмайтын немесе бірін-бірі алмастыратын тауар айналымының саласы;
      20) «шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі)» - өзіне табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым, коммерциялық емес ұйым, дара кәсіпкер, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кәсіби табыс әкелетін қызметі мемлекеттік тіркелуге және (немесе) лицензиялануға жататын жеке тұлға;
      21) «экономикалық шоғырлану» - мәмілелер, жүзеге асырылуы бәсекелестіктің жай-күйіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін өзге де әрекет.
      3. Шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайы мынадай мән-жайларды талдауды негізге ала отырып, белгіленеді:
      1) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үлесі  және оның бәсекелестері мен сатып алушыларының үлестерімен арақатынасы;
      2) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) біржақты тәртіппен тауар бағасының деңгейін айқындау және тиісті тауар нарығында тауар өткізудің жалпы жағдайына шешуші ықпал ету мүмкіндігі;
      3) тауар нарығына кіру үшін экономикалық, технологиялық, әкімшілік немесе өзге де шектеулердің болуы;
      4) жұмыс істеу кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) тауар нарығында тауар айналымының жалпы жағдайына шешуші ықпал ету мүмкіндігі.
      4. Мүше мемлекеттердің заңнамасында шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайын танитын өзге де (қосымша) шарттар белгіленуі мүмкін.
      Трансшекаралық нарықтағы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайын Комиссия бекітетін Трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне сәйкес Комиссия белгілейді.

II. Келісімдер мен алып қоюға жол берушілік

      5. Шарттың 76-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген келісімдер, сондай-ақ Шарттың 76-бабының 3-тармағында белгіленген салдарларға әкеп соғуы мүмкін бірлескен қызмет туралы шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) келісімдері, егер олар шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) осы келісімдердің мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болып табылатын шектеулер қоймаса және тиісті тауар нарығында бәсекелестікті жою үшін мүмкіндік жасамаса және егер шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) мұндай келісімдер өз нәтижесінде:
      1) тауарлар өндіруді (өткізуді) жетілдіруге немесе техникалық (экономикалық) прогреске ынталандыруға не әлемдік тауар нарығында мүше мемлекеттердің тауар өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
      2) тиісті тұлғалардың мұндай іс-қимылдарды жасаудан иеленетін артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлігін тұтынушылардың алуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін деп дәлелдесе жарамды деп танылуы мүмкін.
      6. Егер:
      1) мұндай келісім коммерциялық концессияның шарттары болып табылса;
      2) мұндай келісімнің қатысушысы болып табылатын, «сатылы» келісімнің нысанасы болып табылатын әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үлесі тауардың тауар нарығында 20 пайыздан аспаса, «сатылы» келісімге жол беріледі.
      7. Шарттың 76-бабының 3 — 6-тармақтарының ережелері, мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) бірінің оларды бір уақытта орындауына жол берілмейтін қызмет түрлерін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші нарық субъектілері (нарық субъектілері) арасындағы келісімдерді қоспағанда, егер бір шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) екінші шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) қатысты тікелей немесе жанама бақылау белгілеген болса не егер мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) бір тұлғаның тікелей немесе жанама бақылауында болса, бір тұлғалар тобына кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы келісімге қолданылмайды.

III. Бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау



      8. Мүше мемлекеттердің аумағында шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің), сондай-ақ мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын жеке тұлғаларының және коммерциялық емес ұйымдарының Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесуді мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жүзеге асырады.
      9. Жолын кесу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансшекаралық қаржы нарықтарында бәсекелестікке теріс әсер ететін бұзушылықтарды қоспағанда, егер мұндай бұзушылық трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болса, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің), сондай-ақ мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын жеке тұлғаларының және коммерциялық емес ұйымдарының Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың жолын кесуді Комиссия жүзеге асырады.
      10. Комиссия:
      1) трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылу белгілерінің болуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарайды, сондай-ақ қажетті тергеп-тексерулерді жүргізеді;
      2) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің), мүше мемлекеттердің билік органдарының, жеке тұлғалардың өтініштері негізінде немесе өз бастамасы бойынша трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін, Шарттың 76-бабында белгіленген бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы іс қозғайды және қарайды;
      3) ұйғарымдар шығарады, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) орындауы үшін міндетті, оның ішінде Шарттың XVIII бөлімінде және осы Хаттамада көзделген жағдайларда мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) айыппұл санкцияларын қолдану туралы, бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуын тоқтатуға, олардың бұзылушылықтарының салдарын жоюға, бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар жасау туралы, бәсекелестіктің пайда болуына кедергі болып табылатын және (немесе) Шарттың XVIII бөлімінде  және осы Хаттамада көзделген жағдайларда трансшекаралық нарықта бәсекелестікті шектеуге, жоюға және бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына алып келуі мүмкін іс-қимылдарға жол бермеу туралы шешімдер қабылдайды;
      4) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдарынан немесе ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын сақтауға бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты, оның ішінде құпия ақпаратты сұратады және алады;
      5) жыл сайын, 1 маусымнан кешіктірмей Жоғары кеңеске трансшекаралық тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және ондағы бәсекелестіктің жалпы қағидалары бұзылуының жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы жылдық есепті жібереді және мақұлданған есепті Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтына орналастырады;
      6) бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау жөніндегі шешімдерді Одақтың Интернет желісіндегі ресми сайтына орналастырады;
      7) Шарттың XVIII бөлімінің және осы Хаттаманың ережелерін іске асыру үшін қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      11. Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібін, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы тергеп-тексерулерді жүргізу тәртібін, сондай-ақ трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібін Комиссия бекітеді. Бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылғаны туралы істерді қарау мақсаттары үшін Комиссия жүргізген бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері, құпия ақпаратты қоспағанда, істі қарау нәтижелері бойынша қабылданатын Комиссия шешіміне қосылуға тиіс.
      Сондай-ақ Шарттың XVIII бөлімінің ережелерін және осы Хаттаманы іске асыру үшін қажетті, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсаттары үшін Комиссия:
      бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесін;
      монополиялық жоғары (төмен) бағаларды айқындау әдістемесін;
      айыппұлды есептеу және салу тәртібінің әдістемесін;
      экономиканың әртүрлі салаларында бәсекелестіктің жалпы қағидаларын қолдану ерекшеліктерін (қажет болған жағдайда);
      Комиссияның және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара (оның ішінде ақпараттық) іс-қимыл жасау тәртібін бекітеді.
      12. Шарттың 76-бабында белгіленген трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы тергеп-тексерулердің жүргізілуін қамтамасыз ету және іс материалдарын дайындау үшін Комиссияда тиісті құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі) жұмыс жасайды.
      13. Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы тергеп-тексерулерді жүргізу, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау кезінде Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдарынан немесе ұйымдарынан, заңды және жеке тұлғалардан өтініштерді (материалдарды) қарау, тергеп-тексеру жүргізу, істі қарау үшін қажетті ақпаратты сұратады.
      Мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері), коммерциялық емес ұйымдары, мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдар немесе ұйымдар (олардың лауазымды адамдары), жеке тұлғалар Комиссияның сұрау салуы бойынша белгіленген мерзімде өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес Комиссияға қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді, түсіндірмелерді Комиссияға беруге міндетті.
      14. Айыппұл салу туралы Комиссия шешімі, Комиссияның бұзушыға белгілі бір әрекеттер жасауды міндеттейтін шешімдері атқару құжаттары болып табылады және органдардың соттың мәжбүрлеп орындату актілерін, аумағында құқық бұзушылық жасаған шаруашылық субъектісі (нарық субъектісі), шаруашылық субъектісі (нарық субъектісі) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйым тіркелген немесе аумағында құқық бұзушы жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын мүше мемлекеттердің басқа да органдары мен лауазымды адамдарының актілерін орындауы тиіс.
      Бәсекелестік саласындағы Комиссияның актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктері) Одақ Сотының статутында (Шартқа № 2 қосымша) көзделген тәртіппен, осы Шарттың ережелері ескеріле отырып, Одақ Сотында айтылады.
      Одақ Соты Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылғаны туралы іс бойынша шешіміне шағым жасау туралы арызды іс жүргізуге қабылдаған жағдайда, Комиссия шешімінің қолданысы Одақ Сотының шешімі заңды күшіне енген күнге дейін тоқтатыла тұрады.
      Одақ Соты Комиссияның трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылғаны туралы іс бойынша шешіміне шағым жасау туралы арызды мәселені сотқа дейінгі тәртіппен шешу үшін арыз иесінің Комиссияға алдын ала жүгінуінсіз қарауға қабылдайды.
      15. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) мүше мемлекеттердің қолданыстағы процестік заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттердің сот органдарында айтылады.

IV. Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет