Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт


бұзғаны үшін Комиссия салатын айыппұл санкциялары



бет30/45
Дата13.06.2016
өлшемі3.03 Mb.
#131251
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45

бұзғаны үшін Комиссия салатын айыппұл санкциялары

      16. Комиссия бекіткен айыппұлды есептеу және салу тәртібі әдістемесіне сәйкес Комиссия Шарттың 76-бабында көзделген трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ Комиссияға оның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) уақтылы бермегені үшін немесе көрінеу анық емес мәліметтерді (ақпаратты) бергені үшін мынадай мөлшерлерде айыппұлдар салады:


      1) Шарттың 76-бабының 2-тармағына сәйкес жол берілмейтін жосықсыз бәсеке лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге 20 000-нан 110 000-ға дейін Ресей рублі; заңды тұлғаларға 100 000-нан 1 000 000-ға дейін Ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) Шарттың 76-бабының 3-5-тармақтарына сәйкес жол берілмейтін келісімдерді жасауы, сол сияқты оған қатысуы лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге 20 000-нан 150 000-ға дейін Ресей рублі мөлшерінде, заңды тұлғаларға нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының бір жүзден он бес жүздікке дейінгі мөлшерде не нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының барлық тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу шығыстары сомасының, бірақ құқық бұзушының барлық тауарларды (жұмысты, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының бір бес ондық жиынтық мөлшерінен көп емес және 100 000 Ресей рублінен кем емес мөлшерінде, ал егер нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсімінің сомасы құқық бұзушының барлық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсім сомасының жиынтық көлемінің 75 пайызынан асқан жағдайда - нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының үш мыңдықтан үш жүздікке дейінгі мөлшерде не нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу шығыстары сомасының мөлшерінде, бірақ 100 000 Ресей рублінен кем емес құқық бұзушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының елуден бір жиынтық мөлшерінен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3) шаруашылық жүргізуші субъектілердің Шарттың 76-бабының 6-тармағына сәйкес жол берілмейтін экономикалық қызметті үйлестіруі жеке тұлғаларға - 20 000-нан 75 000-ға дейін Ресей рублі мөлшерінде, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге - 20 000-нан 150 000-ға дейін Ресей рублі мөлшерінде, заңды тұлғаларға - 200 000-нан 5 000 000-ға дейін Ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4) тауар нарығында үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайды теріс пайдаланды деп танылатын және Шарттың 76-бабының 1-тармағына сәйкес жол берілмейтін іс-қимылдарды жасауы лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге 20 000-нан 150 000-ға дейін Ресей рублі мөлшерінде, заңды тұлғаларға нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының бір жүзден он бес жүздікке дейінгі мөлшерінде не нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу шығыстары сомасының, бірақ құқық бұзушының барлық тауарларды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсім сомасының бір бес ондық жиынтық мөлшерінен көп емес және 100 000 Ресей рублінен кем емес мөлшерінде, ал егер нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсімінің сомасы құқық бұзушының барлық тауарларды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсім сомасының жиынтық көлемінің 75 пайызынан асқан жағдайда - нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының үш мыңдықтан үш жүздікке дейінгі мөлшерде не нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу шығыстары мөлшерінде, бірақ 100 000 Ресей рублінен кем емес мөлшерінде, құқық бұзушының тауар (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының елуден бір жиынтық мөлшерінен аспайтын айыппұл салуға әкеп соғады.
      5) Комиссияға Шарттың XVIII бөлімінде және осы Хаттамада көзделген мәліметтерді (ақпаратты) бермеу немесе уақтылы бермеу, оның ішінде Комиссияның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) бермеу, сол сияқты Комиссияға көрінеу анық емес мәліметтер (ақпарат) беру жеке тұлғаларға 10 000-нан 15 000-ға дейінгі Ресей рублі мөлшерінде, лауазымды адамдарға және дара кәсіпкерлерге 10 000-нан 60 000-ға дейінгі Ресей рублі мөлшерінде, заңды тұлғаларға 150 000-нан 1 000 000-ға дейінгі Ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Осы Хаттамада шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілері) жеке-дара атқарушы органдарының өкілеттіктерін жүзеге асыратын, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйым басшыларын лауазымды адам деп түсіну керек. Осы Хаттаманың мақсаттары үшін трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін, қызметі мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге және (немесе) лицензиялануға жататын, кәсіптік кіріс әкелетін жеке тұлғалар лауазымды адамдар сияқты жауаптылықта болады.
      17. Осы Хаттаманың 16-тармағының 1-5-тармақшаларында көзделген айыппұлдар аумағында құқық бұзушылық жасаған заңды тұлға тіркелген не аумағында құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын мүше мемлекеттің бюджетіне аударылуға тиіс.
      18. Осы Хаттаманың 16-тармағында көзделген айыппұлдарды шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері), жеке тұлға немесе шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) болып табылмайтын коммерциялық емес ұйым осы Хаттамада көзделген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзған шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) немесе жеке тұлға, коммерциялық емес ұйым қай мүше мемлекеттің аумағында тіркелсе, сол мүше мемлекеттің ұлттық валютасында, Комиссияның айыппұл салу туралы шешім қабылдаған күніне көрсетілген мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген бағамы бойынша төлейді.
      19. Комиссияға Шарттың 76-бабына сәйкес жол берілмейтін келісімді жасағаны туралы ерікті түрде мәлімдеген тұлға (тұлғалар тобы) жиынтығында мынадай талаптарды орындаған кезде:
      тұлға өтініш берген сәтте Комиссияда жасалған құқық бұзушылық туралы мәліметтер мен құжаттар болмаса;
      тұлға Шарттың 76-бабына сәйкес жол берілмейтін келісімге қатысудан немесе одан әрі қатысудан бас тартса;
      ұсынылған мәліметтер және құжаттар құқық бұзушылық оқиғаларын белгілеу үшін жеткілікті болып табылса, осы Хаттаманың 16-тармағының 2-тармақшасында көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықтан босатылады.
      Осы тармақта көзделген барлық шарттарды бірінші орындаған тұлға жауаптылықтан босатылуға жатады.
      20. Осы Шарттың 76-бабына сәйкес жол берілмейтін келісімді жасаған бірнеше тұлға атынан бір мезгілде берілген өтініш қарауға жатпайды.
      21. Осы бөлімде белгіленген, трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл мөлшерлері нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу сомасынан немесе құқық бұзушының тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу шығыстары сомасын ескере отырып, заңды тұлғаларға салынатын және есептелетін
айыппұлдарды қоспағанда, Жоғары кеңес шешімімен өзгеруі мүмкін.

V. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы



      22. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы Шарттың XVIII бөлімін және осы Хаттаманы мақсатында шеңберінде ақпарат беру туралы хабарлама, сұрау салулар, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы сұрау салулар мен тапсырмалар жіберу, ақпарат алмасу, мүше мемлекеттердің құқық қолдану практикасын үйлестіру, сондай-ақ мүше мемлекеттердің бірінің сұрау салуы бойынша құқық қолдану қызметін жүзеге асыру жолымен құқық қолдану қызметі шеңберінде жүзеге асырылады.
      Көрсетілген өзара іс-қимылды мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының орталық аппараттары жүзеге асырады.
      23. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары екінші мүше мемлекеттің уәкілетті органын, егер оның құқық қолдану қызметі екінші мүше мемлекеттің бәсекелестікті қорғау саласындағы мүдделерін қозғауы мүмкін екендігі белгілі болған жағдайда, хабардар етеді.
      24. Екінші мүше мемлекеттің бәсекелестікті қорғау саласындағы мүдделерін қозғауы мүмкін құқық қолдану қызметі деп мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының:
      1) екінші мүше мемлекеттің құқық қолдану қызметіне қатысы бар;
      2) бәсекелестікке қарсы әрекеттерге қатысты (бірігу немесе сатып алу жөніндегі мәмілелерді және өзге де әрекеттерді жасауды қоспағанда), оның ішінде екінші мүше мемлекеттің аумағында жүзеге асырылатын;
      3) мәміле тарапының біреуі немесе мәміленің бір немесе бірнеше тараптарын бақылайтын немесе олардың кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын өзгеше түрде айқындайтын тұлға екінші мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген немесе құрылған тұлға болып табылатын мәмілелерге (өзге де әрекеттерге) қатысты;
      4) бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету шеңберінде жүзеге асыруды талап ететін немесе екінші мүше мемлекеттің аумағында қандай да бір әрекеттерге тыйым салатын мәжбүрлеп ықпал ету шараларын қолданумен байланысты қызметі түсініледі.
      25. Мәмілелер (өзге де әрекеттер) туралы хабарламалар:
      1) хабарлаушы мүше мемлекеттің уәкілетті органы мәмілені қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен кешіктірмей;
      2) мәміле бойынша шешім қарау мерзімі ұзартылмай қабылданған жағдайда - оны мәміле бойынша шешім қабылдаған күннен кешіктірмей, хабарланушы мүше мемлекетке мәміле жөнінде өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақылға қонымды мерзімде жіберіледі.
      26. Екінші мүше мемлекеттің пікірін назарға алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында осы Хаттаманың 24-тармағының 1, 2 және 4-тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша хабарламалар осы мүше мемлекетке хабарланушы мүше мемлекеттің өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақылға қонымды мерзімді сақтай отырып, екінші мүше мемлекетке ол туралы хабарлау қажет мән-жайлар анықталған кезде істі қарау сатысында, бірақ кез келген жағдайда іс бойынша шешім қабылданғанға немесе бітімгершілік келісім жасалғанға дейін жіберіледі.
      27. Хабарлама жазбаша нысанда жіберіледі және хабарланушы мүше мемлекетке хабарлаушы мүше мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, хабарлаушы мүше мемлекеттің құқық қолдану қызметінің салдарына алдын ала талдау жүргізуге мүмкіндік беру үшін жеткілікті ақпаратты қамтуы тиіс.
      28. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, сондай-ақ тапсырмалар беру туралы сұрау салулар жіберуге құқылы.
      29. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салу мүше мемлекеттің уәкілетті органының бланкісінде жазбаша нысанда ресімделеді және мыналарды қамтуы тиіс:
      1) ақпарат сұратылатын тиісті істің нөмірін (бар болған жағдайда), құқық бұзушылықтың және өзге де оған қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипатталуын, қолданылатын заң мәтінін қоса бере отырып, сұратқан мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес іс-әрекетті заңдық саралауды;
      2) өздеріне қатысты тиісті істер қаралатын тұлғалардың, куәлардың аты, әкесінің аты және тегі, олардың тұрғылықты жері немесе болатын жері, азаматтығы, туған жері және күні, заңды тұлғалар үшін - олардың атауы және орналасқан жері (мұндай ақпарат болған кезде);
      3) құжатты табыс ету туралы тапсырмада - алушының нақты мекенжайы және табыс етілетін құжаттың атауы;
      4) ұсынылуы не орындалуы тиіс мәліметтердің және әрекеттердің тізбесі (сауалнама жүргізу үшін қандай мән-жайлар анықталуы және нақтылануы тиіс екені көрсетілуі, сондай-ақ сұрау қойылатын тұлғаға қойылатын сұрақтардың реттілігі және тұжырымы көрсетілуге тиіс).
      30. Жекелеген процестік іс-әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салу мыналарды да қамтуы мүмкін:
      1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімін көрсету;
      2) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды белгілі бір тәртіппен өткізу туралы өтінішхат;
      3) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды орындау кезінде сұрау салатын мүше мемлекеттің уәкілетті органдары өкілдеріне қатысу, сондай-ақ, егер бұл әрбір мүше мемлекеттің заңнамасына қайшы келмейтін болса, оларды орындауға қатысу мүмкіндігін беру туралы өтінішхат;
      4) сұрау салуды, тапсырманы орындаумен байланысты өзге де өтінішхаттар.
      31. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат  және құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салуға сұратқан мүше мемлекеттің уәкілетті органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды. Көрсетілген сұрау салуға немесе тапсырмаға сұрау салу немесе тапсырма мәтінінде сілтемесі бар құжаттардың қолда бар көшірмелері, сондай-ақ сұрау салуды, тапсырманы тиісінше орындау үшін қажетті өзге де құжаттар қоса берілуге тиіс.
      32. Орындалуы орындаушы мүше мемлекет үшін қосымша шығыстарды талап ететін сараптамалар және өзге процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының арасындағы алдын ала келісу бойынша жіберіледі.
      33. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары процестік құжаттарды екінші мүше мемлекеттің аумағында болатын тиісті істерге қатысушыларға пошта арқылы тікелей жібере алады.
      34. Қосымша мәліметтер алу немесе бұрынғы сұрау салуды, тапсырманы орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы қайта сұрау салуды жіберуге жол беріледі.
      35. Жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салу олар алынған күннен бастап 1 ай ішінде не мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен алдын ала келісілген өзге де мерзімде орындалады.
      Мүше мемлекеттің өзге де мемлекеттік органына немесе сұратылатын мүше мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектісіне (нарық субъектісіне) өтініш беру қажет болған жағдайда, көрсетілген мерзім мұндай өтінішті орындау уақытына ұзартылады.
      36. Сұрау салынған мүше мемлекеттің уәкілетті органы сұрау салуда, тапсырмада көрсетілген әрекеттерді жүргізеді және қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұрау салынған мүше мемлекеттің уәкілетті органы өз бастамасы бойынша сұрау салуда, тапсырмада көзделмеген, оларды орындаумен байланысты әрекеттерді жүргізуге құқылы.
      37. Сұрау салуды, тапсырманы орындау мүмкін болмаған не оларды осы Хаттаманың 35-тармағында көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салынған уәкілетті орган сұрау салған мүше мемлекеттің уәкілетті органына көрсетілген сұрау салуды, тапсырманы орындаудың мүмкін еместігі не оларды орындаудың болжамды мерзімдері туралы хабарлайды.
      38. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар және тапсырмалар беру туралы сұрау салудың орындалу практикасын зерделейді және олардың тиісінше орындалмау фактілері туралы бір-біріне хабарлайды.
      39. Мекеме дайындаған немесе куәландырған немесе осыған өкілеттігі бар лауазымды адам өз құзыретінің шегінде мүше мемлекеттердің бірінің аумағында елтаңбалық мөрмен бекемдеген құжаттар басқа мүше мемлекеттің аумағында қандай да бір арнайы куәліксіз қабылданады.
      40. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмек көрсетуден, егер сұрау салуды немесе тапсырманы орындау сұрау салынған мүше мемлекеттің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе өзге де мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін болса не оның заңнамасына қайшы келсе, бас тартылуы мүмкін.
      41. Әрбір мүше мемлекет сұрау салулар және тапсырмаларды орындаумен байланысты туындайтын шығыстарды өзі көтереді.
      Жекелеген жағдайларда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары шығыстарды жүзеге асырудың өзге де тәртібімен келісуі мүмкін.
      42. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары жекелеген процестік және өзге де әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларды орындаған кезде мыналарды:
      1) өздеріне қатысты тиісті іс жүргізілетін тұлғалардан, сондай-ақ куәгерлерден жауап алуды;
      2) іс бойынша іс жүргізу үшін қажетті құжаттарды талап етіп алдыруды;
      3) өзіне қатысты тапсырма жіберілген тұлғаның аумағын, үй-жайын, құжаттарын және заттарын қарап тексеруді (мұндай тұлғаның тұрғын-жайын қоспағанда);
      4) мемлекеттік органдардан және тұлғалардан іс бойынша іс жүргізу немесе оны қарау үшін қажетті ақпаратты алуды;
      5) тиісті іске қатысушыларға құжаттарды немесе олардың көшірмелерін табыс етуді;
      6) сараптама жасайды және өзге де іс-әрекеттерді жүргізеді.
      43. Тиісті істер бойынша процестік және өзге де әрекеттер сұрау салынған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      44. Егер сұрау салынған мүше мемлекеттің заңнамасы жекелеген процестік әрекеттерді жүргізгені үшін уәкілетті лауазымды адамдардың арнайы қаулылар шығаруын талап етсе, онда оларды шығару тапсырманың орындалу орны бойынша жүргізіледі.
      45. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының келісуі бойынша сұрау салынған мүше мемлекет аумағындағы процестік әрекеттер сұрау салынған мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес сұрау салынған мүше мемлекеттің уәкілетті органы өкілдерінің көзінше немесе қатысуымен жүргізілуі мүмкін.
      46. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары өз заңнамасының талаптарын ескере отырып:
      1) экономиканың құрылымдық қайта құру шеңберінде тауар нарықтарының жай-күйі, монополиядан арылтудың әдістері мен практикалық нәтижелері, монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу мен бәсекелестікті дамыту жөніндегі жұмыстардың әдістемесі  және тәжірибесі туралы;
      2) үстем жағдайға ие және мүше мемлекеттердің тауар нарықтарына өнім беруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың ұлттық тізілімінде қамтылған мәліметтер туралы;
      3) мүше мемлекеттердің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының бұзылуы туралы істерді қарау практикасы туралы ақпарат алмасады.
      47. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ақпарат беру
және әдістемелік көмек көрсету арқылы бәсекелестіктің (монополияға қарсы) саясат жөніндегі ұлттық заңдар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде ынтымақтастық жасайды.
      48. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы екінші мүше мемлекеттің уәкілетті органына, егер мұндай ақпарат, жіберуші мүше мемлекеттің уәкілетті органының пікірі бойынша, екінші мүше мемлекеттің уәкілетті органының құқық қолдану қызметіне қатысы бар немесе мұндай қызметіне негіз болуы мүмкін болса, өзінде бар бәсекелестікке қарсы әрекеттер туралы кез келген ақпаратты береді.
      49. Мүше мемлекеттің уәкілетті органы екінші мүше мемлекеттің уәкілетті органына қарау үшін сұрау салынған ақпарат талап етілетін істің мән-жайын баяндай отырып, тиісті ақпаратты беру туралы сұрау салу жіберуге құқылы.
      Сұрау салуды алған мүше мемлекеттің уәкілетті органы екінші мүше мемлекеттің сұрау салған уәкілетті органына, егер мұндай ақпарат олар сұрау салған мүше мемлекеттің құқық қолдану қызметіне қатысы бар деп танылса немесе мұндай қызметіне негіз болса, қолда бар ақпаратты береді.
      Сұрау салынған ақпарат мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары келіскен мерзімдерде, алайда сұрау салу келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірілмей жіберіледі.
      Алынған ақпарат тиісті сұрау салудың мақсаттары немесе консультация үшін пайдаланылады және аталған ақпаратты берген мүше мемлекеттің уәкілетті органының келісуінсіз жария етуге немесе үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
      50. Егер мүше мемлекеттің біреуі екінші мүше мемлекеттің аумағында жүзеге асырылатын бәсекелестікке қарсы әрекеттер өзінің мүдделеріне келеңсіз түрде әсер етеді деп пайымдаса, онда ол аумағында бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылатын мүше мемлекетке бұл туралы хабарлауы, сондай-ақ осы мүше мемлекетке тиісті бәсекелестікке қарсы әрекеттердің жолын кесумен байланысты тиісінше құқық қолдану әрекеттеріне бастамашылық етуді өтініп, жүгінуі мүмкін. Аталған өзара іс-қимыл мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырылады.
      Хабарламада бәсекелестікке қарсы әрекеттердің сипаттамасы  және хабарлайтын мүше мемлекеттің мүдделері үшін ықтимал салдарлар туралы ақпарат, сондай-ақ қосымша ақпарат беру туралы және хабарлаушы мүше мемлекет ұсынуға өкілетті өзге де ынтымақтастық туралы ұсыныс қамтылуы тиіс.
      51. Осы Хаттаманың 50-тармағына сәйкес хабарлама алған кезде  және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында келіссөздер жүргізілгеннен кейін (егер оларды жүргізу қажет болса) хабарлаушы мүше мемлекет хабарламада көрсетілген бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты құқық қолдану іс-қимылдарын бастаудың қажеттілігі туралы немесе бұрын басталған құқық қолдану іс-қимылдарын кеңейту туралы мәселені шешеді. Хабарлаушы мүше мемлекет хабарланатын мүше мемлекетті қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Хабарламада көрсетілген бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарға қатысты құқық қолдану әрекеттерін жүзеге асырған кезде хабарлаушы мүше мемлекет тиісті құқық қолдану әрекеттерінің нәтижелері туралы хабарланатын мүше мемлекетке хабарлайды.
      Құқық қолдану әрекеттеріне бастамашылық ету туралы мәселені шешкен кезде хабарлаушы мүше мемлекет өзінің бәсекелестік туралы заңнамасын басшылыққа алады.
      Осы Хаттаманың 50 және 51-тармақтарының ережелері хабарлаушы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген осы мүше мемлекеттің құқық қолдану әрекеттерін жүзеге асыру құқығын шектемейді.
      52. Өзара байланысты мәмілелерге (жасалатын әрекеттерге) қатысты құқық қолдану әрекеттерін жүзеге асыруда өзара мүдделілік болған жағдайда мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары құқық қолдану әрекеттерін жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл туралы уағдаласуы мүмкін. Құқық қолдану әрекеттерін жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл туралы мәселені шешкен кезде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мынадай факторларды:
      1) құқық қолдану қызметіне бағытталған материалдық және ақпараттық ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және (немесе) мүше мемлекеттердің құқық қолдану қызметін жүзеге асыру барысындағы шығындарын азайту мүмкіндігін;
      2) құқық қолдану қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға қатысты мүше мемлекеттердің мүмкіндіктерін;
      3) осындай өзара іс-қимылдың болжамды нәтижесі - өзара іс-қимыл жасаушы мүше мемлекеттердің құқық қолдану қызметінің мақсатына қол жеткізу жөніндегі мүмкіндіктерін арттыруды назарға алады.
      53. Мүше мемлекет екінші мүше мемлекетке тиісінше хабарлаған кезде осы Хаттаманың шеңберінде өзара іс-қимылды шектеуі немесе тоқтатуы және өзінің заңнамасына сәйкес екінші мүше мемлекеттен тәуелсіз құқық қолдану әрекеттерін жүзеге асыруы мүмкін.
      54. Мүше мемлекеттер, егер мұндай әрекеттер мүше мемлекеттердің тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін болса, мүше мемлекеттер заңнамасының нормаларын мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) біркелкі түрде және тең жағдайда және ұйымдық-құқықтық нысандарына және тіркелген орнына қарамастан тең шамада қолдану жолымен, сондай-ақ осы бөлімде белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасау кезінде үшінші елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) іс-қимылдарына қатысты келісілген бәсекелестік саясатты жүргізеді.
      55. Осы Хаттаманың 22 - 53-тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде ұсынылған ақпарат және құжаттар құпия сипатта болады және осы Хаттамада көзделген мақсатта ғана пайдаланылуы мүмкін. Басқа мақсаттар үшін ақпаратты пайдалану және үшінші тұлғаларға беру оларды берген мүше мемлекеттің уәкілетті органының жазбаша келісуі бойынша ғана мүмкін болады.
      56. Мүше мемлекет ақпараттың, құжаттардың және өзге де мәліметтердің, оның ішінде екінші мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді.

VI. Комиссияның және мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет