122
Шығыспен қақтығысуға шақыру ретінде қабылданды. КСРО-да Черчилльдің
фултондық сөзі жаңа әлемдік соғысты ашуға тікелей шақыру ретінде
бағаланды. Осылайша «қырғи-қабақ соғысы»
деп аталатын Батыс пен
Шығыстың қарсы тұруы басталды. Хронологиялық «қырғи-қабақ соғысы»
1946 жылдан 1991 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
Батыс елдері саясатының ажырамас бөлігі Трумэн доктринасын және
Маршалл жоспарын қабылдау болды. Ол бұл елдерде коммунистердің билікке
келуіне жол бермеу үшін, батыстық бағдарда болған Греция мен Түркияға,
400 млн. доллар көлемінде инвестицияларды беруді көздеді. Мұндай шешімді
Вашингтонда, Британия қаржы қиындықтарына байланысты Греция мен
Түркияға көмек көрсете алмайтыны туралы ағылшын әкімшілігінің
хабарлауынан кейін қабылдады. АҚШ-та Англия
Шығыс Жерорта теңізінен
кетсе, онда құрылған саяси вакуумды Кеңес Одағы толтырады деген үрей
туды. Вашингтонда Грекиядағы саяси жағдай алаңдаушылық тудырды, онда
ағылшын билігінің күштік әдістеріне қарамастан, коммунистер халықтың
үлкен қолдауына ие болды. Вашингтонның болжамы бойынша,
Грециядағы
сол күштің жеңісі Францияға және Италияға әсер етуі мүмкін. Осындай
оқиғаларды болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдау шешілді. Конгресстен
қаржылай көмек сұрай отырып, Трумэн мұны «әлемдік коммунизмді»
қақпайлау қажеттігімен негіздеді. Бұл доктрина іс жүзінде коммунизмге қарсы
«крест жорығын» жариялау еді.
«Қырғи-қабақ соғысының» басқа құрамдас бөлігі Маршаллдың жоспары
болды. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж Маршалл 1947 жылдың 5
маусымында соғыстан зардап шеккен елдерге көмек көрсету жоспары туралы
сөз сөйледі. Кеңес Одағы экономикалық көмекке жалпы принципиалдық түрде
қарсы еместігін, бірақта ол инвестиция алған мемлекеттердің
ішкі істеріне
араласу үшін пайдаланылатын болады деп қауіптенді және Маршалл
жоспарын қабылдаудан бас тартты. Оған бұл істе Шығыс Еуропа елдері
қосылды. Маршалл жоспары 16 Батыс Еуропа елдерін қамтыды. 1948 жылы
оған Батыс Германия қосылды. Маршалл жоспары 1948 жылдан 1951 жылға
дейін жұмыс істеді. Оның көмегімен батыс елдері Екінші дүниежүзілік
соғыстың дағдарыстық салдарын едәуір жеңілдетеді. Бірақ, екінші жағынан,
олардың барлығы АҚШ-тың ықпал ету саласына тартылды.
«Қырғи-қабақ соғысының» практикалық көрінісі болған - 1948-1949
жылдардағы Берлин дағдарысы. 1947 ж. қазан
айынан бастап АҚШ-та жаңа
неміс маркалары басылып шыға бастады. Батыс аймақтарындағы сепараттық
ақша реформасы және оның 1948 жылдың 23 маусымынан Берлиннің Батыс
секторларына таралуы Германиядағы жағдайды күрт шиеленістірді.
Құнсызданған валютаның үлкен ақша массасы оккупацияның кеңес аймағына
кіріп, инфляцияға және экономикаға іріткі салуға әкеп соқтыруы мүмкін
болды. Шығыс Германияның кеңестік әскери әкімшілігі қорғау шарасы
ретінде кеңестік аймаққа ескі және жаңа батысгермандық маркаларды әкелуге
тыйым салды. Германияның шығысында өз маркасы шұғыл енгізілді. 23
маусымнан 24 маусымға қараған түні кеңес әскерлері Батыс Берлиннің
123
қоршауын бастады. Батыс Берлинді электр және азық-түлікпен
жабдықтау
тоқтатылды. Батыс елдері жауап ретінде Батыс Берлиннің тұрғындарын
қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін әуе көпірін ретке келтірді.
Жеңімпаз-державалардың арасындағы басталған қарсы тұрудың нәтижесі-
1949 жылы Германияның Федеративті Республикасының (ГФР) және Герман
Демократиялық Республикасының (ГДР) Германияның аумағында екі
егеменді мемлекет құру болды. Бұл акция
Еуропаның жіктелуіне ғана емес,
бүкіл әлемнің жіктелуіне де әкелді.
Халық демократиясы елдерінің пайда болуы және Шығыс Еуропада
Кеңес Одағының ықпалының кеңеюі халықаралық өзара қарым-
қатынастардың белгілі бір жүйесін қалыптастыру қажеттігіне алып келді. Бұл
жолдағы алғашқы қадам 1949 жылдың қаңтарында Экономикалық өзара көмек
кеңесін (ЭӨК) құру болды. Оның құрылтайшылары КСРО, Болгария, Венгрия,
Польша, Румыния, Чехословакия болды. Бұл ұйымның мақсаты - оған енген
елдер арасындағы жоспарлы, тең құқылы және өзара тиімді ынтымақтастықты
және халықаралық еңбек бөлінісін дамыту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: