4 семестр
Пәннің аталуы
|
М2. Философия
|
Қысқартылған атауы
|
Филос.
|
Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖО, СӨЖ
|
Семестр
|
4 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Есиркепова Г.К., Есимова А.Е.
|
Доцент/оқытушы
|
Ф.ғ.к., доцент, аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ тілі
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Негізгі пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 30, практикалық сабақтар – 15, СӨЖО – 45, СӨЖ – 45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
3 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: Мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, өзін-өзітану, логика, психология
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Өзекті мәселелерге біртұтастық тұрғыдан қарауды қалыптастыру, әр адамда әмбебаптық және жаһандық көлемде ойлау үрдістерін қалыптастыру, студенттің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Адамның іс-әрекетінің, дүниетанымының, өмірлік мақсат, тілектерінің философиялық негіздерін анықтау. Философияның тарихы мен теориясын оқыту барысында тыңдаушы әлем мен адам, оның өзара қатынасы туралы білімдерді тереңдетіп, негізгі ұғымдармен, ілімдермен танысады.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Философия мәдениет феномені хақысында. Философияның мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниетаным және философия. Философиялық ой кешу типтері. Көне үнділік мәдениетіндегі философия. Даостық философия және Конфуцийдің ілімі. Антикалық мәдениеттегі философия. Сократ, Платон, Аристотель философиясы. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық-мұсылмандық философия. Әл-Фарабидің парасат, қоғам, ғылым, кемел адам туралы ілімдері. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық ілімі. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батысеуропалық философия. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. XX ғ. – XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия. Болмыс философиясы. Философиялық антропология. Эпистемология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Оқу-білімнің аксиологиялық аспектілері. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Глобалдық мәселелер философиясы.
Практикалық сабақтар: Мәдени-тарихи контекстегі философия. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде. Көне үнділік мәдениетіндегі діннің мәртебесі және оның философия қалыптасуы мен дамуына әсері. Көне Қытай мәдениетіндегі философия. «И цзин» шығармаларының негізгі мазмұны. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия. Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Білімдегі модельдеу. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.
|
Оқу процесінің нәтижелері / Қорытынды бақылау нәтижелері
| Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру, шығармашылық ойлау қалыптастыру, өзіндік сананы дамыту, өмірдің мәнін түсіну, биік рухани құндылықтарға баулу. |
4семестр
Пәннің аталуы
|
М11. Экономиқалық теория негіздері
|
Қысқартылған атауы
|
ЭТН.
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Мауленбердиева Г.А.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақша, орысша тілде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Негізгі пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер–15, практикалық–15, ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
2 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Студент әдебиеттерiмен, оқу құралдарымен, сөздiктермен, компьютермен жұмыс жасай бiлуi қажет.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Мақсаты- болашақ мамандарды қазiргi қоғам өмiрiнiң экономикалық проблемалары мен таныстыру, олардың мемлекетiмiздiң экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатынасу қабiлеттiгiн дамыту. Нәтижесінде студенттерге нақты бiлiм беру және экономикалық заңдар мен категориялардың iс-әрекетiн нарықтық проблемаларын шешуге пайдалана алатын, болашақтағы және ағымдағы экономикалық ситуацияларды бағалай бiлетiн өз еркiмен шешiмдер қабылдай алатын жоғары квалификациялы фундаменталды мамандар дайындау.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.
Практикалық сабақтар: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Нарық жағдайында еркiн iс-әрекет етуге баулу;нарықтық экономиканың механизмiмен таныстыру, студенттердi экономикалық талдау жасауға үйрету
|
4 семестр
Пәннің аталуы
|
М22. Клеткалық биотехнология
|
Қысқартылған атауы
|
КБ
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Саденова М.К.
|
Доцент/оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Казақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: микробиология және вирусология, биохимия
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Берілген пәнді оқытудың мақсаты студенттерге клеткалық биотехнологияның дүние жүзіндегі дамуының неғұрлым алдыңғы қатардағы, маңызды бағыттары туралы қазіргі мағлұматтарды беру, оның молекулалық биология, клеткалық және молекулалық биофизика, биохимия, молекулалық генетика, микробиология, молекулалық иммунология және биоинформатика аймағындағы жетістіктермен оның өзара байланысын көрсету. Студенттер клеткалық биотехнологияның прокариоттық және эукариоттық жүйелерде қолданылуы бойынша негіз алулары керек; клеткалық биотехнологияның қазіргі әлемдегі даму тенденциясын және оның неғұрлым келешегі мол бағыттарын білулері керек.
Компотенциялар: клеткалық биотехнологияның прокариоттық және эукариоттық жүйелерде қолданылуы бойынша іс-тәжірибе алу, қоғамның биотехнологиялық өнімдерге сұранысын анықтау, логикалық, аналитикалық және концептуальдық ойлану шеберлігін игеру.
|
Мазмұны
|
Дәрістер мазмұны: Клеткалық биотехнология ның объектілері. Клеткалық биотехнологияның дамуының этаптары және қысқаша тарихы. Геномика, протеомика және биоинформация. Биотехнологияның және биологиялық активті қосылыстар өндірісіндегі теориялық мәселелерін шешудегі клетка культурасы. Органикалық заттардың әртүрлі кластарының модификациясындағы клетка культурасы. Клетка культурасы әртүрлі биологиялық активті қосылыстардың, дәріілік заттардың, улардың, әртүрлі патогендердің және т.б. организмге, ұлпаларға және мүшелерге әсерін зерттеудің модельдік объектісі ретінде. Сомалық будандарды алудың көптүрлілігі. Гибридом алу. Моноклональды антидене және олардың медицина мен ветеринарияда қолданылуы.
Практикалық сабақтар мазмұны: Прокариоттар мен эукариоттардың геномикасының жетістіктері мен келешегі. . Протеомика- ақуыз инженериясының негізі. Клеткалық биотехнологияның дамуындағы биоинформатиканың ролі. Клеткалық биотехнологияның мәселелері мен келешегі. Клеткалық биотехнологияның қолданылу шеңбері. Гендік инженерия - клеткалық биотехнологияның практикалық негізі. Клеткалық биотехнологияның микробиологиялық жүйелерде қолданылуы. Клеткалық биотехнологияның эукариоттық жүйелерде қолданылуы. Клеткалық биотехнологияның медицинада қолданылуы. Клеткалық биотехнологияның биотехнологиялық индустрияның дамуындағы ролі.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқу және емтихан тапсыру процесінде студенттер гендік, клеткалық, ақуыз инженериясы аймағында білім негізін алуы керек; клеткалық биотехнологияның прокариоттық және эукариоттық жүйелерде қолданылуын, жетістіктерін білуі керек; клеткалық биотехнологияның қазіргі әлемдегі даму тенденциясын және оның неғұрлым келешегі мол бағыттарын білулері керек.
Бақылау формас: ағымдық,, аралық, қорытынды (емтихан)
|
4 семестр
Пәннің аталуы
|
М25.1. Биофизика
|
Қысқартылған атауы
|
Бф
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Саденова М.К.
|
Доцент/оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Казақша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 30, зертханалық – 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 180 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
4 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: Биохимия, физика, химия, математика, микробиология және вирусология.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Курстың негізгі мақсаты студенттерге биофизика пәні және ерекшеліктері жайлы, биологиялық құбылыстарға биофизикалық қадамның ерекшеліктері түсінік беру; Биофизиканың негізі заңдылықтарымен биожүйенің үйымдастырудың әр түрлі деңгейіндегі биофизикалық зерттеулердің негізделетін әдістерімен молекулалықтан бастап популяциямен аяқтай таныстыру; биофизикалық теориялық тәсілдермен таныстыру.
Компетенциялы: Биологиялық құбылыстарға биофизикалық қадам ерекшеліктері туралы, биотехнологияның әр түрлі салаларындағы теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге қажет сәйкес пәндер туралы түсінік білу, биотехнологиялық өндірісті үйымдастырудың негізгі обектілері және принциптері жайлы түсінік білу, мәселелердің техникалық құрлымын анализдеу және құрлымдау қағидалары мен әдістері, негізгі объектілері жайлы түсінік білу. Логикалық, аналитикалық және концентуальды ойлану шеберлігіне ие болу.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: Қазіргі биофизика бөлімдері: биопроцестер кинетикасы, биожүйе термодинамикасы; биопроцестерді реттеу және ақпарат теориясы; биоэлектрлік құбылыстар, биожүйелердің электр өткізгіштігі және оптикалық қасиеттері, фотобиологиялық процестер, радиациялық биофизика. Классикалық термодинамиканың негізгі заңдары. Термодинамиканың бірінші заңының биологиялық жүйелерде қолданылуы. Изопроцесстер ( изотермиялық, изобаралық, изохоралық, адиабаттық). Термодинамиканың екінші заңы. Пригожин теориемасы. Термодинамиканың екінші заңының биологиялық жүйелерде қолданылуы. Биологиялық жүйедегі реакциялардың жалпы сипаттамасы. Биохимиялық процестердің кинетикасы. Тірі клеткалардың өткізгіштігі. Өткізгіштікті зерттеу әдістері. Заттардың пассивті тасмалдануы. Диффузия. Осмост. Филтрация. Еріген заттардың клеткаға ену жолдары. Кванттық биофизика. Жарықтың жытылу заңдары. Люминестенция. Люминестенция түрлері. Хемолюминестенция және оның диоагностикалық қолданылуы. Ядроның құрлысы және маңызды қасиеттері. Ядроның байланыс энергиясы. Ядро байланысының толық энергиясы. Ядролық күш. Радиоактивтілік. Α –ыдырау, β-ыдырау. Γ-саулелену. Биоэлектрлік потенциялдар. Потенциялдардың шығу теориясы. Тыныштық және қозғалыс потенциялы. Қоздыруды. Мембраналық потенциялдың зат алмасумен байланысы. Электрлік потенциялдың тууы. Электроосмос, электрофорез, ионофорез.
Зертханалық сабақтар: Зерттеудің биофизикалық әдістері. Термодинамиканың бірінші, екінші заңының биологиялық жүйелерде қолданылуы. Гесс заңы. Биохимиялық процестер кинетикасы. Тірі клеткалардың өткізгіштігі. Фотобиологиялық процестердің негізгі түрлері. Радиоактивтілік. Биоэлектрлік потенциалдар. Электрокинетикалық құбылыстар.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Пәнді оқу және емтихан тапсыру процесінде студент биофизикалық ғылымның жаңа жетістіктерін және даму келешегін білуі керек; жалпы биофизикалық заңдылықтарды және биожүйенің динамикалық, өзіне тән ерекшеліктерін түсінуі керек; биофизиканың барлық бөлімдері бойынша фундаментальды білім алу керек.Оның жетістіктерін биотехнологияда қолдануға мүмкіндік беретін биофизикалық ойлай білу керек.
Бақылау формас: ағымдық,, аралық, қорытынды (емтихан)
|
4 семестр
Пәннің аталуы
|
М25.2. Биотехнология өндірісіндегі тіршіліктің химиялық негізі және нанотехнология
|
Қысқартылған атауы
|
БӨТХНжН
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 4
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Мамырбекова А.К.
|
Доцент/оқытушы:
|
Х.ғ.к., аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Казақша, орысша
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, таңдау компоненті
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәрістер – 30, зертханалық – 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 180 сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
4 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: биохимия, неорганикалық химия, биоорганикалық химия, жалпы генетика, жалпы биотехнология
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Пәннің мақсаты: биологиялық қызметтердің және тірі ағзалардың молекулярлық құрылымымен таныстыру, нанотехнологиядағы жаңа биотхнологиялық өндірістер әдістері мен құрылыстары туралы түсінік беру.
Компетенциялар: тіршілік негізі туралы түсінік қалыптастыру, тірі ағза молекуларының байланысын түсіндіру, олардың наноқұрылыстардың биотехнологиялық өндірістегі орны туралы мәліметтер, наножүйелердің құрылысы мен құрылымының негізгі шарттарымен таныстыру, жаңа заманға сай нанотехнологияның бағыты мен бағдары туралы түсінік қалыптастыру.
|
Мазмұны
|
Дәрістер: «Тіршілік химиясы» туралы түсінік. Ағзаның биохимиялық құрылымы. Қазіргі таңдағы биохимия және биотехнология туралы түсінік. Белок молекуласының құрамы Ақуыздардың құрылымының ерекшеліктері Нуклеин қышқылдары Генетикалық ақпаратты тасымалдау механизмі. Белок биосинтезі. Белок биосинтезінің реттелуі Зат алмасу Иммунобиотехнология. Нанотехнологияға кіріспе. Заттардың наноқұрылымдық элементтері және наноматериалдар. Наноматериалдар. наноқұрылымдар мен наноматериалдардың диагностикасы. Биохимиялық процесстерді зерттеуде және жаңа наноматериалдарды ашуда пайдаланатын жаңа технологиялар
Зертханалық сабақтар: Белоктарға және амин қышқылдарына жасалынатын сапалық реакциялар. Биологиялық объектілердегі белоктардың сандық анализін әртүрлі әдістермен анықтау (фотоэлектроколориметр, рефрактометр, титрлеу). Белоктарды тұндыру. Белоктарды бөлу және тазалау. Ферменттер. Биологиялық материалдардан ферменттерді бөлу. Ферменттердің арнайылығын оқып тану. Ферменттердің термолабильділігі. Ферменттердің активтілігіне орта рН әсері. Ферменттердің активтілігін анықтау. Нуклеин қышқылдары. Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамын анықтау. Ашытқыдан дайындалған нуклеопротеидтер гидролизаты. Пуриндік негіздерге, қантқа, фосфор қышқылына, белоктарға сапалық реакциялар. Көмірсулар: көмірсуларды анықтау, дисахаридтер, полисахаридтер. Көмірсулардың қасиетімен оқып танысу. Биологиялық материалдарда глюкозаны сандық анализбен анықтау. Липидтер: құрылымдық компоненттерін анықтау. Липидтердің физико-химиялық қасиеттрімен оқып танысу. Липидтердегі май мөлшерін анықтау (қышқылдық анализ, сабындану). Электронды микроскоп жұмысымен танысу. Сканирлеуші зондты микроскопия. Рентгеноспектралды микроанализ.Бөлшектердің ішкі жағын (РЭМ) зерттейтін электронды микроскоппен танысу. Туннельді микроскоп жұмысымен танысу.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Биопрепараттардың, нанотехнологияны пайдаланып вакциналардың дайындалуында наноматериалдардың құрылысы мен негізін және нанотехнология қасиеттері ұғымдары туралы студенттер білулері қажет.
Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).
|
Достарыңызбен бөлісу: |