Белбеуден және жеңнен ұстап орап лақтыру үшін шабуылдаушының қарсыласына оң жағымен бұрылып, оның сол аяғын орап, сол аяғын өкшесін сыртқа беріп, тізесін сәл бүгіп қарсыласының екі аяғының ортасына қойып, қарсыласының екі
34
аяғының ортасына қойып , қарсыласын өзіне қарай қысып, шалқалап құлай береді, оны кілемнен көтеріп алу керек. Бұл тірейтін аяғын тіктеу және ораған аяғын өзіне – жоғары қарай көтеріп, оңға бұрылып, қарсыласын өзінен асыра оңға қарай жауырынымен түсіру тиіс.
Тактикалық даярлық: шабуылдаушы қырқа шалып лақтыруға әрекет жасағанда қарсыласы қорғанамын деп орап лақтыруға жағдай туғызады. Омырауынан алып, оң білегін қарсыласының кеудесіне тіреп, оны солға бірсыпыра айналдыра итеру керек. Қарсыласы еңкейіп қарсы әрекет жасағанда орап лақтыру қажет.
Қорғану: аяқты орап алуға мүмкіндік бермеу, қолымен шабуылдаушының кеудесінен тіреп, оны кейін қарай итеру; егер аяғын орап алған болса, сол аяғын артқа қойып, босатып алу керек.
Қарсы амалдар: аяқпен көтермелеп, кеудеден асырып лақтыру. Қарсыласты денесінен ұстап, шалқайып, оң аяғын артқа қойып, босатып алу керек.
Қарсы амалдар: аяқпен көтермелеп, кеудеден асырып лақтыру; кеудесінен асырып лақтыру. Қарсыласты денесінен ұстап, шалқайып, оң аяғын дереу жазып, сол санымен шабуылдаушыны жоғары итеруде де бір мезгілде қолдарымен артқа – жоғары, жоғары – солға қарай жұлқып, шалқая беріп, солға барып, жауырынымен кілемге жығады өзінің оралған аяғымен қарсыласының сол аяғынан іліп құлатады.
Комбинациялар: іштен іліп – орап лақтыру, қырқы шалып лақтыру – орап лақтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |