Белбеуден және жеңнен ұстап қырқа шалу.
Шабуылға ұшыраған палуан аяқтарын айқастырғанда, алшақ қойғанда, шабуылдайтын аяғымен тұрғанда, қатты итергенде, т.с.с. жағдайда осы әдісті қолданған қолайлы. Палуан қарсыласын белбеуімен белінен ұстап, қағатын аяғының қатарына сол аяғын оның жіліншігін, санын қағуға пайдаланады. Қағып жіберісімен шабуылдаушы қарсыласын солға – алға – төмен қарай үйіреді. Бірге құлаған кезде шабуылдаушы басын лақтыратын жаққа қаратқан дұрыс.
Тактикалық даярлық: әдісті кілемнің шетінде орындағанда шабуылдаушы арқасын кілемнің ортасына беріп тұрады; қарсыласының қарсы қарсы қимылын пайдалана отырып арттан шалмақ болған жағдайда шабуылдаушы іштен қырқа шалуды пайдаланады; шабуылдаушы алдан шалу әдісін қолданғысы келгенде палуан алға аттап кетеді де, шабуылдаушы оның ілгері қойып жатқан аяғын астынан тізеден жоғары қағады.
Қорғану: аяғын шабуылдаушы созған аяқтарын алдына не артына қояды. Іштен қырқа шалудан бір жағына еңкейіп және шабуылға ұшыраған аяғын жоғары көтеріп қорғанады, қолымен шабуылдаушының белбеуіне сүйенеді, т.с.с.
Қателер: қысып ұстамайды; тірейтін аяғы қарсыласының аяғынан қашықта қалады; еңкейген бойда қақпай, кешігіп қалады.
Қарсы амалдар: астынан көтеріп лақтыру, алшақ тұрған аяғын сыртқы артқа жағынан ілу.
33
Орап лақтыру
Бұл қазақша күрестің аса қиын әдістерінің бірі . Сондықтан палуандар жақсы даярлықтан өтіп, шалқалап лақтыра алатын болулары тиіс.
Орап лақтырғанда әр аттас қолы мен белбеуінің артынан екі қолмен белбеуінің артынан екі қолмен белбеуден, аттас иығы арқылы белбеуден, жеңі мен денесінен, жоғарыдан әр аттас иығынан ұстауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |