Методикалық нұсқаулар.
Шалып , қағып , іліп , аяқпен көтермелеп , орап , көтеріп лақтыру күресушіден дәл қимылды , жинақтылықты,әр түрлі кедергіден қауіпке ұрынбай құлай білуді қажет етеді. Сондықтан жоғарыда айтылған тәсілдер мен амалдар тобын орындай алатын болуы үшін олардың арнайы жаттығулармен көп жаттығуына көп жаттығуына ерекше көңіл болу керек.
Қазақша күрес тактикасының жалпы негізі.
Қазақша күрестің тактикасы дегеніміз – палуанның техникалық жан- жақты дайындығы және ерік күші мүмкіндіктерін шебер пайдалану. Мұның өзінде жарыстардағы нақты жағдайларда қарсыласының ерекшеліктері де есепке алынады. Күрес тактикасы техникамен қоса алғанда палуанның спорттық шеберлігінің негізі болып табылады.
Техниканы ұдайы жетілдіріп байыта түсу – тактикалық шеберлікті арттырудың міндетті шарты. Егер палуан күрескен жағдайда ең болмағанда , бір жаңа әдіс қолдана алатын болса , онда соған сай оның тактикалық әрекетінің шеңбері де кеңи түседі.
Тактикалық арсеналы аз болса , палуанның мүмкіндіктері шектеулі болады , ол күрескенде тек бір әдіс түрлерін ғана меңгеріп алған спортшыға турнирлік жарыстарда жеңіске жетем деп үміттенуге болмайды. Бір белдесуге өзінің жақсы көріп қолданатын әдісін көрсетіп алғаннан кейін , оны екінші жолы қолдана қоюы едәуір қиынға түседі. Алғашқыдағыдай ол күтпеген тәсіл бола алмайды , оның ойын қарсыласы оңай біліп қояды да , қарсы айла қолданып , алдырмайды.
Қай жағынан келсе де әдіс қолдануға шебер палуан қарсыласын қиын жағдайда қалдырады , оған өзінің шын қауіпті қай жағынан төндіретінің білуге мұршасын келтірмейді. Мұны былай қойғанда , ондай спортшы шабуыл жасап жеңіске жету жолында қосымша бірқатар сәттерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Егер спортшы қандай болмасын бір амалдан қорғана алмайтын болса , оның әлсіз жерін біліп қалған қарсыласынан сөзсіз жеңіліп қалатындығын күні бұрыннан ақ айтуға болады.
Палуанның кілемге өзін Қазақша ұстауының , жеңіл қозғалуының , артық күш жұмсамай қимылдауының да маңызы бар. Егер кімде –кім кілем үстімен әр түрлі бағытта Қазақша қозғала алмайтын болса , ол әртүрлі техникалық және тактикалық тәсілдерді қолдана алмайды , шапшаң және күтпеген жерден әрекет ете алмайды.
Икемі мол , шапшаңдығы әбден жетілген спортшының күресті үнемі шиеленістіре түсуге , қарсыласының алдын орап кете беруге , оның ізің аңдып , амал қолдануға мұрша бермеуге мүмкіндік болады.
Күрес кезінде палуанның әрекетінің көбі қарсыласының қимылына қарсы әрекет болып табылады. Сондықтан спортшының терісі мен бұлшық етінің сезгіштігінің үлкен маңызы бар. Өйткені оның қарсы әрекетінің шапшаңдығы едәуір палуанның осы сезгіштік қасиетіне байланысты болады. Терісі мен бұлшық еті өте сезгіш , сонымен қатар техникасы жетілген әрі тәжірибелі болса , спортшы күрес кезінде болатын әр түрлі күтпеген жағдайларға дер кезінде әрі дәл жауап беріп , палуанның аса маңызды тактикалы құралы – қарсыласының алдын алып әрекет етеді.
Палуанның техникалық мүмкіндіктеріне оның техникалық және жан – жақты дайындығымен қатар психологиялық даярлық та әсер етеді. Батыл және инициативасы мол спортшының тактикалық айла тәсілдері де көп әрі бұрын соңды кездесе бермейтіндей болып келеді , сондай-ақ ол күрескен кезде қарсыласына өзіне ойға алғаның істесе алады. Салқындылық , төзімділік , ұстамдылық , табандылық , ерік күшінің басқа да қасиеттері палуанды күрестің қиын – қыстау кезінде жол табуға , қолайлы тактикалық вариант тандап алып , оны жүзеге асыруға қабілетті етеді.
Шамадан тыс мазасызданып , батылдығы мен табандылығынан айрылғандықтан спортшының реакциясы кешігіп қана қоймай , күшін де дұрыс мөлшерлеп жұмсай алмайды , қарсыласының жалған қимылдарына барын салып әрекет етіп , сөйтіп оның шабуылға шығуын оңайлатады. Қиындықтан жасқанатын палуан қарсыласының Қазақша бағынады да , сөйтіп , айқастың тактикалық жоспарын орындау мүмкіндігінен , олай болса алған қойған мақсатын орындап шығу мүмкіндігінен айырылады. Жағдайға қарай өзгеріп отыратын әр түрлі тактикалық спортшыдан ұдайы батылдық , белсенділік , тапқырлық , творчестволық инициатива көрсетуді талап етеді. Өйткені айқасқанда және жарыс кезінде палуанның өз бетімен әр түрлі тактикалық міндеттерді шешуге тура келеді.
Тактикалық ойлау жан – жақты ойластырылған есепке негізделуі тиіс және ол тез өсуі керек. Әсіресе , айқас кезінде ойлауға үлкен талап қойылады. Сондықтан жағдайды бағалау және шешім қабылдау кейбір эпизодтарда көп ойланбастан жүзеге асырылуы тиіс.
Техникалық аса маңызды ерекшелігі көрегендік болады. Егер палуан қарсыласының ойын тауып , оның жасуы мүмкін әрекетін
алдын ала білетін болса , мұндай спортшының бұл айқастағы техникалық және тактикалық мүмкіндіктері арта түседі де ол өзіне қолайлы жағдайда болады деп батыл айтуға болады. Қарсыласының қимылы оған белгілі болғандықтан ол мұны жығып кете алмайды. Өйткені спортшы бәсекелесінің шеберлігіндегі осал жерін пайдаланып , алдын ала қарсы амал қолданады , сөйтіп , қарсыласы күтпеген жерден шабуылдай алады.
Тактика бірқалыпты бола алмайды. Әрдайым бір түрлі қолдана беретін болса , спортшының жақсы нәтижеге жетуі қиындайды , өйткені оның қарсыласы әр уақытта қарсы амал дайындап үлгереді де , оны пайдалануға мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: |