Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы



бет24/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Методикалық нұсқаулар.

Бұл тәсілді үйренуден бұрын 3 – 4 ай бойы арнайы жаттығулар арқылы, әсіресе, арқа мен аяқты жазатын бұлшық еттердің дамуына назар аударып, палуанды әбден шынықтыру керек. Палуандар артқа құлаудан қорықпас үшін мойын омыртқалардың бұлшық еттерін жетілдіру қажет. Әуелі ыңғайлы жағынан, содан соң келесі жағына құлауды үйрену.


Еңкейіп, аяқпен көтеріп лақтыру

Бұл тәсілдер алдан шалып лақтыру тәсілдеріне бірсыпыра ұқсас. Мұнда тек аяқ кілемге қойылады, онымен қарсыластың бір немесе екі аяғын қағу керек. Әдісті қарсылас еңкейгенде, тіреп тұрғанда және аяқтары бүгілмей тік тұрғанда қолданған ыңғайлы.


Жеңнен және белбеуден, жеңнен және киімінің қолтығынан, жеңнен және жағадан айқыш ұйқыш, аттас иығы арқылы белбеуден, жіліншіктің ішкі жағынан, мойны мен жеңінен, әр аттас санның ішкі жағынан, қолды артқа салып, жеңнен, қарсыластың ұсталған қолдарын айқастырып,иықтың үстінен, белбеудің артынан, т.б. ұстауға болады.



31


Тактикалық даярлық: шабуылдайтын аяғын өзіне және бір жанына қарай жұлқу; лақтыратын жаққа қадам жасауға мәжбүр етіп, өзіне қарай жұлқу.
Қатерлер: шабуылдаушы аяғын қатты сілтеп, тізеден соғады. Тек қарсылас алға еңкейіп, тепе – теңдігімен айырылғанда ғана қағу керек.
Қорғану: өзінің қағатын жағынан қарсыласының белбеуінен тізелерін бүгіп, шабуылдаушыны кейін итеріп, шалқайып барып, одан аттап өту керек.

Қарсы амал: кеудеден асырып лақтыру.


Комбинациялар: бүйір жағынан қағу - қырқа шалу лақтыру, арқадан асырып лақтыру – қырқа шалу, іштен іліп – қырқа шалу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет