Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Аяқпен көтермелеп лақтыру



бет34/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52
Kniazbaev kures — копия

Аяқпен көтермелеп лақтыру.

Екі палуан да белбеуден қоса ұстап алғанда жақыннан орындаған ыңғайлы. Қарсыласын қысып алып, көтеріп, шалқалай беріп, оның аяғын сыртқы жағынан ішке – жоғары қарай санымен көтермелеп, құлап, қарсыласын жауырынымен түсіреді.


Іштен, жіліншігімен алдынғы жағынан, жіліншігімен ішкі жағынан аяқпен көтермелеп лақтыруға болады.

41


Тактикалық даярлық: қарсы бағытта қимыл жасату мақсатымен қарсыласын өзінен кейін – төмен қарай итеру.
Қатерлер: шабуылдаушы қарсыласын өзіне қысып ұстамайды да , кілемнен көтере алмайды. Сонымен жоғары қарай ғана көтереді, ал дұрыс – лақтыратын жаққа да бағыттауы тиіс. Қорғану: белбеуге қолын тіреу, кейін қарай аттау.
Қарсы амалдар: іліп лақтыру; қағып лақтыру.
Үйіріп лақтыру.

Жақыннан орындаған ыңғайлы. Қарсыласы кеудеден асырып лақтыруға әрекет жасағанда шабуылдаушы оны өзіне тартып қалып, кілемнен көтеріп, айналады да оны жауырынымен түсіреді. Қазақша күресте қолы мен белбеуінен, сондай-ақ белбеуінеғана ұстап, сыртқы жағынан жіліншігінен іліп, сырттан аяқпен көтермелеп, белбеуі мен жағасынан ұстап, үйіріп лақтыруға болады. Үйіріп лақтыру бірнеше тәсілдерден тұрады әр палуанның әбден шынығуын қажет етеді.

Қорғану: белбеуге қолын тіреу , кейін қарай аттау.

Қарсы амалдар: іліп лақтыру; қағып лақтыру.


Үйіріп лақтыру.

Жақыннан орындаған ыңғайлы. Қарсыласы белбеуден асырып лақтыруға әрекет жасағанда шабуылдаушы оны өзіне тартып қалып , кілемнен көтеріп , айналады да оны жауырынымен түсіреді. Қазақша күресте қолы мен белбеуінен ғана ұстап , үйіріп лақтыруға болады. Үйіріп лақтыру бірнеше тәсілден тұрады әрі палуанның әбден шынығуын қажет етеді.


Қорғану: қарсыласын итеріп , көтеруге мүмкіндік бермей , аяқтарын алшақ қою.
Қарсы амалдар: шалқалап лақтыру , іліп лақтыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет