Ғ. А. Книязбаев Қазақша күресінің Әдіс-тәсілі мен дамуы


Тәсілдерді тиімді қолдану шарттары



бет5/52
Дата03.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#451598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Kniazbaev kures — копия

2.Тәсілдерді тиімді қолдану шарттары
Жоғарыда біз тәсілдер құрылымын қарағанда қарсыласты шартты түрде қимыл көрсетпейді деп алған болатынбыз. Алайда күрескен кезде қарсылас әр уақытта дерлік қозғалыста болады. Ол әр уақытта тепе – тендіктен ауытқып, қайтадан қалпына келіп, өз тарапынан шабуылдаушы палуанды тепе-теңдіктен тайдырып, оның әрекетін бейтараптауға тырысады. Қандай амал қолданса да шабуылдаушы палуан қарсыласының тойтарысына ұшырайды. Палуанның қарсыласы бұлшық еттеріне күш салып, денесін әр түрлі күйге келтіріп шабуыл бағытында палуан ала алмайтындай орнықтылық бұрышын жасайды.
Міне, осындай жағдайда шабуылдаушы палуан екі дене қозғалысының өзінің ойға алған белгілі бір амал құрылымын орындауға мүмкіндік беретін қолайлы сәтін тандап алуы тиіс. Сөйтіп, амал құрылымының негізің қолдану уақытқа тығыз байланысты болып шығады. Амал екі палуан денесінің де орнықтылық бұрышы жығылатыындай дәрежеге жеткен сәтте және жығыдатын бағытта орындалуы тиіс. Күрестегі мұндай жағдай динамикалық қолайлы сәт деп аталады.
Күрес кезінде мынадай бес қолайлы динамикалық сәт кездеседі:


  1. Жығатын бағытта қарсыласты орнықтылық бұрышын жеңуге болатын сәт;

9


  1. Жығатын бағыттағы қарсыластың орнықтылық бұрышы оның жалпы ауырлық центірінің тіреу аланының шетіне жақындау есебіне азайту сәт;




  1. Қарсылыстың жалпы ауырлық центрі шапшаң жоғары жылжитын сәт;

  2. Жалпы ауырлық центірін тіреуін оңай қағып жіберуге болатын сәт;

  3. Қарсылас өлі нүктеде болатын сәт;

Әдетте, әдісті қолдануға дайындық пен әдісті орындау тұтаса келетін шабуыл палуанды жеңіске жеткізеді.
Тәсілдерді қорғану амалдары мен қарсы әдістерді қолданғанда қарсыластың ауырлық күшін тіреу реакциясын, инерция және қарсыласу күшін пайдалану – күрес техникасындағы палуанның шеберлігін жетілдіру жолындағы елеулі факторлардың бірі. Мұның барлығы қозғалыс механизіміне тәсілді орындау кезіндегі биомеханикалық заңдылықтарға тікелей байланысты.
Қазақша күрес техникасында қозғалыс механизімін негізінде қарсыласының денесін белгілі бір бағытта айналдыратын қозғалыс жатыр. Өйткені шабуылдаушы палуанның қимыл формасымен қозғалыс механизмі қарсы палуанның денесінің айналу бағытына байланысты. Егер түрегеліп тұрған палуанды арқасымен немесе кеудесімен кілемге қарай бұру қажет болса онда ол көлденен осьі бойынша айналады. Сөйтіп, кілемге кеудесі немесе арқасы тиген кезде денесі шамамен 90 градуска бұрылады. Бұл оның кілемге құлайтын ең қысқа жолы.Қарсыласты көбінесе кілемге жауырынымен түсірген дұрыс. Мұндай жағдайда таза жеңіске жету мүмкіндігі молырақ. Сондықтан қарсыласты арқасына қаратып айналдыру шабуылдаушыға тиімді. Ал оған қауіпті. Алайда қарсылас мұндай әрекетке қарсы тұрады. Ол еңкейеді, бір аяғын артқа қойып палуан ала алмайтын орнықтылық бұрышын жасайды. Мұндай жағдайда палуан қарсыласын бір қырына немесе алға құлату арқасына аудара алады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет