Түрегеліп күресу техникасы - тұрып күрескенде қолданылатын амалдар.
Ұстасу - қолмен орындалатын әрекеттер , палуан шабуылдау
қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстай алады.
Бір жақты ұстау - оң қолымен қарсыласының оң қолына (сол қолымен сол қолынан) ұстау.
Әр жақты ұстау - оң қолымен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолынан) ұстау.
Ырғақ – білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап ілмектеп , құлыптап , бір – бірімен ұстастырады.
Шалу – аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады.
Ілу – аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бөлігін ұстап ,
өзіне немесе бір жағына қарай тартады. Аяқты бүгіп тұрып жіліншікпен немесе табанмен орындалады.
Орау - аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, оны өзіне немесе бір жағына қарай тартып , онымен бір мезгілде жіліншігімен және табанымен аяғынан іледі.
Қағу – аяқ қимылы. Палуан табан жағымен , табанның ішкі , сыртқы қырлары мен қарсыласын аяқтан қағады.
Көтеріп қағу – аяқ қимылы. Палуан санының артқы жағымен қарсыласын аяғынан немесе екі жағынан бірдей артқа көтере қағады.
Тізеден қағу - аяқ қимылы. Палуан қарсыласының аяқтарын кілемге тигізбей көтеріп алып , тізесімен қағады.
Көтере итеру - аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан көтере итереді.
Достарыңызбен бөлісу: |