Қарсы әдіс (амал) – қарсыласының әдісіне қарсы қарсы қолданылатын амал.
Лақтыру – қарсыласын кілемнен көтеріп алып жауырынымен немесе кеудесімен түсіруге мүмкіндік беретін әдіс.
Жығу – түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріп алмай - ақ кеудесімен немесе арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер.
Арқадан асыра лақтыру – қарсыласқа арқасын бере айналып, содан соң еңкею немесе алға қарай құлау арқылы
орындалады. Айнала берген кезде еңкейе қалу бұл әдістің негізгі элементі болып табылады.
Шалқайып (төспен) лақтыру - шалқаю арқалы орындалады. Бұл әдістің негізгі элементі – денені арқа қарай доғаша иіп шалқайту.
Еңкейіп лақтыру – кеуденің және аяқтың күші арқылы қарсыласты кілемнен көтеріп алып , содан соң еңкейіп , оны кілемге түсіру жолымен орындалады.
Ілу - түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан бүгілген өз аяғымен іліп алып жығады немесе лақтырады.
Сүріндіру – лақтыру әдісі. Кедергі етіп өзінің аяғынан қарсыласын өткізе сүріндіріп лақтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |