бет 39/82 Дата 22.12.2019 өлшемі 1.26 Mb. #447743
5 сынып Көкжиек ҚМЖ
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
V. Бағалау
Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар тарата- ды.
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін , сөйлемдерін параққа жазады.
VI. Үйге тап- сырма
Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер?
Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім, сыныпта- стары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады.
Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
13-14-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?
Білімділік:
Модуль бойынша шағын әңгімелер құрау арқылы тақырыпқа қатысты алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық:
Сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы ақпараттық-танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Қазақ тіліндегі Сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлеу үлгілері негізінде оқушы- лардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерийлері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль аясында қазақша сөйлем құрайды, сұрақтарға жауап береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырып аясында меңгерген жаңа ұғымдардың мағыналарын түсінеді, сөйлесім әрекетінде орынды қолданады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): қазақ тілінде модульге қатысты мәтін құрайды.
Негізгі түсініктер:
Су, киелі сандар , Сырдария, Қазақстан көлдері.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, тақырыпқа қатысты буклеттер, парақшалар, желім- қағаздар.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректенжүрекке» тренингі, Атомдар мен молекулалар» ойыны, ди- аграмма, жұптық жұмыс, семантикалық карта, диалог, эссе, «Жалпы сұрақ» техникасы, «Кері байланыс» әдісі.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
80
5-тақырып. Су — тіршілік көзі
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.
Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.
Өткен сабақты тек- серу
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер- ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұ- рақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
«Атомдар мен молекулалар» ойынын ұйымдастырады. Оқушылар арасынан жүргізуші сайлайды.
Жүргізуші «атомдар» дегенде оқушылар бір-бірімен араласып жүреді. Егер «молеку- лалар» деп айтып, бір санды атаса, оқушы- лар сол аталған сан құрамында топтарға бірігеді. Жеке қалған оқушылар тақырыпқа қатысты айып ретінде бір тапсырма орын- дайды: өлең оқиды, жұмбақ жасырады, т.б.
1. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машық- тандыру үшін 1, 4-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Диаграммаға жауабын түсіреді, дәлелдеп айтады, Ә.Тәжібаев туралы айтып береді.
Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтан- дыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Мәтінді оқиды, түсінгенін баяндай- ды.
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Семантикалық картаны толтыра- ды.
2. Сергіту сәті. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.
Сыныптастарымен суды үнемдеуге байла- нысты жарнама дайындайды.
3. Білгенге маржан. Берілген мақал-мәтелдерді оқиды , талдатады.
Мақал-мәтелдерді оқиды, талдайды, мағынасын түсіндіреді.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Берілген сөздерден өлең жол дарын құрап жазады.
IV. Бекіту
«Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.
Диалог құрады.
V. Бағалау
Формативті бағалау.
«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім «Кері байланыс» әдісінің негізінде парақ- шалар таратады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін парақшаға көрсетеді.
81
Достарыңызбен бөлісу: