Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет66/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы




Жетістік критерийлері:


Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша компьютерге қатысты ақпарат бере алады.



Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлемдер арқылы компьютердің пайдалы, зиянды жақтарын сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы сыныптастарымен тілдесімге келеді.

Жаңа сөздер:

Қорғаушы, көзілдірік, көз жанары, тінтуір, ғаламтор.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, «Жылдам жина!» ойыны, синквейн, «Жеке әңгіме» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смай- лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Өткен сабақты тек- серу

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, интерактив- ті тақтадан компьютер бейнеленген слайдтарды көрсетеді. Сипаттап берулерін сұрайды. «Компьютер» сөзіне ассоциа- грамма құрғызады.

Слайдтарды сипаттайды, ассоциа- грамма құрайды.

ІІ. Мағынаны тан

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.






2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 1, 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Кесте бойынша сөйлейді, сөйлемдерге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.




Ә) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Екі пікір бойынша өз ойла- рын ортаға салады, суретті салыс- тырады, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айтады.




3. Тілдік бағдар. Қосымша түрлерін меңгертеді.

Қосымша түрлерін меңгереді.




4. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Мәтінге 5 сұрақ қояды.

134


10-тақырып. Компьютердің тілін табу — өнер



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтінді пайдаланып, компьютермен дұрыс жұмыс істеудің ережесін айтады.




Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 7, 8, 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді теріп жа- зады, «компьютер» деген сөзі бар сөйлемдерді септіктердің ретімен көшіріп жазады, сұрақ қояды, сөзді тәуелдеп жазады.




В) Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Оқылым. Жақшадағы сұраққа жауап береді, сөйлемді толықтырады.




4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Мәтінді негізге алып, сыныптасына бұйрық береді, көз жаттығуын жасайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақ- паратты қабылдауға машықтандыру үшін 12-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұраққа жауап береді.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатады.

Тілдесім.

Досына сұрақтар қояды, жауабын тыңдайды.



IV. Бекіту

«Білгенге маржан» айдарымен берілген жұмбақтарды оқиды.

Жұмбақтарды оқиды, шешуін таба- ды, тақырыпқа қатысты жұмбақтар айтады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы біл- діреді.

9-10-сабақ




Сабақ тақырыбы:

Компьютердің пайдасы мен зияны.

Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға компьютердің пайдасы мен зияны жайлы түсінік беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша шағын мәтіндерді сипаттау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін дамыту.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде оқушыларды саламат- ты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.


135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет