Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет68/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы




Жетістік критерийлері:


Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль көлемінде компьютер, оның пайдасы және зияны жай- лы қазақша ақпарат бере алады.






Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен тілдеседі, диалог құрады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): модуль аясында шағын мәтін құрайды.

Негізгі түсініктер:

Компьютер, өнер, заманауи құрал.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Бинго» ойыны, «Құнды пікір» стратегиясы, «Оймоншақ», «Сиқырлы қоржын» ойындары, постер, «Жалпы сұрақ» техника- сы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психоло- гиялық ахуал туғызу

Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін

«шаттық шеңберін» құрады.



Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша алған білімін анықтау мақсатында «Құнды пікір» стратегиясын қолданады.

Әр оқушы компьютер жайлы өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.

ІІ. Мағынаны тану

1.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Жазылым. «Бинго» ойынының шартын орындайды.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырма

ны орындатады. «Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады.



Айтылым. Сынып бес топқа бірігеді, «Компьютердің тілін табу — өнер» бөлімі бойынша өтілген тақырыптардың аты жазылған қағаздың біреуін таңдап алады. Өз білгендері бойынша біртұтас мәтін құрап айтады. Ең мағыналы және дұ- рыс мәтін құраған топ жеңімпаз атанады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. «Компью- тер — заманауи құрал» тақырыбында постер жасайды, сынып алдында қорғайды.

138


10-тақырып. Компьютердің тілін табу — өнер


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



IV. Бекіту

«Сиқырлы қоржын» ойынын ұйымдастырады.

Әр оқушы қоржынның ішінен сөз жазылған бір қағаз алады, компьютер туралы сөйлем құрап айтады.

V. Бағалау

Формативті бағалау.

«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

«Компьютер заманауи құрал» тақырыбына ауызша ха- барлама дайындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттай- тын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жап- сырады.


139


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет