бет 60/82 Дата 22.12.2019 өлшемі 1.26 Mb. #447743
5 сынып Көкжиек ҚМЖ
5-6-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер.
Білімділік:
Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық:
Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік:
Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділер жайлы ақпа- рат береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде аспан әлемін зерттеген ұлы көшпенділерді сипат- тайды, қосымша мәліметтер береді.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.
Жаңа сөздер:
Шоқжұлдыз, жорамалдаған, мәңгілік өзгермейді, құдайлар, орталық, ілім, дәлелдеу, дөңгелек, ғылымды дамыту.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, плакаттар, маркерлер , парақшалар, желімқағаздар.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, «Тірек сөздер» стратегиясы, ассоциа- грамма, «Шашылған сөздер» ойыны, диалог, «Жағымды сөздер» тәсілі, «Оймоншақ» ойыны,
«Шағын шолу» тәсілі.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тре- нингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.
Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.
Өткен сабақты тек- серу
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды , түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушылықты ояту
Оқушыларға «Тірек сөздер» стратегиясының негізінде тақтадағы плакаттарға бірнеше сөздер жазады.
Оқушылар кезек-кезек тақтаға шығады. Маркерлерді пайдаланып, ассоциаграмма құрайды.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды , қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
122
9-тақырып. Аспан әлемінің құпиялары
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
Айтылым.
Сұрақтарға жауап береді.
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Етістіктердің түбірін анықтайды, болымсыз етістікке айналдырады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым.Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады, түсініксіз сөздердің табады.
Ә) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Мәтіннен шоқжұлдыздар туралы ақпаратты тауып оқиды.
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Етістіктерге тиісті қосымшаларды жалғайды , болымды етістікке айналдырарады.
В) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орында- тады.
Жазылым. Айтылым. Мәтін бойынша сұрақ құрастырады, мәтінді диалогке айналдырады.
4. Сергіту сәті. «Шашылған сөздер» ойынын ойнатады (8-тап- сырма).
Шашылған сөздерден сөйлем құрайды, көп сөйлем құраған оқушы жеңімпаз атанады.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады. «Оймоншақ» ойы- нын ойнатады.
Төрт топқа бөлінеді. «Біз жұлдызшымыз» тақырыбына мәтін құрайды.
IV. Бекіту
«Есте сақта!» айдарымен берілген мәліметтерді оқиды , талдатады.
Мәліметтерді оқиды, талдайды.
V. Бағалау
Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.
Сабақ барысында мұғалім, сыныпта- стары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады.
Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
123
Достарыңызбен бөлісу: