Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет61/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы

7-8-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Жұлдызды аспанның құпиясы.



Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға жұлдызды аспанның құпиясы жайлы ақ- парат беру.

Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:

Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша аспан құпиялары жайлы ақпарат береді.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тақырыпқа қатысты өз ойын айтады, сыныптаста- рымен пікір алмасады, тілдеседі.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Қараңғы, жап-жарық, шашып тастаған, жағып қойған, біресе, ожау, Жеті Қарақшы, дүрбі, таң қалу, күтіп қалды.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, плакаттар, маркерлер, парақшалар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, диаграмма, диалог, «Жағымды сөздер» тәсілі, жағдаяттық тапсырма, «Шағын шолу» тәсілі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тре- нингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайын- даған слайдтарды көрсетеді. Көрген суреттерін сипаттап берулерін сұрайды.

Слайдтарды сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.


124


9-тақырып. Аспан әлемінің құпиялары



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




2. Мәтіналды жұмыс.

А) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.



Оқылым.Жазылым. Берілген сөздерді сәйкестендіреді, сөз тіркестерін құрайды.




Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым.

Суретті сипаттап айтады.






3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым.Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.




Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Әр сұраққа үш нұсқаның ішінен дұрыс жауапты жазады.




Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтіннен түнгі аспанды сипаттаған сөйлемдерді тауып оқиды.




В) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындата- ды.

Жазылым. Айтылым. Мәтінді өз атыңнан баяндайды.




4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.

Диаграмма жасайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Тірек сөздерді қатыстырып, төрт сұраулы сөйлем құрайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Жағдаяттық тапсырманы орындайды.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген мәліметтерді оқиды, талда- тады.

Мәліметтерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптас- тары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады.

Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.


11-12-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Нәтиже сабақ. Мен нені үйрендім?



Білімділік:

Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту


125


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет