Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет65/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы




Дамытушылық:


Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру.



Тәрбиелік:

Тілдік қатынас барысында оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша электронды пошта, ғаламтор туралы ақпарат береді, достарымен сөйлеседі.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді тілдесім барысында тиімді қолдана алады, қазақша электронды поштаны қалай ашуға болатындығын түсіндіре алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өзінің достарымен ғаламтор жаңалықтары жөнінде ақпарат алмасады, тілдесімге түседі.

Жаңа сөздер:

Хабарлама, тінтуір, хабарлама желісі, іздеу, төлеп тұру, ақпарат жинау, мәлімет.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, өзара бағалау парағы, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Сипаттау, талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, диалог, диалог, жағдаят- тық тапсырма, «Кім жылдам?» ойыны.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талда- нады.

Өткен сабақты тек- серу

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында ой шақыру сұрақтарын қояды. — Балалар, сендер электронды пошта аша аласыңдар ма? Оны қалай ашуға болады? Түсіндіріп беріңдерші.

Сұрақтарға жауап береді. Электронды поштаны қалай ашуға болатындығын түсіндіреді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудар- масын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1, 2-тапсыр- маны орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, суреттегі белгілердің қандай мағына беретіндігін айтады.

3. Тілдік бағдар. Ілік септігін меңгертеді.

Ілік септігін меңгереді.

132


10-тақырып. Компьютердің тілін табу — өнер



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




4. Мәтінмен жұмыс. А) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Диалогті рөлге бөліп оқиды.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіннен ілік септікте тұрған сөздерді табады, тіркесіп тұрған сөздерімен бірге теріп жазады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сауалнаманы толтырады.

В) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Жағдаяттық тапсырманы орындатады.

4. Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойынын ұйымдастырады (11-тапсырма).

Ойынның шарттарын орындайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлемдегі көп нүктенің ор- нына ілік септігінің жалғауларын қойып жазады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Диалог құрады.

IV. Бекіту

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөздерге ілік септігінің жалғауын жалғайды, мәтін құрап жа- зады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі желімқағаздар таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.

7-8-сабақ



Сабақ тақырыбы:


Көзіңді қорға!



Білімділік:

Тақырыптың аясында қазақша қарапайым сөйлемдер құрау арқылы жаңа сөздерді меңгерту. Қосымша түрлерін меңгерту.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша шағын мәтіндерді сипаттау арқылы ақпараттық-танымдық құзыреттілігін дамыту.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетіне құрылған қарапайым сөйлемдер негізінде оқушыларды саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.


133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет