r = 0,3 • 2" + 0,4. (1)
• планеталар Күнді айнала Күннің өз осінен айналу және планетаның өз осінен айналу бағытында қозғалады (Шолпан мен Ураннан басқалары);
• Күн жүйесі массасының 99%-ы Күнде жинақталған;
• қозғалыс моментінің 98%-ы планеталардың үлесіне тиеді;
• планеталардың екі түрі бар - Күннен қашық емес тығыз кіш- кентай планеталар және алып сутекті-гелийлі Марс орбитасынан әрі жатқан планеталар.
Күн жүйесі дегеніміз не? Бүгінгі күнде Күнді айналып жүрген Күн жүйесі дегеніміз 9 планета белгілі (1.2 a -сурет). Олардың ішінде 4 алып планета (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) және 5 кіші планета (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон). Ең үлкен планета Юпитердің радиусы 70 000 км, ал Жердің радиусы 6000 км. Күн жүйесіндегі заңдылықтарға қарамай планеталар ішкі құрылымдарымен, өз осьтерінен айналу периодтарымен, атмосферасының құрамымен өзгешеленеді (1.2 b -сурет). Планеталарды айналып жүретін серіктердің қазіргі кезде 60-ы белгілі. Юпитер мен Марс орбиталарының арасында астероидтар белдігі бар. Ал Плутон орбитасының сыртында Оорта бұлты деп аталатын комета ядроларының мұзды аймағы бар. Планетааралық кеңістік аз концентра. циядағы газ бен тозаңнан тұрады.
a) b)
1.2-сурет. (а, b)
Жер тобындағы планеталардың химиялық құрамы планеталардың өте жоғары температурада конденсацияланған заттардан тұратының көрсетеді. Астероид белдігіне жақын бөлігінің құрамында тасты денелер басым болады. Күннен қашықтаған сайын астероидтар белдігінде сумен қаныққан минералдар және кейбір ұшқыш заттары бар денелер көбейе бастайды. Оларды астероидтардың жарықшақтары болып табылатын метеоридтердің құрамынан тапқан. Кіші планеталар ішінде мұзды денелер жоқ немесе өте аз.
Юпитердің ірі серіктері Ганимед пен Каллисто жартылай судан тұрады. Олар астероидтар белдігіне қарағанда Күннен әлдеқайда алыс қашықтықта жатыр. Демек, су Юпитер пайда болған барлық аймақта конденсацияланып мұзға айналған. Сыртқы планеталар аймағында, өте төмен температурадағы шаң-тозаңдар құрамында мұзды метан, аммиак, қатты күйдегі көмірқышқыл газы мен ұшқыш қоспалар бар. Құйрықты жұлдыз ядросының құрамы осы заттардан тұрады.
Қорытынды. Басқа планеталық жүйелерді тапқаннан кейін планеталық жүйелердің өткен және қазіргі күйі мен болашақтағы даму моделін құрып, Күн жүйесінің дамуының өткені мен болашағы қандай деген сұрақтарға жауап беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |