Марс планетасы. "Қызыл Жұлдыз” планетасы Жерден әлдеқайда кіші (1.6-сурет). Ол, бір жағынан, Меркурий мен Айдың арасындағы, екінші жағынан, Жер мен Шолпанның арасындағы аралық планета тәрізді, оның атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының тығыздығынан 150 есе аз. Марстың атмосферасы Шолпандағы тәрізді, негізінен, көмірқышқыл газынан тұрады. Планетаның беткі температурасы - 120°С тан +15°С-қа дейін өзгереді. Планетаның беткі қабатында темір тотығының өте көп болуынан ол кызыл болып көрінеді. Қызыл жұлдызда әлсіз магнит өрісі бар (Жердегіден 800 есе аз), магнит өрістерінің осі планетаның айналу өсімен 15-20 колбеу кұрайды. Полярлығы Жер полярлығына кері.
1.6-сурет.Марс
Марс Күнді радиусы 1,524 а.б. қашықтықта болатын орбитамен 687 жер тәулігі ішінде айналып шығады. Эксцентриситеті 0,093, салыстырмалы жоғары, сондықтан Марс орбитасы сопақша. Күнге дейінгі қашықтық бір жыл ішінде 21 миллион километрге, ал алатын энергия 1,45 есе өзгереді. Орбитанын эклиптикаға көлбеулігі 1,51", қозғалысының орташа жылдамдығы 24,1 км/с. Жерге дейінгі қашықтығы 56 дан 400 млн км-ге дейін өзгереді. Жер Күн мен планетаның арасында болғанда (планеталардың қарама-қарсы тұруы) Жер мен Марстың арақашықтығы 55 млн-нан 102 млн км-ге дейін өзгереді, яғни Жер планетаға ең жакын келеді және осы құбылыс ұлы қарама-қарсы тұру деп аталады (екі планетаның арақашықтығы 60 млн км-ден кем). Олар әрбір 15-17 жылда кайталанады. Барлық сыртқы планеталар тәрізді Марс та карама-қарсы тұру периодында жақсы көрінеді.
Айналу осінің орбита жазықтығына көлбеулік бүрышы Жер мен Марста шамамен бірдей. Өз осінен айналу периоды (жұлдыздық тәулік) 24,62 сағ-қа тең, яғни Жердің өз осінен айналу периодынан бар болғаны 41 мин-қа артық, Экватордың орбитаға көлбеулігі 25⁰12′ (Жерде 23⁰ шамасы). Демек, күн мең түннің және жыл мезгілдерінің алмасуы Жердегідей өтеді. Климаттық белдіктері де Жердегі сиякты. Бірақ ерекшеліктері де бар, атап айтсақ, Күннен алыс болғандықтан Жерге қарағанда климат қатаңырақ. Сонымен қатар Марстық жыл Жердің жылына қарағанда 2 есе ұзақ, олай болса ондағы жыл маусымдары да ұзағырақ созылады. Орбитаның эксцентриситетінің салдарынан планетаның оңтүстік және солтүстік жарты шарларындағы маусымдардың сипаттары және ұзақтығы өзгеше. Сонымен солтүстік жарты шарда жаз ұзақ, бірақ салқындау, ал кыс кысқа да жұмсақ. Оған қарамай оңтүстік жарты шарда жаз қысқа, бірақ жылы, ал қыс ұзақ әрі қатаң.
Марс планетасын зерттеу оның ерекше геологиялық сипаттамалары бар, жетілген және динамикалық планета екенін көрсететін көптеген мағлұматтар берді. Планетада алып вулкандар (ең биігі 25 км) және арналар (ені 5 км, тереңдігі 7 км жөне ұзындығы 150 км) бар. Ең ірі арна -Маринер (бұл 4800 км-ге созылған тұтас арналар жүйесі). Планетаның шешілмеген жұмбақтары көп, мысалы суалып кеткен өзен арнасы. Қазіргі планетадағы қысым мен температурада ылғалдың болуы мүмкін емес. Су мұз күйінде Марстың полюстерінде ("полярлық бөрік ” деп аталады) кездеседі және су планетаның бетінен белгілі бір тереңдікте аз мөлшерде болуы ықтимал. Марстағы климат жағдайы бұрын басқаша болса керек, қазір өзгерген. Бұл жер адамдары үшін үлкен сабақ, яғни атмосфераның өзгеруі апатқа әкелетінін есте ұстаған жөн.
Марстың екі серігі бар. Олар өлшемдері шағын, шамамен 20 км болатын Фобос және Деймос.
Марс күн жүйесіндегі Жерден кейінгі адам баласының онда жетілген жердегідей тіршілік бар деген үмітпен қарап, ерекше қызығушылық тудырған бірінші планета. Адамзат баласының арасында пікірталастар мен айтыстар тудырған Марстан басқа бірде-бір планета болған емес. Зерттеу әдістері жетілді, астроном ғалымдардың буыны ауысты, олай болса ғылыми таластың түрі де өзгерді. ХІХ ғасырда негізгі пікірталас Марстағы каналдар мен саналы тіршілік иелері (марсиандар) жөнінде жүрді. Қазіргі кезде Марста өсімдіктер мен органиқалық өмірдің бар болуы жөнінде талас жүріп жатыр. ХХІ ғасырда бұл планетаның жұмбақтары азайған жоқ. керісінше, көбейе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |