Факультет: Физика-математика


Плутон. Енді ергежейлі деп танылған планеталарға кіргізуге болады Плутон планетасы мен оның серігі Харон



бет7/18
Дата18.11.2022
өлшемі4.67 Mb.
#465140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
жоба Мф-31 1-топ

Плутон. Енді ергежейлі деп танылған планеталарға кіргізуге болады Плутон планетасы мен оның серігі Харон. Бұл Күн жүйесіндегі ең салқын, ең кішкене планета. Оның диаметрі 2260 км, ал бетінің орташа температурасы -230⁰ С. Ғалымдар планетада өте сирек азот пен метаннан тұратын салқын атмосфера бар болар деп жобалайды. Плутонның түнгі аспанында Күн тек жарық жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның серігі Харон планетадан екі есе кіші. Күн жүйесінің соңғы планетасы 1930 жылы табылды, оған әлі ешқандайда ғарыш аппараттары ұшып барған жоқ. Ал жерден алынған фотосуреттерден оның кандай да бір ерекшеліктерін анықтауға әлі мүмкіндік болмай тұр.
Қорытындылар. Жер тобындағы планеталар жөніндегі негізгі мәліметтер ХХ ғасырда алынды. Планетаның бетін тікелей және жанама әдістермен зерттеулер негізінде планеталардың атластары кұрастырылды. Олардың бетіндегі температуралар белгіленді. Ішкі құрылыстарының сұлбасы тұрғызылды.


1.3 Алып планеталар
Алып планеталардың (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) өлшемдері мен массалары үлкен, ал орташа тығыздығы аз (ең азы Сатурнда - 0,7 г/см3). Барлық алып планеталардың құрылымдары ұқсас: планетаның ішінде өте күшті гравитацияның нәтижесінде пайда болған онша үлкен емес қатты аумақ болады. Одан кейін сұйық газ тәріздес қабат келеді, ол бірте-бірте атмосфераға ауысады. Алып планеталардың атмосфералары олардың өздерімен бірге пайда болған. Алып планеталарда қатты беткі қабат жоқ.
Алып планеталар Күннен өте алыс қашықтықта жатыр. Жыл маусымдарының өзгеруіне қарамай олардағы температура әр уақытта төмен. Күннен алған энергиядан көп энергия шығаратына байланысты ғалымдар алып планеталардың қойнауындағы заттардың температуралары жоғары болу керек деген ұйғарым жасап отыр.
Барлық алып планеталар серіктермен қоршалған. Отыз жыл бұрын белгілі серіктердің саны отыздан аспап еді. Қазір олардың алпысы белгілі. Серіктердің бір-біріне ұқсамайтыны таңдандырады. Қазіргі кезде Юпитерде 16, Сатурнда 17, Уранда 15, тек Нептунда ғана 8 серік бар.
Алып планеталар сақиналарымен ерекшеленеді. Олар тек Сатурнда ғана емес, сонымен қатар Юпитерде 1979 жылы, Уранда 1977 жылы және Нептунда 1989 жылы табылды. Барлық алып планеталар өзіне тән әр түрлі сақина жүйелерімен толық қоршалған. 1989 жылы Нептунның үш сақинасы табылды. Оларды "Еркіндік, Теңдік, Бауырластық" деп атады. Юпитердің сақинасы өте орнықты. Нептун сақинасының Юпитер сақинасы мен Уран сақинасынан ерекше өзгешелігі бар. Олар жабық емес сегменттерден тұрады.
Алып планеталар өз осінен өте тез айналады (10-17 жер сағаты ішінде бір айналым жасайды) да, нәтижесінде қатты сығылады. Экваторлық және полярлық радиустарының айырымы өте үлкен, мысалы, Юпитерде ол 4400 км-ге тең. Оның үстіне алып планеталардың экваторлық аймақтары полярлық аймақтарына қарағанда тезірекайналады. Барлық алып планеталардың маңында электромагниттік өрістер бар. Өйткені әр планетаның ішінде өткізгіш болып табылатын сұйық және қатты сутегі мен гелийде жүзіп жүрген өте тығыз зат бар.
Юпитер. Күн жүйесіндегі ең үлкен және ауыр планета (1.8-сурет). Юпитердің көлемі Жерден 1320 есе, ал салмағы 318 есе артық. Егер планетаның салмағы бұдан 100 есе артық болса, онда оның центрінде термоядролық реакция басталар еді де Юпитер кішкентай жұлдыз болып қалар еді. Әйтсе де өзінің жеке жылу көзі бар, ол заттың радиоактивті ыдырауы және сығылуы кезінде бөлініп шығатын энергия. Нәтижесінде планета Күннен алған энергиядан әлде қайда көп энергия шығарады. Егер Күннен алынған энергиямен ғана жылынатын болса, оның беттік температурасы 100 К-ге ғана тең болар еді, ал өлшеулер нәтижесі 140 К көрсетіп отыр.

1.8-сурет.Юпитер
Юпитердің өз осінен айналу периоды 9 сағ 55 мин. Оның экваторының әрбір нүктесі сағатына 45 мың км жылдамдықпен қозғалады. Центрден тепкіш күштің әрекетінен Юпитер (сығылу коэффициенті 6%-дан үлкен) айтарлықтай майысқан. Юпитер қатты шар болмаған- дықтан газ бен сұйықтан тұрады да, полюс маңындағы аймаққа қарағанда экваторлық бөлігі тезірек айналады. Юпитердің айналу осін оның орбитасына перпендикуляр деуге болады, демек, планетада жылдың маусымдық ауысу мерзімдері жоқ.
Диаметрі 25 000 км болатын Юпитердің ядросы темір мен тастан тұрады және центріндегі температура 23 000. Оның өте үлкен және күрделі магнит өрісі 650 млн км-ге (Сатурн орбитасынан әрі) созы- лып жатыр. Планетадан 177 мың км қашықтықта жердің радиациялық белдігінен 10 мың есе артық ең үлкен қарқынды радиация аймағы байқалды. Юпитердің орталық ауданындағы ток өткізетін металды сутегінің өте тез айналуының нәтижесінде қуатты магнит өрісінің өндірілуі мүмкін. Юпитердің магнит өрісінің Күн желімен өзара әсерлесуінен атмосферада полюстік шұғыла мен найзағай құбылыстары байқалады. Юпитер атмосферасының 89%-ы сутегін, 11%-ы гелийді кұрайды және ұзындығы 6 мың км-лік бұл атмосфераның химиялық кұрамы Күнді еске түсіреді. Атмосфераның фосфор мен күкірттің қосындысынан тұруы себепті ол қызғылт сары түске боялып көрінеді. Юпитер атмосферасының беткі қабатында бірден-бір сирек кездесетін құрылым "Үлкен қызыл дақ" бар. Юпитердің Үлкен Қызыл дағы өлшемі жерден екі есе үлкен болатын циклон. Үлкен Қызыл дақ өз осінен 6 күнде бір толық айналып шығады. Планетаның атмосферасынан басқа да дақтар мен циклондарды байқауға болады. Тек Үлкен қызыл дақ қана өзінің өзгермейтіні және тұрақтылығымен тандандырады. Оны бірінші рет Галилейдің байқағанына қазір 400 жылға жуық уақыт өтсе де ол сол күйінде сақталып тұр. Оның тұрақтылығы ғалымдарға әлі түсініксіз. Атмосферадағы бұлттың үш қабатын наурыз айында түсетін ылғалды қармен салыстыруға болады.
Жоғары қабатта мұзға айналған аммиактан тұратын бұлт, оның астында аммоний мен метанның күкіртті-сутегі кристалдары, ал ең төменгі қабатта су мұзы, судың сұйық күйінде болуы да мүмкін. Одан басқа сутегі мен гелийден тұратын тәжі бар. Юпитердің және газдардан тұратын басқа планеталардың атмосфералары үлкен жылдамдықта қозғалатын желмен сипатталады. Олар планеталардың экваторына параллель болатын кең белдеулер құрайды. Оның үстіне планетадағы аралас белдеулердегі желдер біріне-бірі қарама-қарсы бағытта соғады. Бұл қозғалыста болатын жолақтар онша үлкен емес телескоппен де көрінеді. Юпитердегі желдің жылдамдығы 500 км/сағ- қа жетеді. Атмосфераны зерттеу жұмыстары бұл желдердің әлдеқайда төменгі қабаттарда да, оның сыртқы бұлтынан мың километр қашықтықта да болатынын көрсетті. Осыдан олар Күннің сәуле шығаруэнергиясы арқылы емес, керісінше, планетаның ішкі қабатынан шығарылатын жылу есебінен басқарылады деген қорытынды жасалды. Ал Жерде бәрі керісінше жүріп жатады.
Юпитер және оның серіктері. Әр түрлі жазбаларда Юпитер серіктерінің саны әр түрлі келтірілген (1.9-сурет). Ресми басылымдарда планетаның 16 серігі бар деп жиі жазылады. Юпитердің Галилей тапқан ең ірі төрт серігін қарастырайық. Ганимед - Күн жүйесіндегі ең ірі серік. Ол тіпті кейбір планеталар, атап айтқанда, Меркурий мен Плутоннан да ірі. Ио - Юпитердің тамаша серігі - Күн жүйесіндегі геологиялық ең активті дене. Оның бетінде бір уақытта 20-ға тарта вулкандар атқылап, балқыған күкірт өзендері ағып жатады. Еуропа тауы жоқ мұзды әлем. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, мұздың астында 100 км тереңдікте өзіне тән парникті эффектісі бар Еуропада судың пайда болуы мүмкін. Ал онда бір клеткалы балдырлар және басқа микроорганизмдердің өмір сүруі де мүмкін. Сонымен қатар Еуропада суы бар сирек атмосфера бар. Каллисто - ең күңгірт және мұзды серік. Оның беті кратерлерге толы, ол Күн жүйесіндегі кратері көп дене. Планета бетіндегі өте терең шұңқыр төрт миллиард жыл бұрын Каллистоның астероидпен соқтығысқанының айғағы (ол шұңқырдың көлденеңі 600 км-ге жетеді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет