Шолпан планетасы. Шолпанды Жердің “сіңлісі” деп те атайды, өйткені олардың массалары және өлшемдері шамалас. Шолпан өзінің Күнді айнала қозғалысына кері бағытта және Жерге қарағанда 243 есе баяу қозғалатынымен басқа планеталардан өзгешеленеді. Жас Меркурий мен Шолпан өз осьтерінен ⁓10 сағ периодпен айналған болатын. Бұл планеталардың денелері алыс дәуірде (мантия) қатып қалғандай әсер қалдырады. Егер Шолпанда магнит өрісі болса, ол өте әлсіз, оның полярлығы жердегі сияқты ғана. Шолпанның массасы жер массасының 0,815 бөлігін құрайды, тығыздығы 5,24 г/см3-қа тең. Шолпанның орбитасын дөңгелек деуге болады, онын эксцентриситеті 0,0068-ге тең. Шолпан Күн жүйесіндегі Жерге ең жақын планета, оған дейінгі қашықтық 40-тан 259 млн километрге дейін өзгереді.
Шолпан планетасының серіктері жоқ. Атмосферасы, негізінен, көмірқышқыл газынан тұрады және тығыздығы жердегіден тоқсан есе артық (планетаның бетіндегі атмосфералық қысымды жер бетіндегі мұхиттың бір километр тереңдігіндегі қысымымен салыстыруға болады). Планетаны үнемі тығыз бұлттар жауып тұрады да, планетада “парникті эффект” байқалады. Күннің жарық сәулелері қайта сәулеленіп, жылу сәулелерін шығарады. Планетаның бетіндегі температура оның күндізгі немесе түнгі мезгіліне қарамастан +500°С болады. Бұл қорғасынның балқу температурасына сәйкес келеді.
"Магеллан" зонды Шолпанда вулкандар тапты. Олардан бөлінетін кос тотықты күкірт тығыз қызғылт-сары бұлт құрайды. 50—100 км биіктікте одан күкірт қышқылы немесе тұз қышқылы тамшыларынан тұратын жаңбыр жаууы мүмкін. Шолпанның таңғажайып ландшафтын бір адам көрмесе де, ғалымдардың еңбектерінің арқасында, сондай-ақ зондтар, радар және компьютерлер көмегімен Шолпан бедерінің картасы жасалды (түрлі-түсті қосымшадағы 13-сурет). Шолпанның бетінде таулар, вулкандар (әдеттегідей емес, дөңгелек күмбез пішіндес келеді), аңғарлар бар. Жалпы алғанда, бұл жер тобындағы планеталар ішіндегі ең бір тегістеу планета.
Жер планетасы. Меркурий мен Шолпаннан кейінгі тұрған біздің көгілдір планета Жер (1.4-сурет). Онымен география пәнін оқығанда толык таныстыңдар. Біздің планетадағы гидросфера өте сирек кездесетін жағдай. Ол жер бетінің 70%-нан астамын алып тұр. Ешбір планетада су сұйық күйінде кездеспейді. Жердің гидросферасы жылуды сақтайды, Жер бетіндегі температураны көтереді (планетадағы температура -89° С-тан +58° С-қа дейін), тірі организмдерге қолайлы жағдай туғызады. Жер атмосферасы негізінен азот және оттегінен тұрып, планета бетінен 2000 км биіктікке дейін созылып жатыр. Планетаныӊ атмосферасы төрт қабаттан тұрады: тропосфера, стратосфера, ионосфера және экзосфера (ашық ғарышқа жақын қабат).
1.4- сурет. Жер
Стратосфера Жерді ультракүлгін сәулелерден қорғайтын озонға қаныққан. Адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесінде ол кейбiр жерлерде бузылган. Ондай жерлер "озон санылаулары" деп аталады.
Жердiн iшкi кұрылысы өте күрделі. Қатты планеталар арасынан Жер ең активті болып есептеледі. Беткі қабаты үнемi өзгерістерге ұшырап жатады. Жер залалынның теориясы бойынша Жердің сұйық және қатты ядросы анықталды. Планеталардың ішкі құрылысының моделін тұрғызған кезде магнит өрісі тек сұйық ядролы планеталарда ғана болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік туды. Жердің магнит өрісі өте күшті. Оның магнит осінің өз кіндігінен айналу осіне көлбеулігі 11,5° бұрыш жасайды. Жердің магнит өрісі планетаны күн желінің зарядталған бөлшектерінен сақтайды және солтүстік шұғыла құбылысын тудырады.
Жердің серігі Ай (1.4-сурет). Ол Жерден өлшемі бойынша төрт есе ғана кіші, ал массасы шамамен 80 есе кем. Ай бетіндегі адамның салмағы Жердегіден алты есе аз. Ғарыштан Жер мен Ай қос планета тәрізді болып көрінеді. Жер — көкшіл көгілдір, ал Ай қызғылт сары түсті. Айды орбитада Жердің тартылыс күші ұстап тұр, бірақ әр жыл сайын ол 4 см-ге қашықтап барады. Ай кішкентай болғанымен оның тартылыс күші Жердің су қабатын тартып, судың тасуларын тудырады. Ай Жерге тек бір жақ бетімен көрінеді. Айдың Жерді айналып шығу уақыты оның өз осінен айналып шығу уақытына тең. Меркурийдегі тәрізді Айда да атмосфера жоқ. Сондықтан оның бетінде метеориттер соққыларының іздері көп кездеседі. Айдың бір тәулігінің ішінде оның бетінің температурасы +115°С-қа дейін көтеріледі. Ал түнде -160°С-қа дейін төмендейді.
1.5- сурет. Ай
Достарыңызбен бөлісу: |