Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №142 қаулысы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»


Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық



бет5/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#123903
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, тел.: 8 (7172) 74-32-79, интернет-ресурсы: www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша Комитет басшысының атына беріледі.
      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің не ХҚО кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
      ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына жіберіледі.
      Қолма-қол да, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның ХҚО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында жаңартылып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылады:
      көрсетілетін қызметті берушінің – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      ХҚО-ның – www.con.gov.kz.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушы порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде ала алады.
      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс деректері: 8 (7272) 71-32-89. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Денсаулық сақтау саласындағы   
есірткі құралдарының, психотроптық
заттар мен прекурсорлардың      
айналымына байланысты қызметке   
лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
1-қосымша              
Нысан
__________________________________
(лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның аумағынан тыс
_____________________________________________________________________
                 (қызмет (іс-қимыл) түрін көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны ____________________________________________________
2. Құрылған жылы ____________________________________________________
3. Тіркеу туралы куәлік _____________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (№, кім және қашан берді)
4. Мекенжайы ________________________________________________________
                 (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үй №,
_____________________________________________________________________
телефон, факс)
5. Есеп айырысу шоты ________________________________________________
                     шот №, банк атауы және орналасқан жері)
6. Филиалдары, өкілдіктері __________________________________________
                              (орналасқан жері және деректемелері)
7. Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы __________________ ___________________________
           (қолы)         (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөрдің орны
«Денсаулық сақтау саласындағы   
есірткі құралдарының, психотроптық
заттар мен прекурсорлардың      
айналымына байланысты қызметке   
лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
2-қосымша              
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың
айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік
талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі



Р/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Денсаулық сақтау жүйесінде есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою үшін

1

Заңды тұлғаның мәртебесі

Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

«Е-лицензиялау» МДҚ-ны пайдалана отырып тексеріледі

2

Санитариялық- эпидемиологиялық талаптарға сай келетін, жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайлар

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабында белгіленген тәртіппен лицензиар-орган алады

3

Өздерінің қызметтік міндеттеріне байланысты есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеуге рұқсат ресімдеген қызметкерлер

Онда мынадай:
1) ішкі істер органдарының қызметкерлерді тексергені туралы белгісі;
2) наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерінің қызметкерлер арасында нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларымен ауыратындардың жоқ екені туралы белгісі бар өтініш беруші белгіленген нысанда жасаған қызметкерлерінің тізімі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінің № 3 нысаны

4

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайлардың күзетілуі

Жеке күзет ұйымдарының есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған үй-жайларды күзету шарты



5

Техникалық нығайту талаптарына сәйкес келетін есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайлар



Техникалық нығайту талаптарына сәйкестік облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының келісім хатымен расталады

6

Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану, тасымалдау, жөнелту, бөлу, жою үшін өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін тиісті өндірістік-техникалық база

Прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның қорытындысы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабында белгіленген тәртіппен лицензиар-орган алады

«Денсаулық сақтау саласындағы   


есірткі құралдарының, психотроптық
заттар мен прекурсорлардың      
айналымына байланысты қызметке   
лицензиялар беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»  
мемлекеттік көрсетілетін     
қызмет стандартына        
3-қосымша              
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) мемлекеттік қызмет көрсетуге Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3) ....
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас
тартады.
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
      (Орталық қызметкерінің) Т.А.Ә. (қолы)
Орындаушы Т.А.Ә.
Телефон
Алдым: /көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. / қолы
20__ жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 142 қаулысымен 
бекітілген     
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
      1. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал);
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы орталыққа құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) орталық – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін. Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
      2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) орталыққа:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде өкілдікке өкілеттігін куәландыратын құжат және оның көшірмесі;
      дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптамалық ұйымның осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 немесе  4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жарнама материалына жүргізген алдын ала сараптау нәтижелері бойынша қорытындысының көшірмесі.
      Жеке басын куәландыратын (жеке тұлғаның) құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Құжаттарды орталықтар арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
      сұрау салу нөмірі мен қабылданған күнін;
      сұру салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орнын;
      құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
      көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптамалық ұйымның осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жарнама материалына жүргізген алдын ала сараптау нәтижелері бойынша қорытындысы – электрондық көшірме түрінде.
      Жеке басын куәландыратын (жеке тұлғаның) құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың мәртебесі көрсетіледі.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
      2) Орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша орталық басшысының атына беріледі.
      Қолма-қол да, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның орталық кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасында қойылады). Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін орталықтың басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе орталықтың мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында жаңартылып отыратын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар
      13. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа жеке өзінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұратын жеріне барып жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылады:
      көрсетілетін қызметті берушінің – www. adilet.qov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
      орталықтың – www.con.gov.kz.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      16. Көрсетілетін қызметті алушы порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде ала алады.
      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс деректері: 8 (7272) 58-00-58 және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдарды және   
медициналық техниканы жарнамалауға
рұқсат беру» мемлекеттік    
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша           
нысан
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
№ ____ рұқсат
20__ жылғы «__» ________ 20__ жылғы «___» _________ дейін берілді
Саудалық атауы ______________________________________________________
Халықаралық патенттелмеген атауы ____________________________________
                                             (бар болса)
Құрамы ______________________________________________________________
                                     (бар болса)
Дәрілік нысаны
_____________________________________________________________________
                                     (бар болса)
Өндіруші ұйым _______________________________________________________
Елі _________________________________________________________________
Тіркеу нөмірі _________________ күні 20__ жылғы «___» _______________
Жарнама
жарнамалық модульде (мақалада), аудио-/бейне материалда қосымшаға сәйкес ұсынылған
Жарнаманы:
мамандандырылған баспаларда/бұқаралық ақпарат құралдарында
жүргізуге болады
Қолы ______________________________
      мемлекеттік органның басшысы
М.О.
      Жарнамалық хабарландыру материалдарының сараптамаға ұсынылған
материалдармен сәйкессіздігі үшін жауапкершілік жарнама берушілер мен
жарнама таратушыларға жүктеледі.
«Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдарды және   
медициналық техниканы жарнамалауға
рұқсат беру» мемлекеттік    
көрсетілетін қызмет стандартына 
2-қосымша            
нысан
Көрсетілетін қызметті алушы _________________________________________
ЖСН/БСН _____________________________________________________________
заңды мекенжайы _____________________________________________________
телефоны ____________________________________________________________
факсы _______________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының электрондық пошта мекенжайы
_____________________________
көрсетілетін қызметті алушының өкілі ________________________________
                           (Т.А.Ә., лауазымы, сенімхат қоса беріледі)
Телефоны: ____________________________ факсы: _______________________
өкілдің электрондық поштасының мекенжайы
_________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет