IV. Агональды (салдану) сатысы: тыныс алудың толық бұзылуы, тамыр соғуының жойылуы, қан айналымның тоқтауы. Тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталығының салдануынан өлімге алып келеді.
Наркозға арналған дәрілер енгізілуі доғарылғаннан кейін, ағзада ояну кезеңі басталады: наркоздың барлық сатылары кері ретпен жүріп, артынша наркоздан кейінгі уйқы басталады.
Наркоз түрлері:
Ингаляциялық наркоз: наркоз аппаратының маскасы немесе эндотрахеальды түтікше арқылы газ тәрізді немесе ұшқыш сұйық анестетиктермен демалу жолы. Ингаляциялық наркоз жеңіл басқарылады, бірақ оған сай қурал жабдықтарды талап етеді.
Ингаляциялық емес наркоз: анестетик ерітінділері күре тамырға енгізіледі (бір реттік, бөліп немесе тамшылатып), ал бұлшық етке немесе тік ішекке сирек енгізіледі. Ингаляциялық емес наркоздың қозу кезеңі жоқ, қарапайым, бірақ нашар басқарылады.
Мононаркоз - бір препаратпен жүргізілетін наркоз.
Аралас наркоз: наркозға арналған дәрілердің екі немесе одан да көп қоспалары қолданылады, мысалы, фторотан мен азоттотығының қоспасы.
Қиыстырылған наркоз: ингаляциялық емес наркоз бен (базис-наркоз немесе алғашкы наркоз - қозу кезеңін болдырмау үшін) ингаляциялық наркоздың (жеңіл басқарылады) бірігуі. Аралас және қиыстырылған наркоз өте аз концентрациясында препараттардың бірігуінің әсерінен жалпы тиімді анестезияны қамтамасыз етеді.
Үдемелі (потенцирленген) наркоз -бір-бірінің әсерін күшейтіп және ұзартатын наркотикалық, анальгетикалық және тыныштандыратын препараттармен қолданылатын қиыстырылған наркоз.
Нейролептоанальгезия - нейролептиктермен (дроперидол және т.б.) наркотикалық анальгетиктерді (фентанил және т.б.) қиыстырып беретін, есі сақтала отырып, жасанды жансыздандыратын жалпы анестезияның ерекше әдісі. Бұл әдіс өз еркімен, қиыстырылған анестезия және премедикация үшін қолданылады.
Науқасты наркозға дайындар алдында, психологиялық-эмоциональды кернеуін төмендету үшін, наркозға енуін жеңілдету үшін премедикация жүргізіледі: наркотикалық анальгетиктердің, антигистаминді дәрілердің, М-холиноблокаторлардың, сондай-ақ нейролептиктердің және транквилизаторлардың ішінен біреуін белгілеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |