8. Аналептиктер
1. Наркозға арналған дәрілер (жалпы анестетиктер)
Наркоз (грек. narcosis - мелшею, есеңгіреу) - ағзаның өмірлік маңызды қызметтері (тыныс алу мен қан айналым жүйесі) сақтала отырып, естің жойылуы, қаңқа бұлшық еттерінің тонусының төмендеуімен, рефлекторлы реакциялар мен барлық сезімталдықтың төмендеуімен, ОЖЖ-де нейронаралық қозудың берілуі әлсіреуімен жүретін жағдай. Афферентті импульстердің берілуінің бұзылуы, қыртысты-қыртыс асты аралықтардың, аралық мидың, жұлынның қызметтерінің өзгеруі және т.б. Наркоз хирургиялық операцияларда қолданылады. Науқастарды наркоз жағдайына енгізу, хирургиялық операциялардан кейін наркоздан шығуы ағзаны қалпына келтіру ауруханалар мен клиникаларда арнайы анестезиология және реабилитация бөлімдерінде жүргізіледі.
Наркозға арналған дәрілердің химиялық қүрылысы әртүрлі және наркоздың пайда болу механизмін түсіндіретін бірыңғай теориясы жоқ. Сондай-ақ, барлық наркозға арналған дәрілер ОЖЖ-гі қозудың нейрондарға және нейрон аралық берілуін тежейді. Наркоздың келесі сатылары бар:
І. Анальгезия сатысы: біртіндеп ауырсыну сезімінің және естің жойылуымен сипатталады. Соның салдарынан амнезия (естің жойылуы) дамиды.
ІІ. Қозу сатысы: науқаста қозғалыс пен сөйлеудің қозуы, тыныс алу мен тамыр соғуының жиілеуі, АҚ-ң жоғарылауы, көз қарашығының кеңеюі, рефлекторлы қызметтің барлық түрі күшейеді.
ІІІ.Хирургиялық наркоз сатысы: 1-і дәрежесі - беткейлі наркоз.
физиологиялық процестер қалыпқа келеді, ұйқы бірқалыпты, тыныш, қасаң қабық пен жұтқыншақ-көмекей рефлекстері сақталған, көз қарашығының жарықты сезінуі мен бұлшық ет тонусы сақталған. 2-і дәрежесі – айқын наркоз: тыныс алу, тамырдың соғуы, АҚ - бір қалыпты, кез қарашығының жарықты сезінуі әлсіз, рефлекторлы белсенділік пен бұлшық ет тонусы төмен. 3-і дәрежесі - терең наркоз: тыныс алуы - жеңіл, жиі, диафрагмапьды; кез қарашығы біртіндеп кеңейіп, жарыққа реакциясы жойылады; тахикардия дамып, АҚ төмендейді, толық бұлшық ет атониясы дамиды. 4-і дәрежесі - өте терең наркоз: барлық физиологиялық процестер шегіне жетіп, қабырғааралық бұлшық еттердің салдануына алып келіп, диафрагманың жиырылуы және АҚ төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |