«ВКонтакте» – ресейлік интернеттегі ең ірі әрі танымал әлеуметтік желілердің бірі. Қолданушылар ең көп кіретін үздік үштіктің қатарында. Қолдану мүмкіндігі: Жеке хабарламалар арқылы қатынас құру, контентті тарату, пікір қалдыру, фото, аудиотректер, бейнежазбалар т,б жүктей алады.
Мүмкіндіктері:
Фото, цитаталар салуға болады
70% адам қолданады
Достар табуға мүмкіндік береді.
Кемшіліктері:
Бірінші кемшілік - іздеу. Бұл функция нашар орындалған.
Уақытты талап етеді.
Телеграмм – 2013 жылы жарық көрген әлеуметтік желі. ВКонтактінің негізін қалаушы Павел Дуров келіспеушіліктерден кейін компаниядан кеткен соң қауіпсіз деп танылатын сервисті дүниеге әкелді. Әлемнің 50-ден астам мемлекетінде қолданылады.
Instagram — фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға фильтр қолдануға, сонымен қатар оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар. Instagram фотосуреттерді Kodak Instamatic және Polaroid камералары сияқты шаршы пішінінде жасайды. Пайдаланушылар саны 1 млрд-тан асты. 500 млн күнделікті белсенділік танытады.
Мүмкіншіліктері:
Фотосуреттерді өңдеуді үйренуге көмектеседі:
Достар табуға көмектеседі өз ойын жеткізуге (хабарлама жазуға) болады:
көптеген қызықты пайдалы ақпарат (шолулар, рецепттер, дүкендер, оқыту профилдері) оқуға болады.
Кемшіліктері:
Тəуелділікті тудыруы мүмкін:
Спамда жауапсыз адамдар көп болуы мүмкін.
Тик Ток – видео түсіруге арналған сервис. Ол 15 секундтық қысқа бейнелер жасауға арналған қосымша. Басты ерекшелігі- адам кез-келген жанрда қысқа бейнероликтер шығарып олармен бөлісе алады. TikTok мобильді қосымшасы арқылы видеоның фондағы музыкасын тездетуге, баяулатуға және түрлі фильтрмен өңдеуге болады. Танымал әндерді синхрондап, қысқа бейнелер түсіре алады. Видеоны жүктеп, басқа әлеуметтік желілерде бөліседі. Жылына 1 млннан астам бейне-ролик жүктейді. Пайдаланушылар саны- 800 млннан асты.
Достарыңызбен бөлісу: |