Ғылым және жоғары білім министрлігі


-дәріс. Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы оқытудың инновациялық технологиялары. Қашықтықтан оқыту технологиясы. Blended Learning



бет35/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

9-дәріс. Білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы оқытудың инновациялық технологиялары. Қашықтықтан оқыту технологиясы. Blended Learning.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.


Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына қойылатын талаптар:
- білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
- білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану;
- электрондық оқулықтар жасақтау, мултьимедиялық технологияларды пайдалану;
- телекоммуникациялық технологияларды пайдалану, қашықтан басқару және т.б.
Қазіргі уақытта білім алудың ілгері даму мүмкіндігі зор тәсілдерінің бірі – заманауи телекоммуникациялық технологияларды, атап айтқанда интернет желісін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қолдана отырып, қашықтан оқыту.
Оқыту нақты уақытта синхронды түрде жүреді (чат, бейне байланыс, қашықтағы студенттер мен мұғалімдерге ортақ “виртуалды тақталар” және тағы басқалар), сонымен қатар асинхронды (электрондық пошта негізіндегі телеконференциялар).
Қашықтан оқытуды дамытудың қажеттілігі, қашықтан оқыту студенттер мен оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашады, себебі дәстүрлі оқытуда жұмыста болуына байланысты немесе т.б. себептерге байланысты сабаққа қатыса алмай қалу сияқты қиыншылықтар жиі кездеседі.
Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:
- Қашықтықтан оқитындардың құрамында физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектер), оларды күтуші адамдар, яғни бірыңғай үйде отыратын адамдар, жасы ұлғайған адамдар, денсаулығына байланысты күндізгі оқу сабақтарына қатыса алмайтын адамдар, алыс аудандарда тұратын адамдар оқи алады.
- Сонымен қатар, жоғары арнайы оқу орындарында аз шығынмен неғұрлым көп адамдарды оқыта алады. Адамдар тұрғылықты жерін ауыстыруына немесе өміріндегі әр түрлі өзгерістерге қарамастан білім алуды жалғастыра алады.
Қазіргі таңда қашықтан оқытудың құралы – виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет. Көптеген аналитиктердің пікірі бойынша Интернет- ең арзан оқыту құралы болып табылады. Қазіргі уақытта студенттердің көпшілігі бүкіләлемдік желіге тегін қосылу мүмкіндігі бар және студенттердің орындаған материалын, тексерілген материалдарды және ескертулердің барлығын оқытушылар электронды пошта арқылы жібереді. Мектепте, жоғары оқу орындарында білім алушылар теллекоммуникациялық жүйені қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі телеконференцияларға қатыса алады.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде электронды оқытудың «аралас оқыту» (blended learning) формасы кеңінен қолданысқа енгізілуде.


Аралас оқыту немесе Blended Learning - оқушының өздігінен, онлайн және оқытушымен бірге дәстүрлі білім алуы. Аралас оқыту дәстүрлі әдістер мен қашықтықтан оқыту технологияларын кіріктіруді қарастырады.
Аралас оқыту форматындағы оқу үдерісін іске асыру кезінде оқытушының білім алушылармен аудиториялық сағатының көлемі пән бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемінің 40% - нан кем болмауы тиіс. Аралас оқыту форматындағы теориялық оқыту кезеңінде пәндерді оқыту "Төңкерілген класс" технологиясы бойынша жүзеге асырылады: оқытушылармен байланыс сағаты арқылы және Univer жүйесі, MOODLE ҚОЖ электронды қашықтан оқыту жүйесі арқылы (dl.kaznu.kz) студент барлық оқу материалдарымен (дәріс конспектілері, бейне лекциялар, презентациялар), тапсырмалармен (тесттер, жазбаша тапсырмалар, ұжымдық талқылау) қамтамасыз етіледі.
Жаңа технологияны пайдалану: білім мазмұнының заман талабын сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігінен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына, өз күшіне сенімділіктің болуына бағыттайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет